Тарих пәні мұғалімі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Түркістан облысы

Мақтаарал ауданы

А. Қалыбеков а/о

№50 «Үлгілі» жалпы орта мектебі

Шығармашылық жұмыс

Тақырыбы: "Оқушыларға тарих пәнін оқытуда заманауи әдіс-

тәсілдерді қолдану"

Тарих пәні мұғалімі: М. Сапарова

2020 - 2021 оқу жыл

Титул парағы

Аты - жөні: Сапарова Матлуба Тажимуратовна

Туылған жылы: 11. 07. 1987ж

Еңбек өтілі: 12 жыл

Пед өтілі: 2 жыл

Санаты: санатсыз

Мамандығы: тарих пәні мұғалімі

Бітірген оқу орны: «Аймақтық әлеуметтік экономикалық» университеті

Мазмұны:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Тарих сабағында сындарлы оқыту тәсілдерін қолдану - оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын дамытудың негізі.
  2. Тарих сабағында АКТ -ны пайдаланудың тиімділігі мен практикалық қолданысы туралы
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Мектепте тек қана бір мақсат - білім беру,

Мұғалімде тек қана бір мақсат - сапалы сабақ.

Ағылшын ағартушысы Уильям Уорд

Оқытушы - үйретуші ғана емес, әрі үйренуші. Үйрене білу мұғалімнің басты қасиеті. Ол өз пәнінің зерттеушісі болмақ. Сабақта бірсарындылықты білім үдерісінің тиімді жолдарын қарастырып, сабақ жоспарларына шығармашылық тұрғыдан қарап жаңа технологияларды сабақтарда кеңінен пайдаланғаны айтарлықтай нәтиже береді.

Бала қандай нәрсеге ынталы болмақ. Бұрын таныс емес, тың нәрсеге ынтасы болмайды, бұрын білетін ескі нәрсеге де ынтасы болмайды. Ынтаны қоздыратын жаңа мен ескісі аралас нәрсе. Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрселерде бір жаңалық болу керек. Ол жаңалық бұрынғы ойда бар нәрсені не толықтырғандай, не дәлелмен бекіткендей, не бұрынғыны бекерге шығарғандай, болмаса күшейткендей бір өзгеріс кіргізетін болу керек. Бір күндегі көз үйренген таныс нәрсеге көңіл қойып қараймыз, егер ол нәрсеге азырақ өзгеріс пайда болса, әуес қып, қызығып қарай бастаймыз. Бір нәрсенің өзімен таныстырмай тұрып, әуелі оның мүшелерімен (неден құралғандығы) таныстырып, жаттықтыру керек. Олай етілмесе, соңғы берілетін мағлұматтар орнықсыз, үстірт болып, бала ілгері қарай барғанда соқыр кісіше қармалып, әр нәрсенің басын шалып кетеді: ол мағлұматты білуге зауқы соқпайды, мұғалімге сенімі де жойылады. Сондықтан да жаңа нәрсемен баланы таныстырады, әуелі бұрынғы білетін нәрсенің мүшелеріне сүйеніп, оның арасындағы байланысын көрсетіп, содан кейін барып білім шығару керек. Оқыту нақ, айқын әрі тетелес болу керек. Оқу нәрселерінің бәрін бірдей көрнекі етіп ұқтыру да мүмкін емес, мысалы, алыстағы жерлерді, әлдеқашанғы тарихи оқиғаларды көзге көрсетуге болмайды. Ондай жерлерде бала бұрын көрген, естіген мағлұматтары арқылы қиналмай өзі-ақ туғызып аларлық етіп ұқтыру керек болады. Сондай-ақ, ғалымның «Оқу нәрселерінің бәрін бірдей көрнекі етіп ұқтыру мүмкін емес, мысалы, алыстағы жерлерді, әлдеқашанғы тарихи оқиғаларды көзге көрсетуге болмайды» деген тұжырым да бүгінгі білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялар арқылы оқытуда мол мүмкіндік беріп отыр. Кез келген нәрсені түсіну немесе түсіндіру үшін мұғалімнің өзі оның негізін біле білуі керек. Мұғалім балаға жаңа білім бермес бұрын, ең алдымен баланың ынтасын аударар нәрсені жақсы білуі тиіс.

Білімді және тәрбиелі, дүниетанымы кең, ұшқыр ойлы ұрпақ тәрбиелеу үшіні - сындарлы оқыту теориясын сабақ үдерісінің негізгі көзіне айналдыру қажет. Осы бағытта білім беру ұйымдарының алдындағы мақсат - мұғалімдер тәжірибесін үнемі жетілдіру және бағалау. Мақсат-оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Алдымызда тұрған міндеттеріміз мынадай :

оқушының өзіндік және жеке ойлауын қалыптастыру

оқушының шығармашылық таланттарын жан -жақты ашып көрсету

оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту

сабақ үдерісінде АКТ -ны тиімді пайдалану

тарих сабағында оқушының белсенділігін арттыру

оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.

оқушылардың ғылыми білім, іскерлік дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.

ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.

Негізгі бөлім.

1. Тарих сабағында сындарлы оқыту тәсілдерін қолдану - оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын дамытудың қайнар көзі.

Тәжірибеде оқытудың көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге бағыттап тәжірибеге енгізеді.

Топтық оқыту, өзін-өзі оқыту - оқушы белгілі бір өздік жұмысты (оқылатын объектімен, оқулық, приборлармен жұмыс істейді, есеп шығарады, зерттеу жұмысы) орындап, оның нәтижелері туралы жазбаша есеп береді.

Өзара оқыту (жұптық оқыту) - оқушылар тұрақты жүпта немесе құрамы өзгеретін жүпта жұмыс істейді де, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалайды .

Сындарлы оқытуда оқушы өз бетінше білім алуды ұйымдастырады, сын тұрғысынан нақты, мақсатты шешім қабылдауға үйренеді, оқушылар кез-келген сұраққа өмірден мысал келтіре отырып салыстырып жауап береді.

Мен де сәтті сабақтың алты сипатын басшылыққа ала отырып, сабағымды оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа баулу үшін, ойын еркін жеткізетін, пікір алмаса алатын оқушы шығару үшін жұмыстандым. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін, достық қарым-қатынастары артуы үшін сабақты бірінші ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастадым. Нәтижесінде оқушылар тың ойымен жаңа сабаққа кіріседі. Сабағымды бастамас бұрын құзырлы мұғалімге тән үш көмекшіні өзіме серік етіп алдым. (Бас - кәсіби түсінік, қол- оқытудың тәжірибелік дағдылары, және жүрек кәсіби өнегелілік тұтастық Шульман 2007) осы қасиеттер болған жағдайда оқыту жақсы болып саналады деп көрсетілген [1, 8] . Сабақты қызықты әрі тартымды етіп өткізуді ойладым. Алдын-ала сынып бөлмесін безендіріп керекті құрал-жабдықтарымды дайындап, оқушыларды түстер арқылы топқа бөліп отырғыздым. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін сергіту сәтін өткізбекші болдым. Ортаңғы сынып болғандықтан сергіту сәтіне «Сағат» тренингін өткіздім. Топ ішінен топта белсенді, ұйымдастыру қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол оқушыларды шығару мақсатында топтарға өз ішінде қызметтерін бөліп алуды тапсырдым. Оқу мақсатын шешу кезінде, яғни мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің негізінде жүзеге асады. Бұл процесте оқушы орындаушы, белсенді, ал мұғалім-ұйымдастырушы: түсіндір-салыстыр-қорытынды жаса десе, оқушы өз пікірін қорғайды, басқалармен ақылдасады, пікірлеседі, ой бөліседі, санасады, сынайды, шындыққа жету үшін ізденеді. Осы айтылғандардың дәлелі ретінде жаңа сабақты оқушыларды сыни тұрғыдан ойланту мақсатында оқушыларға «Сиқырлы сұрақ» әдісі бойынша интерактивті тақтадан төрт суретті көрсеттім. Суретте глобус, карта, кітап және аққан жұлдыздың суреті бар болатын. Оқушыларға екі минут уақыт ойлануға уақыт беріп оны дәптерлерлеріне жазып, кейін топта талқылап, кейін ойларын ортаға салуын өтіндім. оқушылар сиқырлы сұрақтарға жауап беріп жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Түрлі жастағы балаларда сипатталатын ойлау деңгейі балалардың жас шамасына бейімделген. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келесі тапсырмада «Қоржындағы сұрақ» бойынша 1 топ «Суретші Шоқан» тақырыбында тапсырма алса келесі топ «Әдебиетші Шоқан» тақырыбында топ болып бірлесіп жұмыстар атқарды. Екі топта өздеріне берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындады. Постермен жұмыс жасап қорғады . Бұл сабақта әр топтың алдында ғаламтор жүйесіне қосылған компьютер және ұялы телефондар тиімді қолданылды . Мен бұрын ғаламтор материалдарын өзім таратып беретін едім . енді оқушылар тапқан мәліметтерін топ бойынша қорғады Оқушылар топ бойынша жұмыс жасай отырып бір -бірін тыңдады, оқып үйренді. Тақырып мазмұнын ашты. Тақырып мазмұнын әр топ дөңгелек стол әдісі арқылы қорғады. Жаңа тақырыпты оқушылар өз бетімен меңгеруге бағытталып, жұптық әрі топтық талдау жасау арқылы түсінді. Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар өздерінің нені меңгерді, нені меңгермегенін анықтау мақсатында «Жедел жауап»сайысы арқылы өз білімдерін тексерді. Сабақ соңында топтарға әр топтың сабақ барысындағы іс-әрекетіне «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы баға беруін сұрадым. Кері байланысқа түсе отырып сабақтың ұнаған жақтары мен ұсыныстарын оқушылардың өздері дәлелдейді. Яғни бұл келесі сабақта алдыңғы сабақта кездескен қиындықтарды жеңуге мүмкіндік туғызады. Топпен жұмыс тәсілін өз сабағымда пайдалана отырып мен бұл әдістің тиімділігіне көз жеткіздім. Бұл тәсіл оқушылардың бір-бірін тыңдай білуіне, сөйлеу мәдениетіне, өздерін сенімді ұстауына, ұйымшыл болуға тәрбиелейтінін байқадым. Жаңа әдіс -тәсілдерді тиімді пайдалана білу оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын кеңейтудің негізі. Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптарын орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып, практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасадым :

- оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;

- қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;

- қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;

- оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;

- қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады.

Тәжірибе көрсеткендей күнделікті сабағыма қарағанда жаңа -әдіс тәсілдерді пайдалана өткен сабағымдағы оқушының белсенді іс -әрекетін, қызығушылығын байқадым. Тарих сабағында оқушы шығармашылығын дамыту тарихи көркем әдебиеттерге жол сілтеу болып табылады . Қазіргі таңда ғылыми негізде және жаңа зерттеушілік бағытта құрастырылған электронды оқулықтарды тиімді пайдалану оқушының пәнге қызығушылығына жол ашады. Мен осы бағытта өз қолданысымдағы тақырыптық электронды оқулықтан көрсетілген, «Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру», «Қазақстандағы индустрияландыру », «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан» тағы басқаларын атап көрсеткім келеді. Сондай-ақ «ыстық орындық», «Ассоциация» әдістері, диалогтік оқыту әдістері оқушылардың өз пікірін еркін айтуына мүмкіндік туғызары анық. Сонымен бірге тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға, олардың ой-пікірлеріне, көзқарастарына, атқарған еңбектеріне сын тұрғысынан баға беруге дағдыланады.

2. Тарих сабағында АКТ -ны пайдаланудың тиімділігі мен практикалық қолданысы туралы .

Білім беруде ақпараттық коммуникациялық-технологияларды қолданғанда оқушыны оқыту үдерісіне, сабақты басқаруда, жоспарлау және өткізуде, бағалау мәселелерінде қамтылды. Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Сондықтан тарих сабақтарында көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдана білу мұғалім алдында тұрған бірден- бір міндет. Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болу тиіс Мен өз тәжірибемде ғаламтордан тақырыптық бейне көріністер алып талдау жұмыстарына үлкен мән беремін. Осы арқылы оқушылардың тарихи түсініктері бір жерде ғана тоқталып қалмайды. Мысалы мен «Қазақстанның 17-18 ғасырлардағы мәдениеті» тақырыбын өткенімде қазақ халқының ұлттық киімдері мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрін оқытып үйрету кезінде «Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсеттім. Оқушыларға сұрақ қоя отырып ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, әдет-ғұрыптар жайлы өздерінің көргендерінен ой -пікірлерін айтуды сұрадым. Оқушылар сабақ барысында өз пікірлерін еркін жеткізе білуге, бір-бірін тыңдай білу мен пікірлерімен санаса білуге дағдыланды. «1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің орталықтары» тақырыбын өткенімде 1938 жылы «Ленфильм» киностудиясынан шығарылған алғашқы дыбысты фильм «Амангелдіні » оқушылар өздері тауып, Амангелдінің орыс оязына айтқан пікірлерін тыңдады, яғни жанды мәлімет алды . Бейне роликтер алу барысында тарихи кейіпкерлердің жаңа заманда қалай зерттеліп жатқанын біліп отырады.

АКТ-ны тиімді пайдалану оқушыны мына қадамдарға бағыттайды

1. Оқушы танымын кеңейтеді

2. Оқушыны ғаламтормен тиімді жұмыс жасай білуге бағыттайды .

3. Оқушының өзіне сенімін нығайтады және жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптар бойынша оқушылардың жобаға қатысу үлесі
Педагогикалық үрдісте жаңа техпологияларды тиімді пайдалану, білім беру жүйесінде шығармашылық пен ізденістерді іске асыру
Менің педагогикалық тұжырымдамам. Менің жұмысымның негізгі түйіні
Шымкент қаласы тарихшы мамандарының кәсіби деңгейі
Оңтүстік Қазақстан кәсіби тарихшыларының мәртебесі
Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен мазмұны
Оңтүстік Қазақстан кәсіби тарихшыларының мәртебесі (шымкент қаласы мектептері негізінде)
Қаратау би
Елеке сазының зерттелуі
Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақапаттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz