Сәндік қолданбалы өнер және дизайн


Құрманғазы атындағы саз колледжінің
«Сәндік қолданбалы өнер және дизайн»
Бөлімінің дизайн мамандығының 3 курс
Оқушысы Әділжан Ақеркенің «Ұлттық
ою - өрнектерді кешкі көйлекте қолдану»
атты курстық жұмысына
Пікір
Әділжан Ақеркенің курстық жұмысы теориялық бөлімнен тұрады.
Теориялық бөлімінің кіріспесінде тақырыптық өзектілігі, киімнің міндеті мен мақсаты, киімнің шығу тарихы, жас ерекшелігіне байланысты қолданылуы туралы мәліметтер орындалды.
Бірінші бөлімінде сәннің қызыметі мен құрылымы, киімнің атқаратын инновациялық, регулятивтік, психологиялық, әлеуметтік, мәртебелік, коммуниктивтік, экономикалық қызыметтері, түстер және олардың негізгі қасиеттері жан - жақты қарастырылған.
Екінші бөлімде костюмнің бөлшектерінің құрастырылу және технологялық өңделу барысы, мата тану туралы мәліметтер, киім тігу барысында қолданылатын өлшемдер туралы мәліметтер толық берілген.
Жалпы курстық жұмыстың теориялық және практикалық бөлімдері толығымен жақсы орындалған. Тақырыптың мазмұны толықтай ашылып, зерттеу жұмысы нәтижелі орындалған. Курстық жұмыс талапқа сай жазылған сондықтан, қорғауға лайықты деп есептеймін.
Жетекші: С. Н. Бозова
Түсініктеме
Курстық жұмыстың тақырыбы: Ұлттық ою өрнектерді кешкі көйлекте қолдану. Тақырыпты таңдаған себебім, біздің ата - бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою - өрнектермен безендірген. Ою - өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, “Орнамент” (әшекей) деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан. Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі - ою - өрнек. Халқымыздың ұлттық киім түрлері өте көп. Олар өзінің көз тартарлық әсемділігімен, ою - өрнегімен, сәнділігімен осы кезеңге дейін жоғары бағаланады. Бір орында тұрмай мезгіл сайын өзгеріп отыратын сән талабына сай, қазіргі заманның кешкі көйлегімен, ұлттық ою өрнегімізді бірлестіре отырып заманға сай сәндік көйлекті тігіп шығу.
Менің түсінігімде ою - өрнек дегеніміз - дәлдік, есеп, теңдік, теңеу,
үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл - күйдің жақсылылығы, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ұлттық киім үлгілерімен, ұлттық ою - өрнектер элементтерімен композиция құру шеберлігін дамыту, курстық жұмыс барысында эстетикалық талғамға ұқыптылыққа үйрету. Ұлттық ою өрнектерімізді заманға сай кешкі көйлекте қолдану
Білімділік: Халқымыздың ұлттық киім түрлеріне, олардың ою - өрнек түрлеріне сипаттама беру.
Дамытушылық: Ойлауды, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жеке жұмыс істей білуге, әдемілікті сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамды, икемділікті қалыптастыру. Ою - өрнектің сырына мән беру арқылы ой - өрісін, білімін жан - жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың тәжірибелік мәні: Киім тігу үшін оның көркем образын қабылдай алу керек. Киімде көркем образ қалай пайда болады? Көркем образ дегеніміз не? Жалпы осы сияқты сұрақтар дизайнерді емес көрерменді көбірек мазалайды. Дегенмен, кез келген жасаған зат объекті бола бермейді, оны қазіргі заман өнерінен анық байқауға болады. Көркем образ объектіне эстетикалық жолмен құрастыру, ал оны қабылдау индивидуалды ішкі және сыртқы психологиялық материалмен байланысты.
Киім адам үшін өте қажет нәрсе болып табылады. Киім адам денесінің 80 пайыздан астам жерін жауып тұрады және табиғаттың қолайсыз жайттарынан қорғайды, киім конструкциясы денені еркін тыныс алуына, ыңғайлы жүріп - тұруына, сондай - ақ адамға көрік береді.
Курстық жұмыста қолданылатын материалдар: Маталық бекітпе (замок), ілгек, желімдік мата, жіп, бисер моншақ, қайшы, негізгі матаға органза, астарлық матаға атлас қолданылған.
Органза мөлдір, қатты мата, жеткілікті икемді және тығыз. Оны әмбепап қолдануға болады. Атлас бір жақ беті жылтыр келген жібек мата. Атлас астар матаға қолдануға өте ыңғайлы. Органза мен атлас бір біріне керемет үйлеседі және ыңғайлы. Көйлек жеңі органзамен әсемделген, қынама сұлбалы, ұзын етекті, белінен кеудесіне дейін бисер моншақпен өсімдіктектес ою өрнектермен кестеленген, белінде жіңішке белдігі бар, өте нәзік көйлек. Көйлектің сол жақ қолтық ойындысынан төмен маталық бекітпемен бекітілген. Артқы мойын ойындысында ілгек қолданылған. Көйлекті сахнаға, кештерге, қыз ұзату тойына киюге болады. Таңдалынған көйлектің түсіне келер болсақ өте нәзік, әр мезгілге қолайлы, адамның реңін ашатын сүт түстес түс. Бұл түс түріне ешкім алаңдамау керек. Бұл түс әмбебап болып табылады және сыртқы келбетке, шашқа және көздің түсіне қарамастан кез келген кескінді толықтыра алады. Ең қызығы, ол фигураның түріне және жасына қарамастан бәріне әдемі көрініс береді. Курстық жұмысқа бұл көйлекті таңдау себебім нәзік, қыз келіншектерге киюге арналған, көп жағдайда киюге қолайлы. Заманға сай және қазақи нақышта қолданылған. Көп адамның көңілінен шығатын әдемі көйлек.
Көркемдік тапсырмаға сәнді пішінмен бұйым пішімін жасау, бөлшектердегі және пропорцияны табу, бұйым бөлшектеріндегі ырғақты анықтау жатады. Киімнің үйлесімділігі таңдалған материалға анықталған конструкциясы оның киілуінде, пішілуінде, үтіктеуді, тазалауды, әртүрлі қозғалысқа ыңғайлылықты бәрін есепке алады.
Ендігі міндет ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем, рухани қазына ретінде пайдалана білу. Қазақ қолөнерінің күрделі саласы ою -өрнекті әлі де ғылыми тұрғыдан тереңірек зерттей түсу керек. Өйткені, ою-өрнек өнері осы уақытқа дейін белгілі бір жүйеге келтірілген жоқ.
Сан ғасырлар бойы халықтың рухани да, материалдық та игілігіне айналған осынау ою - өрнек өнері бүгінгі күннің талабына орай, халық арасынан шыққан іскер - шеберлердің шығармашылық ізденістері нәтижесінде одан әрі дамып, жаңа түр, соны мазмұнға ие бола түсуде.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I Композициялық бөлім
1. 1. Композицияға түсініктеме . . . 5
1. 2. Сәнді көйлектерде қолданылатын ою өрнек түрлері . . . 10
1. 3. Сәнге бағыттама . . . 16
II Маталарға дәйектеме. Таңдау және тиімді өңдеу
2. 1. Киім үлгісі, мата туралы түсінік . . . 19
2. 2. Бұйымға берілген өлшемдер . . . 25
2. 3. Көйлектің тігілу технологиясы . . . 28
Қорытынды . . . 31
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 32
Кіріспе
«Жастар - еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтып, сол жастардың болашағы, Қазақстанның ертеңгі тағдыры сіз бен біздің бүгінгі қызыметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты екенін әрдайым жадымызда ұстаймыз. XXI ғасырдағы жастарға заман талабына сай білім беру қажет, сондықтан жас ұрпақтың рухани мәдениетін қастерлеу және дүниежүзілік мәдениетке қол созуы басты мақсат. Сол мәдениеттің бір саласы қазақ халқының ұлттық киімдерінің және ондағы ою - өрнек әуендерінің ерекшеліктерінің дамуы. Халқымыздың ұлылығы тек сапамен ғана емес, азаматтың ой - санасына қосқан ұлттық өнер үлгісімен есептеледі. Осы тұрғыдан алғанда ұрпағын жан - жақты тәрбиелеуге арналған қазақтардың этнопедогогикасының бай мұрасының жүздеген жылдар ақын - жыраулар, ойшылдар жасап кеткен ауыз әдебиетінің ұлттық қолданбалы қол өнерінің көркемдігі дүниежүзілік деңгейге тартса, қазақ ұлты ұлы өркениетті ұлттар қатарынан көрінетіні сөзсіз. «Бүкіл адамзаттың келешегі - жеткіншектердің қандай мұраттар негізінде тәрбиеленіп, қалай өсуіне, кемелдеуіне байланысты. » - деген екен ғұлама жазушы Ғабит Мүсірепов.
Қазақ халқының қол өнерінің басты бір саласы киім тігу. Киіну үрдісі бір орында тұрып қалмай, үнемі алға қарай дамып отырады. Сән талабына сай киімді жаңғыртып отыру адам мәдениеттілігінің де белгісі. Адам мемлекеттің бір мүшесі деп бағамдасақ, біздің үстімізге қандай киім кигеніміз Қазақстанның қандай мемлекет екендігін талассыз танытып тұрмақ. Ізденіске ұсынылып отырған бұйым барлық жас қыздарға арналған ұлттық нақыштағы сәнді көйлек. Бұл бұйымды жобалаудағы мақсат, кештерге киюге лайық бұйым қарастыру. Күнделікті киюге арналған сәндік бұйымдар аясы өте кең екенін ескере отырып, ұлттық нақыштағы үлгілерді жобалау сұраныстағы бұйым екенін ізденіс нәтижесінде түсіндік.
Киімге қойылатын алуан түрлі талаптар қатарында гигиеналық, әсемдік, пайдалану техникалық, үнемділік талаптарын ерекше атауға болады. Ол киім сатып алушылардың талап талғамдарының үздіксіз өсуі халықтың хал - ахуалының талап талғамдарының және мәдени деңгейінің көтерілуі әсерінен үнемі жаңарып отырады.
Ұлттық ою - өрнектерді кешкі көйлектерде қолдану. Сонымен кешкі сәндік көйлекті тігуде курстық жұмысты ашу үшін, зертеу обьектісіндегінегізгі жұмыстың мақсаты мен міндеттердің нәтижелеріне тұжырымдық талдау жасалады:
Зерттеу жұмыстың мақсаты: Кешкі көйлектің эскизін салып, ұлттық ою - өрнектерді кешкі көйлекке қолдана отырып, көйлекті тігіп шығу.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
- Ұлттық ою - өрнектерді кешкі көйлектерде қолдану өңдеу әдістерінің технологиясын теориялық және практикалық тұрғыда талдау.
- Ұлттық ою - өрнектерді кешкі көйлектерде қолдану өңдеу әдістерін тігілу мақсатында қолданылатын матасын, пішімін, ою - өрнегін, тігілу әдісін анықтау.
Зерттеу жұмыстың жаңалығы:
- Ұлттық ою - өрнектер қолданылған кешкі көйлек нобайы жаңа үлгіде таңдалды;
- Ұлттық ою - өрнек қолданылған кешкі көйлек киімінің матасы таңдалды;
- Ұлттық ою - өрнек қолданылған кешкі көйлек өңдеу әдістерінің күрделі пішімі анықталды;
- Ұлттық ою - өрнек қолданылған кешкі көйлектің ою өрнегі кестеленді;
- Ұлттық ою - өрнек қолданылған кешкі көйлек тиімді өңдеу технологиясымен тігіледі.
- Ұлттық ою - өрнек қолданылған кешкі көйлек теориялық және практикалық тұрғыдан талданды;
Зерттеудің практикалық маңызы:
Зерттеу нәтижесінде «Ұлттық ою - өрнекті пайдалану арқылы әйел адамдарға арналған сәндік көйлек өңдеу әдістерін меңгеру»
Киім тігуді үйренудің теориялық және практикалық негіздерін меңгеру. Зерттеу жұмысының тәрбиесі әсемдікке, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Ұлттық ою - өрнекті пайдалана отырып әйел адамдарға арналған кешкі көйлектің өңдеу әдістерін үйренудің тиімді жолдары қарастырылды. Бұйым ою - өрнекпен әшекейленіп, қазіргі сән талабына лайық етіп тігіледі.
Іс тәжірибелік тиімділігі ұлттық ою - өрнек қолданылған кешкі көйлекті тігудің жаңа технологиясын үйрену, сәннің қазіргі бет алысына, өзгерістеріне орай, жаңа заман талабына лайықты етіп даярлау мәселесі қарастырылды. Әйел адамдарға арналған ұлттық ою - өрнек қолданылған кешкі көйлекті тігуде және ою өрнекті дұрыс қолдану әдістерін курстық жұмысқа арқау ете отырып жазылған.
Сәннің негізгі мақсаты адамдарды сәнді де, әдемі, ыңғайлы, жас ерекшеліктеріне сай әдемі, әшекейленген сонымен қатар ұлттық салт дәстүрін сақтаған киім үлгілерімен қамтамасыз ету. Сән мен киім әрқашанда қоғамдық даму кезеңдерінен белгілі бір бағыт аралығында қозғалып, өзгерістерге ұшырап отырады. Сән адамзат пайда болғаннан бері бірге жасасып келеді.
Өз еліміздің егемендігін алып, ұлттық өнерімізбен салт дәстүріміз қолға алынғалы ұлттық сеніміміз оянып ұлттық киімдерімізді сән бағытына енгізіп, ұлттық элементі бар киімдер жобалау жұмысы біраз сән үйлерінде іске асырылуда.
Композициялық бөлім
1. 1. Композицияға түсініктеме
Композиция жан - жақты қамтитын, бүкіл элементтері өзара байланыста және үйлесімдік біркелкі болатын тұтас шығарманың құрылымы. Ол латын сөзінен алынған «compositio» - құрастыру, бөліктерді іріктестіру деген мағынаны білдіреді. Қандай да болсын киімнің композициясына сызықтар, пропорциялар, сұлба, сарын, түр, сәндік қосымшалар сипаттамалары болып табылады. Композицияның әсемдігі бірдеен көзге түсетін элементтер.
Композиция дегеніміз латынның ою өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөззі, ою өрнек кесеге салынатын болса ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табуы керек. Өрнек үшшін симметрияның да маңызы зор, оның екі жағының бірдей болуы симметрия заңы. Ою өрнектердегі бояу түрлерінің бір бірімен үндесіп, жарасым табуын колорит дейді. Колорит көп болуы ою өрнектерде жиі кездеседі.
Композицияның категориялары: тектоника мен кеңістіктегі көлемді құрылыс.
Тектоника дегеніміз - бұйымдарды конструкциялау жұмысы барысында материалдан әзірленетін бұйым формасының бейнесін ойлап көру. Мысалы, костюм тігу үшін қажетті матаны таңдап алу оны ойша шолып шығу, мата суреттерінің орналасуын анықтау.
Кеңістіктегі көлемді құрылысты анықтау үшін тігілетін киімнің қолдануына қарай киімнің формасын, ондағы жекеленген элементтердің бүрмелердің орналасуына көңіл бөле отырып материалдарды таңдап алу.
Композицияның бұл категориялары бір - бірімен өте тығыз байланыста. Тектониканың қателесуі киім формасындағы кемшіліктер мен оның жекеленген элементтерінің кемшіліктерін көрсетеді.
Костюмнің сәні түрлі әсемдеу детальдардың, әсемдік бұйымдар мен түстердің үйлесімділігін орынды қолдану нәтижесіне байланысты. Қазіргі заманғы киімдердегі сәнді тігістердің үйлесімділігі әдетте түрлі реңктегі бірнеше топтардан тұрады, өзара жақын (сарғыш - қоңыр мен қоңыр, көк пен көглдір), сонымен қатаркөзге қонымды (ақ сары, қызғылт, ашық жасыл, ақшыл, сұр, ашық көк т. б. ) түстерді сәйкестіре пайдалану арқылы әсемдікке қол жеткізуге болады. Қара немесе көк түсті ақ түспен араластыра қолдануға болады. Олар бір бірінен айқын көрініп тұрады. Мұндайда әр түстің пропорциялары бір үлгіде немес ансамбльде нақты сақталғанының маңызы зор.
Сәндік ұғымына киімнің әсемдігі ғана емес сонымен бірге нақты жағдайға байланысты киіне білу, адамның шұғылданатын ісіне, жас шамасының сәйкестігін де ескеруі жатады. Жастар ашық бояулы тіпті әдеттегіден ерекше тігілген, көбіне көп спорттық, халықтық үлгіде киімдерді киюге болады. 30-жасқа келген қыз - келіншетер өзінің сыртқы пішіміне лайық, бітім сұлулуғын айқындап киімдерді таңдай білу керек. 40-тан асқан әйелдер дене бітіміндегі кейбір кемшіліктерді жасырып тұратын жағын ойластырғаны жөн. Толық денелі жас әйелдер толықтықты жасырады екен деп тымқоңырқай түсті киім киюмен шектелмеген жөн. Ең бастысы, киімнің түсі мен формасында белгілі бір талғамды сақтай білу қажет, әрине бұл жөнінде костюм композициясы жөнінде білімді талап етеді.
Өндірістегі киімді жобалаудың көркемдік және инженерлік жобалау барысында, әсерлік тұрғыда киім үлгілерін жобалаудың мүмкіндіктерін атауға болады. Мысалы киім үлгілерін жеке адамға арнап жобалауда мынадай ерекшеліктерді:
- Жеке адамның қабылдауын;
- Жеке адамның киімді сезінуін;
- Жеке адамның дене формасын және оның айналада қабылдауын;
- Жеке адамның киімге қатынасын;
- Киім кию мәнерін;
- Жеке адамның мінез құлқын;
- Бірінші қажеттілікті;
- Киімнің тәрбиелік мәнін ескеру;
Жобалау процесінде киімді қабылдауда психологиялық әдістерді қолдану арқылы киімнің әсерлік сапасын жетілдіріп, тұтынушының эстетикалық талғамын арттырамыз. Себебі, киімді жобалау жүйесі басқа да жүйелермен байланысты. Атап айтсақ, тұтыну жүйесі, антропометрия жүйесі, киімнің психологиялық жүйесі, имиджиология жүйесі, моданың даму жүйесі, тәрбие беру жүйесімен тығыз байланыста. Осыған орай жоғарыда атап өткендей киім үлгілерін тұтыну барысында, жеке адам бойында эстетикалық талғамын дамытып, эстетикалық тәрбие беруде өнердің өзіндік эстетикалық аспектілерінің (бұйымның түсі, сызықтары, симметриясы, пропорциясы, формасы, ырғақтылығы, материалы және т. б. ) мүмкіндіктері үлкен.
Басқа да қолөнер саласы секілді киімді модельдеу барысында өзіндік композиция заңдылықтары мен ережелері бар. Композиция - құрастыру, шығару деген мағынаны білдіреді. Костюм композициясы ережелеріне сәйкес өндіріс орындарында, шағын тігін шеберханаларында, сондай ақ тігін сән ательесінде түрлі киім үлгілері дайындалуда. Суретші - модельер өнер туындысын әзірлеуде өз ойын толық жеткізу үшін осы композиция заңдылықтарын меңгеруі қажет. Бұл заңдылық бойынша көркем шығарманың барлық құрамдас бөліктерін гормониялы тұтастығы, сонымен қатар функциональдылығы мен конструктивтілігі және киім формасының кейіпкерлігінің өзара үйлесімділігі ескерледі. Мұндай тұтас композиция заңдылығы бар туындыны шығару кәсіби суретшілердің басты міндеті болып саналады.
Әдебиеттерге шолу нәтижесінде композицияның негізгі заңдылықтары мен ережелеріне мыналар кіретіндігі анықталады:
- Композициядағы барлық құралдар киімнің қолдануына сай келіп оны айқындай түсуі қажет.
- Композициядағы барлық элементтері мен бөліктері бір біріне мөлшерлес әрі өлшемдес болуы қажет.
- Міндетті түрде композициялық орталық болу тиіс.
- Композиция тұтас болуы қажет.
Бірінші заңдылыққа байланысты бірнеше ережелерді атап өтуге болады, бірінші ереже: киімнің қолдануына байланысты оның формасына сай келуі әрі біртұтас үйлесімділігінде. Мысалы, шомылуға арналған киім денеге қынамалы болып, тұлға формасын айқындап тұратын формаға ие болса, адамның суда жүзуіне ыңғайлы болады, ал керсінше түнгі көлектің формасы кең, қимыл қозғалысқа ыңғайлы етіп, ауа өткізгіш материалдан тігіледі. Сонымен, киім формасы оның қолдануына сай келсе, онда киімнің арта түседі.
Екінші ереже: киімнің қолданылуы мен формасына материалының сай келуін суретші - модельер алдын - ала ойластыруы қажет. Мысалыға, жоғарыда айтылған шомылуға арналған киім денеге қынамалы болу қажет дедік, осы формалы, шаршаулы, бүрмелі көйлек немесе қатпарлы белдемшелерді жасауға болмайды, мұндайда көп қыртыстанбайтын матаны пайдаланған жөн. Тез қыртыстанатын матадан жеңсіз, жағасыз етегі кең, қарапайым формалы киімдерді тігуге болады. Дегенімен, қазіргі уақытта ғылым мен техниканың өркендеуі нәтижесінде тоқыма өндірісінде түрлі жоғары сапалы, әрі түрлі қасиетке ие материалдар шығарылуда. Осы материалдарды қолдануда, дайындалатын киім моделінің тұтыну мақсатына орай киім матасының сай келуін ескеріп, оны дұрыс пайдалана білуді қажет етеді.
Үшінші ереже: киімнің формасының және матасының, тұтыну мақсатына орай сәндеу элементтерінің сай келуі. Киімді композициялауда кез келген сәндеу элементтерін қолдануда, оның түрі мен атқаратын ролін айқындау қажет, яғни сәндеу элементтері матаның қасиетіне, фактурасына, киімнің қолданылуына және формасына қайшы келмеуін ескеру. Мысалы, нәрестелердің мақта матасынан тігілген жейдесіне жеңіл кесте немесе жұмсақ тоқыма бау, таспа бауларды қолдану арқылы киімнің көркемдік шешімін табуға болады.
Жазғы ыстық аптада киетін киім матасы салқын болатын кенеп немесе мақта материалдарын қолданамыз. Бұл маталардан тігілген киімдерге кесте, мережка немесе аппликация, баспа суреттер, таспа баулар, тоқыма бауларды қолдану арқылы киімнің сапасын арттырамыз. Кей жағдайларда сәндеу арқылы киімнің композициялық шешімділігін, тұтастығын нашарлатып, киімнің қолдануына кері әсер етеді, оған мысал, оқушылардың мектеп формасына шетелдік эстрада әншілері мен түрлі тақырыптық суреті бар аппликация мен баспа суреттерді қолдануға болмайды. Бұл жерде, әрбір мектеп оқушысының жас ерекшелігіне сай олардың қызығуы мен мақсаттарын ескере отырып бастауыш, орта буын, жоғары сынып оқушыларына арнап маңызды тақырыпқа ие эмблемалар қолдану арқылы оның көркемдік шешімін арттырамыз.
Композицияның екінші заңдылығы бойынша композицияның барлық элементтері мен бөліктері бір біріне мөлшерлес әрі өлшемдес болуы қажет, яғни киімнің жеке бөліктерінің (жең, өңір) өлшемдерінің, мата түсімен фактурасы (белдемше, жейдемен, көйлек сәнді жаға мен белдік т. б. ), жеке бөлшектері (жаға, қалта т. б. ), сәндеулері (кесте, аппликация, түйме, қатпар, шаршаулар, рельефті тігістер т. б. ) бір біріне өлшемдес әрі мөлшерлес болуы қажет.
Композицияның үшінші заңдылығы бойынша міндетті түрде композициялық орталық болуы тиіс, яғни киімді композициялауда ең басты нәрсе киімдегі композициялық орталық болып саналады. Композициялық орталықты назар аудару орталығы деп түсінуге болады. Киімдегі композициялық орталық бант, гүл, мойын шалғы, белдік және т. с. с. сәндеу элементтері немесе киімнің жағасы, иініші сонымен қатар киім матасының түсі, пішімі, екі үш түстің үйлесімі болуы мүмкін. Барлық жағдайда да негізгі басты орталық композицияның басқа элементтерін толықтырып оны айқындай түседі.
Композицияның төртінші заңдылығы - композиция тұтас болуы қажет. Киімнің композициялық бірегейлігі тұтас болуы ондағы басты элементке жеке элементтердің бағынышты болуында. Киім композициясының тұтас болуы ойды толық жеткізуіне әсер етеді, әрі ол жеңіл қабылданады. Костюмнің барлық бөліктері, аумагы, пішімі, түсінің өзара сай келуі әрі қосымшалармен үйлесімді болып, адаммен бәсекеге түспеуі қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz