Қазақ хрестоматиясының дүниеге келуі


Педагогика пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин - қазақ дидактикасының
негізін қалаушы»
Мазмұны
Кіріспе
Қазақ халқының ұлттық мақтанышы болып саналатын аса көрнекті қоғам қайраткері, әйгілі ағартушы, тамаша педагог, белгілі жазушы - Ыбырай Алтынсарин өзінің бүкіл шығармашылық өмірін қазақ халқының рухани даму жолына, оны өнерлі, білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу мақсатына арнады.
"Қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды: оның ой-пікірі еркін, оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйренуі керек болып отыр" деп жазды Ыбырай Алтынсарин өзі құрастырып, орыс алфавиті негізінде алғашқы рет қазақ тілінде шығарған "Қазақ хрестоматиясы" оқу құралының алғы сөзінде.
Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан-тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңды да. Өйткені, әрбір ұлы азаматпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, "жол болсын" айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы мен қадір-қасиеті арта түседі.
Осыған орай курстық жұмыстың тақырыбын "Ыбырай Алтынсарин - қазақ дидактикасының негізін қалаушы " -деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің мұрасындағы рухани-педагогикалық тәрбие, дидактикалық (оқыту) идеяларына тарихи-педагогикалық талдау жасау;
Зерттеу нысаны: Ыбырай Алтынсариннің қазақ жастарына тәрбие беру, дамыту және білім беру туралы идеялары.
Зерттеудің пәні: Ыбырай Алтынсариннің шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік, оқыту ой-пікірлер жүйесі.
Зерттеу міндеттері:
-ұстаз мұрасындағы ой-пікірлердің қалыптасу көздеріне объективті тұрғыда тарихи-педагогикалық талдау жасау;
-жас ұрпаққа Ыбырай мұрасындағы тәлім-тәрбие беру жолдары мен мүмкіндіктерін анықтау;
-Ыбырай Алтынсарин мұраларын оқып, зерттеп қазіргі ұрпақ тәрбиесінде оның қажеттілігін ашу.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты пәлсапалық, педагогикалық және әдіснамалық әдебиеттерге, зерттеудің деректі көздеріне теориялық, педагогикалық талдаулар жасау, салыстыру, жинақтау, қорыту, т. б. әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімде осы тақырыптың көкейкестілігі, мақсаты, пәні, объектісі, зерттеу міндеттері, әдістері баяндалады.
«Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының қалыптасуы және дамуы» атты бөлімде Ыбырайдың педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен әлеуметтік, экономикалық жағдайлары жайлы сөз болады, сондай-ақ, оның педагогикалық идеяларының өзегі - адамгершілік тәрбиесі кеңінен ашылады, Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасының бүгінгі күнмен сабақтастығы көрсетіледі, «Ыбырай Алтынсарин идеяларының бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде» атты екінші бөлімде ұлы педагогтың еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік идеялар ашылып, оларды бастауыш мектеп жағдайында пайдаланудың құндылығы баяндалады.
Қорытындыда теориялық мәселелерге сүйене отырып, ойға түйілген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
1 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының қалыптасуы және дамуы
1. 1 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының қалыптасуына әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың әсері
Қазақ халқына қалтықсыз еңбек еткен қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақтың әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болды.
Ол тарихтың 'Қиын да күрделі кезеңінде, қазақ қоғамының құрылымында да, әлеуметтік-экономикалық өмірінде де аса бір киын шақта дүниеге келді. Әкесінен жастай айырылған Ыбырай, атасы белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде болады. Атасының қадағалауымен оқуға түсіп, білімін шындайды. Яғни, Ыбырайдың жеке басының қалыптасуында алғашқы баспалдақты қалаған оның атасы және жалпы қоршаған ортасындағы оң бағыт сілтеушілер болды деп түсінуіміз керек.
Ыбырай қазақ еңбекшілерінің ауыр халін көріп өсті, олардың патша өкіметінің отаршылық қанауын, қазақ байларының, сұлтандары мен билерінің езуінің ең ауыр, ең сорақы қыспағын басынан өткізіп отырғандығын көрді. Ол қоғамдық өмірге сын көзімен қарады. Өндірістік даму қатынастарында, мәдениетте, қоғамдық дамуда артта қалған халықтарды қараңғылықта, феодалдық түрмыстык шырмауында әдейі ұстау патша үкіметінің отаршылдық саясатынан туып отырғанын Ыбырай жақсы түсінді және де өзі бүл саясатқа жан-тәнімен қарсы болды.
Мектеп бітіргеннен кейін Ыбырай халық ағарту жұмысымен айналысуды тандап алған еді. Бірақ оның ағарту саласында қызмет атқарсам деген тілегі бірден орындалмады. Өйткені ол кезде казак даласында ашылған даяр түрған мектеп өлі жоқ еді. Ыбырай амалсыздан Орынбордың болыстық басқару мекемесіне тілмаштық қызметке қалдырылды. Бірақ, оны чиновниктік жүмыс қанағаттандырмады, арманы - бар күшін алдағы күнде халқын ағарту ісіне жұмсау еді.
"Мектеп - қазақтарға білім берудің басты тұтқасы . . . Үміт мектепте, қазақ халқының келешегі мектепке байланысты", - деп жазды ол. "Халық мүдделері үшін ең керекті окытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бүйрықтары да, мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды" - деп мұғалімнің беделін жоғары көтерді.
Ыбырай Алтынсарин терең де нөрлі білім бұлағынан сусындап, өзінің алған білімін туған халқына тарту етіп, қазақ елі үшін оқу-ағарту саласында игі еңбек сіңірді. Осы орайда Ыбырай орыс халқы мөдениетінің демократияшыл идеяларын, әсіресе Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын шығармашылық жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, жастарды тәрбиелеуші мұғалімдердің бірі болды.
Қазақ даласында бірінші болып мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана тілінде оқыту секілді халық өмірінде бұрын-соңды болмаған зор әлеуметтік мақсаттарды орындау Ыбырай Алтынсаринге, әрине, ол кезде оңайға түскен жоқ. Оның алдында жалпы өнер-білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша қарсы бойы қалыптасқан ескі салт-сана, надандық ұғым тұрды. Әйтсе де, халқын сүйген, оның жарқын болашағына шексіз сенген патриот, жігерлі күрескер Ыбырай Алтынсарин: "Ал, енді құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан талабымнан еш уақытта да қайтпаймын!", -деп Н. И. Ильминскийге (1884жылы) сеніммен жазғанындай, сан-сала қиындықтармен табанды күресе жүріп, әрі орыс достарының, әріптестерінің көмегін, ақыл-кеңесін де пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады. Ыбырайдың осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында 1864 жылы қазақ сахарасының төрінде бүрын құлаққа шалынбаған қоңырау үні тұңғыш рет естілген еді. Бұл ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған жас ағартушының осы жолдағы алғашқы жеңісі, ал қазак халқының өміріндегі әлеуметтік маңызы тарихи оқиға болатын.
Сондықтан да болар, Ыбырай Алтынсарин бұл қуанышын Н. И. Ильминскийге жазған хатында "Осы жылы (яғни 1864 жылы) январьдың 8-і күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан ас қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, не бары үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін
Тұңғыш білім отауының босағасын алғаш аттаған он төрт баланың есімдері бізге беймәлім болғанымен, олардың жұдырықтай жүрегін билеген сезімдері соншалыкты таныс, ыстық кой.
Міне, сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уәлихановтай аяулы азаматтың халқым оқыса, өнер-білімді игерсе деген арманын іске асырушы болды.
Ұлы ұстаз, мәдениет қайраткері Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер Қазақстан жеріндегі алғашқы білім және мәдениет ошақтары болды. Сонау XIX ғасыр соңында балаларды ғана емес, бүкіл қазақты көшпенділіктен отырықшылыққа бейімдеп, сауатын ашып, білім мен мәдениет жолына сүрлеу салған Ыбырайдың инновациялық қызметі төл мәдениетіміздің өркендеу тарихынан үлкен орын алды. Озық ойлы ұстаз өзі ашқан мектептерде алғашкы сабақты өзі өткізіп, жас мүғалімдерге үлгі көрсетіп, оларға тәлім-тәрбие беріп отыруы да, мектептердің көпшілігінде жылдық қорытынды емтиханды өзі алуы да, өзімен бірге өзгеге қатаң талап қоя білуі де оның асыл қасиеті екенін көреміз.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері: Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский. Л. Н. Толстой және т. б. гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласында мектеп өміріне енгізген тұңғыш педагог болды.
Француздың ұлы ағартушысы Ж. Ж. Руссо: "Бала тәрбиесінің көзі еңбекте, тәрбиені отбасындағы еңбекке үйретуден бастау керек" десе, орыс педагогы К. Д. Ушинский "Тәрбиенің негізін халық; тың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек . . . ол тілі және әдет-ғүрпы арқылы көрініс табады" деді, орыстың тағы бір жазушысы әрі педагогі Л. Н. Толстой 1862 жылы "Ясная поляна" журналының №1 санында жарияланған "Халықтық білім беру туралы" атты мақаласында Германия, Франция, Англия, ертедегі Индия, Египет, Греция елдеріндегі оқу-ағарту ісінің даму тарихына шолу жасау келе: "білуге қүмарлық әр адамның бойына іштен туа бітетін касиет. Халықтың білімге құштарлығын адамның ауаға құштарлығындай қажеттіліктен туындайды. Халыққа білім беруді өрістеткіміз келсе, бұл істі жеке шенеуніктердің қолынан алып, бүкіл қоғамға беруіміз керек" деген.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алтын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз.
Ыбырай Алтынсариннің демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей сатысынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу қүралдарын жазып шығаруға, оларға өз шығармаларын бейімдеп жазуға арнаса, екіншіден өнегелі үстаз-тәлімгер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға „көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының XIX ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі, азамат болуға, зиянды іс-әрекеттен, үрлық-зорлық, жатып ішер жалқаулық сияқты жаман әдет, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды.
Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.
Ыбырай Алтынсариннің ерекше мән берген мәселесі: оқу-білім, өнерден кенжелеп қалған қазақ елін мәдениеті дамыған орыс халқынан үйрене отырып, жастарға орыс тілін үйрету арқылы прогреске бастау жолы еді.
Ол өзінің "Қазақтың болыстық мектептері туралы жазбалар" атты еңбегінде қазақ халқының орыс тілі мен өнер-білімін үйренуге мейлінше ықыласты екенін, сол үшін қатардағы мектептермен қатар, техникалық ауыл шаруашылық және әйелдер мектебін ашудың қажеттігін дәлелдейді. Мүны бітіргендердің өз елінде қалатыны, олардың орыс мәдениетіне деген, өнеріне деген ықыласы артып, жоғары дәрежелі оқу орындарына түсуге жол ашылатыны байыппен сөз болады.
Ұлы ағартушы-педагог бүл ойларын толық іске асыру үшін тек мектеп ашумен шектеліп қалуға болмайтынын, бүған лайықты окулық, методикалық қүрал-жабдыктар керек екенін жақсы түсінді. Сондықтан, Ыбырай Алтынсарин Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тәрізді педагогтардың әліппе, оқулықтарын негізге ала отырып, қазақ балаларына арнап "Оқу құралын" жазды, Сондай-ақ ол методикалық мәні бар "Семья мен мектеп", "Халық мектебі" журналдары мен қол өнері үшін қажетті Гестерманның техникалық коллекциясын, физика, химия кабинеттері үшін күрал-жабдықтар алдырды. Мұның бәрі оның жалаң оқумен қанағаттанып қалмағанын, бұған қоса ғылым мен техниканың тетіктерін үйретуде көрнекілік тәсіл ұстанғанын көрсетеді. Сондай-ақ, аса қажетті кітаптар мен журналдарды орталық мектептерге топтап жинау арқылы сондағы кітапханаларды байытуды көздеді, оқимын деген жастар мен мүғалімдердің өз білімін көтеруіне қолдан келгенше жағдай жасамақ болды. Ыбырай сол тұстағы мектептерде дін сабағының өту мүмкіндігін пайдаланып, қазақ балалары үшін "Шариятул-ислам" атты оқулық жазды. Бұл кітап кезінде балалардың мүсылман дінінің кітаптарын игеруіне айтарлықтай үлес қосты. Ол қазақ даласында татар молдалары таратқан діни оқуға, сондай-ақ патша өкіметінің отарлау саясатына негізделген христиан дінін таратуға қарсы бодды. (25. 141)
Ыбырай Алтынсарин қазақ тілінде кітаптар жазып, оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін ықпалын бірте-бірте бәсеңдетуге мүмкіндік туады деп түсінді. "Мәселенің мәнді жері-деп жазды ол, -қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек, , ол кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқиды, бұл кітаптар, татар кітаптарыйен қатар, зор күш болар еді. " Ұлан-байтақ қазақ даласында діни мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту - оның ең асыл арманы болатын. Осыған орай ол: "Орыс-қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы . . . біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім берілетін болсын. Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар казақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады", деп, дала халқына ағартушылық идеяның нүрын себе бастады. (24. 121)
1. 2 Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу - Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының өзегі
Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!
Небәрі төрт жолдан ғана тұратын осы өлең шумағы бүкіл қазақ даласында білмейтін адам кемде-кем десек, қателеспеген болар едік. Өйткені бұл өлең жүз жылдан астам уақыт қазақтың оқулық кітаптарына еніп, мектеп табалдырығын аттаған әрбір баланың алғашқы әліппесі болып келеді. Сондықтан да ол өлең жолдары әрбір қара таныған қазақтың көкірегінде сақталып, жүрегінде жатталып келеді.
Тарихи-мәдени көзқарас жағынан және оның пелагогикалық қүндылығы жағынан тамаша ескерткіш болып табылатын Ыбырай Алтынсарин жазған "Қазақ хрестоматиясына" да дәл осы өлең шумағы кіріспе болды. (9)
Ыбырай Алтынсарин - оқытушы-педагог, ағартушы-педагог болуымен қатар, ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтардың авторы да, көптеген әңгімелер мен өлеңдер жазған жазушы-классик. Ол қазақ прозасы көркем әдебиет жанрының новелла түріне жатады. Ыбырай қазақ тіліне түңғыш рет орыс классиктерінен Крыловты аударды. Бірақ бұл шығармалары мен аудармалары оның негізгі кәсібі болмаған. Ол бұларды өзінің негізгі мақсатына - ағартушылық еңбегіне пайдалану үшін жазды.
Ыбырай казақ балалары үшін тұңғыш рет ана тілінде оқулық жасады. Ыбырайдың хрестоматиясы демократиялық бағыттағы педагогикалық ғылымның негізіне сүйеніп жазылған. Хрестоматиясының бірінші бөліміне ол балаларға таныс, олардың өнерлеріне жақын және халықтық идеяларды тарататын әңгімелер мен жырларды алды. Бүлардың негізгі идеялары жастарды тазалыкқа, ададдыққа, еңбекті сүюге, мейірбандыққа, қарапайымдыққа, достыққа баулу еді.
Хрестоматияның екінші бөліміне алынған мысалдары балалардың ой-өрісін кеңейтуге, жаратылыс ғылымдарына мәлімет беруге арналған. Ыбырай бүл бөлімде окушының ойын аздан-көпке, аласадан-биікке, төменнен-жоғарыға қарай дұрыс өрлетеді. Мысалы, жастарды әуелі өздерінің туған жерімен таныстырған, сонан соң алыстата-алыстата келе дүниежүзілік географиялық жағдайларды баяндаған.
Ыбырайдың әдеби мұрасы бізге негізінен "Қазақ хрестоматиясының" төңірегінде жетті. Мұнда "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш", "Талаптың пайдасы", "Асыл шөп", "Бақша ағаштары", "Бір уыс мақта", "Шеше мен бала", "Әке мен бала", т. б. әңгімелер енген.
Бұл шығармалар жас ұрпақты ең алдымен адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, оқу-білімге баулу мақсатын көздейді.
Алтынсариннің кейбір пікірлерінде "адамгершілікті" тәрбиелеу идеясы өте анық айтылған, мұның өзі оның шығармаларында да үлкен орын алады.
Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік туралы айтқандарының барлығы өз халқына және балаларға деген шын сүйіспеншіліктен туған. Бұл жөнінде ол әр елдің озық ойлы демократтары мен педагогика классиктерінің негізгі идеяларын терең меңгерген. Бір кезде Белинский былай деп жазған болатын: "Балаларды алғашқыда чиновник, ақын, қолөнерші болуға емес, адам болуға тәрбиелеу керек, содан кейін басқаларға тәрбиелеу тиіс". (30. 222)
Алтынсарин өзінің хаттарында Белинскийдің осы сөздерін қайталап, оларды жүзеге асырып отырды.
"Шәкірттерінің саналылығына барынша әсер етіп, олардың кейңн парақор болып кетпеуі үшін бар күшімді салып тырысудамын", -деп жазды Алтынсарин, - мен үнемі еліме пайдалы адам болу үшін әрекет етіп келдім, ал қазір осы максатқа жеткен сияқты болғанымды сезген сайын өзіме үлкен бір жұбаныш тапқандаймын", -деп жазды Ыбырай Алтынсарин өзінің Ильминскийге жолдаған хаттарында. (4. 130)
Ол өзінің мектептегі алғашқы жылдардағы педагогикалық жұмыстарының нәтижелеріне осылай қуанып, қанағаттанады.
Ыбырайдың қазақ балаларына арнап жазған хрестоматиясына енген материалдарға зер сала қарасақ, оның балалардың жас ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес құрылғанын көреміз. Осы талаптарға орай айтылар ойдың дәлдігі мен нақтылығы, қонымдылығ мен көркемдік әсерлігі есепке алынады. Сондай-ақ, осы мақсатта автордың халық ауыз әдебиеті асыл үлгілері мен мақал-мөтелдерді, небір көркем шешендік сөз нүсқаларын тандап-талғап енгізуі де нәтижесіз болған жоқ.
Ыбырай жастарды оқу-білімге үндегенде, өнерлі болуға баулығанда құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмтылады. Айтпақ пікірді оқушы зердесіне еркін сіңіру үшін әр алуан ұстаздық амал-тәсіл қолданады. Бұл тұста ол, ең алдымен, шешендік қайталауларды ұтымды пайдаланады. Ақын әр шумақ сайын:
"Бір құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!" -
деген жолдары әдейі қайталай отырып, оқу-білімнің пайдасын айтуда бала жүрегіне жол таба білген.
Сол хрестоматияға сөз басы ретінде берілген "Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық" атты өлеңде ақын оқушы түсінігіне жеңіл қарама-қарсы ұғымдарды әдейі шендестіріп қолданады. Мәселен, ол білімділік пен надандықты қатар, жарыстыра алып сипаттайды. Осы орайда ақын алдымен оқудың пайдасын жарыққа балап:
"Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар!" -
десе, надандықтың мән-жайын:
"Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап"- дейді. (8. 157)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz