Бастауыш мектептің оқыту процесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Педагогика пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ

ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ»

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

1. Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық

белсенділігін арттырудың ғылыми - теориялық негіздері 7

  1. Ғылыми әдебиеттердегі танымдық белсенділікті арттыру мәселелері 7

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары мен әдіс-тәсілдері 12

1. 3 Дидактикалық ойындардың танымдық белсенділікті арттырудағы

ролі 16

2. Бастауыш мектепте оқушылардың танымдық белсенділігін дидактикалық ойындар арқылы арттыру бойынша мұғалім жұмысына талдау 23

2. 1 Оқу процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру құралы ретіндегі дидактикалық ойындардың жүйесі 23

ҚОРЫТЫНДЫ 27

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29

ҚОСЫМША


КІРІСПЕ

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының қалыптасуы мен даму қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделінеді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: " . . . білікті жұмысшы кадрларын, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарын даярлауда кәсіптік білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жаңарту" керектігі көрсетілген. (25) .

Осымен байланысты интелектуалдық, эмоцияльдық, іскерлік, коммуникативтік жағынан оқушыны айналадағы дүниемен (табиғатпен, басқа адамдармен, өз-өзімен) өзара белсене әрекеттестік қарым - қатынасқа дайындау бастауыш сатының негізгі қызметі болып табылады.

Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдинеттілігі, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылықты, кәсіби біліктігі мен бейімділігі қажет етіледі. Бұл жөніндегі: мектеп жасындағы балаларды тәрбие тұжырымдамасында: “Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз және күрделі процесс. Әр бір оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекеті, қабілеті бар екенін ескере отырып, төмендегі міндеттерді жүктейді:

  • балалардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру;
  • олардың ақыл-қабілетін, дидактикалық дүние танымын қалыптастыру;
  • өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке бастарының қабілеттерін дамытып, оның қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу;
  • оқушылардың қабілетін арттыруға жан-жақты жағдай жасау - көрсетілген.

Қазіргі кезде оқытудың басты талаптарының бірі- оқытудың сапасын артыру. Бұл жөнінде көрнекті психологтар Л. Б. Эльконин, В. В. Давыдов бірнеше жылдарға созылған іргелі зерттеулерде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызметін жандандыру арқылы жалпы және ақыл - ой дамуын жетілдіруді, соның негізінде білімнің теориялық деңгейін көтеруі мәселерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.

Сондай-ақ осы мәселені шешуге көптеген педагогтар мен психологтар (И. Ф. Харламов, Шукина Т. И., Шамова П. И т. б. ) ат салысты.

Педагогика мен психология саласындағы зерттеулерде осы міндетті шешудің жемісті нәтижелі жолдары іздестірілді.

Әсіресе, соңғы жылдары күшті, жан - жақты, қызу жұмыстар жүргізілді, мектепте оқу процесінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың үздік тәжірибелері игеріле бастады. Мұның бәрі оқыту теориясын жаңа құнды материалдармен толықтыруға әкелді. Әлі де мектеп алдындағы өткір мәселердің бірі болып оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселесі қалып отыр.

Қызығушылықты, өзін - өзі билеушілікті, иницативаны, іске деген творчестволық қатынасты дамыту - бұл өмірдің өз талабы. Ал, оны осы бағытты анықтау, оқу тәрбие поцесін жетілдіру негізінде мүмкін болды.

Бүгінгі күні білім мазмұнын жаңарту кезінде білімді жоғары деңгейде меңгеруін, оқушының психологиялық даму ерекшелігін, олардың ақыл - ойын дамыту, танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажеттілігін ескеру, көптеген ғалымдар өздерінің ғылым еңбектерінде оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы ретінде дидактикалық ойындарды бөліп көрсетті. (В. С. Мухина, Е. Э. Селецкая, Н. Ф. Талызина т. б. ) бастауыш сынып оқушыларының әрекеттеріне қарасақ, олардың әлі де болса ойын балалары екенін көреміз. Сондықтан да бала өмірінде ойының маңызы ерекше. Ойынның балалардың дамуына әсерлі екенін, бала өмірінде алатын орны өз еңбектерінде көрсеткен атақты педагогтар К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов т. б. болды. жаңашыл педагогтар, Ш. Амонашивили, С. Н. Лысенковалар т б дидактикалық ойынның оқу - танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы екенін өз іс- тәжірбиесінде дәлелдеді және оның нәтижелігін көрсетті.

Қазіргі қоғамға ақыл- ой кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адамдар керек. Осыған сәйкес жалпы білім беру саласындағы түрлі өзгерістер болашақ ұрпақтарды оқыту, білім сапасын жаңарту, арттыру мәселелерін қарастырды.

Біз жоғарыда айтылғандардан оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру зерттеуді қажет ететін көкейкесті мәселелер қатарынан көрінетіндігі және оның бір саласы дидактикалық ойындарды танымдық белсенділікті арттыру құралы ретінде пайдалану мәселесін зерттеуді курстық жұмысымыздың негізі етіп алдық.

Зерттеу обьектісі: Бастауыш мектептің оқыту процесі.

Зерттеу пәні: Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған мұғалім жұмысының мазмұны.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ететін дидактикалық ойындар (қазақ тілі, ана тілі, ) жүйесін құру, оларды оқыту процесінде қолдануға байланысты ұсыныстар қатарын әзірлеу.

Зерттеу міндеттері :

1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін оқып - үйрену.

2. «Таным», «танымдық қызығушылық», «танымдық белсенділік» ұғымдарының мазмұнын нақтылау.

3. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қызығушылығын дидактикалық ойындар арқылы арттыру бойынша мұғалімдердің озат іс-тәжірбиелеріне талдау жасау.

4. Дидактикалық ойындардың мәні, құрылымын, түрлерін, қызметін анықтау.

5. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруда дидактикалық ойындардың ықпалын анықтау .

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы саласындағы әдебиеттерді тарихи, теориялық талдау, озық тәжірибелерді зерделеу, бақылау, әңгімелесу, сауалнама, мектеп құжаттарын талдау, эксперимент, зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі үлкен тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі көрсетіліп, зерттеудің ғылыми аппараты айқындалған.

І - тарауда оқу процесінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми - теориялық негіздері, ғылыми философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиет-тердегі танымдық қызығушылықты қалыптастыру мәселелері, дидактикалық ойындардың мәні, қызметі, түрлері баяндалып, ғалымдардың пікірлері мазмұндалған.

ІІ - тарауда бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде дидактикалық ойындарды қолдану бойынша мұғалімдер жұмысына талдау жасалып, ана тілі, қазақ тілі, сабақтарында танымдық белсенділігін арттыру құралы ретінде дидактикалық ойындардың жүйесі мен мазмұны ашылған, зерттеу жұмысының барысы мен нәтижесі көрсетілген.

Қорытындыда ғылыми - педагогикалық, психологиялық еңбектері басшылыққа алынып жүргізілген зерттеу жұмыстары негізінде ойға түйген тұжырымдар және оқыту процесінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда дидактикалық ойындар жүйесін тиімді, ұтымды қолдануға байланысты ұсыныстар қатары берілген.


1. Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми - теориялық негіздері

1. 1 Ғылыми әдебиеттердегі танымдық белсенділікті арттыру мәселелері

Жеке адамның қоғамға қатынасынан туатын көптеген формалардың бірі танымдық белсенділік, танымдық қызығушылықтың теориялық негізін көптеген философтар мен психологтар, социологтар, педагогтар зерттеген: А. С. Айзикович, Г. И. Гак, Г. Е. Гизерман, М. И. Заозеров, Е. Г. Здравосмыслов, К. П. Карамычев, Г. В. Нестерев және т. б.

Мектеп оқушыларынын педагогикалық психологиялық тұрғыдан зерттеуді одан әрі жақсарту, олардың танымдық қызығушылығын, бейімділін анықтау, тәртіптегі кемшіліктің, артта қалушылықтың, оларды жоюдың тиімді әдістерін дұрыс таңдай білу - бүгінгі таңдағы басты талап. Мұғалім алдында отырған оқушының белгілі бір мөлшердегі қабілет білім иесі екенін, оның өзіне тән өмір тәжірбиесі, қызығушылығы, эмоциясы, дүниетанымы және қауымдастықта алатын өз орны бар екенін ұмытпауы керек.

Қазіргі педагогика мен психологияда белсенділік, қызығушылық туралы Л. И. Божович, Н. Ф. Добрынин, Н. Г. Морозова, Г. И. Шукина, Н. Ф. Талызина, И. И. Репина еңбектерінде қаралады. Оқу - адамның жеке басының танымының ерекше түрі. Оқи жүріп оқушылар өздерін қоршаған ортаны таниды. Оқу ғылыми танымнан айырмашылығы бола тұра, ол сөзсіз шындықты жеке таным формасының бейнесі, оның үстіне ол ғылыми таныммен тығыз байланысты формасы болып табылады.

Жалпы таным туралы өз ой пікірлерін ортаға салған атақты философтар да жоқ емес. Атап айтсақ: Р: Декарт, Г. Гегель, Г. Лейбниц т. б.

Г. Гегель: “Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстар қасиеттерінің мәні қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйелі ретінде бейнеленудің қайшылыққа толы күрделі процессі” - деді. (19)

Педагогикада таным процесі төмендегідей құрылымдардан айқындалған. 1. Қабылдау. 2. Ұғыну. 3. Талдап қорыту. 4. Бекіту.

Оқушының танымдық дербестігі жөнінде мәселе бүгінгі күндері түрлі пікірталастар тудырады. Оқушының танымдық дербестігі мұғалімнің кәсіптік дайындығына байланысты. Бұл оның педагогикалық процесте оқушылармен бірлесіп мақсатты түрде әрекеттерін ұйымдастыра білу, оларды білім негіздерімен, әрекет тәсілдерімен қаруланып, танымдық тапсырмаларды өмірдің жаңа кезеңдеріне сай қолдана білуге үйрету болып табылады.

Таным және адамның танымдық іс - әрекеті мәселелері бұл филолофтардың негізгі мәселесі, гнесеологияның зерттеу пәні мен түйсінуі.

Философия танымының жалпы әдісі дидактиканы қаруландырады. Оқу процесінің методологикалық негізі - таным теориясы.

Танымдық қызығушылық - оқу процесінің жүзеге асуының басты шарты және оқушылардың өздерінің танымдық әрекеттерінің сипаттамасы. Оқу барысында оқушылардың қызығушылығынсыз оқыту процесі болмайды. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру - бұл ынтаны тудыратын, оқушыға оқу материалдарына қызыға кірісу сезімін оятатын мұғалім әрекетінің жүйесі.

Оқу танымында мұғалім жүзеге асырып отыратын оқушылардың танымдық қызығушылығына бақылау жасау ерекше орын алады, жаңаны танып білуге құштарлығы.

Танымдық қызығушылықты одан әрі дамытуға мотив негіз болады. Белгілі бір ғылымға қызығу, мақсатқа айналу немесе бұрынғы қызығушылықтың жаңа сипат алуы, оқу - тәрбие процесінде оқушыда білім дағды үнемі жаңарып отыруына байланысты.

Танымдық қызығушылықты оятуда төмендегідей жағдайлар ескеру керек.

  1. Оқу әрекеті үстінде жағымды қолайлы ортаны сабақты түрлендіріп өткізу,
  2. Оқу әрекеті барысында әрбір балалардың мүмкіндіктеріне сенім тудырып, оларды мақтап отыру.
  3. Ата - аналардың жағымды қатынастарды қалыптастыруда педагогикалық көмегі.

К. Д. Ушинский қызығушылық сапалы оқытудың негізгі жолы деп қараған. (50) . Неміс психологы әрі педагогы И. Ф. Гербарт мұғалім білімінің жан - жақты болып, оқушыны қызықтырып оқыту керектігін айтқан. Осы көп жылғы өткен ғасырда айтылға ой тәжірбиелер оқытуда қызығушылықтың ең негізгі фактор екендігін көрсетеді. Сондықтан оқушыны оятатын оның білуге құштарлығын арттыра отырып, оларды әрі тәрбиелеу керек. Өйткені оқу мен тәрбие бір - бірімен ұштасып бірге жүріп отыруы қажет. Оқыта отырып тәрбиелеу өте күрделі процесс. Оның жемісі тек мұғалімдердің тәжірбиелігіне байланысты.

Қазіргі кездегі қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді демократияландыру, ізгілендіру процестері баланың еркін дамуын, белсенді шығармашыл болуын талап етеді. Оқыта отырып дамыту проблемасы Я. А. Коменский еңбектерінен бастау алады. Онда балалардың табиғи ерекшеліктерімен санасу керектігін айтады. Жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім берудің әр түрлі басқышын белгілеген. Жоғардағы теориялар негізінде 1960-90 жылдар арасында Л. В. Занковтың басшылығымен зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды.

Бұл тұжырымда “Екіліксіз қалай оқытуға болады” білімге деген қызығушылықты арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді. Л. В. Занков жасаған жаңа жүйенің негізгі - өсіп және дамып келе жатқан дара тұлға. Әрине, әр баланың табиғаты әр түрлі, бірінің есте сақтау қабілеті зор болса, екіншісінің ойлау, ол үшіншісінің елестеу қабілеті дамыған. Қызығушылықты тудыру процесі - жұмыс істеу барысын өркендету керек деген мағынаны білдіреді.

Балалардың ой өрісін ақыл есін, зейінін, творчестволық қиялын, байқағыштығын дамытуда математиканың маңызы зор. Әр пәннің жеке ерекшелігіне орай ізденіп, әдіс-тәсілдерді түрлендіру қажет. Яғни, математика сабағында оқушылардың қызығушылықтарын қалыптастыру үшін жұмбақтар, ойын-есептер, санамақ, жаңылтпаштар, ойындар т. б. жұмыстар жүргізген жөн.

Педагог Г. И. Шукина “ . . . танымдық қызығушылық оқушының мектепке деген жақсы қарым-қатынасының негізінде жатқан маңызды оқу мотивін құрайды” - дейді. (53) . Оқушыларды оқытудағы қызығушылық проблемасымен бірге шұғылданып жүрген педагогика ғылымның докторы Т. И. Шамова - өзінің “Оқушыларды оқуға қанықтыру” деген еңбегінде оқушыларды оқуға қызықтыру құралының жүйесін құрды. Оқушылардың танымдық қызығушылығына жоғары дәрежелі өнімді әрекет ретінде ерекше көңіл аударған жөн. Бұл жүйені қолдану тәрбиелеу мақсатына жетуді қамтамасыз етеді” - деді. /56. 43/. Бастауыш мұғалімдері мен педагогтары ғылыммен бекітілген әдіс-тәсілдерді толық меңгеру қажет, тек осы жағдайда бастауыш сынып оқушыларында танымдық қызығушылықты қалыптастыруға болады. ” - дейді Н. Ф. Талызина. “Формирование познавательной деятельности младших школьников” атты ењбегінде. /46. 57/

Н. Ф. Талызина “Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды жєне математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте - бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады. - деген пікір айтты.

Мұғалім оқушы танымының аса нәтижелі болу жолында есте сақтау дәрежесін үнемі сапалы атқарғаны жөн. Оқушылардың танымы неғұрлым жоғары сапада болуы үшін, ұстаз үнемі баланың сенімдері мен қиялына иек сүйеп отыруы керек. Жер бетіндегі байлықты, әсемділік атауын жасайтын адам.

Л. Г. Занков әртүрлі жағдайларға байланысты төменгі сынып оқушыларында оқу-танымдық қызығушылығының қалыптасу деңгейлерін көрсетті. /№1 қосымшаны қараңыз/.

М. Н. Скаткин бастауыш сынып оқушыларына берілетін материалдарда проблемалық мәселе ретінде ұсынуды құптаса, В. В. Давыдов оқушыларда танымдық проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді. /16. 79/

Атақты психологтар С. Л. Рубинштейн мен Б. Г. Ананьев танымдық қызығушылықтың субъектінің объектімен өзара әрекетке түсу барысында пайда болатын күрделі диалектикалық процесс түрінде көрсетті.

Г. И. Шукина еңбектерінде танымдық қызығушылықтың оқушының жеке адам болып қалыптасу процесінде жетіліп, маңызданып, байитынын дәлелдейді. (54, 55) . Н. Ф. Талызина тәжірибесінде жаңашыл-педагогтардың жања әдістер қолдана отырып, маңызды мәселе шығарып, ғылыммен бекітілген әдіс-тәсілдерді меңгерген жағдайда ғана оқушыда танымдық қызмет қалыптастыруға болатынын тұжырымдайды. (46) Дидактиктердің зерттеулерін негіздей отырып қазіргі педагогикалық даму ерекшеліктерін, оқушының ақыл-ойын дамыту, таным қызығушылығын арттыру, қажеттілігі ескерілуде. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие жұмысының шарты ғана емес, сонымен бірге нәтижесі.

Психологиялық - педагогикалық зерттеу бастауыш сынып оқушыларының танымдық қазағушылығын қалыптастырады. Оқушы дүние танымының кеңеюі танымдық қызығушылықтың артуында өзгерістер енгізеді.

Халыққа білім берудің алғашқы тәжірибе станциясындағы жұмысты басқарған педагог С. Т. Шацкий тәжірибесінде мектепті өмірмен байланыстыру, балаларды белсенді қызметке тарту айқын байқалады. С. Т. Шацкий мұғалімдерден балаларын тәжірибесіндегі қызығушылық пен кедергілерді тереңірек оқып-үйренулерін талап етті. /57. 27/

Н. Ф. Талызина бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мынандай түрлерін ұсынды: дидактикалық ойындар, көрнекі құралдар, проблемалық оқыту. Оқыту процесінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше. А. С. Макаренконың іс-тәжірибесінен мынандай ой қорытындыларын көруге болады. (28) Ол ұжымның қызметіне қызығушылықтары бойынша тексерудің жаңа мүмкіншіліктерін ашты. Ұжымдағы ағарту жұмысы тәрбиеленушілердің қызықтарының негізінде құрылған, білім ұжымдық әрекетте жинақталады. Бүгінгі заманға байланысты ойын туралы теория зерттеулері балалардың өміріндегі орны мен олардың дамуына зор әсер тигізетінін дәлелдеді.

Н. К. Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.

Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетінін дәлелдеді. /20. 112/

Психолог А. С. Выготский:” Бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді - дейді. /13. 150/

Я. А. Коменский “ойынды рухани және дененің даму қозғалысы” - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты. /21. 160/

К. Д. Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді және нәтижелі болады - деді. /50. 78/

Жоғарыда айтылған мәселелерді теория жєне практика жүзінде ұлы педагог Сухомлинский В. А. терең және жан-жақты қарастырды.

Павлыш мектебінде кіші жастан жоғары жастағы балалардың танымдық қызығушылығын оятудың жүйесін ойлап тапты. Оқу процесін осылай ұйымдастырғанда оқушылар қызығушылықпен органикалық түрде ғылыми білімдер мен дене еңбегін байланыстыра алады. Соңғы жылдары оқытудың белсенділігін арттыру жолдары толықтырылады және дамыта оқыту, проблемалы оқыту, пән аралық байланыстар мен техникалық оқу құралдарын пайдалану назарға алынды. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру бойынша жұмыстары жүргізіп, әр сабақта идеялық әдістемелік, жоғары дәрежеге жеткізу, оқыту мен тәрбие берудің дамыта оқытудың жолдарын іздестіруінде.

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары мен әдіс-тәсілдері

Бүгінгідей саяси қайшылықтар мен экономикалық дағдарыс тереңдей түскенде тәрбие жұмысына жаңа бағыт, жаңа нысана қою қажет.

Осыған байланысты педагогикалық зерттеулерге сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін жолдары мен әдістері қарастырылды және мұғалімдерге ұсынылды.

Қазіргі күні ұстаздарды, ғалымдарды және жұртшылықты толғандырып отырған көкейкесті проблемалар көп. Мәселен, оқушылардың оқуға деген ынта - ықыласының төмендеуі, мектептердің ауыр дағдарысқа ұшырауы және т. б. Осыған орай, шәкірттеріміздің білімге қызығушылығын арттыру, оларды саналы азамат етіп тәрбиелеу үшін біз ұстаздар жан-жақты өсіп жеткуіміз көп ізденуіміз керек.

Қай заманда, қандай қоғамда болсын мектептегі білім - тәрбие берудің мақсатын, ең алдымен осы қоғамның мүддесіне туындайтын әлеуметтік сұраныс анықтайды. Қазіргі қоғамға ақыл-ойлы кемел, шығармашылық жағынан қабілеті, іскер және білімді адамдар керек. Оқу процесі кезінде мұғалімдердің әр балаға ерекше көңіл аударып, жүрегіне жол табуға тырысуының басты мақсаты.

Оқушының танымдық қызығушылығын, таным және оқу қабілеттерін, білімі мен біліктілігін, бейімділігін, мінез-құлық ерекшеліктерін, әдет және т. б. ерекшелігін анықтау, есепке алу, дамыту және осының бәрін сабақ жүргізу барысында шеберлікпен пайдалана білу.

Бұл мақсатқа жету үшін мұғалім өз оқушыларының жеке бас ерекшеліктерін терең де жан - жақты зерттеу керек. Ол үшін төрт түрлі зерттеу әдісі қолданылады.

- Экспериментальды әдіс.

- Экспериментальды емес әдіс.

- Диагностикалық әдіс.

Экспериментальды әдістің үш түрі болады:

  1. Педагогикалық эксперимент.
  2. Лабораториялық эксперимент.
  3. Ситуативті модельді эксперимент.

Экспериментальды емес әдіс: байқау, сауалнама, әңгіме, талдау жатады.

Танымдық қызығушылықты қалыптастыру әдістері:

  1. Эмоцианальдық ситуация.
  2. Танымдық ойын.
  3. Өмірлік ситуацияны талдау.

Оқу ісінің қызықты өткізілуі оқу материалдарының мазмұнын балалардың жас ерекшелігіне сай, баланың дамуындағы мектепке дейінгі кезеңмен мектептегі кезеңнің өзара байланысын қамтамасыз етуге қажетті тәсілдердің бірі болып табылады. Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдары мынандай:

  1. Танымдық дидактикалық ойындар.
  2. Сұрақ - жауап, тапқырлық клубы, викторина, қызықты математика.
  3. Пәндік олимпиада апталығы.
  4. Мектептегі баспасөз.
  5. Көрнекіліктер.
  6. Ғылымның, өнердің, мәдениеттің жаңалықтары өтетін сабақтар.
  7. Қызықты газет, журналдар, әдеби кітаптар оқуға жағдай туғызу.
  8. Өнер мәдениет, мәнерлеп оқу, музыка әуен, творчествалық коллективтер.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сатыдағы оқу үрдісінің теориялық және практикалық негіздері
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
Қазақстанда бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасуы мен дамуы
Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы
Тәрбие процесінің сипаттамасы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру
Оқыту мекемелерінде оқушының жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған педагогикалық үлгіні өңдеу
Оқу үрдісінің ерекшеліктері
Бастауыш сынып интеграциясы
Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz