Әлеуметтік мемлекет


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Пән: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

Тақырыбы: Конституциялық құқық негіздері

Оқытушы: Наурызбаев Ерлан Амангельдинович

Орындаған: ЮК81зк тобының студенті Айткен Әйгерім

Көкшетау қаласы

2018 жыл

Конституциялық құқық негіздері

Жоспар:

1. Конституциялық құқық түсінігі, пәні және конституциялық құқықтық қатынастар түсінігі.

2. Конституцияның түсінігі, мәні, функциясы. 1995 ж. ҚР Конституциясы: мазмұны, мәні.

3. Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері.

Жоспар бойынша:

1. Конституциялық құқық түсінігі, пәні және конституциялық құқықтық қатынастар түсінігі. Конституциялық құқық - құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жүйесінің саласы.

Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрылыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады.

Конституциялық құқық - бұл ҚР конституциялық құрылыс негізін, адам мен азаматтың, мемлекеттік құрылыстың, мемлекеттік билік органдарының жүйесін, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару негізін реттейтін құқық нормаларының жиынтығын көрсететін ҚР жетекші құқық саласы.

Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз - мемлекеттік биліктің функциясымен, ұйымдастырылуымен байланысты конституциялық нормалардың негізінде тоқтатылатын және өзгертілетін қоғамдық қатынастардың адаммен және азаматпен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен өзара қарым-қатынасын айтамыз.

Конституциялық құқықтық қатынастардың субъектілері - бұл конституциялық - құқықтық қатынасқа қатысушылар. Субъектілердің шеңбері өте кең: бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жүктеп және кімге құқық берсе сол субъект бола алады. Олардың ішінде мынандай субъектілер: мемлекет, халық, депутат, мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ азаматтар, шет ел азаматтары және тағы басқалары болады.

Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз шынайы әрекет құбылыстары негізінде құқық қатынастарының субъектілерінің құқықтық байланысқа түсуі. Конституциялық құқық қатынастарының объектілеріне жататындар: мемлекеттік территория, материалдық құндылықтар, адамдардың тәртібі, мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғалардың әрекеті, азаматтардың жеке мүліктік емес құқықтары жатады.

Конституциялық - құқықтық нормаларға басқа құқық саласы нормаларының барлық белгілері тән. Олар сондай-ақ қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу құралы болып табылады және мемлекетпен қабылданып реттеушілік және қорғаушылық функцияларды атқарады. Реттеуші нормаларға, құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.

Конституциялық-құқықтық нормалар - бұл мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін және нақты құқықтар мен міндеттермен жүзеге асырылатын белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау мақсатында мемлекетпен бекітілген және санкцияланған жалпыға міндетті тәртіп ережелері.

Конституциялық-құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.

Мысалы, азаматтық институты, президенттік институты, сайлау құқығының институты және тағы басқалар. Құқықтық нормалардың институты реттелетін сфераның барлық жақтарын қамтиды. Оларда өздеріне тән түсініктер, терминдер, жағдайлар болады. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны “азамат”, “азаматтық”, “азаматтықтан шығу”, “азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттері” сияқты тусініктерде көрсетіледі. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты азаматардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделінеді.

2. Конституцияның түсінігі, мәні, функциясы. 1995 ж. ҚР Конституциясы: мазмұны, мәні. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.

Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрылыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.

ҚР Конституциясы келесі заңдық қасиеттерді иеленеді:

1. Бұл құқықтық акт, заң. ҚР Конституциясы - бірыңғай ерекше заңдық қасиетке ие құқықтық акт, оның көмегімен халық қоғам мен мемлекеттің құрылымының негізгі принциптерін құрады, мемлекеттік биліктің субъектілерін, оны жүзеге асыру механизмін анықтайды, мемлекет қорғайтын адам мен азамат құқығын бекітеді.

2. Заңдық жоғарылығы. Конституцияның жоғарылығы конституциялық құрылысты нығайтады, яғни мемлекетің Конституцияға, құқыққа бағынуы. Конституция барлық басқа нормативтік актілерге қатысты жоғарғы заңдық күшке ие. Сондықтан заңдар және басқа құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек. Бұл оны қорғаудың ерекше құралымен кепілделінетіндігінен байқалады. Конституцияға қайшы келетін актілер өзгертіледі немесе онымен сәйкестендіріледі.

3. Ағымдағы заңның базасы болады. Нақ Конституция құқық шығармашылық процессін анықтайды - әр түрлі органдар қандай негізгі акт қабылдайтындығын, олардың атауын, заңдық күшін, заңдардың қабылдану тәртібі мен процедурасын бекітеді.

4. Қабылдау және өзгертудің ерекше тәртібі. ҚР Конституциясына өзгерістер енгізумен қайта қарау үшін ерекше, күрделі тәртіп бекітілген. ҚР Конституциясы 1995 жылы бүкіл халықтық дауыс беру жолымен қабылданды және қатаң конституциялардың қатарына жатады.

Конституциялық құрылыс - бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру формасы.

Демократиялық конституциялық мемлекетте қоғам бір уақытта мемлекетті басқарушы ретінде және өзін реттеуші жүйе ретінде өзін реттеуші азаматтық қоғам мен оның қажеттілігінен тәуелді болады.

Әрекет ететін Қазақстан Конституцияда ҚР Конституциялық құрылысының концепциясының негізіне Конституцияның 1 бөлімінің 1 бабында бекітілген негізгі принцип гуманистік идея қойылған: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халық игілігіне экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын шешуде демократиялық әдістер қолдану бұған референдумда және Парламентте дауыс беру де кіреді.

ҚР Конституциялық құрылысына қоғамда қалыптасқан қоғамдық қатынастың бүкіл жүйесі кіреді. Оның нығаюында Қазақстан Республикасының бүкіл құқық саласы мен заңдары қатысады.

3. Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері.

ҚР Конституциясына сәйкес (1б) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.

1. Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп жариялайды (ежелгі грек сөзі “демократия” аударғанда халық билігі) . Оның демократиялық сипаты келесіден көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету; биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі; идологиялық және саяси алуандылық; меншіктің барлық формасын тану және тең қорғау.

Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы және қорғаушысы халық болады. Бүкіл биліктің қорғаушысы халық деп тану халық егемендігін көрсетеді. Халық егемендігі халықтың толық билігін көрсетеді., яғни қоғам мен мемлекеттің істерін басқаруға халықтың шынайы қатысуы үшін халықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдарды иеленуі. Халық өзінің билігін тікелей республикалық референдум және сайлаумен қатар, мемлекеттік билік органдарына делегат жіберу арқылы жүзеге асырады.

2. Құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін құқықтық мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлекет мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар түгелімен бағынуға міндетті әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін шектеумен сипатталады. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің негізгі принципі құқық жоғарылығы болып табылады. Бұл ең алдымен Конституция мен заңдардың жоғарылығын көрсетеді.

Құқықтық мемлекеттің мәні - оның жүйелі демократизмі, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекетті қоғамға бағындыру құқықтық мемлекет болып өзінің міндетті ерекшелік қасиетін танитын және билікті бөлу институтын, соттың тәуелсіздігін, басқарудың заңдылығын, азаматтардың құқығын мемлекеттік биліктің бұзуынан оларды құқықтық қорғауды танитын мемлекет есептеледі. Құқықтық мемлекеттің басты идеясы құқықтық мемлекетпен байланысты болуы, оның әрекеті болжау және сенімділік кепілдігі, азаматтарды мемлекет пен оның органдары тарапынан болуы мүмкін зорлық-зомбылықтан қорғау.

3. Әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет - бұл әлеуметтік саясаты адамның өмір сүруі мен оның еркін дамуына материалдық қатынастың еркін дамуына, ақталмаған әлеуметтік айырмашылықты жеңуде лайықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет.

Әлеуметтік мемлекет өзінің әр бір азаматына адамға лайықты тіршілік минимумын қамтамасыз етуге ұмытылады және осыған байланысты әр бір есейген адамның өзін және өзінің отбасын асырауға ақша табу мүмкіндігі болуы қажет. Егер әр түрлі себептерге байланысты мұндай мүмкіндік жүзеге асырылмаса және адам қажеттілігі тиісті деңгейде қанағаттандырылмаса ғана мемлекет араласады.

Әлеуметтік мемлекеттің маңызды бір мақсаттарының бірі әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік теңсіздікке қарсы тұру құралы әлеуметтік қамтамасыз ету.

4. Зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігін, олардың қызмет шеңберін шектелгендігін (сонымен қатар мектеп те шіркеуден бөлінген, бұл мемлекеттік құрылымның зайырлылық сипатымен қамтамасыз етіледі), сондай-ақ қандай да бір діннің мемлекеттік немесе міндетті болып бекітілуіне тиім салынудан көрінеді.

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде діни ұйымдардың мемлекеттен бөлінгендігімен сипатталынады. Мемлекет ісіне діни қоғамдық ұйымдардың араласуына жол берілмейді және мемлекеттік органдардың діни ұйымдардың ісіне араласуына жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы Қазақстан қоғамының ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі құқықтары мен бостандықтары деп нық бекітті. Бұл конституциялық тұжырым адамдардың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен жоғары тұратыны жөніндегі идеяны білдіреді.

Қазақстан Республикасы Конституциясы жеке адамдардың барынша маңызды құқықтары мен бостандықтарын бекітті. Қазақстан Конституциясында бірінші рет, 12-баптың 2-тармағында “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады. Олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” деп атап көрсетілді . Бұл адамның табиғи құқын мемлекеттің тануы және бастау алар қайнар көзі болып табылады және Конституцияның “Адам және азамат” деген 2 тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқы мен бірге азаматтың да құқы мен міндеті туралы айтылады. “Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады” (12-бап 3-тармақ) . Сөйтіп, аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заң тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары мен міндеттерімен бірге “азамат құқы” ұғымы бірінші рет танылды. “Адам құқы” мен “азамат құқы” ұғымы бір-біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген - адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматқа да қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық Қазақстан Республикасының азаматына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтар мен бостандықтар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға да берілген.

Жеке адам мен мемлекеттің, сонымен бірге адамдардың өздерінің арасында пайда болған қатынастардың сипатына қарай конституциялық құқықтарды бөлудің жалпыға бірдей үлгісі қалыптасқан. Осыған байланысты оларды жеке құқықтар мен бостандықтар; әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар; саяси құқықтар мен бостандықтар.

1. Жеке құқықтар мен бостандықтар іс-жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтар әрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқық оған туылған кезінен бастап тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табиғи құқығы жатады. Бұл құқық адамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Жеке құқықтар мен бостандықтарға мыналар жатады:

- Әркімнің өмір сүру құқығы (15 бап) ;

- Жеке басының бостандығы құқығы (16 бап) ;

- Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы (13 бап) ;

- Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық құқығы (17 бап) ;

- Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы (18 бап) ;

- Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы (18-бап 2-тармақ) ;

- Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (19-бап 1-тармақ) ;

- Әркімнің ана тілімен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы (19-бап 2-тармақ) ;

- Әркімнің заң жүзінде тиым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар (20-бап 2-тармақ) ;

- Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алу құқығы (21-бап 1-тармақ) ;

- Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар (21-бап 2-тармақ) ;

- Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар (22-бап) .

2. Адам мен азаматтың негізгі құқығы мен бостандығының ерекше тобын әлеуметтік-экономикалық құқықтар құрайды. Экономикалық құқық пен бостандық адамға өзінің материалдық өндіріс және бөлініс саласындағы өз мүліктерін жүзеге асыру үшін қажет. Әлеуметтік құқық пен бостандық адамның рухани және басқа да қоғамдық қажеттерін өтеуге қызмет етеді. Оларға:

- Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар (24 бап 1-тармақ) ;

- Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар (24-бап 2-тармақ) ;

- Әркімнің тынығуға құқығы бар (24-бап 4-тармақ) ;

- Жеке меншік құқығы (26 бап) ;

- Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. (26 бап, 4-тармақ) ;

- Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу құқығы (27 бап) ;

- Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар (29 бап) ;

- Білім алу құқығы (30 бап) .

3. Саяси құқықтар мен бостандықтар - бұл тек мемлекеттің азаматтарына берілетін және оларға елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысуға мүмкіндік беретін конституциялық құқықтар мен бостандықтардың бір тобы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік мемлекеттің тарихи-теориялық ойларының негіздері
Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі
Қазақстан Республикасын құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде қарастырып, оның әлеуметтік құқықтық деңгейін анықтау
Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет
Мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның функциялары
Қазақстан әлеуметтік құқықтық мемлекет
Мемлекеттің әлеуметтік қызметтері
Қазақстан құқықтық мемлекет ретінде
Әлеуметтік мемлекеттің үшінші функциясы - әлеуметтік қорғау
Мемлекеттің экономикалық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz