Оқыту процесінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Юсуп Б.
Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарымен жұмыс жүргізуге оқушыларды даярлау әдістері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011100 - Информатика мамандығы
(күндізгі бөлім, 4 жылдық, 4 курс)
Алматы 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Информатика және қолданбалы математика кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
«» 2019 ж.
кафедра меңгерушісі
тех. ғ. к., профессор
Г. И. Салғараева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарымен жұмыс жүргізуге оқушыларды даярлау әдістері»
5В011100 - Информатика мамандығы бойынша
(күндізгі бөлім, 4 жылдық, 4 курс)
Орындаған Б. Юсуп
Ғылыми жетекшісі,
ф. -м. ғ. к., профессор С. Ә. Исаев
Алматы 2019
МАЗМҰНЫКІРІСПЕ3
1. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ5
1. 1 Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізудің теориялық негіздері5
1. 2 Қазақстан мектептерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізудің даму тарихы7
1. 3 Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізудің тұжырымдамалық негіздері12
1. 4 Оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану15
1. 5 Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізудің дидактикалық негіздері20
2 АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУГЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ25
2. 1 Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарымен жұмыс жүргізуге оқушыларды даярлау25
2. 2 Мектеп оқушыларының дайындық сапасын арттыру үшін инновациялық технологияларды пайдаланудың моделі29
2. 3 Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы мектеп оқушыларының дайындық сапасын арттырудың педагогикалық шарттары35
2. 4 Физика курсының жарық толқындары бөліміне арналған компьютерлік бағдарламаға шолу47
ҚОРЫТЫНДЫ72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ73
КІРІСПЕАқпараттық қоғам жағдайында білім беруді ақпараттандыру негізгі мәселелердің біріне айналып отыр. Олай болса, ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін оқу үрдісіне қолданудың негізгі бағыттарын анықтау қажет. Міне, осы аталған мәселелер келесі нормативтік-құқықтық жасақтамаларды шешу бағытында іске асырылады: ҚР-ның “Білім туралы” заңында, “2005-2010 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы” стратегиялық құжатында, ал білім беруді ақпараттандыру - мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асырудың маңызды механизмі ретінде бекітілген. Жоғарыда көрсетілген мәселелер « Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарымен жұмыс жүргізуге оқушыларды даярлау әдістері» атты дипломдық жұмысымыздың тақырыбын ретінде таңдауға мүмкіндік берді.
Мақсаты : ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін оқу үрдісіне қолданудың ғылыми-теориялық негіздемесін және әдістемелік бағыттарын анықтау.
Міндеттері :
- ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін оқу үрдісіне қолданудың ғылыми-теориялық негіздемесін жасақтау;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін оқу үрдісіне қолданудың тұжырымдамасын жасақтау;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолданудың әдістемелік негіздерін жасақтау;
- физика курсына ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану.
Компьютерді физика сабағында пайдалану -орта мектептегі физиканы оқыту жүйесін өзгертеді. Компьютерлік оқытудың мүмкіндіктерін жеткілікті мөлшерде бағалау үшін, компьютерлендіру жағдайларындағы физиканы оқыту әдістерімен ұйымдастыру формасын алу қажет.
Физика сабағында компьютерлік оқытудың ерекшеліктерін анықтау үшін, біріншіден, физиканы оқыту әдістерінің жалпы теориялық ерекшеліктерінен, екіншіден, оқыту кұралы ретінде компьютер құрылымы мен ерекшекліктерін негіздеу қажет. Орта мектепте компьютерді физика сабағында қолдану-оқушылардың информациялық мәдениетін қалыптастыруға, оқытылатын құбылыстар мен процестердің мәнін терең оқып игеруге, компьютер негізінде одан әрі қарай өнімді әдістерімен, іс-әрекет құралдарын қолдануға, психологиялық даярлау және көңіл аударуға мүмкіндік туғызады.
Физика сабағында оқу процесін ұйымдастыру формасы мен әдістемелік сапасының өзгеруі оқытылатын құбылыстардың комплексті орнықтырылатын жүйелік тәсілінің негізінде пайда болады, сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарай оқушылардың үйренуі (лабораторияны жаңа аспаптармен және компьютер базасында есептеу құралдарымен жабдықтау, жаңа әдістемелік материалдар жасау) және т. б. қажеттігі туады.
Дәстүрлі жалпы физика курсын информациялық техника элементтерімен байланыстыруға бағыттаса, өзіндік жұмыстар дағдысымен ұштастыру, информацияларды оперативті автоматты өңдеу, оқу бағдарламасының мазмұнын өзгертудегі икемділігі оқыту әдістері мен материалды ұсыну өнімділігін арттырады.
Көптеген жағдайда физика сабағында электрондық техника алдымен мүғалімнің, сонан соң оқушылардың қолданылатын техникалық құралына айналады. Электрондық техникалардың мұндай кұрал ретінде қолданылуы, оның мектепте физика курсында пайдалануға тән ерекшелігі болып табылады.
Егер мектептегі физика курсында компьютерді пайдаланып сабақ өткізудің әдістемелік ерекшеліктері бар болса, информатика мен пән аралық байланыс жүзеге асырылса, онда жасалған әдістеме жоғары сынып оқушыларына физика сабағында компьютер қолданғанда таным белсенділігін, оқу қызметін арттыруға мүмкіндік туғызады және оқу процесінің мотивіне әсер етеді.
1. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1. 1 Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізудің теориялық негіздеріАқпарттық қоғам - бұл саяси, әлеуметтік-экономикалық, қоғамның әрбір мүшесінің кез келген ақпарат көзіне еркін ену қабілетін қамтамасыз ететін ғылыми факторлардың өзара байланысқан жиынтығы.
Ақпараттық қоғамның негiзгi талабы - оқушыларға ақпараттық бiлiм негiздерiн беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабiлеттерiн дамыту, ақпараттық технологияны өзiндiк даму мен оны iске асыру құралы ретiнде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейiмдеу.
Олай болса, ақпараттық бiрлiктердiң бiлiмге айналуы әлемнiң жүйелiк-ақпараттық бейнесiн оқушылардың шығармашылық қабiлеттерi мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтiн, адамның дүниетанымының құрамдас бөлiгi болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бiрлiктi қалыптастыру: мектептiң материалдық-техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен мiндеттерiне; оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру жүйесiне; оқушылардың жас ерекшелiктерi мен меңгеру қабiлеттерiне; педагог мамандардың информатикадан бiлiм деңгейлерiнiң сапасы мен шеберлiктерiне, оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелдi.
Аталған байланыстарды ескере отырып, оқушыларға бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру жағдайында бiлiм мазмұнын талдап беру - бүгiнгi күннiң көкейтестi мәселелерiнiң бiрiне айналып отыр. Бұл мәселенi шешу үшiн бiз оқушы мен мұғалiмнiң және компьютердiң арасындағы өзара қарым-қатынасты анықтап алуымыз керек. Ол оқу үрдісiн: “оқушы ↔︎ мұғалiм, оқушы ↔︎ компьютер, мұғалiм ← компьютер → оқушы”; “оқушы + мұғалiм ↔︎ компьютер”; “оқушы ↔︎ оқушы” кескiні бойынша ұйымдастыруды талап етедi. Аталған кескiндер мектеп пәндерін оқытуда оқушының өзiндiк танымдық iс-әрекетiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Информатика пәнiн оқытуда бұл қарым-қатынастың ақпараттық технологияны, модульдеп оқыту технологиясын және деңгейлеп саралап оқыту технологияларын пайдалану барысында жүзеге асырылатыны практика жүзiнде дәлелденiп отыр. Кейiнгi тарауларда бұл мәселе жан-жақты қарастырылады.
Информатиканы оқытудың сапасын арттыру үшiн педагогикалық технологиялардың iшiндегi тиiмдiлерiн таңдап, анықтай бiлу - әрбiр информатика мұғалiмiнiң негiзгi мiндетiне айналуы тиіс. Мұндай жауапты мiндеттi кез келген информатика мұғалiмi орындай алуы үшiн осы сала бойынша олардың бiлiктiлiктерiн көтеруiмiз қажет. Осыдан келіп, әрбiр технологияны информатиканы оқытуда пайдаланып, оның тиiмдiлiгiн анықтайтын тәжiрибелiк жұмыстар жүргiзу қажеттiлiгi туындайды. Аталған қажеттiлiктi шешу үшiн педагогикалық технологияның барлық түрлерiне сипаттама берiп, оны информатика пәнiн оқытудағы мәнiмен байланыстыратындай әдiстемелiк құралдар құрастырылғаны жөн.
Информатикадан бiлiм мазмұнын таңдауда, бiлiм мен бiлiктiлiкке қойылатын талаптарды анықтауда информатика ғылымы саласындағы белгiлi ғалымдар С. А. Бешенковтың, Б. С. Гершунскийдiң, А. П. Ершовтың, В. А. Кайминнiң, А. А. Кузнецовтың Ж. А. Қараевтың, Е. Бидайбековтың, Е. К. Балапановтың, Б. Бөрібаевтың, Н. Ермековтердің т. б. теориялық еңбектерiне сүйенемiз.
Сондай-ақ, жалпы бiлiм мазмұнының қалыптасуы жөнiндегi теориялық мәселелердi түрлi тұрғыдан қарастырған В. В. Краевский, М. Н. Скаткин, В. С. Леднев, И. Я. Лернер еңбектерi және Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, Л. Г. Занков, Ю. К. Бабанскийлердiң теориялық еңбектерi басшылыққа алынады.
Аталған ғалымдармен қатар теориялық зерттеулерiмiзде Л. В. Занковтың дамыта оқыту тұжырымдамасын, П. Я. Гальпериннiң ақыл-ой қалыптастыру теориясын, Л. Я. Зорина, И. К. Журавлевтiң оқу пәнi теориясын, М. Д. Зуевтiң, В. П. Беспальконың оқулық жасау теорияларын да басшылыққа алу көзделiп отыр.
Білім беруді ақпараттандырудың психологиялық-педагогикалық негіздерін Ж. А. Қараев, Г. Нұрғалиева, С. Кеңесбаев, Е. Балафанов, А. Тәжіғұлова, Е. Бидайбеков, К. Әбдиев және т. б. қазақстандық педагог ғалымдар жан-жақты зерттеген. Ж. А. Қараев білім беруді компьютерлендіру жағдайында компьютерді оқыту және дидактикалық құрал ретінде қарастырса, ал С. Кеңесбаев білім беруді ақпараттандыру - бұл оқу-тәрбие процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолданудың психологиялық-педагогикалық құралы ретінде қарастырды. Ал Г. К. Нұрғалиева Қазақстан Республикасында білім беруді ақпараттандырудың тарихы және келешегі, қоғамдық тану мәселесінің ғылыми-теориялық және практикалық тұжырымдамасын енгізді. А. Тәжіғұлова мультимедиялық электрндық оқулықтарды жасақтаудың психологиялық-педагогикалық негіздерін ұсынды.
Сонымен, жоғарыдағы аталған мәселелерді негізге ала отырып, оның психологиялық-педагогикалық және дидактикалық негіздерін мына бағытта ұсынамыз:
- білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-тұжырымдамалық негізін жасақтау;
- білім беруді ақпараттандыруды білім мекемелерінің енгізудің оқу-әдістемелік бағдарламаларын жасақтау;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім беру процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктерін жасақтау;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздерін оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес жасақтау;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы мамандарды даярлаудың модульдік бағдарламасын жасақтау;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқалы мамандардың біліктітілігін көтеру және қайта даярлаудың психологиялық-педагогикалық және дидактикалық негіздерін ескере отырып, кезеңдер бойынша даярлаудың оқу бағдарламасын жасақтау;
- педагог мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-тұжырымдамалық негізін жасақтау;
- білім беруді басқаруды ақпараттандырудың моделін жасақтау;
- білім беру порталын жасақтаудың ғылыми-тұжырымдамалық негізін жасақтап, техникалық моделін ұсыну;
- білім беру мекемелерін басқарудың автоматтандырылған жүйесін жасақтау.
Ақпараттық технология - технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және программалық-техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы.
1-кезең ХХ ғасырдың 60-жылдарының басына дейін жалғасты. ЭЕМ-ның бірінші және екінші буындары да қолданылды. Бұл кезеңнің негізгі сипаттамалық ерекшелігі машиналық кодтарда программалау, блок-кескіндердің пайда болуы, символдық процестерде программалау, стандартты программаларда, автокодтарда, машиналық-бағдарлау және Ассемблер тілдерінде түрлі есептердің шешімін жасақтау.
2-кезең 80-жылдардың басына дейін созылды. Бұл кезеңде миниЭЕМ және үлкен интегральды схемалы ЭЕМ-дар шығарылды. Ақпараттық технологиялардың пайда болу белгісі программалаушы мамандығының еңбегін үнемдеумен сипатталды. Мақсаты - программалау тілінің инструментальды құралдарын жасақтау. Үш режимде жұмыс жасайтын операциялық жүйелердің екінші буыны пайда болды: нақтылы уақытпен, уақыттардың бөлінуі және пакеттік режимде. Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері, қолданбалы программалар пакеті, деректер қорын басқару жүйесі, жобалауды автоматтандыру жүйесі, ЭЕМ-мен қарым-қатынастық сұхбаттық құрылғылар, программалаудың жаңа технологиялары (құрылымдық, модульдік) және глобальды желілер пайда болды. Осы кезеңде «Информатика» ғылымы пайда болды.
3-кезең 90-жылдардың басына дейін созылды. Бұл кезең екінші ақпараттық революцияның пайда болуымен сипатталды. Ұлттық ақпараттық ресурс - жаңа экономикалық категория пайда болды.
4-кезең ХХ ғасырдың 90-жылдары. Білім беруді автоматтандырудың ақпараттық технологиялары жасақталып шықты. Бұл кезеңде портативтік компьютерлер, графиктік операциялық жүйелер, мультимедиа жүйесі, гипермәтін, объектілі-бағдарлау технологиялары пайда болды. Телекоммуникация адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас құралына айналды. Қашықтықтан оқыту, автоматтандырылған офистер, өнімнің бүкіләлемдік каталогтары енгізілді. Бұл кезең ақпараттық қоғам кезеңімен сипатталады.
Білім беруді ақпараттандырудың даму кезеңдері. Оқу процесіне есептеуіш техникалар мен компьютерлік техникалар құрылғыларын енгізу мен оны қолдануға талдаулар жүргізу арқылы білім беруді ақпараттандыруды шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: білім беру процесін электроникаландыру, компьютерлендіру және ақпараттандыру.
1-кезең білім беру үрдісін электроникаландырумен сипатталады. Техникалық мамандықтағы студенттерді электрондық және есептеуіш техника құрылғыларын енгізу 50-жылдардың аяғы мен 60 жылдардың басында жүргізілсе, ал гуманитарлық мамандықтағы студенттер үшін 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында жүргізілді. Мұнда алгоритмдеу мен программалау негіздерін, алгебра логикасының элементтері мен ЭЕМ-да математикалық модельдеу бөлімдерін оқыту қарастырылды. Аталған кезеңде алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту, программалау тілдерін меңгерту және есептегіш-логикалық алгоритмдер арқылы ЭЕМ-да жұмыс жасау дағдыларын игерту сияқты әрекеттер студенттердің білімі мен біліктілігін дамытып, қалыптастыруға игі әсерін тигізді.
2-кезең білім беру үрдісін компьютерлендірумен сипатталады.
3-кезең білім беруді ақпараттандырумен сипатталады.
Білім беруді ақпараттандыру - бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі:
- білім беру жүйесінің басқару механизміндегі ғылыми-педагогикалық ақпараттар мен ақпараттық-әдістемелік материалдарды автоматтандыру арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және басқару ісіне коммуникациялық желілерді қолдану;
- ақпараттық қоғам жағдайында жеке тұлғаның даму бағыттарының міндеттерін негізге ала отырып, оқытудың мазмұнын, әдістері мен оны ұйымдастыру формаларын таңдау мен оның методологиясын жетілдіру;
- үйренушінің интеллектуальдық қабілетін дамытуға, өздігінен білім алуға, түрлі ақпараттарды өздігінен өңдеу сияқты әрекеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы құру;
- үйренушінің білім деңгейін бағалау мен бақылау әдістерін талдау бағытында компьютерлік тестілеуді құру мен оны қолдану.
Енді Қазақстан мектептерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолданудың даму тарихына тоқталайық. Бұл кезең 1997 жылы 22 қыркүйекте Елбасының өкімімен қабылданған «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының» енуімен тығыз байланысты. Міне, осы уақыттан бастап мектептерді компьютерлендіру үрдісі басталды.
Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін 1997-2002 жылдары ақпараттандару бағдарламасы 5 кезеңге бөлінген, атап айтқанда:
Бірінші кезеңде (1997/98 жылы ) қала мен аудан орталықтарындағы базалық мектептер жабдықталанады. Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесін жасау жұмыстары басталды, компьютерлік оқу бағдарламалары жасалды, білім берудегі жаңа технологиялардың аймақтық орталықтарын кеңейту және нығайту көзделеді.
Екінші кезеңде (1998/99 оқу жылдары) орта мектептерді компьютермен жабдықтау жұмыстары басталды.
Үшінші кезеңде (1999/2000 оқу жылдары) барлық орта мектептерді компьютермен жабдықтау жұмыстары аяқталды.
Төртінші кезеңде (2000/01 оқу жылдары) барлық негізгі мектептер компьютермен жабдықталынды.
Бесінші кезеңде (2001/02 оқу жылдары) мектептердің басқа түрлері, негізінен бастауыш мектептер компьютермен жабдықталынды. Білім беру саласын ақпараттық басқару жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды.
Мектептегі білім беру жүйесін есептеу техникасымен жабдықтау үшін модульдік көзқарасқа негізделген жүйелік тәсілдердің бірін пайдалану ұсынылады. Ол түрлі және шағын типтегі мектептердің көптігін ескеруге мүмкіндік береді.
Мектептер өзіне сәйкес модульмен жабдықталады. Әр мектеп болашағы бар модульге жақындау мақсатаныда деңгейі мен типіне байланысты мектеп құрылымы талаптарнына сай қамтамасыз етіледі.
Барлық мектептер өзіне сәйкес модульдармен қамтамасыз етілген, оның әрқайсысы мектеп құрылымының типі мен деңгейіне қарай, келешектегі модульге жету мақсатындағы қажеттілігін өтейді.
Модульдік жүйеге сәйкес орта мектептер 4 типті модульдегі компьютерлік сыныптармен жабдықталған:
- 1-2 модуль орта мектептердің бастауыш сатысна арналған,
- 1-10 модуль орта мектептің жоғары сатысына арналған,
- 1-14 модуль орта мектептің жоғары сатысына арналған.
Білім беру жүйесіндегі компьютерлерді жаңартып, толықтырып отыру- білім беру жүйесін ақпараттандырудағы негізгі мәселе болып табылады.
Соңғы жылдары ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерілеу байқалып отыр, соның нәтижесінде бір кезде шыққан компьютерлік жабдықтар, одан да дамытылған коипьютерлермен алмасып және олар басқа да технологияларға қосылып жатады. Ақпараттық супермагистральдардың пайда болуы, компьютерлеу үрдісін сын көзбен қайта қарауды талап етеді.
Білім беруді ақпарттандырудың маңызды факторы Интернетке шығу болып саналады. Қазіргі уақытта мектептердің 89%-і, оның ішінде ауыл мектептерінің 86%-і Интернет желісіне әлдеқашан қосылған. Алматы қаласының (100%), Солтүстік Қазақстан облысы (98%), Атырау облысының (96%) мектептері алда келеді. Мемлекет мектептерге телефон орнатуды одан әрі жоспарлап отыр. Мектептерге телефон орнатудың шекті мүмкіншілігі 83%-ті құрайды. Осы жағдайларға мектептер үшін әлемдік практикада кеңінен қолданылатын, серіктік интернет-картты сатып алу өзекті болып саналады.
Интернеттің электрондық поштаның, өзіндік құны төмен халықаралық телефондық қызметтің, ұшқыр телефонның және электрондық конференцияның таралуымен әлемде айтарлықтай өзара байланыс орнады.
Білім беруде халықаралық кірігу болып жатыр. Білім берудің дамуының маңызды сипаты оның ауқымдылығы болып саналады. Бұл сипат, қазіргі әлемдегі кірігу үрдісінің бар екендігі, мемлекетер арасындағы қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы қарқынды өзара әрекеттерден көрініс табады. Білім беру ұлттық басымдылық санаттан әлемдік басымдылық санатқа өседі.
Қазақстанның әлемдік нарықтағы түйінді бәсекелестік артықшылығы жоғары білікті, ұшқыр ойлы адамдық байлық болцы тиіс, сонымен қатар тұрақты түрде жаңашылдықты енгізу.
Ақпараттарды жеткізу жылдамдығы - нақты модемнің және жеткізуші құрылғылардың сипаттамаларымен, күн райының жағдайларымен және қызмет көрсету жеделдігімен анықталады.
Қашықтан оқыту (ҚО) бұл- оқу материалын жеткізіп беру үшін, оны өз бетімен оқып білу үшін, оқыту үрдісі білім беру мекемелерінің нақты орналасуына тәуелді болмаған кезде оқытушы мен оқушы арасында ақпарат алмасуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-қатынастық технологиялардың кең спектрін пайдалануға негізделген оқытудың аралас формасы.
Қазақстанда ҚО жүйесін құрудың ерекше өзектілігі- бүгін тұтас бірқатар факторлармен шартталған.
Үздіксіз білім беру тұжырымдамасының дамуы, оны практикада жүзеге асыруға ұмтылу- қоғамда үлкендердің білім алу мәселесін асқындырды. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда 2 миллионнан артық адамды кәсіптік қайта дайындау қажет болып отыр және бұл сан жыл сайын артып келеді.
Бұрындары қалыптасқан сырттай оқыту жүйесі де қойылған мақсаттар мен міндеттерді қанағаттандырмайды, өйткені өндіріс тарапынан да, оқитындардың тарапынан да өзіне қосымша шығынды ілестіріп келеді.
Кең аймақты және ғылыми-техникалық орталықтары ірі қалаларға шоғырланған Қазақстан үшін қашықтан оқыту өте қажет. Республиканың 70%-дан артық мектептері ауылдық болып саналады, олардың жартысынан астамы жинақы шағын мектеп.
Бұл мектептерден қадрдың кетуі мен жетіспеушілігі, мектептің оқу ресурстарының әлсіз әдістемелік жасақталушылығы, қазіргі заманғы ақпараттық-қатынастық технологиялар негізінде қоғамды ақпараттандыру жағдайларында өз бетімен білім алу жолын анықтаушы мектептің оқушылары мен педагогтарының ақпараттық мәдениетінің жеткіліксіз қалыптасушылығы байқалады.
Қашықтан оқытудың серіктестік арнасы бұл- оқушылардың ой-өрісі мен білімін кеңейтетін оқытудың жаңа балама формасы.
Жоба РБАО-ның негізінде жасалынды. ОЛ 2001 жылы ЮНЕСКО БАТИ ат салысқан Батыс Қазақстанның 3 ауылдық мектебі мен Шығыс Қазақстанның 3 мектебі “ҚР ауылдық мектептеріне арналған ҚО”жобасының жалғасы болып саналады. ҚОСА 2002 жылы тамызда іске қосылды.
ҚОСА-ның міндеті- Қазақстанның алыс аудандарындағы ауыл мектептері үшін бейнеөнімдерді тарату болып саналады. Педагогикалық технологияға сәйкес ҚОСА арқылы қашықтан оқытуды жүзеге асырудың негізігі құралдары түрлі ақпараттар мен оқу фильмдері болып саналады.
Жобаның ғылыми-әдістемелік жасақтамасын РБАО жүзеге асырады. Ал хабарлаудың техникалық жасақтамасын “КАТЕЛКО” ЖАҚ-ты жүзеге асырады: күніне 2 сағат, аптасына 10 сағат, айына 40 сағат. Серіктестік арнасын антеннаға қосудың бір жолғы құны 128 999 теңге + 1899 теңге айлық абоненттік төлемі.
2 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 3 аспирант пен ізденуші, озық мектептердің директоры мен оқу меңгерушісі, Алматы қаласы оқу мекемелерінің жоғары санатты мұғалімдері редактор-авторлар болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz