Дене тәрбиесі арқылы қабылдауды дамыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру проблемасының тамыры терең бастаулардан алады.

Дене тәрбиесінің ілімі, педагогикалық жүйе ретінде дене шынықтыру мәдениетін, дене мүмкіндіктерін дамыту мәселесін М. Сапарбаев, Е. Уаңбаев, Ж. Оңалбек, С. Тайжанов, Б. А. Тойлыбаев, Т. Ж. Бекбатчаев, Б. Төтенаев, Э. Ж. Тлеуов т. б. зерттеген [24] .

Осы ғалымдардың зерттеулерінен тәрбие мен оқыту жұмысы тарихи кезеңдер арқылы халықпен бірге өсіп, бірге дамығандығын және оның озық дәстүрлері келер ұрпаққа мирас болып келе жатқаны белгілі болып отыр.

Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдаулар көрсеткендей, ғалымдарымыздың еңбектеріндегі тұжырымарды ескере отырып, мектеп оқушыларына дене тәрбиесі сабағындағы мәселесі арнайы зерттелініп, жүйеге келтіру қажеттілігі туындап отыр.

Зерттеудің нысаны - Мектептегі дене тәрбиесі сабағының даму және танымдық ерекшеліктері үдерісі.

Зерттеу пәні - Мектептегі дене тәрбиесі сабағының даму және танымдық ерекшеліктері.

Зерттеудің мақсаты - Мектептегі дене тәрбиесі сабағының даму және танымдық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда негіздеу және ғылыми-әдістемесін негіздеу.

Зерттеу міндеттері:

1. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының даму және танымдық ерекшеліктері процесін теориялық тұрғыда қарастыру және педагогикалық, психологиялық тұрғыда айқындау.

2. Дене тәрбиесі іс-әрекетіндегі педагогикалық маңызын көрсету.

3. Дене тәрбиесі ерекшеліктерін анықтау.

4. Дене тәрбиесі әдістемесін негіздеу .

Дипломның құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

7

1. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының даму және танымдық ерекшеліктерінің теориялық негіздері

1. 1 Дене тәрбиесінің танымдық және тәрбиелік мәніне педагогикалық талдау

Бұл процестер өзінің даму жолында көптеген өзгерістер мен толықтыруларды тәжірибе жүзінде қалыптастырды. Бұл әрине оқушылардың дене тәрбиесі саласындағы жаттығулардың оқушыға танымдық аймағын кеңейту болып табылады. Ғылым мәселесі дене тәрбиесі саласында да қарастырылатын болғандықтан оның практикалық мәнділігіне көп мән беріледі. Ал оны анықтауымызда практика жүзінде дәлелденген дүниелер болу керек. Осындай жағдайда құрылған мәліметтер мен практикалар нәтижесі анықтады:

Дене тәрбиесі арқылы қабылдауды дамыту. Жекелеген психикалық үрдістерді дамыту бастауыш мектеп шағында жүзеге асырылады. Балалар дене тәрбиесі сабағына қабылдау үрдістері едәуір жетіліп келсе де (оларда көру мен есту қабілеті жоғары екені байқалады, олар түрлі формалар мен түстерді жақсы бағдарлайды), олардың дене іс-әрекетіндегі қабылдауы түрлі фомадағы жаттығуларды және ойындарды тануға келіп оны атауға келіп тіреледі. Бірінші сынып оқушылары өздері қабылдайтын жаттығулардың қасиеттері мен саналарына жүйелі талдау жасай алмайды. Бұл жағдай арнайы жасалған тәжірибелерден айқын көрінеді. Мысалы, І-сынып оқушылары үлгі жаттығуларды жасай отырып, оның өзіне онша көңіл аудармай, бірден оның элементтерін жасауға ұмтылады. Олардың жасаған жаттығуларында орындау тәсілі әр түрлі болып шықты, тіпті бір бірінен едәуір айырмашылығы да болды, өйткені балалар оған талдау жасамаған еді. Үлгі - жаттығуды орындау ұқсас болды. Бірінші сынып оқушылары бұл жаттығуды орындап берді, бірақ оның нақты ерекшеліктері оларды қызықтырмады. Саралап қабылдаудағы кемшіліктер басқа тәжірибелерден де байқалады.

Баланың қабылдаған жаттығу түрлерін талдау және саралау мүмкіндіктері онда жаттығудың жекелеген тікелей қасиеттерін аңғару мен айырудан гөрі күрделілеу қызмет түрінің қалыптасуымен байланысты. Бақылау деп аталатын бұл қызмет түрі мектептегі дене тәрбиесі процесі негізінде ерекше жедел қалыптасады. Дене тәрбиесі сабағының үстінде оқушы қандай да бір элементтің және құралдың міндеттерін алып, ал одан кейін өзі де кең түрде тұжырымдайды. Осының арқасында қабылдау мақсатқа бағытталады. Мұғалім мен құбылыстарды көру немесе есту әдістерін (олардың қасиеттерін анықтау тәртібі, қол мен көздің қимыл бағыттары және т. б. ), бекітілген қасиеттерді жасау құралдарын (дене жаттығулары, сөз) балаларға үнемі көрсетіп жаттығуды жасатып отырады. Одан кейін бала қабылдау жұмысын дербес жоспарлау мен бастысын көмекшілерінен ажырата, қабылдаған белгілерінің иерархиясын бекіте, оларды ортақ шамасына қарай саралай отырып, және т. б. Бұл қимыл-қозғалысты түпкі ойлауға сәйкес алдын ала ойластырып іске асыра алады. Мұндай бақылау танымдық іс-әрекеттің басқа түрлерімен (зейінмен ойлаумен) біріге отырып мақсатқа бағытталған және еркін бақылау формасына ие болады. Жеткілікті дәрежеде дамыған бақылауда жеке адамның ерекше қасиеті ретіндегі баланың байқағыштығы туралы сөз қозғауға болады. Бастапқы жаттығуларда барлық бастауыш сынып оқушыларының осы маңызды қасиетін бір қатар дамытуға болатынын зерттеулер көрсетіп отыр [1] .

Дене тәрбиесі арқылы зейінді дамыту. Дене тәрбиесі сабағына келген балалардың әлі мақсатқа бағытталған зейіні болмайды. Олар өздерінің зейінін негізінен өздеріне тікелей қызықтығымен, ашықтығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін нәрселерге аударады (ырықсыз зейін), дене тәрбиесі жұмысының шарттары алғашқы күннен бастап баладан сол кезде оны қызықтырмауы да мүмкін ойындар және қимыл-қозғалыс жаттығулары назардан тыс қалдырмауды талап етеді. Бала біртіндеп жай сырттай тартымды заттарға емес қажетті дегеніне зейінін бағыттап, оны дәйекті ұстауды үйренеді. ІІ-ІІІ сыныптарда көптеген оқушылар арқылы зейінді игереді, оны дене тәрбиесі мұғалімі түсіндірген немесе жаттығуды орындауды көздей алады. Бірақта зейін, оны қандай да бір міндетке алдын ала ойластырып бағыттай білу - бастауыш мектеп шағындағы маңызды жетістік.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ырықты зейінді қалыптастыруды баланың әрекетін сырттан жақсы ұйымдастырудың, ол өз санасын басқара алатындай үлгілерді пайдалана отырып хабарлау мен сыртқы құралдарын көрсетудің зор маңызы бар. Мысалы, белгілі бір спорт түріне қатысуда оның қимылын мақсатқа бағыттап орындауда бірінші сынып оқушыларының реттілігін белгілеп отыратын сыртқы құралдарды пайдалану үлкен рөль атқарады. Оларды жасаудың дәл бірізділігі балалардың зейінін ұйымдастырады, олардың күрделі, нәзікте «ұшқыр» қимылдармен жұмыс істегенде зейінін шоғырландыруға көмектеседі.

Баланың дене тәрбиесінің өзін-өзі ұйымдастыруы алдымен үлкендердің, әсіресе дене тәрбиесі мұғалімінің жасаған және бағытталған ұйымдастыруының нәтижесі. Зейінді дене тәрбиесі сабағы арқылы дамытудың жалпы бағыты баланың мұғалім қойған мақсатқа жетуден өздері қойған міндеттің шешімін тексеруге өту болып табылады. Бірінші сынып оқушыларының ырықты зейіні олар өздерін алып жүрудің ішкі құралдарын игермегендіктен тұрақты болмайды. Сондықтан тәжірибелі дене тәрбиесі мұғалімі дене тәрбиесі сабағында бірін бірі ауыстырып отырған және балаларды шаршатпайтын жаттығуларды әр алуан түрлерін (жалпы дамыту жаттығулары, ойын элементтері және т. б. ) қолданып отырады. І-ІІ сынып оқушыларының ақыл-ой әрекетінен гөрі сыртқы іс-әрекеттерді орындауды зейіні неғұрлым тұрақты. Зейінді дамыту, сондай-ақ оның көлемін кеңейтумен және зейінді іс-әрекеттің алуан түріне бөле білумен байланысты. Сондықтан дене тәрбиесі сабағы барысын былайша қойған дұрыс: бала өз тапсырмасын орындай отырып, жолдастарының жұмысын қадағалауы керек және қадағалай алатындай етіп, мысалы, берілген жаттығуды орындап, оқушы басқа оқушылардың мінез-құлқын бақылап отыруға міндетті. Қате жіберіп алған жағдайда ол жолдастарының теріс әсерін байқап, оны өзі түзетуге тырысады. Кейбір балалар дене тәрбиесі сабағында зейінін бөле алмайтындықтан «алаңтасар» болады: олар бір іспен айналысып отырып, басқа қимыл жасап отырады.

Мұғалім қимыл ісінің әр түрін балалар бір мезгілде бірнеше іс-әрекетті бақылауды үйренетіндей (алғашында, әрине, біршама қарапайым), жалпы жанама шұғылдануға даярланатындай етіп ұйымдастыруы керек [2] .

Дене тәрбиесі арқылы есте сақтауды дамыту. Дене тәрбиесі сабағына келген жеті жасар бала көбінесе сырттай ашық және эмоциялы оқиғаларды, суреттеулерді, әңгімелесуді есте сақтайды. Бірақ дене тәрбиесі сабағы алғаш күннен бастап балаларды қимыл-қозғалыс жаттығуларын еркін есте сақтауды талап етеді. Оқушылар күн тәртібін, мінез-құлық ережелерін, үй тапсырмаларын арнайы есте сақтауы тиіс, ол содан кейін оларды өзінің мінез-құлқына басшылыққа ала білуі немесе олардың сабақты еске түсіре білуі керек. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауының табыстылығы олардың мнемикалық міндеттердің сипатын түсінуіне, есте сақтау мен еске түсірудің тиісті әдіс-тәсілдерін меңгеруіне байланысты. Есте сақтау нәтижесін баланың өзінің тексеруі тану деңгейінде ғана болады. Мысалы, бірінші сынып оқушысы жаттығу бір жасайды да таныс сияқты болып көрінгенсоң жаттап алдым деп ойлайды. Аздаған ғана балалар есте еркін сақтаудың тиімді әдістерін қолданады. Көпшілігі мектепте және үйде арнайы әрі ұзақ үйретуді қажет етеді. Мұндай жұмыстың бір бағыты балалардың мағынасы жағынан есте сақтау әдістерін қалыптастырумен (жаттығуды мағыналық бірліктерге бөлу, мағыналық топтау, мағыналық салыстыру), екіншісі - уақытпен белгіленген еске түсіру тәсілдерін, есте сақтау нәтижелерін өзіндік тексеру тәсілдерін қалыптастырумен байланысты.

І ден ІІІ сыныпқа қарай оқушылардың көрнекі қимылдары есте сақтау тиімділігіне қарағанда сөзбен айтып түсіндіру тиімділігі тезірек өседі, бұл балаларда түсініп есте сақтау әдістерінің тез қалыптастыруымен анықталады. Сонымен қатар дене тәрбиесіне дайындау үрдістері үшін көрнекі үлгілерді есте ұстау маңызды.

Үлгілі мысалға келтіру күшінің педагогикалық маңызына көптеген көрнекті Ресей педагогтары сілтеме жасады (П. Ф. Лесгафт, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, Н. К. Крупская және т. б. ) .

Кеңестік дене тәрбиесі саласының көрнекті мамандары да жеке адам үлгісін мысалға келтірудің ықпалды рөлінің дұрыстығын атап өтті В. И. Алексеев, Н. А. Бутович, Н. Г. Озолин және т. б. ) . Көрнекті үлгінің сендіруші күші балалармен жеткіншектер жасөспірімдерді өнегелілікке бейімділігі туралы айқын ойлау қабілетінің артуымен түсіндіріледі. Білім дәрежелерінің және өнерлік тәжірибелерінің әлі шектеулі, аздығына сәйкес балалар үлкендердің әрекетін, істерін, мінез-құлықтарын байқайды және оларға еліктейді. П. Ф. Лесгафт: «Балаға сөз емес, нақты көрсетілген іс басты бейнеде әсер етеді, бұл сөздің іс жүзіндегі нақтылығы, оның бойында өзінің көрген істерінің әсерімен үйренгендері жинақталады. Ол айналасында байқағандарын қайталап, өз дағдысы сана және дәстүріне айналады», - дейді [3] .

Дене тәрбиесі арқылы қиялды дамыту. Жүйелі дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу спортпен айналысу балалардың қиялы сияқты маңызды психологиялық қабілетті дамытуға көмектеседі. Бастауыш мектеп оқушыларының қандай да бір жаттығулардың шығу және құрылу шарттарын көрсетуге тырысуы - олардың шығармашылық қиялы дамуының аса маңызды психологиялық алғы шарты. Бұл алғы шарттың қалыптасуына дене тәрбиесі сабақтары көмектеседі, онда балалар қандай да бір спорт түрінен өзі қиялдаған ойларын іске асырады. Бұған көбіне бұқаралық жарыстарда көмектеседі, олар балалардың өзін сынау ойларын туғызады, ал одан соң оны айқындап көрсетудің неғұрлым мәнді құралдарын іздеуді талап етеді.

Дене тәрбиесі арқылы ойлауды дамыту. Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда (ол шамамен І-ІІ сыныптардағы дене тәрбиесіне тура келеді) олардың ойлау әрекеті көбіне әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Қозғалыс оны талдау бұл жерде көрнекі әсер ету жоспарында басым болатындықтан балалар нақтылы қимылдарды немесе жаттығуларды орындауға сүйенеді (мұндай талдауда практикалық әсерлі немесе сезімді деп атайды) .

Жүйелі дене тәрбиесі сабақта қимылдар арқылы орындау әрекеті негізінде ІІІ сыныпта бастауыш мектеп оқушысының ойлау сипаты өзгереді. Ойлаудың дамуының екінші кезеңі осы өзгерістермен байланысты. І-ІІ сыныптарда-ақ мұғалім балаларға игерілетін жүктеме көлемін жекелеген элементтері арасындағы болатын байланысты көрсету үшін ерекше қам жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланыстар немесе ұғымдар арасындағы қатынасын көрсетуді талап ететін тапсырмалар көлемі ұлғая береді. Екінші кезеңнің аяғына қарай оқушылардың көпшілігі бұрын жинақталған ұғымдары шенберінде оларды ойша талдау мен құрастыру арқылы қорытынды жасайды. Сонымен қатар практикалық пайымдаулар саны өседі. П. Ф. Лесгафттың тұжырымдауы бойынша оқушылардың ойлау қабілеттерінің даму жолдарының барынша әсерлілігі ойлау, ой жүгірту болып табылады. Дене тәрбиесі жүйесіндегі пікірлесі, ақылдасу шұғылданушыларды айқын ойлауға, ақиқаттың жалпы ережесін айқындауға және оған сәйкес дене шынықтыру мәдениеті ауқымында танымды қалыптастыру және әрекет ету болып табылады. Оқушы неғұрлым жасалған қимылға, үйретілетін қозғалыс әрекетін талдап пікірлесе, соғұрлым аз еліктейді. Пікірлесіп талдау олардың өздігінен шығармашылық белсенділік және ерік-жігер сапаларын көрсетулеріне мүмкіндік туғызады. «Пікірлесіп, талқылаусыз дерексіз ұғым болуы, ал дерексіз ұғымсыз адымның ерік-жігер қызметін атқаруы мүмкін емес», - деп жазды П. Ф. Лесгафт. Шұғылданушылардың жалпы дамуы шамасына қарай олардың қозғалыс тәжірибесінің, арнайы білімінің артуына қисынды ойлау қабілетінің дамуында мыналар қолданылады: талдау, жинақтау қорыту, сын көзбен бағалау және басқа өнегелік, ақыл-ой тәрбиесінің тәсілдері. Осындай жоғарыда талдап зерттелінген педагогика саласында қамтылған дене тәрбиесінің танымдық аймағын кеңейту мәселесі тиімді үрдісті, нәтижені қолдану, сапаға қол жеткізу және оны жалғасымды әрі дамытуды талап ету мақсатында жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта бүкіл тарихи, мәдени - адамгершілік, рухани құндылықтарымыз жаңа ғасыр, жаңа заман тұрғысынан қайта бағаланып, ұлтымыздың төл мәдениеті, салтымыз, тіліміз, ұлттық намысымыз, табиғи ортамыз, ұлттық мәдениетіміз бекіп, жаңғырып, дамып, өркендеуде.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеттері ретінде азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, басқа да тілдерді меңгеруді» - міндеттейді [2] .

Ал, бүгінгі таңда жеке тұлғаны дамытуды жаңаша көзқараспен қарап, оны әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен ғасырлар бойғы қалыптасқан тәрбие әдістері мен тәсілдерін ұштастырып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық пен инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, дарындылық, қайырымдылық, енбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді, сондай-ақ, жас ұрпақтан өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай алатын дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті азамат тәрбиелеу қажет.

Әрбір әдепті ұрпақ халық дәстүрін, ата кәсібін, халық мұрасын жоғары бағалайды. Ата кәсіп - атадан балаға ауысып келе жатқан тіршілік мұрасы, мұрагер жалғастыратын дарынды әрекет болса, халық дәстүрі имандылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Қазақ халқының әдет-ғұрып, салттары мен дәстүрлері өзінше бір ғажайып әлем.

Қазіргі қайта өркендеу, ұлттық мәдениет пен салт-сананың жаңғыру кезеңінде баспа беттерінде ұлттық ойындар, оларды қолдану жөнінде жазылған бірсыпыра мақалалар, құнды еңбектер пайда бола бастады. Солардың ішінде Е. Сағындықовтың (1991 ж. ) «Қазақтың ұлттық ойындары» атты оқу құралында халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының бірі және халық педагогикасының құрамды бір бөлігі ұлттық ойындардың тууы, дамуы, олардың ауыз әдебиетіндегі үлгілері, қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі мен жиналуы, олардың жинаушылары туралы сөз болады. Автор қазақтың ұлттық ойындарының тақырыбына, мазмұнына және ондағы көзделген мақсатына байланысты негізінен үш салаға топтастырып қарастырған. Олар: ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары, дене шынықтыру, спорт ойындары және оймен келетін ойындар екеніне, олардың баланы тәрбиелеудегі маңызына тоқталған. Ол халық педагогикасының құрамдас бөлігі екенін, оларды ана-тілі, математика, дене тәрбиесі сабақтарында және ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында үзіліс кездерінде, ұзартылған күн топтарында, ертеңгіліктер мен кештерде пайдаланудың әдістемесі жасалған.

Халықтық тәрбиенің қайнар көзі: ұлттық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ауыз әдебиетінің туындылары, өнер түрлері, ұлттық ойындар, отбасы тәрбиесі, тағы басқалары.

Ойын - тіршіліктің нышаны, еңбекке бейімделудің белгісі, дене шынықтыру мен сергудің құралы. Кез-келген қазақ халқының ұлттық ойындарының тәрбиелік мақсаттары бар. Мысалы: “Асық” ойыны бағдарлыққа, дәлдікке, мергендікке, ептілікке үйретсе, доппен ойын бүкіл дененің тұтас қимылдап, шынығуына себепші болады. Ойнаудың түрлерін: «қауымдасып ойнау, одақтасып ойнау, жеке ойнау» деп, мазмұнына қарай оларды «тұрмыстық ойындар, шынығу ойындары, кәсіптік ойындар», ал жас ерекшеліктеріне байланысты «спорттық ойындар» деп бөледі.

Ойын - халықты рухани әдептілікке, әділеттілікке баулитын тәрбиелік құралы. Сондықтан әрбір ойынның мәнін-мазмұнын түсініп, ойын кезінде қызбалыққа, дөрекілікке салынбай, әр ойынның тәртібіне әдеппен, қызыға қарап, мәдениетті түрде ойнау қажеттігіне көңіл бөлініп отырған.

Халқымыздың өткен заманда жасаған өнегелі тәжірибесі бізге қалдырған ой-парасаттық мұрасы мол. Бүгінгі ұрпақ бұрынғылардың ақыл-кеңесіне құлақ асса, адаспай, абыржымай, жаңылмай, жаза баспай арман-тілегіне неғұрлым тезірек жетуге жол табады екен. Әр замандағы ақылмандар айтып кеткен даналық сөздер тірліктің барша саласына қатысты, халықтың тәлімі қарастырмайтын бірде-бір мәселе жоқ. Өйткені тәрбие - өмірдің өзекті мәселесі. Олар өмір сүру үшін ғана жазбаған, керісінше, жазу үшін өмір сүрген. Өмір сүруді - өмірдің өзінен үйрену керек деп ескерген, өнегелі ғибраттарын, кітаптарды ауызша сөзбен қалдырған.

Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» аты еңбегі [6] қазақ топырағында тұңғыш жарық көрген нағыз ұлттық - педагогика оқулығы. Сол еңбегінде М. Жұмабаев сөз басында: «Тәрбие деген не?»- дейді де, оған жауап бере келе, оны дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі деп төртке бөледі. «Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны», - дейді. «Балам адам болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын», - деп жазып, оларды ұлттық тәрбиенің құрамдас бөліктері деп санайды.

1. Ең әуелі дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оны физиологиямен, математикамен, эстетикамен, бала психологиясымен ғылыми байланыстырып, талдау жасау арқылы, халық педагогикасын пайдалана отырып, бұл тәрбиені іске асырудың жолдарын көрсетіп берді. «Дене - жанның қабы. Дені саудың жаны сау» дейді.

2. Дене тәрбиесінің өзін 19 бөлімге бөліп, осы әр бөлімдерге жеке-жеке тоқтап, түсініктеме беріп педагог ретінде нақтылы дәлелдермен бекітеді.

Сондай-ақ, М. Жұмабаев өз еңбектерінде тәрбие халықтық педагогиканың, ұлттық тәрбиенің алатын орны ерекше екендігін анық дәлелдеген. Халықтық педагогиканың құнды жақтарын пайымды пайдаланып, ашып отырған.

Тәрбие жөнінде халықтық мұраға, оның озық жағына сүйенген Жүсіпбек Аймауытовтың ұлттық тәрбие беру туралы ой-пікірлері оның әдебиет, психология, халықтық педагогика, ондаған әдеби шығармалары мен оқу құралдарында, мақалаларында кеңінен баяндалған. Жүсіпбек өз еңбектерінде ұлттық өнердің орнын, білімді, денсаулығы мықты жас ұрпақты тәрбиелеудегі мәдени-рухани құндылықтарды жан-жақты баяндайды. Қазақтың «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді» деген мақалдарын еске ала отырып, отбасы тәрбиесін, үлгі-өнегенің орнын зор бағалайды. Тәрбие беруде оқу орындарының маңызын атап көрсетеді. «Өмірде адасқандарға жол нұсқау керек», - деді [4] .

Адам қимылының шын мәнімен жетілгендігі сол қимылды қажет еткен саналы әрекетке тікелей байланысты. Әрекетті құрайтын қимылдар тобы белгіленген мақсатқа орай басқарылады және реттеледі. Дәл осы орындалатын әрекеттің нәтижесі қойылған мақсат тұрғысынан бағаланады, қажет болса оған түзетулер ендіріледі. Адамның көздеген мақсаты нақты осы мезетте көрінбейді, ол ендігі орындалатын әрекеттің жемісі.

әл-Фарабидің еңбектерінде: «Мәселен, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен рол атқарады. Алдымен тән түйсігі, кейіннен барып дәм, иіс айыратын түйсіктері, заттың түрін, түсін, пішімін түсіне алу қабілеті пайда болады. Адам психикасы негізінен өмір барысында оқу-тәрбие үстінде қалыптасады» [14] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың қазiргі жәй-күйiн талдау
Мектептерде дене тәрбиесі сабағының құрылысы, мазмұны, ұйымдастырылуы
Әсем мүсінді қалыптастыруға арналған дене жаттығулары
Эстетикалық тәрбие мәнін зерттеу
Оқушыларының дене тәрбиесі
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Адамгершілік принциптері әлеум
Оқу-тәрбие процесінде эстетикалық тәрбиесінің алатын орнын анықтау
Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері
Мектептегі бұхаралық дене шынықтыру спорттық шаралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz