Қостілділіктің шетел тілін оқытуда мәні мен мазмұны


Дипломдық жұмыс
Ағылшын тілін екінші шетел тілінде оқытудағы коммуникативтік құзырет негізгі мақсат ретінде
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 7
- Ағылшын тілін екінші шетел тілі ретінде
оқытудың ғылыми-теориялық негізі . . . 11
- Қостілділіктің шетел тілін оқытуда мәні мен мазмұны . . . 11
- Ағылшын тілін екінші шетел тілінде оқытудағы
коммуникативтік құзырет негізгі мақсат ретінде . . . 25
- Ағылшын тілін екінші шетел тілі ретінде оқытудың мазмұны . . . 31
- Коммуникативті оқыту әдісінің екінші шетел тілі сабағында
қолдану ерекшеліктері . . . 36
2. 1 Ағылшын тілін екінші шетел тілі ретінде оқытудағы
психолингвистикалық талаптар . . . 36
2. 2 Оқушылардың сөйлесім дағдыларын дамытуға бағытталған
коммуникативті жатығулар . . . 38
2. 3Жаттығулар жүйесінің тиімділігін тәжірибелі-эксперимент
жүзінде тексерудің нәтижелері . . . 42
Қорытынды . . . 52
Пайдалынған әдебиеттер тізімі . . . 55
Қосымша . . . 57
Кіріспе
Келешек ұрпаққа жақсы тәрбие беру мақсатында елімізде соңғы жылдары білім саласына баса көңіл бөліне бастады. Білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Өйткені бәсекеге қабілетті білім ғана Қазақстанды 50 елдің қатарына қоса алады. Ол үшін бірінші кезекте білім жүйесін жақсартуымыз керек. Қазіргі кездегі Елбасының тәуелсіздік алған жылдардағы еңбегіне көз жіберсек, бүгінде Қазақстанымыз әлем таныған қуатты мемлекетке айналды. Мемлекет басшысы «Білім туралы» жаңа Заңға қол қойды. Соның арқасында біздегі білім саласының құрылымдары мен оның ішкі мазмұны ЮНЕСКО-97 атты халыкаралық білім стандартына сәйкестендірілді. Орта мектеп 12 жылдық білім беру жүйесіне жақындап келеді. Орта білім алудың 12 жылдық мерзімге кешірілуі мен Еуропалық стандарттарға сәйкес білім беру жүйесі білімді қажет етеді. Сөйтіп Қазақстандағы білім жүйесі әлемдік білім талаптарына сай қайта құрыла бастады. Мектептерде интерактивті сабақ дүниежүзі бойынша тек Жапонияда ғана жүзеге асқанын ескерсек, Қазақстан сияқты жас мемлекет үшін бұл үлкен жетістіктің басы екендігі даусыз. Қазіргі 1000 мектепте озық технологияларды пайдалана отырып интерактивті сабақ өткізу үрдісі дәстүрге айналуда [1] . Жаңа білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Бүгінгі мектеп оқушыларын оқытуға жаңаша міндеттер қойып отыр. Мұның өзі әр мұғалімнен оқу үдерісінің, ондағы мұғалім мен шәкірттің рөлін қайта қарауды, бұрыннан қалыптасқан әдістер мен технологияларды жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен ұтымды ұштастыруды қажет етеді.
Жаңа оқыту технологиясы бойынша материал сипаттамалы түрде емес, шырайы проблема негізінде берілуі тиіс. Көптеген ғалым-әдіскерлер «Әдіснама мәселесін шешеді» деп есептейді. Бұдан басқа кейбір белгілі әдіскерлер: «Оқытудың жаңа жүйесінде мұғалім назары дұрыс жауап алудан, оның қандай жолмен алынғандығын түсіндіруге көңіл бөледі», -дейді. Адам қарым-қатынастар, оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерін белгілейтін маңызды фактор болып табылады. Сондықтан жаңа технологияның негізі саналатын ізгілендіру мен демократияландыру, мектептегі оқу үрдісін жетілдірудің басты ұстанымдарын.
Жаңа заман мектеп талабы оқушылардың шетел тілін жетік меңгерту. Сабақ барысында әрі сабақтан тыс уақытта оқушылардың тікелей қарым-қатынасқа түсу. Түрлі тілдік материалды (таспаларға жазылған сөздерден лексикалық, грамматикалық тұрғыдан дұрыс ұғынуды, тақырып бойынша өткен материалдарды, суреттер мен бейне материалды мазмұнды түсіндіруге, мәтіндер түсініп, қайта жаңғыртып айтуды, сөйлеу қарым-қатынасында, сөйлеу этикасының негізгі формулаларын білу және дұрыс қолдана алу, сұрақтан, жауаптан немесе хабар және сұрақ-жауаптан немесе хабар және сұрақтан тұратын диалогтарды қолдана алуды, таныс қарым-қатынас тақырыбындағы жағдайларға диалог жүргізе білу) жете ұғыну. Ауызша және жазбаша формада берілген ақпараттарды дыбыстай білу, әңгіме құрастыру, өзіндік баға берілген пікірін білдіру, нақты жоспарға мәлімдеме жасау, берілген тақырыпқа баяндама жасау, шетел тілінде дыбыстаудың артикуляция базасын, грамматикалық білімін оқыту үрдісінде коммуникативті мақсатқа пайдалануға, оқытылатын тілдің өмірде қолданысын оқушылардың жалпы лингвистикалық дамуы мен эволюциясын түсіндіруге, оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін шындап, жаңашылдығын жандандыруды пайдалана білу, т. б. Осы талаптарды және оқытудың мақсаттарын негізге ала отырып әдістемедегі ең үздік, алдыңғы қатарлы бағыт деп біз коммуникативті бағытты айта аламыз.
Коммуникативті оқытуда білім беру - оқушының өзін ауызша (тыңдап түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу және жазбаша) тарту, яғни, оқылып жатқан тілде бүкіл оқу үрдісі барасында қажетті іскерліктер мен дағдыларын қалыптастырудеген сөз.
Бiздiң дипломдық жұмыс үшiн классикалық және лингвистика төңірегіндегі қазіргі зерттеушілердің еңбектері теориялық iргетас болып табылды: В. А. Аврорина (1975), И. Н. Балашкина (2003), З. У. Блягоза (2005), Е. М. Верещагина (1969), В. В. Воробьева (1997), Ю. Д. Дешериева (1966, 1976), Ю. А. Жлуктенко (1974), Н. Б. Мечковской (1983), В. Ю. Розенцвейга(1972), Л. В. Щерба (1974) ; социолингвистика: А. А. Бурыкина (2000), Р. А. Вафеева (1998), Л. Ф. Карелина (2004), М. Ф. Кондакова (2001), Л. П. Крысина (1976а, 19766, 1988, 1989), У. Лабова (1972), Е. Ю. Литвиненко (1998), А. П. Майорова (1998), Ю. Н. Сивакова (1999), И. В. Соколова (2004), А. Д. Швейцера (1976, 1978), психолингвистики: В. П. Белянина (2001), А. А. Бурыкина, Л. С. Выготский (1935), М. В. Завьялова (2001), А. А. Леонтьева (2003) . Қостілдің әртүрлі аспектілерін шетелдік лингвистер еңбектерінен көруге болады: П. Ауэр (1998), Р. Белл (1980), P. M. Бхат (1997), У. Вайнрайха (1972, 1979), У. Лабов (1966, 1972), Э. Хауген (1972) және т. б.
Коммуникативтік құзыретті дамыту мәселесіне көңіл аударған ғалымдар: И. Л. Бим, И. А. Зимней, Г. И. Ибрагимова, В. А. Кельней, А. М. Новикова, М. В. Пожарской, Р. П. Мильруда, С. Е. Шишова, А. В. Хуторскогожәне т. б. Шетелдік ғалымдар Д. Хаймз, А. Холлидей, ВанЭкжәнеД. Хаймз (D. Hymes, 1992) .
Ғылыми жұмыстың мақсаты коммуникативтік әдіс негізіндеағылшын тілін екінші шетел тілінде оқытудағы оқушылардың тілдесу әрекетін дамыту және оқу үдересінің тиімділігін арттыру.
Ғылыми жұмыстың объектісі- орта мектепте шетел тілін оқыту үдерісі.
Ғылыми жұмыстың пәні ағылшын тілі сабағындағы коммуникативті әдіс негізінде оқушылардың тілдесу іскерліктерін дамыту үдерісі.
Ғылыми жұмыстың гипотезасы: егер ағылшын тіліноқытуда коммуникативті әдістер тиімді қолданылса, онда ол оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттырады, өйткені аталмыш технологиясы оқушылардың тілдесу ікерліктері мен дағдылары дамыту негізі ретінде қарастырылады.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
- 1 Екінші шетел тілін оқытудың теориялық негізін ашу
- Екінші шетел тілін оқытуда коммуникативті әдісті қолданудың ерекшелігін қарастыру;
- Ағылшын тілі орта мектеп оқушыларының тілдесу іскерліктерін мен дағдыларын дамытуға бағытталған коммуникативті жаттығулар жүйесін әзірлеу;
- Әзірленген жаттығулар жүйесінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеу барысында келесі ғылыми әдістер қолданылды: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; білім берудің отандық және шетелдік жүйелерінің инновациялық тәжірибиесінің қорытындысы; оқулық құжаттамасын зерттеу және педагогикалық құбылыстар мен фактілерді салыстырмалы талдау; классификациялау, жинақтау және зерттеу жұмысының мазмұнына сәйкес басқа теориялық және эмпирикалық әдістер; озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, бақылау және талдау; психологилық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау, оқушылармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу, педагогикалық бақылау.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздеріне: білім алу мазмұнының теориясы, тілдік және шетел тіліндегі білім теориясы мен әдіснамасы, таным теориясы, тұлғаға бағдарлы теория, лингвистика, тұлға және іс-әрекет теориясы, ғылым мен тәжірибені кіріктіру теориясы, шеттілдік білім беру тұжырымдамасы, технологиялық білімді оқыту және т. б.
Зерттеу қайнар көздері: ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы, Қазақстан Республикасының тілдік саясатының Тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңы», « 2001-2010ж. ж. арналған Қазақстан Республикасындағы тілдер қызметінің мемлекеттік бағдарламасы», «2007-2010ж. ж. арналған мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мемлекеттік тілдің қызмет ету аумағын кеңейту Тұжырымдамасы» және т. б.
Зерттеу базасы: Алматық., № 68лингвистикалық гимназиясы, 7 сыныптарында өткізілді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы және теориялық маңыздылығы:
- қостілділіктің шетел тілін оқытуда мәні мен мазмұны анықталды;
- екінші шетел тілі ретінде оқытудағы психолингвистикалық талаптар;
- екінші шетел тілін оқыту үдерісінде оқушылардың тілдесу іскерліктерін мен дағдыларын дамыту жолдары анықталып ұсынылды;
- тәжірибе жүзінде әзірленген жаттығулардың тиімділігі тексерілді.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы екінші шетел тілі сабақтарында коммуникативті әдіс негізінде оқушылардың тілдесу іскерліктеріндамытуға бағытталған жаттығулар кешені әзірленді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды және пайдалынған әдебиеттер тізімінен құралады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделеді, оның ғылыми аппараты құрылады: мақсаты және алға қойылған тапсырмалары, зерттеу жұмысының пәні, нысаны, гипотезасы, басты идеясы анықталады, зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы мен ғылыми жаңашылдығы сипатталады, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар анықталды, зерттеу жұмысының әдістері мен кезеңдері сипатталады.
Зерттеу жұмысының бірінші тарауында қостілділіктің шетел тілін оқытуда мәні мен мазмұны, ағылшын тілін екінші шетел тілінде оқытудағы коммуникативтік құзырет негізгі мақсат ретінде қарастырудың шарттары, екінші шетел тілін оқытудың ерекшеліктеріне шолу жасалады.
Зерттеу жұмысымыздың екінші тарауында, ағылшын тілін екінші шетел тілі ретінде талаптар, коммуникативті жаттығулар түрлеріне тоқталуды, оқушылардың тілдесу іскерліктерін дамытуда аталмышжаттығуларды қолдану амалдарын қарастыруды, әзірленген коммуникативті жаттығулардың тиімділігін тексерудегі эксперименттік жұмысты сипаттауды мақсат еттік.
Қорытынды бөлімінде білім берудің жаңа педагогикалық үлгілерін пайдалана білім берудегі мұғалімнің рөлі, орта мектеп оқушыларының тілдесу іскерліктері мен дағдыларын дамытуда екінші шетел тілі сабағында дамыту маңыздылығы туралы сөз етілген.
1 Ағылшын тілін екінші шетел тілі ретінде оқытудың ғылыми-теориялық негізі
- Қостілділіктің шетел тілін оқытуда мәні мен мазмұны
Бүгінде әрбір жастың ақ арманы - терең білім алу, жалғыз мақсаты - мемлекетімізді гүлдендіру, тәтті тілегі - көп тіл білу. Бір сөзбен айтқанда әлемді біліммен бағындыру. Шетел тілін еркін білу - өркениетке жол бастаған еліміздің жарқын болашақты жастарының біліміне білім қосатын игі бастама. Қазіргі таңда әрбір жас өз болашағын біліммен болжайтын, арманына ақылымен жететін барлық бақыт, байлық, қазынаны ілімнен іздеген көзінде оты, жүрегінде жігері бар жан. Олар үшін ең бастысы алдыңғы қатарлы 50 алып елдердің тіршілігі, салты, тілі қызықтырады.
Шетел тілі пәні қазіргі кездегі қоғамымыздың әлеуметтік экономикалық ғылыми техникалық және жалпы мәдени үрдістің іс-жүзінде факторына айналуда. Қостілділіктің шетел тілінің пәнін оқытуда атқарар қызметі оқушыларды өздері үйретіп жүрген тілде сөйлетіп халықпен түсіністік ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбиелеп білім беріп әрі жеке басын өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамыту болып табылады. Қазіргі мектептің алдында қойып отырған мақсат жан-жақты дамыған, мәдениеті жоғары рухани бай жаңа адамды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетудің бір амалы қостілділікті дамыту.
Қостілділік - заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады. Қостілділік адамдардарың өзара түсінісуіне жол ашады. Ұғынысу тікелей жолмен емес, сырттай болуы да мүмкін, бәрібір адамның белгілі бір хабарды ұғып, соған қатысты іс-әрекет жасауына мүмкіндік туады. Алайда, қостілділік адамдардың бір-бірімен ұғынысуында, ойын еркін, толық жеткізуінде ерекше қызмет атқарады. Қостілділік қоғамда да, өмірде де өзіндік орын алады. Қостілділік - тек адамзатқа ғана тән әрекет; тек адамдар ғана тіл арқылы сөйлей алады, ұғыныса алады. Көптілділік адамзаттың ойлау, пайымдау үдерісімен бірге жүзеге аса отырып, тілдік қатынастың негізі, басты құралы болып табылады. Осы қарым-қатынас құралы болып табылатын көптілділікті ғалымдар әрқилы ерекшеліктеріне қарай жан-жақты зерттеп келеді. Қостілділік әлемдегі өркениет пен білім жүйесіне сәйкес тыңдаушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын, ой-пікірін дұрыс, сауатты жеткізуге ықпал ететін, адам мен адамның қай тілде болса да түсінісуіне мүмкіндік беретін сала ретінде оқу жүйесіне енгізілді. Бұл сала қоғамдық әлеуметтік өмірді және ғылым мен білімді ұштастыра келіп, болашақ маманның дүниетанымын жетілдіріп, өзінше ой пікір түйіндеуге үйретеді.
Қостілділік, мультилингвизм, полилингвизм - нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден екі, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның (индивидуумның) көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділікгі болып бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Ұлттық құрамы бірыңғай, бір ғана этнос мекендейтін мемлекетте көптілділік сирек Онда жеке адамның ғана көптілділігі ұшырасады (Жапонияда, Кореяда, Германияда, Исландияда) . Қостілділік пен көптілділік - АҚШ, Ресей Федерациясы, Үндістан, Нигерия сияқты жүздеген ұлт пен ұлыс мекендейтін мемлекеттерге тән құбылыс. Көптілділік: жаппай көптілділік, ішінара көптілділік болып бөлінеді[2] . Жаулап алу, халықтардың қоныс аударуы, көрші елдермен тығыз қарым-қатынас секілді тарихи себептерден кейбір халық өкілдерінің жаппай көптілділігі қалыптасқан. Сондықтан да көптілділік көп ұлтты географиялық кеңістікте кең тараған. Мәселен, жаппай көптілділік Кавказдағы армян, аджар, осетин, күрд, грек, т. б. халықтар арасында, сондай-ақ, Дағыстан халықтары арасында жиі кездеседі. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан жағдай да осыған ұқсас.
Қазақстанда - көпэтносты ел және қостілділік - саяси, экономикалық, мәдениатаралық қана емес, әлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық тұрғыдан қарастыратын өзекті мәселе. Қазақстанда пайда болған үштілділік құбылысы қазақ арасында ғана тараса, бұл біржақты үштілділік болады, сондықтан оның орыс, Қазақстанда жұмыс жасайтын ағылшын тілділер, өзге күллі ұлыс өкілдері арасында тарауы шарт, көптілді елге керегі - қостілділік, бұл - жергілікті тілдерді, орыс тілі сияқты халықаралық тілдің, ғаламдандыру тілі - ағылшын тілінің жұтып жіберуінен сақталуының бір кепілі-деген Б. Хасанұлының пікірімен біз тағы келісеміз.
«Қазақстан халқы дүние жүзінде үш тілді бірдей пайдаланатын ел ретінде көрінуі тиіс. Бұлар - қазақ тілі, яғни мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынастар тілі және ағылшын тілі - әлемдік экономиканың сәтті қолданысындағы тілі» делінген Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында [3] .
Қазіргі әлем - жаңалықтар мен өзгеше технологиялар, өзгерістер заманы. Заманның ендігі тетігі бүгінгі күнмен тірлік ететін адамды емес, болашақты кеңінен ой елегінен өткізетін тұлғаны, келешекті кемел ойлай білетін, дүние өзгерістерінің себеп-салдарын жекелік талғаммен емес, жалпы адамзаттық өлшеммен қабылдайтын жандарды қажет етеді.
Нарықтық экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу.
Қостілділіктің негізгі басымдығы ана тіліне беріледі, өйткені, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгеру азаматтардың бірігуіне ықпал етеді, орыс тілі ғылыми-техникалық ақпарат көзі болып табылса, шетел тілі адамдардың өзін-өзі әлемдік қоғамдастыққа сәйкестендіру қабілеттерін дамыту үшін қажет.
Қостілділік оқыту - жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани-адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу-әдістемелік т. б. салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет. Осы бағытта балабақшалар, мектептер, ЖОО-дары өз үлесін қосуда. Нарықтық экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай білім беру жүйесінде қойылатын басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу.
Бүгінгі Қазақстанға технологиялық ғылыми, медициналық және басқа да салаларда жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшің халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар даярлау қажеттілігі туындап отыр. Замана ағымына лайықты қазіргі алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы жастарға білім мен тәрбие беретін- мектеп. Болашақ Қазақстанның азаматтары ескінің көзіндей жаңаның ізіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін сыйлайтын, басқаға өзін таныта, сыйлата алатын рухани дүниесі бай, білімді, білікті болуы шарт. Қазіргі заманда оқыған зиялы азаматтардың бірнеше тілде сөйлеуі Қазақстанның болашағынан елес беріп тұрғандай. Сол жас өскіннің өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап- тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру- бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсаттың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер әрбір оқушының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы қажет.
Отандықжәне шетел әдебиетіндегі қостілділік және мамандары назарында екені байқалады. Залевская А. Амен МедведевИ. Л. атап өткендей, қос тілділік мәселелеріне қатысты ерекше серпініс(қоршаған табиғи ортада және оқытуорнында) қиын көзге түсерлік көптеген мақалалардың және монографиялардың жариялануына әкеліп соқтырды[4] .
Қостілділікбіздің заманымыздыңең танымалжәне біріболып табылады. «Билингвизм» терминінің айқынекендігіне қарамастан, бізкейбірсәйкессіздік таптық. Кейбір ғалымдардың зерттеулеріне қарап, біз бір мағына беретін екі терминдердің бар екеніне назар аудардық: билингвизм және қос тілділік. Әдетте екі термин синоним ретінде қолданылды. Сонымен қатар «қос тілдік қарым-қатынас», «қос тілді сөздік», «қос тілдік жағдаяттар» жайлы сөз қозғалып жатыр, алайда соңғы уақыттарда оқушылар ұйымының оқытылуына қатысты, сабақ беру барысында бір тілден басқа тілдерді қолдану барысында, «қостілді немесе билингвальді оқыту» терминін енгізіп жатыр. Сонымен қатар шетел тілін қолдану оның тұрақты тақырыптық оқыту барысындағы кезеңдік қолданудан оның мерзымді үздіксіз қолданылуына дейін білім беру жүйесіндегі басты міндет болып табылады. Ал екі тілді меңгерген адам билингвал, кейде билингвист деп те аталады. Алайда, кейіңгі уақытта қос тілді индивидуум деген термин пайда болды. Әлдеқайдағы қиындық терминнің мазмұнымен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz