Ұлттық құндылықтар
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
СӨЖ
Пәні:Философия
Тақырыбы: Құндылықтар философиясы
Дайындаған:
Тексерген: Ешниязова А.Ч.
2020жыл
Жоспар
I.Кіріспе
1.1 Құндылықтар философиясы түсінігі
II.Негізгі бөлім
2.1 Құндылықтар адамды неге үйретеді?
2.2 Ұлттық құндылықтар
III.Қорытынды
IY.Пайдаланылған әдебиеттер
I.Кіріспе
Құндылық - бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. Ол қашанда әлдекімнің (немесе әлдененің) бағалылығын, яғни объективті болмысты және сонымен бір мезетте оның әлдекім (немесе әлдене) үшін құндылығын, яғни субъективті бағалауды білдіреді. Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.Дүние құндылыққа толы - материалды (заттар, әшекей бұйымдар, алтын мен асыл тастар, ақша, меншік және т.б.), табиғи (күннің атуы мен батуы, теңіздер мен таулар, гүлдер және т.б.), көркем (әдебиет пен өнер туындылары) және адами (сұлулығы мен ізгі қасиеттері) құндылықтар. Бір нәрсені екіншісінен артық көру жалпы тірі табиғатқа тән. Аң екеш аңның өзі төлін қызғыштай қорғайды. Дегенмен, құндылықтың антропогенді, яғни адамға тән екендігін баса айту қажет, өйткені барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени туындыларды, идеялар мен амал-әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды, сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті. Құндылықтар адамның әлеуметтік болмысына тартылған, адам құндылықтарға мүдделі әрі мұқтаж болып табылады. Кәсіби философияда құндылықтар туралы ілім аксиология деп аталады және өзінің бастауын жүзеге асқан құндылық - пайдалылықты игілік деп қарастырған ежелгі гректерден алады. Батыстық философияның тарихында бірқатар аксиологиялық теориялар белгілі: натуралистік психологизм (Мейнонг, Перри, Дьюи), трансцендентализм (Виндельбандт, Риккерт), персоналды онтологизм (Шелер, Гартман), мәдени-тарихи релятивизм (Ницше, Дильтей), социологизм (Вебер, Парсонс, Толкотт). Жалпы құндылық термині еуропалық рационалдық философия мен христиандық моральдың іргелі ұғымдарын теріске шығарған XIX ғасырдағы неміс ойшылы Фридрих Ницшенің балғамен шеге қаққандай етіп жазған атақты Билікке деген ерік атты трактатында құндылықтарды қайта бағалау қажеттігін афористік тұрғыда негіздегенінен кейін кең қолданысқа түсті. Сөйтіп батыс еуропалық философияның негізгі тақырыбының біріне айналып, танымның барлық салаларында пайдаланыла бастады.
II.Негізгі бөлім
2.1 Құндылықтар адамды неге үйретеді?
Адам құзырындағы заттар, қоғамдық қатынастар жəне олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған және бағалы заттар сипатында іс-əрекетке қосылады. Яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық, шындық пен жалған, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен əділетсіздік жəне т.б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды бағалауға негіз болған тəсілдер мен өлшемдер субъективті баға түрінде қоғамдық сана мен мəдениетте бекиді де, адам əрекетін бағыттаушы құралдарға айналады. Алайда құндыны қарапайым бағалыдан, қажеттіден, тиімдіден, пайдалыдан ажырата да білу керек. Барлық тірі және шынайы сүйікті нәрселер құрал бола алмайды. Әдетте материалдық игілік пен тұтынушылық нарықты, еңбек өнімі мен тауар айырбасының нәрсесін білдіретін қарапайым құндылықтар экономикалық құндылықтар болып табылады. Айырбасқа көнбейтін, орны толмайтын жоғары құндылықтар да болады, әдетте оларды баға жетпес деп жатады. Бұл тұрғыдан алғанда олар қасиеттілік ұғымына жақындайды. Діндар адамдар үшін барынша қастер тұтып, қадірленетін құндылықтар бұл - діни құндылықтар. Құндылықтар әлемі шексіз десе де болады, тіпті жаратылыстың өзі біз үшін танымдық, философиялық және эстетикалық тұрғыдан құнды болып саналады. Діни құндылықтар Құдайға сенуге негізделеді және әрбір дін адамның Жаратушымен рухани-практикалық байланысын анықтап қана қоймай, оның жалпы қоғамдағы және тұтас әлемдегі орнын реттейді. Жоғары діни құндылықтар адамдардың өмірінің мәні мен қамын айқындайды. Құндылықтық фактор Құдай идеясының өзінде болады, өйткені құндылықтық басымдылықтардың мазмұны мен мәртебесі Жаратушының өзінен туындайды. Көптеген діни жүйелерде этикалық, яғни моральдық-адамгершілік қасиеттердің эталоны Құдайдың аты мен затынан, сипаттарынан алынады, содан әрбір діни ағым құндылықтық императивтерді, парыздар мен тыйымдарды қалыптастырады. Бір Құдайға табынушылықтың тәухид концепциясы мейлінше жетілген соңғы дін ислам діні болып табылады. Оның негізгі қайнар көздері - қасиетті кітап Құран және пайғамбардың өсиеттері Сүннет. Осы қайнарлардан шыға отырып, мұсылманның тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл отбасылық және қоғамдық өмірқамын Шариғат айқындайды. Шариғаттағы ақида иман негіздерімен айналысса, фыкх мұсылмандардың жүріс-тұрыс ережелері мен қалыптарын қамтиды. Əрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым өзіне тəн құндылықтар жиынтығымен ажыратылады. Бұл тұрғыдан алғанда Батыстың Шығыстан, қаланың даладан, көшпенді қоғамның отырықшы қоғамнан, сондай-ақ әрбір ұлттың өзіндік менталитетіне сай айырмашылықтары болады. Сол сияқты адамзаттың дәстүрлі кезеңінде бағаланған нәрселер мен қазіргі заман құндылықтарының арасында да айырмашылықтар бар. Қазіргі құндылықтар белгілі бір әлеуметтік-мәдени қауымның немесе халықаралық қауымдастықтың қандай да бір құндылықтарды насихаттауы барысында қалыптасады. Бүгінгі қоғамдағы жақсы, дұрыс немесе қалаулы деп есептелетін құндылықтар жүйесін жалпы адамзаттық деп атау қабылданған, алайда оның кейбірінің батыстық түбірге ие екендігін ескеру қажет. Құндылықтар жүйесінің бұл көрінісі қалыпқа немесе нормаға айналып кеткен. Ол қалыптарды әлеуметтік құндылықтарға жатқызуға болады, бірақ норма мен құндылық түсініктерінің айырмасы бар. Құндылықтар - бұл абстрактылы жалпы ұғымдар болса, ал қалыптар - адамдардың әр алуан ахуалдарда ұстанатын ережелір мен ұстындары. Қазіргі қоғамда қалыптасқан құндылықтардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: денсаулық, отбасы мен туыс жақындар, үй мен материалдық игілік, жұмыспен қамтылу және қанағаттану, қоғамдағы әлеуметтік мәртебе мен жағдай, дін мен рухани құндылықтар, білім алу, шығармашылық, демалыс, еркіндік (таңдау мен сөз еркіндігі т.б.), тұрақтылық және басқалары. Қазіргі заман мен қоғамда адамды ең жоғары құндылық ретінде тану, соған сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, балаларды қорғау, білім мен тəрбиедегі демократиялық принциптерді берік ұстану алдыңғы орынға шығып отыр. Сонымен қатар әр алуан ұлттар, діндер мен мәдениеттер өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі үшін өзара түсіністік, сұхбат пен толеранттылық халықаралық ұйымдар тарапынан насихатталуда. Әрине, мұнан басқа да құндылықтар бар. Құндылықтарға қатысты әр адамның әр алуан басымдылықтары болады.
2.2 Ұлттық құндылықтар
Әлеуметтік-тарихи тәжірибе әрбір жаңа ұрпақ өз халқының өткен тәжірибесін қайта ойлап, ұлттық дамудың мақсаттары мен міндеттерін айқындауымен қатар, оның перспективаларын тұжырымдап, нақты уақытта ұлтқа тән саяси, идеологиялық, экономикалық, мәдени бағдарларды, қазіргі заманғы әлемге сәйкес ұлттық сана-сезімді қалыптастыратынын көрсетеді. Бұл процесс ұлт тарихының аса күрделі, сыну кезеңдерінде қарқынды жүреді. Ұлттық сана-сезім ұлт пен адам ретінде, осы қауымдастықтың мүшесі ретінде сипатталатын маңызды фактор болып табылады. Жеке тұлға өзін ұлттың ажырамас бөлшегі ретінде сезіне отырып, өз халқының тарихын, ұлттық құндылықтарды (жазу, ұлттық тіл, рухани мәдениет пен тағы басқа жетістіктері), ұлттық менталитет, халықтың әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесін бағалап, оның дамуына ықпал етеді. Ұлттық сана-сезімнің дамуы индивидтің өз ырымдарын, дәстүрлерін, яғни этникалық тамырын білуімен байланысқан, сонымен бірге осы үдерісте адамгершілік жалпыадамзаттық құндылықтарды тану маңызды. Яғни, ұлттық сана-сезімді дамытудағы маңызды тарап ондағы этностық, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың арақатынасы болып табылады. Жеке тұлғаның ұлттық сана-сезіміне өзінің ұлттық қатыстылығы туралы субъектіні таныстыру, өзінің этникалығын позитивті қабылдау, ұлттың тарихи өткеніне, оның бүгіні мен болашағына деген көзқарас, ана тілін меңгерудегі белсенділік, халық мәдениетін зерделеудегі белсенділік, ұлттық мүдделер мен құндылық бағдарларын ұғыну және қабылдау, басқа да этникалық қауымдастықтарға қарым-қатынасты қалыптастыру, оның аумақтық тұтастығын сақтауға дайындық, оның байлығын арттыруға ұмтылу кіреді.
Ұлттық құндылықтар - олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz