Сайлау және сайлау жүйесі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Л. Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті»

Реферат

Тақырыбы: Сайлау және сайлау жүйесі

Орындаған:Жұмағазин Әлинұр

Тексерген: Бюлегенова Бибигуль Бисенбаевна

2020-2021 оқу жылы

Сайлау және сайлау жүйесі

Құқықтық мемлекет, демократиялы режим қалыптастыру қоғамның алдына бірінші кезектегі міндет қояды - қажетті құқықтар мен бостандықтармен қорғалған тұлғаны қалыптастыру. Демократиялық басқару негізінде сайлаулардың адалдығы және жарыспалылығы; үкімет аппараттық ойындар нәтижесінде емес, сайлау нәтижесінде қалыптастырылады; саяси азшылық (заңды оппозиция) құқықтарын құрметтеу; көп партиялы немесе қос партиялы жүйе секілді сипаттар жатады.

Сайлаулар демократиялық форманың орталық институты болып табылады. Демократиялық сайлау, жалпы, сайлау жүйесі дегеніміз не? Осы сұрақтарға алдағы уақытта жауап береміз.

Қазақстан халқына Елбасы жіберген Жолдауында сайлау жүйесін жетілдіру Қазақстан қоғамының приоритеттік демократиялау жолы деп аталған. Бұл жай ғана емес: сайлау арқылы халық мемлекетті басқаруға қатыстыруға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Өткен ғасырдың соңы адамзат тарихында алғашқы рет бүкіл әлемде демократиялық жүйе басым келе бастады: жалпы сайлау 140 елдерде өтті. Бірақ, БҰҰ эксперттердің пікірі бойынша, 55 пайыз бүкіл әлемдік халық тұратын тек 80 мемлекет расында осы беделге сәйкес болды, қалғандарына өз мемлекеттік құрылысын жетілдіру жұмысын жалғастыру керек деп ұсыныс жасалынды.

Көп социалистік мемлекеттерде демократия тәжірибесі социализмнен бұрын болған, ал біздің еліміз он сегізінші ғасырда тәуелсіздікті жоғалтқан соң тоталитарлық режимнен басқа режимді білмеді. Халықтың демократиялық салты имперлік ықпалмен ығыстырылды. Бірақ, тәуелсіздік алып, еліміз демократиялық қайта құру рельсіне тұрып өркениеттік, нарықтық экономикалық күшті мемлекет құруда маңызды қадамдар жасады.

Өркениетті, демократиялы қоғамда саяси процеске қатысудың негізгі түріне айлау жүйесі жатады. Сайлау арқылы азаматтар мемлекеттің өкілетті, заң, сот, атқару органдарын қалыптастыруға қатысады. Ол азаматтардың саяси құқығының жүзеге асырылуын білдіреді. Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады., билік бір қолдан екіншілерге бейбіт жолмен беріледі. Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғандығына бақылау жасау мүмкіндігін де береді.

Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер жиынтығын айтады. Жалпы алғандасайлау жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді (кандидаттарды) ұсынудың тәртібі, процесі және негізгі принциптері, оны ұйымдастыру, материалдық жағынан қамтамасыз ету, майлаушылармен жұмыс жүргізу және т. б. шаралар кіреді.

Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы занда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құқығы дейді. Онын 2 түрі бар: 1) белсенді түрі, 2) бәсең түрі. Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді. Бәсең (енжар) түрі олардың сайлану құқығын қамтиды. Сайлау құқығында солар реттеледі.

Берілген дауысты есептеу тәсілімен соның нәтижесінде орындарды бөлу принципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық, пропоционалдық және аралас түрі болып бөлінеді.

Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды.

Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті және салыстырмалы. Абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты (50 пайыз және 1 дауыс) алған талапкер саналады. Мұнша дауысты үміткердің көбі бірінші кезекте ала бермиді. Сондықтан сайлаудың екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі.

Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50 пайыздан артық дауыс алу шарт емес.

Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандатты келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады. Мәселен, мұндай мажоритарлық жүйе АҚШ, Англия, Франция, Жапонияда дамыған.

Сайлаудың мажоритарлық жүйесі қарапайым және онай сияқты көрінеді. Оның үстіне парламентте көш бастаушы партия тұрақты үкімет қалыптастыра алады. Сондықтан ол жүйе кеңірек тараған. Алайда оның кемшілікетері де бар. Оның ең бастысы - сайлаушылардың қалған 49 пайызының ( ал салыстырмалы көпшілік жүйесінде одан да көп азаматтардың) еркі, ықтияры ескерілмейді.

Пропоционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы- ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың (депутаттық орынның) арасындағы пропоционалдықты басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға дауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Еуропа елдерінде (Ұлыбритания мен Франциядан басқа) кең дамыған. Сайлаудың пропоционалдық жүйесінің кемшілігі- айлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.

Мажоритарлық және пропоционалдық жүйелердің кемшіліктерін жою үшін аралас айлау жүйелері қолданылады. Онда депутаттық мандаттың бәр бөлігі мажоритарлық жүйе принципі арқылы жеңіп алынады, екінші бөлігі партия тізімі бойынша сайлауға байланысты бөлінеді. Ұсақ партиялардың кілдерін шектеу үшін мұндайда төменгі шек қойылады. Мысалы, Германияда 5 пайыздан кем дауыс алған партияның өкілеттігі шектеледі, яғни парламентте орын ала алмайды. Бұл жүйе тұрақты үкімет құруға мүмкіндік береді.

Еліміздің сайлау жүйесіне келсек ҚР-сы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жкргілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға қатысуғақұқығы бар. Сайлау жалпыға бәрдей, тең және сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс жағдайында өткізіледі.

Жалпыға бәрдей белсенді сайлау құқығы- ҚР-ның он сегіз жасқа толған азаматарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, және мүліктік жағдайында, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатыса алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сайлау құқықтық қатынастары
САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Сайлау жүйесі
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы және сайлау жүйелері
Сайлау технологиялары
Шетел конституциялық заңнамаларындағы сайлау құқығы және сайлау жүйелерінің негізгі қағидалары
Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің ерекшелігі
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы мен сайлау жүйесі туралы
Сайлау жүйесі туралы
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz