Отбасы тәрбиесінің мазмұнын ашу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Педагогика пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «ҚАЗІРГІ ОТБАСЫНДА ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ

ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ»

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6

  1. Отбасы тәрбиесінің мәні және қызметтері . . . 6
  2. Отбасы - бала әлеуметтенуінің негізгі факторы . . . 13

2. ОТБАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ 17

2. 1. Отбасындағы халықтық тәрбиенің ерекшеліктері . . . 17

2. 2. Отбасындағы халықтық тәрбие берудің тиімді жолдары . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 40

ҚОСЫМША


КІРІСПЕ

Қоғамдық-отбасылық қатынастардың жалпы бағыттылығын айқындыу мен үйлестіру тек әлеуметтік-экономикалық емес, ең алдымен үлкен маңызы бар психологиялық-педагогикалық проблема. Себебі, жасөспірім ұрпақтың ізгілік-адамгершілік денсаулығы - бүкіл қоғамның қамқорлығында.

Тұлғаның дамуы өзінің бастауын отбасыңнан алады. Отбасы әрқашан бала тұлғасының қалыптасуының маңызды факторы болып қала бермек.

Қәзіргі заманғы қоғамда отбасына деген көзқарастарда өте маңызды өзгерістер болды. Нарықтық қатынастар экономикалық фактордың (отбасының материалдық жағдайының) мәнін күшейтті. Аталған жағдай педагогтардың қызметінің тұлғалық-педагогикалық, әсерлілік-адамгершілік факторларына қайта бағдар жаса керектігін туғызды. Бұл күнде отбасы психологиялық қорғаудың және оң әсерленушілікті қалыптастырудың қайнар көзі деген көзқарасқа күмән келтіріле бастады. Сонымен қатар әр адамның жеке басының бақытын қамтамасыз ету отбасының міндеті болып саналады. Пәрменді өзара көмекпен отбасылық қарым-қатынастардан шығатын және әлеуметтік құндылықтар болып табылатын мақсаттарды жүзеге асыру, жас ұрпақты өсіру және тәрбиелеу бұрынғысынша отбасының жауапкершілігне қалады.

Қазіргі қоғамымызда отбасы кризисі толық көрініп тұр. Оны отбасының негізгі функциясы - балаларды тәрбиелеуден көреміз. Оның себебі тек отбасылардың экономикалық жағдайының ғана төмендеуі емес, сонымен қатар ол өркениеттің индустрияландырылуы, соның салдарынан моральдік нормалардың, адамгершілік қарым-қатынастардың құлдырауы.

Отбасы тәрбиесі әрқашан ғалымдардың назарында болды. Отбасы тәрбиесінің теориялық негіздерін А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Я. Корчак, П. Ф. Лесгафт және т. б. ғалымдар жасады. Олар отбасындағы бала тәрбиесінің әр қырларын, әр жақтарын, отбасының бала тәрбиесіндегі орны, оның мазмұны, ата-аналарды педагогикалық ағарту мәселелері, «қиын» балалар мәселесі сияқты әртүрлі проблемаларды қарастырған.

Ю. П. Азаров отбасындағы бала тәрбиесіндегі ізгіліктік педагогика мәселесін көтереді.

Балалар мен отбасындағы конфликтілерді шешу мәселесіне Анзорг Линданың еңбегі арналған.

Қазіргі кезде отбасы тұлға дамуы мен әлеуметтенуінің негізгі факторы ретінде қарастырылуда. Тұлға әлеуметтенуінің аталған бағыты Бордовская, С. Пак, А. В Мудрик және т. б. зерттеулерінде қарастырылған.

Отбасы тәрбиесіне арналған зерттеулер көп болғанымен олар нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи-қоғамдық кезеңдерде жасалған. Олар сол кездегі адамгершіліқ құндылықтар сипатына міндетті түрде өз әсерін тигізді.

Ал қазіргі заманда, әлемде жаһандану процесі жүріп жатқанда, қарым-қатынас құралдарының күрт дамуы халықтың ғасырлар бойы жинаған құндылықтарын, өзіндік ерекшеліктерін жоғалтып алу қаупін туғызады. Осындай жағдайларда бала тәрбисіндегі отбасының ролі арта түседі. Отбасы тәрбиесінің мазмұны, оның негізгі ұстанымдары, қолданылатын тәрбие әдістері заман талабына сәйкес жаңарып, өзгеріп отыруы керек. Осы тұрғыдан курстық жұмыс тақырыбы бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі - қазіргі заманғы отбасындағы бала тәрбиесіне арналып отыр. Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын «Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны және оны ұйымдастыру ерекшеліктері» деп алдық.

Зерттеу объектісі: Отбасы тәрбиесі.

Зерттеу пәні: Қазіргі заманғы отбасындағы бала тәрбиесі процесі және оның ерекшеліктері.

Зерттеу мақсаты: қазіргі заманғы отбасы тәрбиесін теориялық тұрғыдан талдау және оны тиімді ұйымдастырудың практикалық жолдарын көрсету.

Зерттеу міндеттері:

  1. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің мәнін нақтылау;
  2. Отбасы тәрбиесінің мазмұнын ашу;
  3. Отбасы психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістерін таңдау;
  4. Ата-аналарды педагогикалық ағарту жұмысының мазмұнын ашу.

Зерттеу гипотезасы: отбасы тәрбиесінің тиімділігі артады, егер, отбасындағы тәрбие процесі отбасының құрылымдық және үлкендер мен кішілер арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне сәйкес, оны отбасы психологиялық-педагогикалық диагностикалау негізінде, ата-аналарды педагогикалық ағартудың жүйелі жұмысы мен үлгі-өнегесі арқылы ұйымдастырылса.

Курстық жұмыстың әдіснамалық негізі: жеке тұлға және оның дамуы жөніндегі ілім, іс-әрекетте жеке тұлғаны қалыптастыру бойынша психолог-педагогтардың еңбектері.

Педагогикалық зерттеу әдістері:

  1. Зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау;
  2. Педагогикалық бақылау;
  3. Сауалнама жүргізу;
  4. Әңгімелесу;
  5. Озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу;

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде: тақырыптың көкейтестілігі, зерттеудің мақсаты, міндеттері, объектісі, пәні және құрылымы берілген.

1-тарауда «отбасы» түсінігі, оның түрлері және олардың бала тәрбиесіне қарастырылған, отбасы тәрбиесінің мәні ашылған және оның функциялары аталып көрсетілген. Сонымен қатар отбасының бала әлеуметтенуінің негізгі факторы ретіндегі ықпалдары сипатталған.

2-тарауда отбасы тәрбиесіндегі халықтың мәдени мұралары, бала бойына салт-дәстүрлерімізді дәріптеу сипатталған.

Қорытындыда зерттеу міндеттерінің шешілуі көрсетілген және отбасы тәрбиесін жетілдіруге арналған нақты ұсыныстар жасалған.

1. Отбасы тәрбиесінің теориялық негіздері

1. 1 Отбасы тәрбиесінің мәні және қызметтері

Қәзіргі заманғы әдебиеттерде отбасы-неке заңдары, адамгершілік нормалары, халықтың традициялары мен дәстүрлері бойынша отбасы махаббат, некелік одақ және туыстық қарым-қатынас негізінде, бала туу және оны тәрбиелеу үшін, құқықтық және адамгершілік қатынастармен, ортақ шаруашылық және тұрмыспен біріккен әлеуметтік кішкене топ.

Отбасының осы түсінігі негізінде оның төменгі функцияларын атап өтуге болады:

  • қарым-қатынас функциясы;
  • шаруашылық жүргізу және тұрмысты ұйымдастыру функциясы;
  • отбасының әр мүшесінің толық, жан-жақты дене және рухани дамуына жағдайлар жасау функциясы;
  • бос уақытты ұйымдастыру функциясы;
  • кәсіби іс-әрекетке жағдайлар жасау функциясы;
  • жұбайлардың интимдік қарым-қатынасын үйлесімін құру функциясы;
  • ұрпақты жалғастыру функциясы.

Отбасы өмірінің әр кезеңінде аталған функциялардың маңыздылығы әртүрлі болады және оларды отбасының жеке-жеке мүшелері орындауы мүмкін

Отбасы типтері

Отбасы типтерін анықтауда әлі де қалыптасқан бір көзқарас жоқ. Қазіргі кезде отбасын әртүрлі белгілерге байланысты жіктейді:

  • бала санына байланысты: баласыз, бір балалы, аз балалы (2-3 бала), көпбалалы (3-тен жоғары) ;
  • отбасы құрамына байланысты: бірұрпақты (тек жұбайлар ғана), екі ұрпақты (әкесі, анасы және балалары), бірнеше ұрпақты (атасы және әжесі, әкесі, анасы және балалары) ;
  • құрылымына байланысты: толық (әкесі, анасы және балалары), толық емес (әкесі немесе анасы және балалары), некеден тыс туған баласы бар отбасы (толық емес отбасының бір түрі) ;
  • отбасындағы өзара қарым-қатынас сипатына байланысты: жағдайлы және жағдайсыз.

Отбасы тәрбиесі деп белгілі бір нәтижеге жету мақсатымен ата-аналардың және тағы да басқа отбасы мүшелерінің балаларға ықпал ету процесін айтуға болады. Отбасының анықтаушы ролі оның баланың бүкіл өміріне зор ықпалымен түсіндіріледі.

Отбасы тәрбиесінің мәнін қорыта келе төмендегі тұжырымдар жасауға болады:

  • отбасының балаға ықпалы барлық тәрбиелік ықпалдардан жоғары. Оның ықпалы жас өскен сайын әлсіреуі мүмкін, бірақ ол ешқашан толық жоғалмайды;
  • отбасында басқа ешқайда қалыптаспайтын қасиеттар қалыптаспайды;
  • отбасында тұлғаның әлеуметтену процесі жүреді;
  • отбасы дәстүрлер сабақтастығын қамтамасыз етеді;
  • отбасының маңызды әлеуметтік функциясы азамат, патриот, болашақ отбасы иесін, қоғамның заңды ұстанатын мүшесін тәрбиелеу;
  • отбасы мамандық таңдауға көп әсер етеді.

Қазіргі отбасының жағдайы

Қазіргі заманғы отбасының басым көпшілігінде әртүрлі қиындықтар кездеседі. Қазіргі отбасыларында ата-аналардың негізгі уақыттары мен күштері балаларының рухани дамуына және қалыптасуына емес, оларды материалдық жағынан қамтамасыз етуіне жұмсалады. Ата-аналарының балаларымен рухани қарым-қатынасы қазіргі кезде толық іске асырылмайды.

Отбасындағы тәрбиенің негізгі себептері ретінде И. П. Подласый келесі себептерді көрсетеді:

  1. Отбасының экономикалық төменгі жағдайы. Ата-аналардың негізгі уақытының өмір сүруге қажетті қаражат табуға арналуы.
  2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі, екі түрлі мораль, әлеуметтік теңсіздік, жұмысттан айрылу сияқты тағы да басқа себептерге байланысты туындайтын стресстік жағдайлар.
  3. Отбасында әйелге түсетін ауыртпашылық.
  4. Әлеуметтік-тұрмыстық және моральдік себептермен отбасында ата-аналардың айрылысуының көптігі. Ол бірінші кезекте балаларға әсер етеді, олардың тәрбиесінде қиындықтар туғызады.
  5. Ер адамның бала тәрбиесінде тек көмекші қызмет атқару туралы қоғамда қалыптасқан пікір. Тіпті заң жүзінде де бала тәрбиесі әйелдің міндеті ретінде қарастырылуы. Егер заң жүзінде бала тәрбиесіне әйелі мен күйеуі бірдей жауапты делінсе де практикада ол декларативті болып қала береді.
  6. Ұрпақтар арасындағы конфликтілердің шиеленісуі.
  7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстардың үзілуі.

60-70 жылдан кейін қоғамымызда тағыда ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар пайда болды. Оларды мемлекет қамқорлыққа алу мәжбүр.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып педагогика теориясы қазіргі заманғы отбасы тәрбиесін төмендегі қағидаларға сәйкесттендіруді ұсынады:

  • отбасындағы қарым-қатынастарды ізгілендіру;
  • әртүрлі әлеуметтік институттардың (отбасы, мектеп, дін және т. б. ) ықпалын отбасындағы нақты тәрбиелік міндеттерді шешуге мақсатты, жоспарлы бағыттау.

Жас адам тұлғасының қалыптасуы үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас, жаңа іс-әрекет ықпалдары арқылы жүреді.

Соңғы жылдары тұлға әлеуметтенуі мәселесінің кейбір жақтары ғалым-педагогтардың назарына ілігуде. Ал кей оқулықтарда «әлеуметтену» ұғымы педагогиканың негізгі категорияларының қатарына енгізілуде.

Отбасы - бала әлеуметтенуінің маңызды институты. Адам әлеуметтік өзара қарым-қатынас тәжірибесін алғаш рет отбасынан алады. Ұзақ уақытқа дейін отбасы бала үшін осындай тәжірибе алатын жалғыз орын болады. Содан кейін бала өміріне бала бақша, мектеп және көше сияқты әлеуметтік институттар енеді. Бұл кезде де отбасы тұлға әлеуметтенуінің маңызды факторы болып қала береді.

«Әлеуметтену» ұғымының мәнін түсіндірудегі бірнеше пікірлерге тоқталалық.

1. Л. И. Новикова, А. В. Мудрик және т. б. «әлеуметтенуді» «тәрбие» аясында түсіндіреді. Олардың пікірінше тұлға дамуы «әлеуметтену - тәрбие - білім беру» бойынша жүреді. Әлеуметтенуге деген бұл теориялық позицияның негізгі қағидалары:

1) әлеуметтудің мәні ұйымдастырылған ғана емес, сонымен қатар стихиялы түрде пайда болған әртүрлі ықпалдарды тұлғаны таңдап игеруі.

А. В. Мудрик әлеуметтенуді қоғам мәдениетін игеру және қайта өндіру процесінде адамның өмір бойы дамуы және өзін-өзі іске асыруы деп түсіндіреді. Ол шартты түрде әлеуметтену процесін төрт құрылымдық бірліктің жиынтығы деп қарастырады:

  • стихиялы әлеуметтену;
  • салыстырмалы түрде бағытталатын әлеуметтену;
  • салыстырмалы түрде әлеуметтік бақыланатын әлеуметтену (тәрбие) ;
  • адамның өзін-өзі саналы түрде өзгертуі.

Тәрбие - тұлға дамуы процесін мақсатты басқару, әлеуметтену процесінің бір бөлігі. Оның мәні - тұлға әлеуметтенуі барысында процесінде оның дамуы және рухани құндылықтарға бағытталуы үшін жағдайлар жасау. Ол жағдайлар әлеуметтік, топтық және жеке субъектілері өзара әрекетке түсуілері барысында үш сферада жасалады: білім беруде, адамның әлеуметтік тәжірибесін, жеке көмекті ұйымдастыруда.

Тәрбие тұлға әлеуметтенуінің бір бөлігі бола отырып тәрбиеленушілердің өмірлік іс-әрекетін және білім беруді ұйымдастыра отырып іске асырылады. Білім беру жүйелі оқытудан (ресми білім беру, негізгі және қосымша), ағартушылықтан, яғни мәдениетті насихаттаудан және таратудан (ресми емес білім беру), өзіндік білім алуды ынталандырудан құралады

Э. Д. Днепров, В. В. Краевский, А. В. Петровский және т. б. әлеуметтенуді білім беру аясында түсіндіреді. Олардың пікірінше тұлға дамуы «әлеуметтену - білім беру - тәрбие» бағытында жүреді. Әлеуметтену тұлғаның тарихи жинақталған мәдениетті, әлеуметтік тәжірибені меңгеруі және оны толықтыруы негізінде қоғамға ену процесі және нәтижесі. Ал білім беру тұлғаның және қоғамның мүдделері үшін іске асырылатын, оның педагогикалық мақсатты, жоспарлы және ұйымдастырылған әлеуметтену процесі және нәтижесі деп қарастырылады.

Жоғарыда айтқандарды қорыта келе, біз тәрбиені тұлға әлеуметтенуінің бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз. Ал отбасы - тұлға дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады. Отбасында әлеуметтену параллельді екі бағытта жүреді:

  • мақсатты бағытталған тәрбие процесі барысында;
  • әлеуметтік үйрену механизмы бойынша.

Өз кезегінде әлеуметтік үйрену процесінің өзі екі бағытта жүреді. Бір жағынан, бала әлеуметтік тәжірибені ата-аналарымен тікелей өзара әрекеттері процесінде меңгерсе, екінші жағынан, әлеуметтену отбасының басқа мүшелерінің бір-бірімен әлеуметтік қарым-қатынастарының ерекшеліктерін бақылау арқылы іске асырылады.

Балалардың әлеуметтік дамуына ата-аналардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы стилінің ықпалы көптеген ғалымдар зерттеген. Мысалы, Д. Баумринд балалардың үш тобын көрсетеді.

Бірінші топқа тәуелсіздік, өзіне сенімділік, белсендік, ұстамдылық деңгейі жоғары және қоршаған жағдайды талдау іскерлігі қалыптасқан балалар енеді. (I модель)

Екінші топты өзіне деген сенімділігі төмен, тұйық және басқаларға сенімсіздікпен қарайтын балалар құрайды. (II модель)

Үшінші топқа ұстамсыз, қызығушылықтары жоқ, өздеріне сенімсіз балалар жатады. (III модель)

Зерттеушілер ата-аналардың балаға қатысты жүріс-тұрысының төрт параметрін көрсетеді:

  1. бақылау;
  2. жетілуді талап ету;
  3. сұхбаттасу;
  4. тілектестік.

Бақылау - баланың іс-әрекетіне ықпал етуге әрекеттену. Бұл жағдайда ата-ананың талаптарына баланың бағыну деңгейі анықталады.

Жетілуді талап ету - баланы ақыл-ой мүмкіндігі шегінде, жоғары әлеуметтік және эмоцияналдық деңгейде әрекет еткізу үшін ата-аналардың оған жасайтын қысымы.

Сұхбаттасу - балаға белгілі бір әрекетті орындату үшін ата-аналардың сендіруді қолдануы, бір нәрсеге деген оның көзқарасын білуі.

Тілектестік дегеніміз ата-аналардың балаға деген қызығушылығын (мақтау, оның жетістігіне қуану) білдіруі, оған қамқорлық, жан ашушылық көрсетуі.

Бордовская балалардың әртүрлі жүріс-тұрыс модельдеріне байланысты отбасында ата-аналардың балаларымен арасындағы өзара қарым-қатынас стильдерінің төмендегі ерекшеліктерін көрсетеді.

Жүріс-тұрыстың I моделі. Беделді ата-аналық бақылау. Жүріс-тұрыстың I моделін ұстанған балалардың ата-аналары барлық төрт параметрлер бойынша ең көп балл жинады. Олар балаларына нәзіктікпен, түсіністікпен қарайды. Олармен көп әңгімелеседі, балаларды үнемі бақылап отырады және олардан саналы іс-әрекетті талап етеді.

Ата-аналар балаларының пікірлерін тыңдағанымен, олардың еркіндігін силағанымен, тек олардың тілектерін ғана негізгі алмайды. Ата-аналар өздерінің талаптарының мотивтерін анық және тіке түсіндіре отырып өз ережелерін ұстанады. Ата-аналар бақылауы баланың өз алдылығымен және тәулсіздігімен міндетті түрде өз үйлесімін табады. Бұл модель ата-ананың беделді бақылауы моделі деп аталады.

Жүрыс-тұрыстың II моделі - әміршілдік . Жұрыс-тұрыстың II моделін ұстанған ата-аналардың балалары көрсетілген барлық параметрлер бойынша төменгі көрсеткіштер көрсетті. Ондай ата-аналар жазалау мен қаталдыққа сүйенеді, балаларымен сирек әңгімелеседі, оларды түсінуге ұмтылмайды. Олар балалрын қатаң бақылауда ұстайды, өз әмірін жиі қолданады, балаларының өз пікірлерін айтуын қолдамайды. Бұл модель әміршілдік моделі деп аталды.

Жүрыс-тұрыстың III моделі - кешірімділік. Жұрыс-тұрыстың III моделін ұстанған ата-аналардың балалары кешірімшіл, талаптары, ұйымдастырушылығтары төмен болды. Өздерінің отбасылық тұрмысын құрай алмайды. Олар балаларын мадақтамайды, оларға ескртулерді өте сирек жасайды, балада еркіндік, өзіне деген сенімділік қалыптастыруға көңіл бөлмейді. Бұл модель кешірімділік моделі деп аталды.

Отбасындағы кез-келген деформация бала тұлғасының дамуына кері әсерін тигізеді. Отбасы деформациясының екі типін көрсетуге болады: құрылымдық және психологиялық . Отбасының құрылымдық деформациясы - оның құрылымдық тұтастығының бұзылуы. Ол отбасында ата-ананың біреуінің болмауымен байланысты.

Отбасының психологиялық деформациясы тұлғааралық қатынастар жүйесінің бұзылуымен, теріс құндылықтармен, ұстанымдармен және т. б. байланысты.

Толық емес отбасыны факторының бала тұлғасына ықпалына арналған зерттеулер көп. Мысалы, ұлдарға, қыздарға қарағанда әкесінің жоқтығы көп әсер етеді. Мұндай отбасыларды ұлдар тынышсыз, агрессивті болып келеді. Әкесі бар ұлдар мен әкесі жоқ ұлдар арасындағы айырмашылық әсіресе, балалар өмірінің алғашқы жылдары анық көрінеді.

Отбасының құрылымдық деформациясы бала тұлғасының дамуының бұзылу себебі болатынын статистикалық мәліметтер де дәлелдеп отыр.

Қазіргі кезде отбасы деформациясының психологиялық факторына көп көңіл бөлінуде. Отбасының психологиялық деформациясы, ондағы құндылықтар және тұлғааралық қатынастар жүйесіндегі кемшіліктер бала тұлғасына өте күшті теріс ықпал етеді. Олар әлеуметтік инфантилизмнен делинквенттік жүріс-тұрысқа дейінгі әртүрлі тұлғалық деформацияларға әкеледі.

Бала мінезінің кейбір сипаттарының дисгармониялық дамуы отбасындағы өзара қарым-қатынастар ерекшеліктерінен де тәуелді болуы мүмкін. Егер ата-аналар бала мінезінің ерекшелігін жете бағаламаса, конфликтілік тек күшейіп ғана қоймай патомінездік реакциялардың, невроздың дамуына, психопатологияның дамуына әкелуі мүмкін.

А. Е. Личко дұрыс ұйымдастырылмаған тәрбиенің бірнеше типін көрсетеді.

Гипопротекция - баланың қызығушылықтарына, істеріне көңіл бөлмеу, бақылау мен қамқорлықтың жеткіліксіздігі.

Басымды гиперпротекция - шектен тыс қамқорлық және бақылау. Баланы өзалдылыққа үйретпейді және жауапкершілік пен парыз сезімдерін басып тастайды.

Ауру культін тәрбиелеу - баланың ауруы, азғантай дімкәстәнуі оған ерекше жағдайлар жасататын, оны бүкіл отбасы назарының ортасына қоятын ситуация. Ол эгоцентризм тудырады.

Қарама-қайшы тәрбие - отбасының әр мүшесінің бір-біріне қарама-қайшы келетін тәрбиелік ықпалдары.

Жоғары эмоционалдық жауапкершілік жағдайының мәні балаға үлкендердің істерін жүктеу және жоғары талаптар қою.

Есейген сайын баланың отбасына деген көзқарасы өзгереді, әлеуметтену барысында құрдастары ата-ананың орнын баса бастайды. Әлеуметтену орталығын отбасынан құрдастарының арасына көшуі ата-аналарымен эмоционалдық байланыстардың әлсіреуіне әкеледі.

Зерттеулер көрсеткендей, ата-аналар бағыт-бағдар беруші орталық ретінде тек кейбір облыстарда ғана екінші қатарда қалады. Көптеген жас адамдар үшін ата-аналар, әсіресе анасы ең маңызды эмоционалдық жақын адамдар болып қалады. Мысалы, кейбір проблемалық жағдайдарда ең маңызды эмоционалдық жақын адам анасы болады, одан кейін, жағдайларға байланысты әкесі немесе досы болады.

Басқа бір зерттеуде жоғары сынып оқушылары бос уақытыңды кіммен өткізгің келеді деген сұраққа жауап бергенде ұлдар ата-аналарын ең соңғы, алтыншы кезекке қойса, қыз балалар - төртінші қойған. Бірақ «күнделікті өмірдегі қиын жағдайларда кіммен кеңесесің» деген сұраққа жауап бергенде ұлдардыңда, қыз балалардыңда басым көпшілігі анасын атаған. Ұлдар екінші кезекке әкесін қойса, қыз балалар достарын атаған. Зерттеудің бұл нәтижелерінен біз балалардың бос уақыттарын құрдастарымен, достарымен өткізгісі келсе, қиын кезеңдерде ата-аналарымен, оның ішінде бірінші кезекте анасымен кеңесетінін көреміз. Сондықтан, А. А. Реан, М. Ю. Санников зерттеулері көрсеткендей тұлғаның қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы жүйесінде ананың орны ерекше.


1. 2 Отбасы - бала әлеуметтенуінің негізгі факторы

Отбасы тәрбиесін қоғамдық тәрбиеден айыратын ерекшеліктері бар. Бірінші кезекте отбасы тәрбиесі өз табиғаты бойынша сезім негізінде жүреді. Бұл әлеуметтік топтың адамгершілік атмосферасын, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасының стилін олардың махаббат сезімдері анықтайды.

Отбасы тәрбиесінің екінші ерекшелігі - отбасы бірнеше ұрпақ өкілдерінен тұратын әлеуметтік орта. Онда екі, үш кейде төрт ұрпақ өкілдері болады. Оларда әртүрлі құндылық бағдарлар, идеялдар, көзқарастар, өмірлік жағдайларға баға беру критериилері болады.

Отбасы тәрбиесінің тағы бір ерекшілігі ретінде оның өсіп келе жатқан адамның бүкіл өмірлік іс-әрекетімен ұштасып кетуін айтуға болады. Отбасында бала өмірлік маңызды іс-әрекеттің барлық түріне қатысады. Атап айтсақ, интеллектуалдық-танымдық, еңбек, қоғамдық, құндылық-бағдарлық, көркем өнер, ойын іс-әрекеттері.

Отбасы тәрбиесінің ықпалының уақыттық диапазоны өте кең. Ол тәуліктің кез келген уақытында, жылдың кез келген мезгілінде жүреді. Отбасы тәрбиесінің ықпалын адам одан тыс жерде де көреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі бағыттары
Мәдени құндылықтар
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz