Қарым - қатынас феноменологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Қарым-қатынас пен іс-әрекет
Орындаған: Білісбек Д.
Тексерген : Кулымбаева А .
МАЗМҰНЫ
- Кіріспе . . . 3, 4
- Негізгі бөлім . . . 5
- Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі . . . 5, 6
- Қарым-қатынастың үш жағы: коммуникативті, интерактивті, перцептивті . . . 6-8
- Қабылдау механизмдері . . . 8-10
- Қарым-қатынас феноменологиясы . . . 10-14
- Қарым-қатынас іс-әрекеттің бір түрі ретінде . . . 14-19
- Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас . . . 19-27
- Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы . . . 27-29
- Қорытынды . . . 30
- Тақырыптық тест . . . 31, 32
- Пайдаланылған әдебиеттер . . . 33
Кіріспе
Қарым-қатынас - психология ғылымының негізгі категорияларының бірі.
Қазіргі кезде қарым-қатынас, бір жағынан, іс-әрекеттің ерекше бір түрі, екіншіден, басқа да іс-әрекет тҥрлерін жасаудағы дербес және өзара әрекеттестік процесі деп түсініледі. Демек, қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы зор.
Адам баласы туылған сәтінен бастап, өмірден озған уақытына дейін басқа адамдармен әртүрлі өзара әрекеттесулер мен қатынастардың символдық кеңістігіне енеді. Бұл өзара әрекеттесулер өзінің мақсаттары, формалары мен өту жағдайларына байланысты тым көп болады. Мысалы, адамдар жұп-жұппен немесе шағын топтарда тікелей, не болмаса жанама түрде - байланыс құралдары, көптеген коммуникация, өнердің әр алуан түрлері арқылы өзара әрекеттесулері мүмкін. Әлеуметтік байланысқа жекелеген адамдар мен тұтас халық түсе алады, серіктестер арасындағы байланыс эмоциялық-тұлғалық, іскерлік, әлеуметтік-ресми және т. б. сипат алуы мүмкін. Адамның өз әлеміне қатынасы, оның басқа адамдарға деген қатынасымен жанамаланғандығы және оның заттық іс-әрекетінің өзі қарым-қатынас деп аталатын анағұрлым кең процеске енетіндігі маңызды.
«Қарым-қатынас өзінің бастапқы сыртқы түрінде де, бірлескен іс-әрекет түрінде немесе тілдік қарым-қатынас немесе тіпті тек ойша түрінде де адамның қоғамда дамуының қажетті әрі спецификалық шарты болып табылады».
Бұл пікірге қоғамның өзін де қосамыз, өйткені ол Г. М. Андрееваның айтуынша индивидтердің даму тәсілі, әрі олардың қатынасын нығайту тәсілі де болып табылады.
Қарым-қатынас - адамдар әлемінің аса маңызды сипаттамасы. Ол - адамдар қатынастарының даму механизмі, осы қатынастардың болу формасы және жекелеген адамның психикалық әлемінің маңызды аспектілерінің болу тәсілі. Қарым-қатынас пен психикалық процестердің тектестілігін ресейлік және шетелдік авторлар: Л. С. Выготский, В. Н. Мясищев, В. Штерн, К. Бюлер бірнеше рет атап көрсеткен.
Бәлкім, адамзат болмысында қарым-қатынастың түрлері мен қызметтерінің көп түрлі болуы бұл ұғымның психологиядағы ерекше мәртебесін анықтаған да шығар. Аталмыш ұғымды талдайтын авторлардың әрқайсысы оған нақты анықтама бермейді. Негізінде құбылыстың мәні жайлы емес, қарым-қатынас пен іс-әрекеттің байланысы жайлы, қарым-қатынастың қызметтері мен құрылымы жайлы көп айтылады.
Қарым-қатынас, бұл - адам аралық қатынастардың әр текті түрлерінен туындайтын және қуаттанатын Адам болмысының әмбебап шындығы. Бұл шындықта әлеуметтік қатынастардың әр алуан түрлері де, сондай-ақ, жекелеген адамның психологиялық ерекшеліктері де қалыптасады және дамиды.
Ғылыми ұғым ретінде ол ағылшын тілді психологиялық әдебиеттерде кең тараған «коммуникация» ұғымына қарағанда анағұрлым бай әрі тереңірек. Өзінің рухы жағынан «қарым-қатынас» - гуманитарлық ұғым; ол құндылықтар мен субъективті мағыналарға толы; ол технологиялық емес және лабораториялық жағдайларда әрқайсысы қарым-қатынас болып табылмайтын жекеленген элементтерге бөлінеді. «Қарым-қатынас» ҧғымының көмегімен ресейлік әлеуметтік психология адам аралық қатынастардың нақты әлемімен өзара әрекеттесуге талпынады.
Гуманитарлық әлеуметтік психологияның ұғымы ретінде «қарым-қатынастың» дамуына ХХ ғасырдың ресейлік ойшылдары М. М. Бахтин мен А. А. Ухтомский айтарлықтай үлес қосты. Бахтин «диалог» деп, ал Ухтомский «әңгімелесушіге үстемдік ету» деп атаған қарым-қатынас, олар үшін әрбір адамның қайталанбас даралығының болуы мен дамуының түрі болып табылды.
Жалпы қоғам өмірімен де, адамдардың бір-бірімен тікелей байланыстарымен де, адамның ішкі рухани өмірімен де органикалық тұрғыда байланысты болғандықтан, қарым-қатынастың атқаратын қызметтері мен түрлері де өте көп.
Негізгі бөлім
- Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі.
- Қарым-қатынастың үш жағы: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.
- Қабылдау механизмдері.
- Қарым-қатынас феноменологиясы. «Қарым-қатынас» ұғымының мәнін ашып көрсететін тұрғылар.
- Қарым-қатынас іс-әрекеттің бір түрі ретінде.
- Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас.
- Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы.
1. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі .
Қарым-қатынастың бірлескен іс-әрекетпен байланысы айқын көзге түседі. Бірақ, «қарым-қатынас бірлескен іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры, аспектісі болып табыла ма немесе қарым-қатынас пен іс-әрекет - екі дербес, тең құқылы процесс пе?» - деген сұрақ туындайды.
Бірлескен іс-әрекетте адам қажет болған жағдайда басқа адамдармен бірігуі, олармен қарым-қатынас жасауы, яғни байланыс орнатуы, өзара түсіністікке қол жеткізуі, қажет ақпаратты алуы, жауапты хабарлауы т. с. с. тиіс. Бұл жерде қарым-қатынас іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры ретінде, оның маңызды ақпараттық аспектісі ретінде, коммуникация ретінде болады.
Алайда, коммуникация ретіндегі қарым-қатынастан құралатын іс-әрекет процесінде белгілі-бір зат жасай адам тек осымен ғана шектелмейді; жасалған зат арқылы өзін, өзінің ерекшеліктерін, өзінің ерекшелігін басқа адамдарға көрсетеді, ұсынады, өзін басқа адамдарда жалғастырады.
Жасалған зат бұл, бір жағынан, іс-әрекет өнімі, ал екінші жағынан - адамның қоғамдық өмірде өзін шыңдауына көмектесетін құрал, өйткені осы зат, басқа адамдар үшін жасалған құрал арқылы адамдар арасындағы қатынас іске асады, затты жасаушыға да, оны тұтынушы мен игерушіге де теңдей тиесілі ортақ өнім ретіндегі қарым-қатынас құрылады.
Өзін басқаларда жалғастыру ретіндегі қарым-қатынас екінші түрдегі қарым-қатынас болып табылады. Егер, бірінші тҥрдегі қарым-қатынас бірлескен іс-әрекеттің бір қыры ретінде көрінсе, екінші түрдегі қарым-қатынастың маңызды қыры қоғамдық құнды және тұлғалық мәні бар затты өндіруге байланысты іс-әрекет болып табылады. Бұл жерде тәуелділік алмасады да, іс-әрекет қарым-қатынастың аспектісі, бөлігі, қажетті алғышарты ретінде болады.
Сонымен, іс-әрекет - қарым-қатынастың бөлігі, бір қыры, қарым-қатынас - іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры. Алайда қарым-қатынас пен іс-әрекет барлық жағдайда бөлінбейтін бірлікті құрайды.
Сонымен, біз қарым-қатынас ұғымымен, оның атқаратын қызметтерімен және кейбір түрлерімен таныстық. Қарым-қатынас - біртұтас процесс, оған қатысушылар өзінің ішкі жан дүниесінің бүкіл мазмұнымен - сезімдерімен, ойларымен, әрекеттерімен - қатысады. Алайда ғылыми мақсаттардан басқа, материалды зерттеу мен мазмұндауға қолайлы болу үшін қарым-қатынастың әр түрлі құрылымдық компоненттерін бөліп көрсетуге болады. Біз Г. М. Андреева ұсынған қарым-қатынастың үш компонентті құрылымын қолданамыз (И. Ә. Әбеуова) . Ол қарым-қатынастың:
• коммуникативті аспектісін (ақпарат беру) ;
• перцептивті аспектісін (серіктестердің бір-бірін қабылдауы мен түсінуі) ;
• интерактивті аспектісін (қарым-қатынас процесіндегі өзара әрекеттесу) бөліп көрсетеді.
1. Тұлғааралық қарым-қатынас - адам болмысының әмбебап шындығы, ол адам аралық қатынастардың әртҥрлі формаларынан туындайды және бекіп отырады. Бұл шындықта әлеуметтік қатынастардың әр алуан түрлері, сондай-ақ, жекелеген адамның психологиялық ерекшеліктері қалыптасады, әрі дамиды.
2. Жеке адамның және адамзат қауымдастығының өмірінде қарым-қатынас айрықша маңызды қызметтер атқарады: шынайы адамдық қасиеттер мен мүмкіндіктердің қалыптасуы мен пайда болуы, бірлескен іс-әрекетті коммуникативті қолдау, адамның психикалық және физикалық аман-саулығын қолдау.
3. Қарым-қатынастың түрлері де әр алуан. Қарым-қатынастың әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға жанамалану дәрежесіне қарай рөлдік және тұлғааралық қарым-қатынас деп бөлуге болады.
4. Қарым-қатынасты сондай-ақ, салттық (объект-объектілі), монологтық (субъект-объектілі) және диалогтық (субъект-субъектілі) деп бөлуге болады; қарым-қатынастың әр түрінің адами байланыстар мен қатынастардың күрделі сипатында атқаратын өзіндік қызметтері бар.
2. Қарым-қатынастың үш жағы: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.
Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, оның бірімен-бірі тығыз байланысты үш жағы қарастырылады. Қарым-қатынастың әрбір актісі перцептивтік, коммуникативтік және интерактивтік жақтардан тұрады. Яғни, қарым-қатынастың күрделілігі екі немесе одан көп процестің бір мезгілде жүретіндігінде: коммуникация, перцепция және интеракция. Алдымен, белгілі-бір адам келесі адамға қандай-да бір ақпарат жібереді, ал келесі адам ақпаратты қабылдайды, содан соң алынған ақпаратқа деген өзінің қатынасын, ойын білдіреді. Тек осындай толық вариантында ғана қарым-қатынас толығымен аяқталған процесс деп танылады.
Демек, қарым-қатынастың толық тұйықталған циклының тиімділігі оның құрылымдық толыққандылығында, яғни қарым-қатынастың әр актісі өз бойына жоғарыда аталған үш жақты да енгізуі керек.
Бұл процесті жеке-жеке қарастырып көрелік.
Коммуникативтік жағы
, бұл - ақпаратты, мәліметті жіберу процесі. Коммуникацияның мақсаты - басқа адамға мәліметті жіберу және әсер ету. Сіз бір адаммен коммуникацияға түскенде одан қандай-да бір мәлімет аласыз.
Үш нәрсенің көмегі арқылы коммуникация жүреді:
- дене, дененің қалпы, ым-ишара;
- дауыстың тоны, дауыс ырғағы;
- сөздер.
Дененің қалпы мен дауыстың ырғағы коммуникацияның сөздік емес (вербалды емес), ал сөздер сөздік (вербалды) бөлігі болып табылады.
Коммуникация - біз сөйлейтін сөздерден мағынасы кең ұғым. Олар біз адам ретінде көрсететін қылықтарымыздың аз бөлігін ғана құрайды. Британиялық психологтардың зерттеулері бойынша презентация кезінде бір топ адамға әсер етудің 55%-ы біздің дене қимылымыз арқылы: отыру, тұру, ым-ишара, көзқарас, 38%-ы даусымыздың тоны және 7%-ы ғана сөйлеген сөздеріміздің мағынасымен анықталады. Бұл көрсеткіштердің нақтылығы әр жағдайда әртүрлі болады, бірақ денеміздің қимыл-қозғалысы мен даусымыздың тоны әсер етуге және айтылғанның мағынасына, көптеген ерекшеліктер қосатыны даусыз. Бұл ерекшеліктер біздің не айтқанымызбен емес, қалай айтқанымызбен анықталады. Әрине, коммуникатордың мәліметті беруі, оның тұлғалық ерекшеліктеріне, мәдениетіне, ұлттық ерекшеліктеріне, білім деңгейіне, сонымен қатар, реципиент туралы көзқарасына, қарым-қатынас кезіндегі жағдайларға байланысты құрылып, өзгеріп отырады. Мәселен, жай ғана қызметтесіне хабарлаған мәліметті, басшысына жеткізуде түрлі қиындықтар сезілуі мҥмкін. Демек, коммуникатор қандай-да бір кедергіні байқап, содан қиналады. Қарым-қатынас барысындағы мұндай кедергілердің бірнеше түрлері бар:
1. Фонетикалық кедергілер - тілдегі, сөйлеудегі кемістік пен (кейбір әріптерді дұрыс айта алмау) дикцияның нақты еместігінен туындайды.
2. Семантикалық кедергілер - адамдардың әртүрлі тілде, диалект, жаргон, слэнг сөздерді қолданып сөйлесуінен туындайды. Яғни, сөздердің мағынасы түрліше қабылданып, осыдан ортақ тілдесу қиындай түседі.
3. Стилистикалық кедергілер - адамдардың сөйлеу стилі, сол ортаға, жағдайға немесе адамның жасына сәйкес келмеуінен шығады. Мәселен, қарт кісілерге, балаларға ғылыми тілде сөйлесу арқылы түсінісу мүмкін емес.
4. Логикалық кедергі, коммуникатордың ұсынған логикалық тұжырымдары өте күрделі болғанда туындайды. «Ерлер логикасы», «Әйелдер логикасы», «Балалар логикасы», т. б. логикалар туралы айтуға болады.
5. Ұлты, мәдениеті, діни ұстанымдары әртүрлі адамдар арасындағы кедергілер - адамдардың қандай-да бір ұлтты, діни көз-қарасты немесе сол елдің мәдениетін теріс деп қабылдайтындықтан туындайтын кедергілер (Э. Берн) .
Қарым-қатынастың тұйықталған циклында өз бөлігің үшін жауапкершілікті мойныңа алу. Коммуникация тиімді болу үшін нақтылы жағдайлар керек. Олар: түсіну, сенім білдіру, құпияны сақтай алу. Адамдармен қарым-қатынаста тиімділік болу үшін, бұл жағдайларды саналы түрде орындау қажет.
Перцептивті жағы , бұл - қарым-қатынасқа түсушілердің бірін-бірі қабылдауы, тануы, түсінуі, тіпті сезінулері болып табылады. Осының негізінде ғана адамдар арасында өзара түсіністік қалыптаса алады. Перцепцияның мақсаты - коммуникаторды барынша дұрыс түсіну, яғни, басқаның мақсат-мүддесін, ниетін, қалауларын, көзқарасын түсіну, әрі оны дұрыс қабылдай алу. Тиімді перцепция үшін серіктесіңізді есту маңызды болып табылады.
Адамдардың бірін - бірі қабылдауы сонымен қатар тұлғалық, жас ерекшеліктік, ұлттық, мәдени, діни, кәсіби, жыныстық, т. б. ерекшеліктерге тәуелді болады. Мәселен, жасөспірімдер басқаларды қабылдағанда сыртқы келбетіне, киіміне, шаш үлгісіне, сымбаттылығына көбірек көңіл бөледі, ал іскер адамдар мен басшылар қол астындағы қызметкерлерін, олардың біліміне, жауапкершілігіне, орындаушылық ерекшеліктеріне қарай қабылдауға бейім болады және керісінше, қызмет етушілер басшыларын, оның әділеттілігіне, сыпайылығына, шыншылдығы мен талап қоя алу, жұмысты дұрыс жүргізе алу қабілетіне қарап қабылдап, түсінісіп жатады.
Интеракцияның мақсаты - өзара байланысты аяқтау үшін, қабылданған мәліметке деген өз пікірін, көзқарасын дұрыс білдіру арқылы мәлімет алмасу (әрекеттесу) . Сайып келгенде, интеракция дегеніміз, бұл - кері байланыстың болуы. Қарым - қатынас барысында, тек мәліметтермен алмасып, кері байланыс берумен шектеліп қана қою жеткіліксіз. Мұнда өзара белсенді, ортақ, бірлескен іс- әрекеттер жоспарланып, оны іске асыру жүзеге асырылады. Интеракция процесі тиімді болу үшін, мына принциптерді сақтау маңызды. Нақтылық: қабылданған мәліметті нақтылы мысалмен сипаттау. Бос жалпылауға жол бермеу. Дер кезділік: сіздің және басқа адамның есінде сақталған кейінгі жағдайларға жүгіну.
3. Қабылдау механизмдері.
Адамның әлеуметтенуі сол немесе басқа әлеуметтенушіге, қоғамға мазмұны спецификалық болып келетін әмбебеап құралдардың кең ауқымы арқылы жүзеге асады. Оған баланы тамақтандыру мен күтім жасау; құрылған тұрмыстық және гигиеналық шеберліктер; адамды қоршаған материалдық мәдениет жемісі; рухани мәдениет элементі (ертегілерден бастап ескерткіштерге дейін) ; қарым-қатынас мазмұны мен стилі, сондайақ тәрбиелік және басқа әлеуметтендіруші ұйымдарда, құрдастар тобында, отбасындағы жазалау мен мадақтау әдістері; адам өмірлік іс-әрекетінің негізгі аймақтарындағы - отбасылық, кәсіби, қоғамдық және діни аймақтарда, спортта, пәндік-практикалық және рухани-практикалық ісәрекетте, танымда, ойында, қарым-қатынаста адамды енгізу жатады.
Әрбір қоғам, әрбір ұйым, әрбір әлеуметтік топ (шағын немесе үлкен) өзінің тарихында позитивті және негативті, формальды және формальды емес санкцияларды-ояту мен сендіру амалдарын, ескерту мен қысым жасау шараларын, физикалық зорлық-зомбылық жасауға дейін, мадақтау және ерекшелеу тәсілдерін өңдейді. Бұл амалдар мен шаралардың көмегімен адамдар және адамдар топтарының жүріс-тұрысы осы мәдениеттегі қабылданған құндылықтар мен нормалармен сәйкестендіріледі.
Адамның әлеуметтенуі әр түрлі факторлар мен агенттермен өзара әрекеттесуі шартты түрдегі «механизмдер» көмегімен жүзеге асады. Әлеуметтену «механизмдерін» қарастыруда әр түрлі келістер бар.
Француз әлеуметтік психологы Габриэль Тард еліктеуді негізгі деп санады. Американдық ғалым Ури Бронфенбренер әлеуметтену механизміне адам өмір сүретін ортадағы өзгермелі жағдайлар мен белсенді өсіп жатқан адам жаны арасындағы прогрессивті өзара аккомадацияны (икемделу) жатқызады, ал А. В. Петровский тұлғаның даму процесіндегі интеграциялану, даралану мен бейімделу фазаларының заңдық ауысуын жатқызады. Бар мәліметтерді негіздей отырып А. В. Мудрик педагогика тұрғысынан әр түрлі жасерекшелік кезеңдегі адамды тәрбиелеу процесінде жиі қолдану мен ескеруді қажет ететін бірнеше әмбебап әлеуметтену механизмдерін бөліп көрсетеді.
Психологиялық және әлеуметтік-психологиялық механизмдерге төмендегілерді жатқызуға болады.
Импритинг - адам ӛмірінің маңызды объектілеріне әсер етушілердің ерекшеліктерінің рецепторлық және саналық деңгейдегі адамның тіркеуі. Импритинг алғашқы балалық шақта жүреді. Кейде соңғы деңгейлерде бейнелер мен сезімдер кездеседі.
Экзистенциалдық басым-тілді игеру мен маңызды адамдармен қарым-қатынас процесінде міндетті әлеуметтік жүріс-тұрыс нормаларын санасыз игеру.
Еліктеу - белгілі бір амалмен, бейнемен жүру. Бұл жағдайда адамның әлеуметтік тәжірибені игеруі жүреді.
Идентификация - адамның ӛзін басқа адаммен, топпен, бейнемен сәйкестендіруі.
Рефлексия - маңызды тұлғаларға, қоғамдық құрдастарға, отбасына, қоғамның әр түрлі институттарына тән құндылықтарды қабылдап, бағалайтын, адамның ішкі диалогі. Рефлексия бірнеше түрлердің ішкі диалогін көрсетеді: ойдан туған тұлғалар мен адам «Мен»-інің ерекшелігі арасындағы қатынас. Рефлексия көмегімен шынайылықтағы өзінің ролі мен өзінің, ол тұратын шынайылықты түсіну қорытындысында адам құрылып, өзгеруі мүмкін.
Әлеуметтенудің дәстүрлі механизмдері адамның отбасы мен жақын айналасындағыларға тән стереотиптер, көзқарастар, жүріс-тұрыс эталондары, нормаларды игеруін көрсетеді. Бұл игерулер ереже бойынша, стеореотиптерді критикалық емес қабылдау көмегімен санасыз деңгейде жүреді. Дәстүрлік механизмнің тиімділігі адам «қашан керектігін» білгенде рельефті түрде көрінеді, бірақ оның бұл мағынасы оның айналасындағы дәстүрлерге қарсы тұрады. Бұл жағдайда француз ойшылы Мишель Монтеннің ойы дұрыс болып табылады. Ол келесідей жазған: «Біз өзіміздікін әрқашан жақтасамыз да дәстүрлер мен жалпы қабылданған өмірлік ережелер бізді өзімен бірге ілестіріп әкетеді». Сондай-ақ, дәстүрлік механизмнің тиімділігі мысалы балалық шақта игерілген, өзгерген жағдайларға байланысты шектелген, қажет емес, келесі жасерекшелік кезеңдерде және өмірлік жағдайлардың кезекті өзгерісінде адамның жүріс-тұрысында көрінетін сол немесе басқа әлеуметтік элементтерде көрінеді.
Әлеуметтенудің институтционалдық механизмі, аты айтып тұрғандай, өзінің негізгі функцияларымен (өнеркәсіптік, қоғамдық, клубтық және басқа құрылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары) паралельді әлеуметтендіруші функцияларды ұйымдастыратын, оның әлеуметтенуіне арнайы құрылған сияқты әр түрлі ұйымдар және қоғам институттарымен адамның ӛзара әрекеттесу үрдісінде функцияланады. Адамның әр түрлі институттар мен ұйымдармен қарым-қатынас процесінде әлеуметтік қабылданған жүріс-тұрыс тәжірибиесі мен білімі жинақталады, сондай-ақ әлеуметтік нормаларды қақтығыстық және қақтығыстық емес орындау және әлеуметтік қабылданған жүріс-тұрыс иммитациясының тәжірибиесі жинақталады.
Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік институт ретінде белгілі бір ақпаратты беру көмегімен ғана емес, сондай-ақ, теле бағдарламалар, кинофильмдер, кітап батырларының жүріс-тұрыс бейнесін көрсету арқылы адамның әлеуметтенуіне әсер етеді. Бұл әсер етудің тиімділігін Батыс еуропалық балеттің реформаторы Жан Жорж Новер белгілегендей анықталады: «батырлардан өтетін сезім жай адамдардың сезіміне қарағанда үлкен күштілігімен, нақтылығымен ерекшелінеді, оларға еліктеу оңай». Адамдар жас және дара ерекшеліктеріне сәйкес өздеріне тән жүріс-тұрыс бейнесін, өмір стилін қабылдап, өздерін сол немесе басқа батырлармен сәйкестендіреді.
Әлеуметтенудің стилдік механизмі белгілі бір субмәдениет аймағында жүзеге асады. Субмәдениет дегеніміз сол немесе басқа жасерекшелік, кәсіби немесе әлеуметтік топтың нақты жүріс-тұрыс стилі мен ойын толықтай құрайтын, нақты кәсіби немесе мәдени қабаттағы немесе белгілі бір жастағы адамға тән моральдық-психологиялық сипаттар мен жүріс-тұрыс көріністерінің кешені.
Әлеуметтенудің тұлғааралық механизмі адамға субьективті маңызды адамдармен қарым-қатынас процесінде функцияланады. Ол үшін ата-аналары (әр түрлі жастағы), әрбір сыйлы үлкен адам, өз немесе басқа жыныстағы құрдасы маңызды болып табылуы мүмкін. Бірақ кейбір жағдайларда топтар немесе ұйымдардағы маңызды адамдармен қарымқатынас адамға тән емес топ немесе ұйым әсер ететін әсерді беруі мүмкін.
Адамның әлеуметтенуі, сондай-ақ, баланың, жасөспірімдердің, жастардың әлеуметтенуі барлық аталған механизмдер көмегімен жүзеге асады. Бірақ әр түрлі жас ерекшелік және әлеуметтік-мәдени топтарда нақты адамдарда әлеуметтенудегі механизм рольдерінің қатынасы әр түрлі.
4. Қарым-қатынас феноменологиясы. «Қарым-қатынас» ұғымының мәнін ашып көрсететін тұрғылар.
1970-ші жылдардың аяғынан бастап қарым-қатынасты жан-жақты қарастыратын зерттеулер пайда бола бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz