Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

ФАКУЛЬТЕТ :Гуманитарлық ғылымдар
КАФЕДРАСЫ:Білім технологиясы

БӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ :Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері

Қабылдаған :ШалабаеваЖанар
Орындаған :Рысбекова Нұрзада
Тобы:ППМ-811

Тақырыбы Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері
Кіріспе:
Негізгі бөлім :
1. Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы мен ерекшеліктері
2. Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климат 3. Тұлғааралық қатынастар ұғымы
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы, ерекшеліктері.
Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Н.И.Пирогов еңбектеріндегі оқыту мен тәрбиенің өзара байланысы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеялардың ықпалымен қалыптасты.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты, әрі ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық және кәсіптік сипаттар тән. Кез-келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады.
Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі кәсіптік қызметіне байланысты, яғни оның жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу. Педагогикалық ұжымның кәсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің педагогикалық мәдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, ұжымдық және дербес жауапкершілікті сезінуімен, ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейімен анықталады. Өзінің мәні жағынан педагогикалық, тәрбиелік болып табылатын оқу орындарының ұжымы оқушыларға үлкендердің ұжымы, олардың өзара қатынасы, бірлесе әрекет етуі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастырады. Бұл жағдай педагогикалық ұжымды өзін-өзі ұйымдастыруға, үнемі өздігінен жетілуге ынталандырады.
Мұғалімдер ұжымының педагогикалық қызметі оқушылар ұжымымен өзара тығыз әрекеттестікте дамиды. Сондықтан педагогикалық міндетті шешу оқушылар ұжымының тәрбиелік мүмкіндігі қай деңгейде, қаншалықты іске асырылуына тікелей тәуелді болып келеді. Басқару ілімінің категориясы ретінде педагогикалық ұжым - басқарушы, ал оқушылар ұжымы - басқарылушы болады.
Педагогикалық ұжымның тағы бір ерекшелігінің бірі ретінде мұғалімдік кәсіп қызметінің көп қырлылығын атау керек. Басқаша айтқанда, қазіргі мұғалім - бір уақытта пән мұғалімі, үйірме жетекшісі, сынып жетекшісі, тәрбиеші, қоғамдық қызметкер сияқты функцияларын орындайды. Мұндай көпқырлылық барлық педагогикалық ұжымға тән. Педагогикалық ұжым кәсіби міндеттерді шеше отырып, мектептен тыс мәселелерді шешуге қатысады, мысалы ата-аналардың және тұтас қоғамның педагогикалық мәдениетін қалыптастырады.
Көптеген мұғалімдердің педагогикалық әрекетіне зерттеушілік қызметі тән. Қазіргі мұғалім-зерттеуші - нормативті қызмет жасымен шектелмейтін, педагогикалық жаңалықтың жетістігі мен кемшілігін тез аңғартатын, жаңа технологиялар мен құндылықтарға баға беріп, игеріп және практикада қолдануға қабілетті педагог.
Педагогикалық ұжымның тағы бір ерекшелігі оның жоғары деңгейде өзін-өзі басқара алуында. Педагогикалық ұжымның өмірлік және әрекеттік бойынша негізгі сұрақтары басқарудың әр түрлі деңгейінде талқыланады. Ұжымдағы мектеп кеңесі, әдістемелік комиссиялар, қоғамдық ұйымдар да қатардағы мұғалімдердің сайлану арқылы өкілеттік алуы ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып, дербестік пен белсенділікті дамытады.
Педагогикалық ұжымның келесі бір ерекшелігі қызметінің ұжымдық сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі. Егер жекелеген мұғалімдердің іс-әрекетін өзге мұғалімдер іс-әрекетімен сәйкестендірмесе, оқушылардың білімін бағалау, мектеп жұмысын ұйымдастыруда бірыңғай талап болмаса, онда ол табысқа жеткізбейді.
Педагогикалық ұжымға тән өзіндік ерекшеліктерге оның құрамында әйелдердің басым болуы жатады. Себебі, әйел адамдар жаратылысынан тәрбие ісіне бейім, педагогикалық ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдерін таңдауда барынша икемді болып келеді.

2. Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климат.
Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара қатынас деңгейі әлеуметтік-психологиялық климатпен айқындалады. Психологиялық климат, әлеуметтік-психологиялық климат немесе микроклимат ұғымдары ғылыми емес, астарлы ауыспалы ұғымдар.
Ұжымдағы психологиялық климаттың мазмұндық сипатын адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілінің толуын айқындайтын болғандықтан, психологиялық климатты сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен, жылы шырайылылықпен, парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектікпен ерекшеленеді.
Әлеуметтік-психологиялық климат дегеніміз - ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекеті мен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді.
Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның мынадай негізгі қызметтерін атауға болады.
Топтастырушылық қызмет - ұжым мүшелерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешу кезінде ұжымдық күш-жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады.
Ынталандырушылық қызмет - педагогикалық әрекеттің қолдануына қажетті ұжымның эмоционалдық күш-қуатын қалыптастырумен байланысты.
Тұрақтандырушылық қызмет - ұжым ішіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды.
Реттеушілік қызмет - өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде көрінеді.
Әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. Өзара ақыл, ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау және т.б. жағымды климат құруына әсер етеді. Ал немқұрайлылық, селқостық, қысым үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі ұнжырғасы түсіп, бұл жағдайда оның кәсіптік қызметінің төмендеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа ұжымға ауысуына апарып соғады.
Психологияда әлеуметтік-психологиялық климаттың келесідей басты көрсеткіштерін айқындауға болады:
- ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен нәтижесіне қанағаттануы;
- жетекшілердің беделін мойындауы;
- ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй;
- ұжым мүшелерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептің педагогикалық ұжымы
Психологиялық ахуал түсінігі. Балалар ұжымындаы психологиялық ахуал
Білім беру үрдісіндегі әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі
Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі
Мектеп, отбасы, жұртшылық және мектептің бірлескен жұмысын ұйымдастырушы орталық
Психологиялық-педагогикалық қолдау
Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік иституттардың өзара әрекеттестігі
Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Ұжым
Мектептің педагогикалық ұжымы және оның ерекшеліктері туралы қазақша реферат
Пәндер