Математика пәні мұғалімі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы
А.Қалыбеков ао
№50 Үлгілі жалпы орта мектебі

Шығармашылық жұмыс

Тақырыбы:Математика сабағында оқушылардың зеректілігін,
шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Математика пәні мұғалімі: Б.Мүтәнова

2020 - 2021 оқу жыл
Титул парағы

Аты - жөні: Мутанова Бибиайша Сартаевна
Туылған жылы: 16.09.1967ж
Еңбек өтілі: 29 жыл
Пед өтілі: 29 жыл
Санаты: I санат
Мамандығы: Математика пәні мұғалімі
Бітірген оқу орны: АрПИ университеті

Мазмұны:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Математика сабағында оқушылардың зеректілік қабілетін дамыту
2. Математика сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе:

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.
Ойын - баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы: Сақина салу, Ақсүйек ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына ақсүйек тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.

Негізгі бөлім
1. Математика сабағында оқушылардың зеректілік қабілетін дамыту

Бала бір-біріне ұқсас болып дүниеге келгенімен, кейін олардың қандай қасиетке ие болатынын тек тәрбие шешеді. Ал тәрбиенің өзі әрбір қоғам дәуіріндегі өндіріс қатынастарына байланысты. Сондықтан баланы әлі кішкентай деп, оған тек біржақты табиғи-жаратылыс даму жағынан қарауға болмайды. Бастауыш және жалпы орта білім беруде балалар психикалық ерекшелігі жағынан алып қарағанда, өне бойы бірдей болып кездесе бермейді, әрбіреуінің өзінше азды-көпті өзгешелігі болып отырады. Біздің мақсатымыз әр баланың өз бетінше дара ерекшелігі бірдей болсын деу емес, керісінше, оның өз бетінше ерекшелігін ілгері қарай дамытуға жағдай туғызып, оны өсіріп өркендету болып табылады.
Сонымен бірге мұғалімдер мен ата-аналар бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушыларға жас мөлшерінің әр түрлі кезінде дербес әдіс қолданып, олардың жас ерекшеліктеріне сай қарым- қатынас жасап отыру керек. Әр баланың түрлі қасиеттерін жете біліп, соған сәйкес тиісті әдіс қолдану үшін оқушыны түрлі жағдайларда, оқуда, еңбек сабақтары үстінде және одан тыс мезгілде әдейі тапсырмалар беріп, белгілі бір мерзім ішінде бақылап білуге болады. Осы айтылған негізгі ғылыми принциптерге сүйене отырып қана оқушылардың өздеріне тән қасиеттерін дұрыс түсінуге болады. бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің психологиялық негізі қалыптасатын шығармашылық қабілетінің дамуына ең тиімді кезеңінде көзқарастың жоғары дәрежеде дамуына жағдай жасалуы қажет.
Осыған орай бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың қазіргі кездегі тиімді жолдарының бірі - өз бетінше жұмыс пен өз бетінше білім алу жұмысын ұйымдастыру педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін жетілдіру болып табылады. Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап - оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Ол тек дайын ақпаратты фактілер, заңдар, ережелер күйінде ғана беріліп қоймай, бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Яғни, мұғалім оқушылардың өзі белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет.
Ол оқытудың әр кезеңінде: үй жұмысын тексерген кезде, жаңа білімді меңгеруге дайындық, жаңа білімді енгізу, оны тұжырымдаған және сүйенген, алынған білімді қорытқан, бір жүйеге келтірген кезде де көрініп отыруы керек. Мұндай күрделі ой-өрісінің жүйелі қалыптасуына тікелей басшылық ететін, оқушы әрекетінің даму мен қалыптасуына жетекшілік жасайтын, бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушылардың білімді шығармашылықпен игеруіне жетелейтін, оның амал-тәсілдерін үйрететін мектептегі басты тұлға мұғалім әрекеті өз шәкірттерінің әрекеті тарапынан қолдау тапқанда ғана өзінің нәтижелі жемісін бермек.
Бастауыш және жалпы орта білім беруде өзіндік жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы тиіс. Өзіндік жұмыстың керекті нәтижесін алу үшін қойылатын негізгі шарт - оқушыларды оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет. Әрбір оқушының жетілуі оқыту барысында табысты болуы үшін, мұғалім олардың әрқайсының қабілетіне байланысты бейімделген бұл жерде жеке оқушы тең құқықты серіктес ретінде сыймен қараудың да маңызы зор.
Қызықты жаттығу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру - сол тиімді тәсілдердің бірі. Қызықты жаттығулар балалардың ойлау белсенділігін арттырып, оларды есептеуге деген үлкен қызығушылық тудырады, осындай жұмыстар кезінде оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі, математикалық тілі жетіледі.
Мұғалім қызықты жаттығулар арқылы аз уақыт аралығында көлемі жағынан көп жұмыс тындырып, оқушылардың жаңа материалды меңгеруге дайындығын және қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу керектігін анықтай алады. Сабақтың басында өткізілетін жаттығулар оқушыларды бірден жұмысқа кірістіретіндей қызықты болуы тиіс. Сабақтың ортасында немесе соңында, балалар жазбаша немесе тәжірибелік жұмыстан шаршаған кезде, қызықты есептеулер оларды сергітеді, жұмыс қабілетін арттырады.
Қызықты жаттығуларды орынды әрі шеберлікпен пайдалана білу сабақтың нәтижелілігі мен сапасын арттырудың да негізгі тәсілдерінің бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.
Ең алдымен бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамытатындай математика пәнінде есептер шығара білуге үйрету керек. Орта буында әзіл есептер мен сұрақтар ауызша есептеулерде зеректілікке, тапқырлыққа баулиды. Оқушыны ұшқыр ойлауға, тез шешім қабылдауға дайындайды. Әзіл есептер шығару арқылы қарапайымнан күрделіге қарай көңіл аудару керек. Бірте - бірте ақыл ойды жетілдіруге көмектесетін есептерді шешуге әкеледі. Осы арқылы баланың өз бетінше көзқарасы қалыптасып, өзіне деген сенімі артады.
Оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті дегеніміз - оқушының білімін жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесті айтамыз. Яғни, мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлері. Бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдары: ауызша есептеуге үйрету тәсілдері. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілеген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды. Ауызша есептеуге үйрету уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде математикалық диктант ретінде қолдану қажет. Диктанттан кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы. Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.
Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға, олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі - оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу. Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.
Математика сабағында оқушылардың оқу әрекетін белсендендіру және интенсивтендіру негіздеріне ойын, проблемалық оқыту, тірек сигналдары негізінде оқыту технологияларын жатқызуға болады. Математикалық ойындардың бір түрлері логикалық ойын мен математикалық сызбаларға негізделеді, ал кейбіреулері тез ойлап, шешуді талап ететін ауызша есептен тұрады. Ондай ойындарға фигураларды бірден сызып шығу, логикалық есептер, өлең есептері, сөзжұмбақтар шештіру сияқты түрлерін жатқызуға болады.
Шешімін таппаған мәселе өз бетінше оқып білу процесінде оқушының қабілетін дамытып, танымдық білімін қалыптастырады. Шешімін таппаған мәселенің шешу жолын іздестіреді, шешудің нұсқаларын қарастырады, қорытынды жасайды, оны тәжірибеде қолданады. Оқыту үдерісі кезіндегі мұғалімнің жұмысы - оқушылардың танымдық қабілеттерін өз бетінше қалыптастыруға, дамуы мен қалыптасуына, саяси және адамгершілік көзқарастарына, белсенді іс-әрекеттеріне бағытталған оқу әрекеттерін ұйымдастыру және оқушыларға әр түрлі ситуацияларды талдап, одан қорытынды шығару, бір объектіні екіншісімен салыстырып, ерекшілігін, ұқсастығын ажырату, бақыланған құбылыстарды, жалпылап, белгілі әрекет тәсілдерін таныс емес жағдайларда қолдану.
Өз бетінше оқи отырып бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу, мұның өзі оқытудың зерттеу әдістеріне ерекше мен берілетінін көрсетеді. Математика сабақтарында оқушылардың өз бетінше оқығанда шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған арнайы тапсырмалар бар. Бұған қоса, математика сабақтарында есептермен байланысты, төмендегідей шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға болады: берілген есепте кері есеп құрастыру және шығару; белгілі шешуі, берілген қатынас, сызба, сурет бойынша есеп құрастыру; сұраққа сәйкестендірілген және керісінше, шартқа сәйкестендірілген сұрақты түрлендіру; есептің шартын және сұрағын түрлендіру; жай есепті, екі немесе одан да артық амалдармен шығарылатын есептерді түрлендіру; әр түрлі есептер құрастыру және оны тиімді жолдармен шешу және т.б. Бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушының өз бетінше жұмысының негізгі ерекшелігі, оқушының берілген есепті мұғалімнің көмегінсіз өзінің шешуі. Есепті орындауда жақсы нәтижеге жету үшін, оқушының біліміне, іскерлік дағдысына сүйсіне отырып бақылаушылығын, ойлауын, есепті шығару жолдарын байқап көреді. Есепті шығаруда бір қате екінші қатеге жалғасып, нәтижесінде қате жауап алынуы мүмкін. Шығарған есебі қате болып, оқушы қиыншылыққа кездескенде мұғалім оны тоқтатып, қателерін жөндеу керек пе? Ондағы қиыншылықтарды жойып, оқушының ойлауын, ісін дұрыс жолға бағыттау керек пе? Жоқ әлде оқушының шығарған есептің қате екендігіне көзін жеткізіп, қателерін өзіне тапқызып, өздеріне жөндете ме? Өз бетінше жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін белгілейтін мұндай сұрақтар әр мұғалімнің алдынан шығады.
Оқушылар өз бетінше жұмыс істей білуі үшін, алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өз бетінше ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан мұғалім бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушылардың жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өз бетінше жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өз бетінше жасайтын жұмыстарға үйретуі қажет. Мұғалім бастауыш және жалпы орта білім беруде оқушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар ұсынады, онда жұмыстың мақсаты, оны бөлімдер бойынша орындау реті (өзін-өзі бақылау); мұғалім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптар бойынша оқушылардың жобаға қатысу үлесі
CLIL сабақтарындағы математикалық тіл
Дарынды оқушыға - талантты ұстаз
Математиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері. Математика оқу материалдары мазмұнына жалпы сипаттама
Оқытудағы құралдар
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мәселелері
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Маңғыстау математиктерінің еңбектері мен жетістіктері
Білім беруде пәнаралық байланыстың маңызы
Пәндер