Сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрлары
О. Қ. Жармакин, Қ. Б. Мағзұмов
МӘТІН ЛИНГВИСТИКАСЫ
Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
О. Қ. Жармакин, Қ. Б. Мағзұмов
МӘТІН ЛИНГВИСТИКАСЫ
Филология мамандықтарының студенттеріне арналған
оқу құралы
Павлодар
Кереку
2012
ӘОЖ 81.42 (075.8)
КБЖ 81.2-5-923
Ж 31
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми
кеңесімен басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:
З. Қ. Темиргазина – ф. ғ. докторы, профессор, Павлодар мемлекеттік
педагогика институты;
А. Д. Әміренов – ф. ғ. к., доцент, Павлодар мемлекеттік педагогика
институты;
Г. Т. Кәрімжанова – ф. ғ. к., доцент, С. Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті.
О. Қ. Жармакин, Қ. Б. Мағзұмов
Ж 31 Мәтін лингвистикасы : филология мамандықтарының
студенттеріне арналған оқу құралы О. Қ. Жармакин,
Қ.Б. Мағзұмов . – Павлодар : Кереку, 2011. – 84 б.
ISBN
Оқу құралы филология мамандықтарының студенттеріне арналған. Материал
мысалдар үлкен көлемімен түсіндіріліп, сипатталған.
ӘОЖ 658(075.8)
КБЖ 65.290я73
ISBN
© Жармакин О. Қ., Мағзұмов Қ.
Б., 2012
© С. Торайғыров атындағы
ПМУ, 2012
Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге
авторлар мен құрастырушылар жауапты
Алғысөз
Ұсынылып отырған оқу құралының басты мақсаты – жоғары оқу орындарының
филология факультеттерінде оқытылатын Мәтін лингвистикасы пәні бойынша
типтік оқулық бағдарламаға сәйкес дәріс және семинар сабақтарында қолдануға
болатындай қажетті оқу материалын шағын да ұғынықты етіп жазып шығу.
Мәтінтанушы Ресей және қазақ лингвист ғалымдарының соңғы 20–30 жылда жарық
көрген ғылыми еңбектері мен оқулықтарының біразын талдап, оқу құралымыздың
негізіне алдық. Мәтін деген көпжоспарлы жүйе, ол онтологиялық,
гносеологиялық, лингвистикалық, психологиялық және прагматикалық тұрғыда
зерттелу үстінде, әрі зерттеудің қазіргі антропоцентристік, когнитивтік
бағыттарында да кешенді жұмыс тындырылуда. Осы жағдайларды ескере отырып,
біз студенттер қауымына типтік бағдарламаға сәйкес оқу материалын ықшамдап,
олардың тақырыптарды қажетті деңгейде игеруіне оң ықпал жасауға ұмтылдық.
Осы оқу құралы және қосымшада берілген арнайы терминдік түсіндірме
сөздігімен біз мәтін теориясына қатысты лингвистикалық терминологияны
мемлекеттік тілде қалыптастыру үрдісіне мүмкіндігінше үлес қоса алсақ, алға
қойған міндетімізді біршама орындаған боламыз.
Мәтін лингвистикасы ғылыми пән ретінде
Мәтін лингвистикасы – өзінің теориясы мен практикасы бар
салыстырмалы түрде алғанда жас (ХХ ғасырдың ортасы) дербес ғылым және оқу
пәні. Мәтін лингвистикасы мәтін ұғымына негізделіп, көбінесе оны
талдаумен байланыстыратын филологиялық риторика аталатын риториканың тағы
бір бағытының дамуына ықпал етеді.
Заманауи мәтін лингвистикасы мәтіннің өзі мен құрылымын,
категориялары мен тілдік бірліктерін, сол сияқты мәтінді, ең алдымен
көркем мәтінді құрастыру, тудыру және талдау тәсілдерін зерделейді.
Соңғы отыз жылда мәтін лигвистикасында үш дербес ғылыми сала
анықталды:
- жалпы мәтін теориясы (И. Р. Гальперин);
- мәтін грамматикасы (О. И. Москальская);
- мәтін стилистикасы (И. В. Арнольд, В. В. Одинцов).
Мәтін лингвистикасы мәтінде қолданылатын түрлі коннотация құралдары
(функционалды-стилистикалық, эмоционалды-экспрессивті, бағалаушы) ең
алдымен, функционалды стилистикада зерделенетіндіктен стилистикамен,
нормаларын білмей қарым-қатынас мәдениетін меңгеру, сауатты және
коммуникативті барабар мәтін құрастыру мүмкін болмағандықтан, сөйлеу
мәдениетімен тығыз байланысты.
Шын мәнінде мәтін лингвистикасы (мәтінді лингвистикалық талдау да)
бұрын оқылып, болашақ тілші-мамандардың санасында айтылған немесе жазылған
сөйлеуге сергек қарауға, оқыған мәтінінің мазмұны ғана емес, терең
мағынасына да үңілуге ерекше тілдік (стилистикалық) сезім қалыптастыратын
лингвистикалық және әдебиеттану пәндерінің қорытындысын шығаратын жалпы
филологиялық пән болып табылады.
Мәтін-мәтін лингвистикасы мен оның практикалық курсының, мәтінді
лингвистикалық талдау мен әдебиеттанудың ортақ зерттеу объектісі.
Алайда әдебиеттану объектісіне қарағанда мәтін лингвистикасының талдау
объектісі кеңірек, себебі ол:
- тек көркем шығарманы ғана емес, барлық сөйлеу шығармаларын қамтиды;
- мәтінді сол мәтінді тудырып тұрған барлық тілдік элементтердің
комбинациясы ретінде зерттейді. Ол тілдік арақатынастардың өзгерістерін,
мәтін ішіндегі олардың динамикасын зерделеп, мазмұн тұрғысында мәтіннің
идеялық-тақырыптық және эстетикалық деңгейінде жасақталуын, айтылым
тұрғысындағы функциясын белгілейді, осы тұста әдебиеттанумен ұштасады.
Әдебиеттану мәтінді идеялық мазмұны, эстетикалық құндылығы, жанрлық
артықшылығы, композициялық ұйымдастырылуы қырынан қарастырады. Басқаша
айтқанда, өз талдауында формадан мазмұнға қарай, ал әдебиеттануда мазмұннан
формаға қарай ауысады;
- лингвист өз талдауын көп жағдайда нақты мәтінді талдаумен шектесе,
яғни зерттеудің имманенттік әдісін қолданса, әдебиеттанушы үнемі тарихи,
әлеуметтік, философиялық сипатта экскурстар жүргізеді, яғни көбіне
зерттеудің проекциялық әдісін қолданады (В .В. Виноградовтың
терминдері);
- лингвист мәтінді ең алдымен оқырман (адресат) тұрғысынан, ал
әдебиеттанушы ең алдымен автор (адресант) тұрғысынан талдайды.
Мәтін лингвистикасында мәтіннің негізгі екі объектісі айқындалады:
- тұтас сөйлеу шығармасы – сөйлеудің кең мағынасындағы мәтін,
макромәтін;
- күрделі фразалық тұтастық немесе күрделі синтаксистік тұтастық
–сөйлеудің тар мағынасындағы мәтін, микромәтін.
Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас сөйлеу шығармасы шекараларының сай
келуі мүмкін. Шағын көлемдегі тұтас сөйлеу шығармасының (газет мақаласы,
қысқа әңгіме, ауа райы туралы хабар, хабарландыру, т.с.с.) жалғыз фразадан
тыс бірліктен құралуы мүмкін. Дегенмен, бұл шағын жанрлы және шағын көлемді
мәтіндерге ғана қатысты болғандықтан, мәтіннің екі объектісін-макромәтін
мен микромәтінді айырған жөн, себебі күрделі фразалық тұтастық пен тұтас
сөйлеу шығармасы-мүлде түрліше тәртіптегі бірліктер.
Күрделі фразалық тұтастық - синтаксистік ұғым, тұтас сөйлеу шығармасы
- әлеуметтік-сөйлеу құбылысы, қоғамның түрлі салаларына қызмет ететін ең
жоғары деңгейдегі коммуникативтік бірлік.
Байласымды мәтін мен байласымды сөйлеу (мәтін) құрау модельдері мәтін
лингвистикасының нысаны болып табылады.
Бұл пәннің міндеттері:
- болашақ мамандардың бойына мәтінді (ең алдымен-көркем мәтінді),
тілдік және мағыналық ұйымын талдаудың кәсіби дағдыларын сіңіру;
- олардың осы талдаудың теориясы мен әдістемесін меңгеруі.
Мәтін лингвистикасының негізгі мәселелері мен ұғымдары:
- мәтінді талдау;
- мәтін параметрлері;
- мәтін бірліктерін анықтау;
- мәтін категорияларын анықтау;
- мәтін бірліктерін грамматикалық және семантикалық зерттеу.
Мәтінді талдаудың негізгі аспектілері:
- лингвистикалық түсіндірме-қазіргі қазақ әдеби тілін қазіргі әдеби
нормамен шендестіру тұрғысында тілдік бірліктерді, соның ішінде тілдік
бірліктердің функциялық-стильдік және стилистикалық бояуын қарастыру;
- семантикалау, ұғымы көмескілеу сөздерді, сол сияқты идеялық-
теориялық жүктемесі (лексика-фразеологиялық деңгейі) ауырлау сөздерді
түсіндіру. Бұл мағынада сөйлем мәтіннің бейнелілігі мен тілдің эстетикалық
тұрғысынан статикалы, шартты болып келуін көрсетеді (микробейнелерді,
көркемдік және нақыш формаларын және т.б. табу).
Мәтінді талдаудың негізгі деңгейлері:
- бейнелік-тілдік (сөздің бейнелеу құралдары);
- құрылымдық-композициялық;
- идеялық-тақырыптық.
Мәтінді лингвистикалық талдаудың негізгі принциптері:
- историзм принципі (шығарма жазылған тілдік дәуірді ескеру);
- шығарманың формасы мен мазмұнының өзара байланысын, өзара
шарттылығын ескеру принципі (мазмұнға, сондай-ақ, сол мазмұнның әсерлік
сипатын күшейтуге, прагматикалық функциясына бағытталған тіл құралдарын
ескеру);
- мәтінді талдауға деңгейлік принцип (мәтіндегі тілдік жүйенің барлық
таңбалық деңгейлерін зерттеу);
- жалпы мен жекені үйлестіру принципі (мәтіндегі жалпы тілділік, жалпы
стильдік, жалпы жанрлық пен жеке авторлықтың өзара әрекеттестігін ескеру).
Мәтінді лингвистикалық талдаудың әдістері мен амалдарына жататындар:
- стилистикалық эксперимент әдісі – синонимдерді іріктеу, мәтінді
қысқарту мен кеңейту, мәтіндегі сөйлемдердің орнын алмастыру сияқты әрқилы
аранжировка түрлері, сөйлемде компрессия қолдану: бағыныңқы сөйлемді
көсемшелік және есімшелік амалдармен, детерминанттармен (сөйлемнің басында
мезгіл және мекен пысықтауыштарын) алмастыру; мәтіндегі жай және құрмалас
сөйлемдердің арақатынасын, гипотаксисті паратаксиске және керісінше
өзгерту;
- семантика-стилистикалық әдіс – тілдік ережелерден ауытқу, мағынаның
заттық және коннотативтік элементтерін үйлестіру; нақты мәтіндегі дара, көп
мәнділік; сөйлеуді (мәтіндегі фразаны) бірнеше мәрте қайталау есебінен
мағыналық элементтерді арттыру; бұл әдіс мәтін бірліктерін жалпы халықтық
тіл элементтерімен (яғни мәтіндегі бірліктерді олардың сөздіктердегі
мәнімен) салғастыру үшін қолданылады;
- салғастыру-стилистикалық әдіс – бір типті мазмұндағы мәтіндердің
тілдік безендірілуіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға көмектеседі,
негізінен түпнұсқа мен аударма мәтіндерін салыстырғанда қолданылады,
авторлық варианттарды салыстыру әдісі деп аталатын алғашқы және түпкі
варианттарын салыстырғанда да қолданылуы мүмкін;
- мәтінді сандық талдау әдістері – сандық заңдылықтарды (сын есімнің,
үстеудің және т.б.-ның санын) тауып, мәтіннің тілдік құралдарының сапалық
айырмашылығын табуға көмектесетін ықтималды-статистикалық әдіс.
1 Мәтін және оның негізгі белгілері
1.1 Мәтін туралы ұғым
Мәтіннің тууы мен түсінілуі мәтінді зерттеудің орталық объектісі және
негізгі проблематикасы болып табылады. Мағынаның мәнге (мәтіннің тууы) және
мәннің мағынаға (мәтіннің түсінілуі) түрлену механизмдері сана-тіл-әлем
триадасының шеңберінде қарастырылады.
Тіл қызметі-басқа қызмет түрлеріне сіңіскен мәтін қызметі. Мәтін -
қарым-қатынастың негізгі бірлігі. Адамдар жекелеген сөздермен, сөйлемдермен
емес, мәтіндермен қарым-қатынас жасайды. Мәтін ұғымы ертеден болғанымен,
терминологиялық ұғымда бертінде қолданыла бастады.
Мәтін (текст) сөзінің этимологиясы латынның texo-тоқимын,
тігемін, өремін етістігіне ұштасады, textus -мата, (ткань)
дегенді білдіреді (орыстың текстиль сөзін еске алайық). Басқаша
айтқанда, мәтін (текст) сөзі семантикасының негізінде тігу, өру
метафорасы жатыр. Салыстыру үшін: мән-мағынасыз әлденені айтуды
білдіретін, плести етістігі, сплетни зат есімі немесе көне орыс кітап
сөзі плетение словес; қазіргі лингвистер мен сыншылардың еңбектеріндегі
ткань текста метафорасының қолданылуы.
Қазіргі мәтін лингвистикасында даулы мәселелер көп. Айырмашылық, ең
алдымен, мәтіннің тіл мен сөйлеудің қайсысының жүйесіне жататындығында.
Мәтіннің коммуникация актісімен шендесуі, оның сөйлеу тудырушы сипаты,
мәтіндік қызметтің функционалды қызметі мәтіннің сөйлеу және тек сөйлеу
құбылысы екеніне сендіреді.
Алайда И. Р. Гальперин, О. И. Москальская, Е. И. Шендельс,
Г. В. Колшанский және басқа ғалымдардың пікірінше, мәтін-тілдің
модельдендірілген бірлігі, қарым-қатынаста коммуникативтік аяқталған ойға
ие негізгі тілдік бірлік ретінде қоғамда қызмет ететін микрожүйе [1,18].
Мәтіндердің тілдік ұйымдастырылуына және айтушының (жазушының)
коммуникативтік ниетіне қарай Г.А. Золотова бес мәтін (сөйлеу) типтерін
немесе сөйлеу регистрлерін бөледі: репродуктивті (бейнелеу), информативтік,
генеритивтік (ақпаратты жинақтау) – монологқа, волюнтивтік және реактивтік-
диалогқа тән [2,28].
Осы типтердің әрқайсысының белгілі бір белгісі бар. Мәселен,
репродуктивті регистрде айтушы байқағанын тілге тиек етеді. Репродуктивті
типтегі (регистрдегі) айтылымдар мынадай болып келеді: Менің көргеніме
қарағанда..., Менің естігенім..., Менің сезгенім....
Информативтік регистр айтушыға белгілі немесе ой елегінен өткізген
фактілер, оқиғалар, қасиеттер туралы хабарды ұсынады. Информативтік регистр
айтылымдары мынадай болып келеді: Менің білуімше..., ...екені белгілі.
Генеритивтік регистрде айтушы өмірді тәжірибемен және әмбебап
біліммен шендестіре отырып, жинақталған ақпарат береді. Генеритивтік
регистрлер ой түйіні, қанатты сөздер, мақал-мәтел түрінде болады. Ел болам
десең, бесігіңді түзе (М.Әуезов). Ер елді қорғайды, ел ерді қорғайды
(Мақал).
Диалогта волюнтивтік және реактивтік регистрлер құралдары өткеріледі.
Волюнтивтік регистрдің міндеті-адресатты іс-қимылға, ақиқат үзіндісін
өзгертуге шақыру, реактивтік регистрдің міндеті-жағдайды бағалау болып
табылады.
Мысалы
Маған күйеуге ти, - деді тырна. – Сендей ұзынтұраға қалай тимейін...
(В.Даль. Ертегілер). Бұл диалогта волюнтивтік регистр тырнаның с өзі,
реактивтік-құтанның сөзі түрінде берілген.
Предикативтік бірліктердің көптігінен немесе олардың бірігуінен
дерексізденіп, бір типті мәтіндерде қолданылатын сөйлеудің коммуникативтік
регистр ұғымы нақты айтылымдарда, мәтіндерде немесе олардың үзінділерінде
беріледі. Бір жағдайда ол еркін, қозғалмалы, екінші жағдайда қатаң шектеулі
комбинацияларда қоғамдық – сөйлеу практикасының әр түрлі текстер мен
жанрларындағы мәтіндердің композициясын құрайды.
Сонымен, айтушының оқиғалар мен әлем туралы білімді қабылдауы мен
мәтіндік түсінігі, біріншіден, сөйлеу қорындағы тілдік және сөйлеу
құралдарының жүйесімен, екіншіден, хабарға және сөйлеудің интенциясына
қатысты кеңістік-уақыт ұстанымымен айқындалады, бұл көзделген
коммуникативтік типтердің (сөйлеу регистрлерінің) шеңберінде реттелуіне
кедергі келтірмейді.
Мәтінді сипаттаудың мұндай жолы оның тек сөйлеудің нақты актісімен
байланысты нақты бірлік қана емес, ең жоғары деңгейдегі тілдің абстрактілі
бірлігі ретінде де көрінетінін дәлелдейді.
О. А. Лаптева мәтінге вербальды қатынастың барынша кешенді бірлігі
деген анықтама бере отырып, мәтінмен қоса сөйлеу шығармасы ұғымын ұсынып,
мәтіннен айырмашылығы оның басталуы-ортаңғы бөлігі-аяғы болады, ал мәтінге
қатысты мұндай талаптардың болуы міндетті емес. Бұл кез-келген шығарма
мәтін бола алады, алайда кез-келген мәтін шығарма бола алмайды дегенді
білдіреді,-десе, зерттеушілердің көпшілігі мәтін - әрқашан тақырыптың
басталуы, дамуы және аяқталуы бар сөйлеу шығармасы деп есептегендіктен, бұл
тұжырым даулы [3].
Соңғы жылдары лингивистикалық әдебиетте мәтін терминімен қоса дискурс
(фр. discours – сөйлеу) термині пайда болды. Дискурс-экстралингвистикалық
факторлар жиынтығындағы байласымды мәтін; оқиға аспектісінде алынған
мәтін; нысанды әлеуметтік іс-қимыл ретінде қарастырылатын сөйлеу; адамдар
мен олардың сана механизмдерінің әрекеттестігіне қатысушы компонент, яғни
нақты өмірмен байланысты сөйлеу.
Коммуникативтік лингвистиканың барлық зерттеулерінде сөйлеудің ғана
емес, тілдің де негізгі бірлігі болып мәтін танылады. Тілдің әлдебір
деңгейлеріне қызмет ететін тілдік варианттар коммуникация процесінде мәтін
құрауға қатыса отырып, жаңа қасиет пен функцияны иеленіп, мәтіннің
элементтеріне айналады.
Осылайша мәтін барлық деңгейдегі тіл мен сөйлеу варианттарын
синтездеп, өзіне тілдік мағына мен сөйлеу ерекшеліктерін біріктіреді. Ол-
бір мезгілде тіл бірлігі және сөйлеу шығармасы.
Ғалымдардың бәрі бірдей мәтінді сөйлеудің әрі ауызша, әрі жазбаша
формадағы шығармасы деп есептей бермейді. Бір зерттеушілер (И. Р.
Гальперин, Л. М. Лосева) мәтінді сөйлеудің тек жазбаша формасында таныса,
басқалары (И. В. Арнольд, О. А. Лаптева) ауызша сөйлеу шығармалары,
негізінде монологтық шығармаларды да мәтін деп есептейді. Кейбір ғалымдар
оны кез-келген сөйлеу ниетін, соның ішінде жай сөйлесу ретінде түсініп,
диалогта мәтіннің болатынын айтады.
Ғалымдардың көпшілігі белгілі бір түрде құрастырылған сөйлеуді мәтін
деп есептейді.
Мәтін тек жазба құжат түрінде объектіге айналады деп кесіп айтуға
болмас. Жазбаша да, ауызша да қарым-қатынас жасаймыз. Демек, жазбаша
айтылымдар (мәтіндер) ғана емес, оқушыларға (студенттерге) көркем және
публицистикалық шығармалардан үзінді түрінде ұсынылатын грамзапистер мен
таспаға жазулары, сол сияқты таспаға жазылған ауызша айтылған сөйлеулер де
талдау тақырыбы болуға тиіс.
Сөйлеу шығармасы ретінде мәтіннің негізгі белгілері:
- тұтастығы (яғни байласымдылығы мен композициялық аяқталуы);
- аяқталуы, яғни автор ойының (мазмұнның) айтылып бітуі;
- модальділік (автордың хабарға көзқарасы, авторлық баға және өзіндік
баға);
- нысандылық және прагматикалық ұстаным.
Мәтін – мағыналық және құрылымдық аяқталуымен, автордың хабарға
көзқарасымен, хабардың нысандылығымен және прагматикалық ұстанымымен
сипатталатын ауызша немесе жазбаша формадағы хабар.
Сонымен бірге, мәтін ұғымына қатысты көптеген тұжырымдарды қарастыра
келе, біз мәтінге тән категорияларды ерекше назарға ала отырып, ресей
мәтінтанушы ғалымдарының бірнеше анықтамаларын ұсынамыз. Алдымен,
Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте Текст (от лат. textus – ткань,
сплетение, соединение) объединенная смысловой связью последовательность
знаковых единиц, основными свойствами которой являются связность,
цельность [4, 507]. И. Р. Гальперин мәтінді аяқталған,
объективтелген жазба құжат ретінде,... бірқатар ерекше бірліктері мен атауы
бар, түрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық
байланыстармен біріктірілген, белгілі бір мақсат пен прагматикалық бағыты
бар сөйлеу шығармашылығының туындысы деп анықтайды [1, 17].
О. И. Москальская мәтіннің коммуникативтік маңыздылығын айқындай
отырып,... мәтін деп бір жағынан, бір немесе бірнеше сөйлемдерден
тұратын, сөйлеушінің ойы аяқталған, кез келген айтылған пікірді түсінсек,
екінші жағынан, повесть, роман, газет немесе журнал мақалалары, ғылыми
мақалалар, түрлі құжаттар тағы басқа осы сияқты тілдесім (речевые)
туындылары деген анықтама береді [5, 12–14 б.].
А. Ф. Алефиренко мәтінді төмендегідей анықтайды: Мәтін – бұл тұтастық,
коммуникативті құрылым, оның компоненттері автордың коммуникативті
интенциясымен ұйымдастырылып, иерархиялық, семантикалық құрылымға
бірлескен [6, 4].
Мәтін ұғымын қалыптастыруда, түсіндіруде, талдауда қазақ лингвист
ғалымдары да айтарлықтай еңбек етіп келеді, әсіресе соңғы жиырма жыл
көлемінде ғылыми сапасы жоғары талай-талай зерттеулер жарық көрді. Осы
тұрғыда Р. Сыздықтың, Б. Шалабайдың, С. Мұстафинаның, З.
Ерназарованың, Г. Әзімжанованың, Г. Есмағұловтың, Д. Әлкебаеваның,
Г. Әбікенованың, А. Әділованың, М. Маретбаеваның, Г.
Смағұлованың, Ж. Қайшығұлованың, Г. Кәріпжанованың және т.б. еңбектерін
атаймыз.
Қорыта келгенде, мәтін – көпаспектілі, әр түрлі бағытта зерттелетін
күрделі лингвистикалық құбылыс, ең жоғары коммуникативтік бірлік.
1.2 Сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрлары. Мәтін типтері
Қазіргі мәтіндер сөйлеу формасына қарай ауызша және жазбаша болып
бөлінеді.
Сөйлеудің ауызша формасындағы мәтіндер жазбаша формадағы мәтіндерден
мүлдем өзгеше. Жазбаша мәтін алдын-ала ойластырылады, қабылдаушының
қатысуынсыз түзетіледі, ал ауызша мәтінде барлық түзетулерді тыңдаушы
қабылдайды. Жазбаша мәтін көру арқылы қабылдауға арналған, сондықтан онда
бөлімдер, үзінділер және т.б. тақырыптар мен тақырыпшалар, абзацтар,
шрифтік айшықтау мен астын сызу т.с.с. ажыратылады. Ауызша мәтін тыңдап
қабылдауға есептелген, сондықтан айтылғанды түзету, қайта тыңдау (таспа
жазуы болмаса) болмайды; сонымен бірге мәтіннің тыңдаушыға тәуелділігі
(түсінбегенін қайта сұрау мүмкіндігі, айтушының мимикасының тыңдаушыға
әсері т.б.) байқалады, монологтік емес сөйлеуде әңгімеге араласу мәтіннің
тұтастығына ғана емес, әңгіменің аяқталмай қалуына да әсері айқын сезіледі.
Ауызша мәтіннің жазбаша мәтіндегі амалдардан бөлек риторикалық амалы да
бар.
Заманауи жанртану сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрларын қызықты жіктеуді
ұсынып отыр. Бұл жіктеудің негізінде М. М. Бахтин қабылдаған сөйлеу
жанрлары мен оның бірінші (қарапайым) және екінші (күрделі) сөйлеу жанрлары
туралы идеясы жатыр.
М. М. Бахтиннің пікірінше, сөйлеу жанрлары дегеніміз, айтушы үшін
өзі жасамаған, оған берілген, айтылымның берік тақырыптық композициялық
және стилистикалық типтері, сөйлеу тұтастығын жасаудың типтік
модельдері. Егер сөйлеу жанрлары болмаса сөйлеу қарым-қатынасының болуы
мүмкін емес еді [7, 242].
Солай бола тұрса да, зерттеулерде сөйлеу жанрларына түрліше
түсініктемелер беріледі. Ол ең алдымен зерттеушілердің жанртанудың басты
термині-сөйлеу жанрын түрліше түсіндіріп жүргенінен туып отыр. Кейбір
зерттеулерде сөйлеу жанры кең мағынада түсіндіріледі, басқаларында
сөйлеу жанры ұғымын сөйлеу актісіне балама ретінде түсіндіріледі,
үшіншісінде мәтін типтерімен байланыстырылады.
Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, сөйлеу жанрының басты нышандары-
адресат, адресант, бақылаушы, референттік жағдай, байланыс арнасы,
әрекеттестіктің жалпы контексті, уақыт, орын және қоршаған ортадағы ахуал,
коммуникативтік мақсат, автор бейнесі, адресат бейнесі, өткендегінің
бейнесі, келешек бейнесі, диктумдық (оқиға) мазмұнының типі, сөйлеу
жанрының тілдік жүзеге асырылуы.
М. М. Бахтиннің негізгі және қосымша сөйлеу жанрлары туралы идеясы
ғалымдардың отандық жанртанудың дамуын дәстүрлі семиотикалық жүйеде -
семантика (жанрдың аты) – синтактика (жанрдың композициясы) - прагматика
(айтушының мақсаты және оның тиісті жанрды таңдауы) қарастыруына және
олардың сөйлеу жанрларын зерттеуді үш бағытқа бөлуіне мүмкіндік береді.
Бірінші бағыт (семантикалық): сөйлеу жанрлары адамдардың әлеуметтік
әрекеттестігінің типтік жағдайын вербалды безендіру ретінде анықталады.
Қосымша жанр негізгіден функциялық саласымен немесе стилистикалық
өңделуімен ерекшеленетін онтологиялық туынды ретінде түсіндіріледі.
Бұл бағыт қазіргі жанртанушыларға (әсіресе күнделікті коммуникация
саласында):
- информативтік және нақты сөйлеу жанрларын;
- субжанрлар (бір актілі айтылымдар), гипержанрлар (мысалы, дастархан
басындағы гипержанр-тост, дастархан басындағы әңгімелер жанры және т.б.)
жанроидтар (түрлі жанрлардың элементтері енген гибридтер, мысалы, өсек-аяң,
ақтарыла сырласу, ұрыс-керіс пен отбасы әңгімелері), протожанрлар
(негізінен жеті жасқа дейінгі балаларға тән жанрлы формаларды меңгеру);
- сөйлеу немесе арнайы жоспарланбаған, риторикалық немесе саналы түрде
жоспарланған, элементарлық, кешендік және басқаларын бөліп, сипаттауға
мүмкіндік берді.
Жағдайлар, оқиғалар (қарапайым және күрделі) аттары, коммуникативтік
әрекеттер аты, сол сияқты сөйлеу шығармалары-мәтіндерінің әр типті
түрлерінің аты сөйлеу жанры атының ролін атқарады. Мысалы, әңгіме, уағыз,
кешірім, жауап сияқты сөйлеу әрекеттері мен оқиғалары, және мәтіндер-
өтініш, реферат, бұйрық, анекдот, құттықтау сөйлеу жанрларының да аттары
болып табылады, мысалы, әңгіменің, уағыздың, өтініштің, бұйрықтың,
рефераттың, анекдоттың және т.б. сөйлеу жанрлары.
Екінші бағыт (синтактика): Г. И. Богин мәтіндер типологиясын дихотомия
принципі бойынша: жеке және ұжымдық, табиғи және жасанды, моноадрестік және
полиадрестік, көркем және көркем емес, толық және толымсыз түрінде
анықтайды және сөйлеу жанрларының жазбаша түрлерін төмендегідей
топтастырады:
- сөйлеу субъектісі бойынша (бүркеншек, бейтарап, ұжымдық, жеке
авторлық);
- объект бойынша (жеке бағытталған-жеке хат, көпшілікке бағытталған-
кітаптар, газеттер, жазылымдар, белгісіз бағдарлы, екі- жақты бағдарлы-
жаздым және дереу жауабын күтемін);
- уақыт бойынша (дереу оқу үшін-төралқаға хат, дереу оқып, сақтау
үшін, сақтамай баспалық жаңғырту үшін-газет, баспалық жаңғырту үшін-кітап);
- мәтін ішіндегі автор сөйлеуі бойынша: субтілді, әлеуметтік диалект,
ақпараттық қуат [8, 12–22 б.].
Үшінші бағыт (прагматикалық): қосымша сөйлеу жанры негізгі сөйлеу
жанрының құрылымдық элементі болып саналатын мәтіндер типі ретінде
сипатталады. Сөйлеу жанры ұғымын сөйлеу әрекеттерімен емес, мәтіндермен
байланыстырған жөн және сөйлеу жанры қажетті әрі прагматикалық мәнде
көрінетін үш аспектіні белгілейді:
- когнитивтік –құрылымдық аспект (жанрлық қағидаттары сол социумға тән
сөйлеу әрекеттерінің жасалу тәсілдері мен өтуінің әдеттегі тәртібін
тіркейтін сценарийлер, коммуникативтік жағдайлар модельдері);
- әлеуметтік-психологиялық аспект сөйлеу жанрының таңдалуы белгілі бір
шамада субъектіні сипаттайды және тұлғалық қасиеттің көрсеткіші ретінде
автор бейнесін жасауға ықпал етеді;
- әлеуметтік-мәдени аспект, мұнда сөйлеу жанры - сөйлеу әдібінің мәні,
әр социумның маңызды конститутивтік белгісі, осы белгілер арқылы
менікі, бөгде, біздікі анықталады.
Сонымен, сөйлеу жанрлары ұғымында түрлі мәтін жанрларын зерделеуге
болады:
- функционалдық стиліне қатысты (іскерлік жанрлар: хаттама, өтініш,
іскерлік хат, т.б.; публицистикалық: хроника, мақала, сұхбат, портреттік
очерк, т.б.); көркемдік: әңгіме, ертегі, мысал, т.б. ғылыми: пікір,
рецензия, аңдатпа; ауызекі тілде: жеке хат, альбомдағы жазу, күнделік
жазбалары);
- сөйлеудің функционалды-мағыналық типіне қарай (суреттеу, әңгімелеу,
пайымдау);
- адресанттың, адресаттың прагматикалық ұстанымына байланысты
(қолпаштау, тост, әңгіме, пікірталас жанрлары және т.б.);
- қарым-қатынас саласына қарай (әлеуметтік-саяси, әскери, академиялық,
сот, діни, т.б.).
Әдеттен тыс мәтіндер де болады, мысалы, фотографиясы немесе суреті бар
мәтіндер, фотозарисовка, фотографияның астына қол қою, мәтінді көркемдеуші,
фотографиялар.
Сөйлеу жанрларымен салыстыра отырып, біз тіл білімінде қолданыста
жүрген түп нұсқалы (первичные) мәтіндер және оларға комментарий ретінде
көрінісі бар екінші қатардағы (вторичные) мәтіндер классификациясын
ұсынамыз. Түп нұсқалы мәтіндерге: авторлық өмірбаян, хат, БАҚ-тардағы
мақалалар, әңгіме, күнделік жазбалары, жарнамалар, ал екінші қатардағы
мәтіндерге: пікір, аннотация, рецензия, мазмұндама, конспект, инсценировка,
түйін сөздер жатады. Мәтін лингвистикасы үшін ең маңызды топтастыру – ол
көркем және көркем емес мәтіндер.
Бұл жерде біз Г. Әбікенованың еңбегінде мәтін типтеріне арналған 1-
кестесін ұсынамыз [9, 17]
1-кесте – Мәтін типологиясы
Стиль түрлеріне қарай: ғылыми, көсемсөз, іскери, көркем мәтін
Ақпаратты тасымалдау түрі ауызша, жазбаша, электронды т.б.
бойынша:
Көлеміне қарай: макромәтін, микромәтін, күрделі
синтаксистік тұтастық т.б.
Қарым-қатынас тақырыбы мен гуманитарлық, тарихи, танымдық,
сөйлеу тәсіліне қарай: аргументтік т.б.
Берілу тәсіліне қарай: диалог, монолог, полилог
2 Мәтінге тән категориялар
2.1 Мәтін категориясы туралы ұғым
Мәтінді зерделегенде ең алдымен категориялары бөлініп алынады.
Категория – заттар мен объективті әлем құбылыстарының барынша ортақ
және елеулі қасиеттері, белгілері, байланыстары мен қатынастары көрсетілген
ұғым, мәтіннің екі жақты сипаттағы көрінісі-құрылымдалуы мүмкін форма мен
мазмұн бірлігі.
Мәтін категориясы-барлық мәтінге тән белгі, онсыз еш мәтін болмайды,
яғни мәтіннің типологиялық белгісі.
Өз кезегінде мәтін белгілі бір дәрежеде шендестірілген категориялар
жиынтығы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мынаны ескеру маңызды:
1) мәтін ешқашан бір мәтін категориясымен модельдендірілмейді, тек
олардың жиынтығымен модельдендіріледі;
2) кез-келген мәтін категориясы функционалдық-семантикалық негізде
бөлініп, мәтіннің өзінің әмбебап мағынасын танытады.
Олардың әрқайсысына бірыңғай идеалдық мазмұн мен тіл жүйесі
деңгейлерімен қатаң байланыспаған белгілі бір лингвистикалық манифестация
тән.
Мәтін категорияларын функционалдық, семантикалық және стилистикалық
деп ажыратуға болады.
Мәтін лингвистикасында даулы мәселелер көп, сондықтан да мәтін
категориясы туралы мәселе де бірізді емес.
Ғалымдардың көпшілігі категорияларды мазмұндық және құрылымдық деп
бөлуге даусыз келіскен (В. В. Одинцов, И. Р.
Гальперин, З. Я. Тураева және т.б.). Алайда оларды бөлу принциптері, саны,
бірқатар категориялардың атауы бір мәнді емес.
В. В. Одинцов мәтін құрылымында екі категорияны-мазмұн мен форманы
бөледі. Ол мазмұн категориясына мазмұнның өзі, тақырыпты, шығарма идеясын,
форма категориясына-композицияны, тілді, бейнелеу амалын жатқызады, ал
сюжет мазмұн категориясы мен форма категориясын біріктіреді [ 10, 139].
И. Р. Гальперин мен З.Я. Тураева да мәтін категориясын мазмұн мен
құрылымға бөледі. Алайда И. Р. Гальперин жекелеген категориялар әрі мазмұн,
әрі құрылым категориясы (континуум, астарлы мәтінді ақпарат, т.б.)
болғандықтан, олардың арасына сонша қатал жіктеу қоймайды. Ол келесі мәтін
категорияларын белгілеп, сипаттаған: информативтілігі, мүшеленуі, когезия
(мәтін ішіндегі байланыс), мәтін үзінділерінің автосемантиясы, континуум
(кеңістік пен уақыт), ретроспекция мен проспекция, модальдылық, интеграция
және тұйықтауды [1, 13].
З. Я. Тураева құрылымдық категорияларға тіркесуді (сцепление),
интеграцияны, прогрессиястагнацияны; мазмұндық категорияға-автор бейнесін,
көркем кеңістік пен уақыт, информативтілік, себеп, мәтін астарын жатқызады
[11, 80].
Т. В. Матвеева барлық мәтін категорияларын үш топқа бөледі:
1) желілік – мәтінде көрінетін бір функционалдық-семантикалық мәндегі
тіл бірліктерінің тізбегі: тақырыптық тізбек, ой жүгірту тізбегі (мәтіннің
логикалық мүшеленуі), проспекция (ретроспекция);
2) өрістік – семантиканың, тілдік құрамалар-тақырыптың айқындылығы,
тональділік пен бағалау (субъективті модальділік), темпоральность (уақыт
өрісі), локальность (кеңістік өрісі), акцентность (тональділікті, уақытты
бағалаудағы қосымша белгілеу), субъективті ұйымдастыру (авторизация) сияқты
сөйлеу бірліктерінің жиынтығы;
3) көлемдік – өрістік және желілік категориялардың есебінен
модельдендірілетін құрылымдық сипаттағы категориялар: терминологиялық
тұрғыдан – коммуникативтік блок [12, 16–20 б.].
Мәтін категорияларын ажыратуда, топтастыруда ең оңтайлы, түсінуге
ыңғайлы – ол И. Р. Гальперин ұсынған жүйелендіру.
Сонымен, әртүрлі авторлар ұсынған мәтін категориялары сипаттамаларынан
біз оқу құралында мәтіннің:
- информтивтілігі мен модальділігін;
- ондағы уақыт және кеңістік континуумын;
- автор бейнесін;
- байланыстылығы мен тұтастығын;
- интеграция мен тұйықтауын талқылаймыз.
2.2 Мәтіннің байласымдылығы мен тұтастығы
2.2.1 Мәтіндегі байланыс құралдары
Мәтінді бөлшектеу мәтін құрайтын бөлімдердің шығарманың бірлігін,
тұтастығын сақтай отырып, қалай бірігетінін, сол сияқты айтылатын
уақиғалардың, фактілердің, іс-қимылдардың үзіліссіздігін, континуумын қалай
қамтамасыз етілетінін көрсетеді.
Мәтінді зерделеумен айналысатын зерттеушілердің бәрі мәтіндегі
байланыс құралдарын бөледі, алайда осы байланыс құралдарын әр түрлі
белгілер бойынша сипаттап, жіктейді. Әр түрлі формальды байланыс ретінде
когезия (лат. cohaesus, cohesion – байланысты, тіркесті) және мәтінді басқа
мәтіндерден тұтастық ретінде бөліп тұратын тұтастықтың мағыналық ұйымы
ретінде когеренттілікті (лат. coraerens, coherence – байланыста тұрған)
бөледі.
Л. М. Лосева формальды байланыс құралдарына сипаттама береді. Ол
күрделі фразалық тұтастықта байланыстың жанаспалы, аралық және тізбелі
түрлерін және грамматикалық байланыс құралдарын:
а) құрмалас сөйлемнің бөліктерін біріктіру, сол сияқты дербес
сөйлемдер үшін ортақ (жалғаулық, демеулік, қыстырма-модаль сөздер, етістік-
бастауыштың шақ түрі, есімдікпен және оны синониммен алмастыру және т.б.);
ә) дербес сөйлемдерді біріктіру үшін ғана қолданылатын фразааралық
байланыс құралдарының өзін (сөйлем шегінде өзінің семантикасын ашпайтын
сөздер мен сөз тіркестері, лексикалық қайталау, екі құрамды жай сөйлем
формасындағы кейбір айтылымдар, жекелеген сұраулы және лепті сөйлемдер,
атаулы көріністер);
б) бір-бірінен алшақ мәтіндік байланыстың қашықтық құралдарын (мысалы,
көсемшелік орам) бөледі [13, 9–15 б.].
И. Р. Гальперин, Т. В. Матвеева, О. И. Москальская,
Е. А. Реферовская құрылымдық та, мағыналық та байланыс құралдарын
сипаттайды [1,74; 12, 21–27 б.; 5, 42–51 б.].
И. Р. Гальперин мәтіндегі байланыс түрлері мен құралдарын сипаттай
келіп, когезия (яғни формальды байланыс құралдарына) терминіне басымдылық
береді.
Алайда И. Р. Гальперин когезия деп континуумды қамтамасыз ететін
ерекше байланыс түрлерін, яғни жекелеген хабарлардың, фактілердің, іс-
қимылдардың т.с.с. логикалық сабақтастығын (темпоралды жәненемесе
мезгілдік), өзара тәуелділігін, яғни мағыналық байланыс құралдарын да
түсіндіреді. И. Р. Гальперин күрделі фразалық тұтастықтағы грамматикалық
байланыстың бес типін – тізбекті, параллельді, сәулелі, біріктіруші,
жағдаяттық түрі туралы айтып, мәтіндегі байланыстың грамматикалық,
логикалық, ассоциациялық, бейнелік, композициялық-құрылымдық,
стилистикалық, ырғақ түзуші құралдарын бөледі.
Т. В. Матвеева мағыналық және құрылымдық байланыс құралдарын сипаттап,
түрлі стильді мәтіндерде тақырыптық тізбелер мен ой желісінің тізбелерін
бөледі.
О. И. Москальская монолог, диалог және аралас типті күрделі фразалық
тұтастықтың мазмұндық, коммуникативтік және құрылымдық тұтастығын
қамтамасыз ететін мағыналық, коммуникативтік және құрылымдық байланыс
құралдарын бөліп, сипаттайды.
Қорыта келгенде, күрделі фразалық тұтастықта да, қомақтылау мәтін
үзіндісінде де мағыналық (ассоциациялық пен бейнелік т.с.с.),
коммуникативтік және құрылымдық (соның ішінде грамматикалық және
логикалықпен қатар композициялық-құрылымдық, стилистикалық және ырғақ
түзуші) байланыс құралдары негізгі байланыс құралдары болып табылады.
Мәтіннің мағыналық тұтастығы
Мәтіннің мағыналық тұтастығы оның тақырыбының біртұтастығымен
анықталып, мәтіннің мағыналық ұясы, мәтіннің жинақталған мазмұны түсінігін
береді. Тұтас сөз туындысының тақырыбы жеке тақырыптардың арифметикалық
сомасы емес. Бұл көркем әдебиет жанрында барынша анық көрінеді.
Күрделі фразалық тұтастыққа кіретін тақырып ұсақ жеке тақырып болып
табылады. Ол құрамына – сөйлемдерге кіретін ұсақ тақырыптардың қосындысы
емес және одан әрі бөлшектенбейді.
Күрделі фразалық тұтастық монотақырыпты. Оны құрайтын сөйлемдерді бір
тақырыптың маңайына шоғырландыру – оның мағыналық тұтастығының көрінісі.
Айтылып өткендей, бір тақырыптан екіншісіне ауысу – бір күрделі фразалық
тұтастықтың аяқталып, екіншісінің басталғанын білдіретін шекаралық белгі.
Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас мәтін тақырыбының бір тұтастығы
тақырыппен байланысты тірек сөздердің жүйелі қайталаушылығымен көрінеді.
Жүйелі қайталаушылық оларды сөзбе-сөз қайталаудан, тақырыптық қолданылуында
жақын және синоним сөздерді қолдануда, сол сияқты есімдіктенуден (есімдік
тобына көшу) байқалады.
Көптеген ғалымдар топиктер (тақырыптар) мен топиктік тізбелер түзудің
тілдік құралдарын: сөздерді немесе сөз тіркестерін қайталау, түрлендіріп
қайталау, есімдіктік қайталау (зат есімнің орнына есімдік қолдану),
эллипсистік қайталау (сөз тіркесі компоненттерінің бірінің түсіп қалуы),
синонимдік іліп әкету (узуальды синонимдерді қолдану, композиттер мен оның
компоненттерінің бірін түрлендіру, қосу қатынасымен байланысты сөздерді
қолдану), тақырып немесе семантикалық ортақтасығымен байланысты сөздерді
қолдану, антонимдерді қолдануды көрсетеді, топик (тақырып) элементін
перифазалау ғылыми мәтіндерге көбірек тән.
Түрлі функциялық стильдегі тақырыптық тізбелердің айырықшылығын Т. В.
Матвеева жан-жақты қарастырған. Т. В. Матвееваның
пікірінше, мәтіннің тақырыбын бірінші тақырыптық тізбек (көбіне бейтарап,
жалпылама қолданылатын сөзбен белгіленетін заттың тура атауы) және
субституттер, синонимдер, есімдіктер жататын екінші (қосымша) тақырыптық
тізбек көрсетеді [12, 21–35 б.].
Тақырыптың біртұтастығы күрделі фразалық тұтастық шеңберінде сәйкес
сөздер референциясының барабарлығымен, яғни күрделі фразалық тұтастық
бойында сол сөз бен оны алмастырушыны (есімдікті, синонимді және т.б.)
шендестірумен қамтамасыз етіліп, күрделі фразалық тұтастық пен бірыңғай
тақырыпта жалпы не жалқы есімнің орнына синоним не есімдік қолданылса да,
әңгіменің бір зат туралы болып отырғанының түсінікті болуы.
Күрделі фразалық тұтастық тақырыбының біртұтастығымен және
референцияның барабарлығы жағдаяттық байланыстарға немесе бөлшек пен
тұтастықтың қатынасына негізделген импликация құбылысымен де байланысты.
Әлдебір зат, әлдебір жағдаят туралы айтылғанда айтушының немесе тыңдаушының
ойына солармен байланысты заттардың бар екені түседі.
Мәтінде негізінде тақырып айқындалатын тірек сөздің болмауы да мүмкін.
Тақырыптың мәтін мазмұны элементтерді жинақталған ұғымға әкелу жолымен
немесе жеке сипаттау негізінде құрылуы мүмкін.
Ассоциациялық когезияның негізінде коннотация, ретроспекция,
субъективті – бағалау модальділігі жатады. Ассоциациялық когезия әрдайым
сезіле бермейді. Алайда ол мазмұндық-контекстуалды ақпаратты ашу үшін
маңызды сипатталушы құбылыстардың арасындағы байланысты анықтайды.
Ассоциациялық когезия коннотациядан басқа негізде жүзеге асады. Есіне
түскені, соған ұқсас, ойына оралды, жадын жаңғыртты сияқты сөздер
ассоциациялық когезияның вербальды сигналдары болып табылады.
Көркем шығармада ассоциация аяқ астынан тумайды. Ол – логикалық
тіректері байланыспайтын, алыс түсініктер сипатталған құбылыстар арасындағы
түсінікті байланысқа айналатын көркем шығармашылық үдерістің нәтижесі.
Халық поэзиясында когезияның ассоциациялық формалары табиғат
құбылыстарын адамдардың қатынасына ұқсастандырумен құрылады.
Когезияның ассоциациялық формалары сол мәтіннің шегінен шығып,
түсінуді қиындатады. Мәселен, аллюзия – ең алдымен ассоциациялық когезияның
формасы.
Когезияның ассоциациялық формалары негізінен көркем әдебиетке тән,
публицистикалық мәтінде жиі кездеседі, алайда әдетте оған ғылыми және
іскерлік сипаттағы мәтіндердің композициясында орын табылмайды.
Ассоциациялық ұғымның енуі тілдің функциялық стильдерінің біртұтастығын
бұзып, ыдырауына соқтырады, себебі ассоциациялық когезия құбылыстардың
арасын әлдеқалай шығармашылықпен пайымдауды талап етеді.
Ассоциациялық когезиямен ұштасып, ақиқаттың сезім арқылы қабылданатын
объектілері туралы түсінік оятатын байланыс түрлерін И. Р. Гальперин
бейнелік когезия деп түсіндіреді. Сөзбен бейнелеу-синтетикалық бейненің
алғашқы элементі. Бейненің сезімдік көркі сөзбен жасалып, сөз арқылы
көрінеді. Бейнелік когезияның өте белгілі формаларының бірі – ұлғайған
метафора. Алайда бейнені тек метафора емес, көркем мәтіннің кез-келген сөзі
жасай алады. Көркем сөзде әрбір элемент бейнелі. Оның мәтінде
өзектендірілуі мүмкін. Өзектендіруге барлық тілдік деңгейлердің –
фонетикалық (аллитерация, ассонанс, ырғақ, метр т.б.), орфографиялық
(сөздің көпшілік қабылдаған графикалық бейнесін-графонды саналы түрде
бұзу), морфемалық (морфемалардың жаңа тіркестерімен, қайталануымен
берілген) деңгейлердің бірліктері қатысады. Алайда, өзектендірудің негізгі
көзі – лексикалық деңгей: тірек және тақырыптық сөздерді бірнеше рет
қайталау; сөздің жеке-көркемдік мәнін (контексуалды мәндісін) қолдану;
тропалардың негізінде жатқан атауларды көшіру (метафоралар, метонимиялар,
синекдохалар т.б.) [1, 80–81 б.].
Бейнелік когезияның ерекшелігі автордың заттар мен ақиқат құбылыстарын
емес, солардың бейнелерін ұқсастыруында.
Таза лингвистикалық тұрғыда бейнелілік әлдебір абстракты ұғымды нақты
заттардың, құбылыстардың, ақиқат үдерістерінің атауында және керісінше,
әлдебір нақты заттарды немесе ұғымдарды абстрактылы немесе басқа нақты
ұғымдардың атауында жаңғыртудың тілдік құралы. Осылайша хабарды қосарлы
қабылдауға қол жеткізіледі, онда контекстке қарай біреуі басым болғанмен
екіншісі шеттетіліп қалмайды.
Әдебиет кейіпкерінің бейнесін тілдік бейнемен барабар етуге болмайды.
Абстракциялау фактісі оларға ортақ. Алайда нақтыны абстракцияға, сол сияқты
абстракцияны нақтылыққа айналдыру тәсілдері, түрлері мен құралдары бір-
бірінен мүлде өзгеше.
Бейне – ақиқатты нақты, дара құбылыс түрінде көркем жинақтап қабылдау
формасы. Қабылдау қосарлығы – бейнені эксплицитті және имплицитті дамытуға
тән ерекшелік болып табылады. Абстрактылық пен нақтылық бейнеде қатар
жүреді.
Барлық бейнелер бір ортақ оймен байланысты. Көркем шығарманың барлық
элементтерінің өзара байланысы мен өзара шарттылығы оның бейнелік жүйесін
құрайды. Онда кейіпкерлер бейнесі басты орында. Автордың немесе кейіпкердің
эмоциялық-психологиялық жай-күйін жеткізу функциясына ие болғанда пейзаж
көркем бейнеге айналады. Пейзаж өнерде бір-біріне қарсы екі функцияға ие,
ол кейіпкердің табиғатпен үйлесімділігін немесе олардың антагонизмін
танытады.
Нақты фон функциясын зат бейнелері – жағдай, төңіректі заттар да
атқара алады. Кейіпкер бейнесіне бағынышты зат бейнесінің басты функциясы –
кейіпкерді нақтыландыру, дараландыру.
Адамдардың табиғатты қабылдауында әлдебір ортақтық бар, мысалы,
көлеңкелі тоғай суретін көргенде тыныштықты сезінгендей боламыз. Киген
кіиімі, ұстаған заттарына қарап, кісінің талғамын, мінезін білгендейміз.
Кейіпкерлердің, табиғаттың, заттың бейнесі контекст шеңберінде
шоғырланған сөздік бейнелердің негізінде біртіндеп жасақталады.
Дегенмен мәтіндегі бейнелік когезияның сипатын ақиқаттың бейнелік
суретінің формаларын тыңғылықты талдаудың көмегімен ғана көруге болады.
Мәтіннің коммуникативтік тұтастығы
О. И. Москальскаяның көзқарасынша, мәтіннің коммуникативтік тұтастығы
оның құрамдарының сабақтастығында айтылады. Бұл құбылыстың мәні күрделі
фразалық тұтастықта әр сөйлем коммуникативтік тұрғыда алдыңғы сөйлемге
сүйеніп, айтылымды белгіліден белгісізге алға қарай жылжытады, соның
салдарынан түпкілікті сипаты бар, күрделі фразалық тұтастық шекарасын
анықтайтын тақырып-ремалық тізбек түзіледі.
Күрделі фразалық тұтастық құрайтын тақырып-ремалық тізбектің кең
тараған моделі алдыңғы сөйлемнің ремасын адымдай тақырыптандыруға енетін
қарапайым желілік тақырыптық прогрессия деп атайды
(Т1 – Р1) → [Т2 (=Р1) – Р2] → [Т3 (=Р2) – Р 3]
Өзекті тақырып (сквозной темой) тақырып-ремалық тізбек моделі жоғарыда
айтылған модельге кері
(Т1 – Р1) → ( Т1 – Р2) → ( Т1 – Р 3)
Тақырып-ремалық тізбек ортақ тақырыптан шығатын туынды тақырып
(гипертақырып) аталатындардың негізінде тағы бірі туады
(Т1- Р1) ← Т → (Т2 – Р2)
↓(Т3 – Р3)
Мұндай тақырып – ремалық тізбектің сегменттері параллельді
байланыстан туындайды.
Әрине, коммуникативтік прогрессияның көрсетілген модельдерінің таза
күйінде ғана емес, бір-бірімен түрлі комбинацияларда да кездеседі.
Кейде күрделі фразалық тұтастық құраушылардың арасындағы тақырып-
ремалық тізбек күрделі иерархиялық құрылым құрайды. Тақырып пен реманы
ажыратқанда күрделі фразалық тұтастық мазмұнын кеңейтетін, алайда баяндауды
жалғастыру үшін міндетті бола қоймайтын әлдебір қалдықтың табылуы мүмкін.
Олар мәтінде басы артық дүние емес, оны байытып, сипаттау детальдарын
қосады, уақиғалар мен кейіпкерлерді сипаттайды, субъективті-модальдық мәнін
жеткізеді, бір сөзбен айтқанда баяндаудың толық болуын қамтамасыз етіп,
тыңдарманға (оқушыға) әсер етеді, мәтіннің стилистикалық байлығын
көрсетеді.
Егер күрделі фразалық тұтастықты объективті лингвистикалық құбылыс деп
есептесек, онда субъективті-авторлық ескертпеден ауытқып, онда тақырып пен
ремадан тұратын объективті негізді (объективный костяк) бөлуге болады,
мәтінде барлық субъективті сәттер (эмоциялық-экспрессивті) тыс қалып, мәтін
мазмұнының негізгі желісі ғана сақталады.
Мәтіндегі субъективті – экспрессивті сәттер ретінде айырықшаланып
жазылған сөйлемдер әңгіменің негізгі желісін (мысықтың әрекеті) бұзбай шет
қалады, бірақ сипатталған көріністі жақсырақ елестетуге көмектеседі.
Коммуникативтік мүшелеудің негізінде сөздердің субъективті және
объективті орын тәртібі жатады, өйткені ол идеяларды қандай адамның
жеткізуіне байланысты – сабырлы немесе тым эмоционалды.
Г. А. Золотова баяндаудағы сөйлемдерді біріктірудің параллельді және
сабақтасты тәсілдеріне назар аударады. Фразааралық байланыстарды
параллельді дамытуда алдыңғы сөйлемнің тақырыбы кейінгісінің тақырыбымен
есімдікпен алмастыру, синонимдік, тек-түрлік, посессивтік, партативтік
(бөлшек пен бүтін) қатынаста болады, сабақтасты тәсілде осы қатынастар
алдыңғы сөйлемнің ремасы мен соңғы сөйлемнің тақырыбы арасында байқалады
[2, 385 б.].
Мәтіннің суреттеу фрагменті не атаулы предикатты, не лексикалық
жағынан осалданған етістікті сөйлемдерден құрылады (гипертақырыпты және
гиперремалы тақырып – рема тізбегі). Бұл мәтін фрагменттерінде: 1) кеңістік-
мекен қатынастарын суреттеу; 2) заттардың сапасының сипаттамасы; 3)
іс-әрекет туралы хабарлар болады.
Мәтін аз көлемдегі ақпарат принципі бойынша құрылуы, яғни мейлінше
тұжырымды болуы мүмкін, сондай-ақ өзгеше баяндауға оқырманда мазмұнның
тереңдігі мен көп қырлылығы, мәтіннің стилистикалық байлығы мен мәнерлілігі
әсерін қалдыратындай көптеген егжей-тегжейлі ақпарларды қосумен құрылуы
мүмкін. Алайда тақырып-рема суреті бірінші мәтінде де, екіншісінде де ұқсас
болып шығады.
Тек тақырыбы немесе тек ремасы бар сөйлемдерден басқа күрделі фразалық
тұтастық құрамына кіретін барлық сөйлемдердің әрқайсысының өз тақырыбы мен
ремасы бар. Алайда сөйлемдердің бәрі бірдей, яғни күрделі фразалық тұтастық
сөйлемдерінің тақырыбы мен ремалардың бәрі бірдей оның тақырыбы мен
ремасына кірмейді, тек баяндаудың негізгі желісін жеткізуші сөйлемдердің
тақырыбы мен ремасы енеді.
Мәтінді құрайтын айтылымдары ремаларының сабақтастығын жасайтын
ремалық өзек-тің (Т. В. Шмелеваның термині) мәтінді коммуникативтік
ұйымдастыруда маңызы ерекше. Ремалар бойынша оқу әрбір мәдениетті адамға
аян, мәтіннің не жайлы екені алдын-ала оған белгілі болғандықтан, хабардың
маңыздысын алу үшін солай істейді. Мұндай оқудың құпиясы – жазбаша сөзде
ремалар көбінесе сөйлемдердің соңында орналасады.
Мәтіннің құрылымдық тұтастығы
Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас мәтіннің құрамына кіретін
сөйлемдер тек тақырыптың ортақтығымен және коммуникативтік прогрессия
қатынастарымен ғана емес, олардың бір бүтіннің бөлшектері екенін, өз
жиынтығында құрылымдық бірлік құрайтынын көрсететін әр алуан сыртқы
сигналдармен де байланысты.
Мәтіннің құрылымдық тұтастығы оның мағыналық (тақырыптық) және
тұтастығының сыртқы көрінісі. Сондықтан күрделі фразалық тұтастық ішіндегі,
тұтас мәтін ішіндегі тақырыптық, коммуникативтік және құрылымдық тұтастықты
сипаттағанда әр қырынан көрінетін сол бір құбылысты ұшыратамыз.
Оқшауланған сөйлемдерді қарастырғанда бұл құбылыстарға жеткілікті
түсініктеме табыла қоймайды, олардың функциясы тек күрделі фразалық
тұтастық пен тұтас мәтін шеңберінде ашылады, алайда олар күрделі фразалық
тұтастықты, сондай-ақ тұтас мәтінді құрайтын сөйлемдер арасындағы сол
жақты және оң жақты байланыстарды анықтауға белсене қатысып, мәтін түзуші
функциясын атқарады.
Сондай-ақ сөйлемдер арасындағы және сөйлем ішіндегі бөліктері
арасындағы анафоралық және катафоралық байланыстар байланыс құралдары болып
табылады.
Анафоралық байланыстар (бір айтылымның мағынасы алдындағысына сілтеме
болып келетін айтылымдар арасындағы қатынастар) күрделі фразалық тұтастық
пен мәтінде ортаңғы және соңғы позициядағы сөйлемдердің мағыналық және
құрылымдық дербессіздігін көрсетеді, яғни сол жақты байланыс қызметін
атқарады. Мысалы:
Сіз оқулық сұрадыңыз ба? Менде ол жоқ.
Катафоралық қатынас (анафоралыққа керісінше) оң жақты, келесі
байланыстың сигналы ретінде катафора мәтінде ортаңғы және алғашқы
позициядағы сөйлемдердің құрылымдық және мағыналық дербессіздігін
көрсетеді. Мысалы:
Анық бір нәрсе – менің кетуім керек
Сөйлемдер арасында И. Р. Гальперин, О. И. Москальская,
Л. М. Лосева және басқа ғалымдар бөлген а) дәстүрлі грамматикалық және ә)
логикалық байланыс құралдары құрылымдық байланыс сигналдары болып табылады.
Дәстүрлі-грамматикалық байланыс құралдарына: осыған байланысты,
сондықтан, алайда, сол себепті, сияқты жалғаулықтар мен жалғаулық сөздер,
барлық дейктикалық құралдар, көсемшелік және есімшелік орамдар, шақтарды
қолдану және басқалары жатады. Бұл құралдар өзара жекелеген сөйлемдерді
ғана емес, мәтіннің ірі үзінділері – күрделі фразалық тұтастық, абзацтарды,
тіпті тарауларды байланыстырып, бұл тұрғыда когезия құралдарының
мәртебесіне ие болады.
Логикалық байланыс құралдарына Р. Гальперин хабардың мезгілдік
(таяуда, бірнеше күн, апта, жыл, өткен соң, т.с.с.) және кеңістік (алыс
емес, қарсыда, артта, астында, үстінде, алыста, таяуда т.с.с.)
параметрлерін білдіретін сөздерді (көбіне үстеулерді) жатқызады.
Л. М. Лосева мезгілдік, кеңістіктік, сол сияқты заттық, акционалдық
және сапалық байланыс құралдарын атайды [13, 9–15 б.]
Логикалық когезияға санамалау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz