Электрондық оқулық ұғымы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
І Электрондық оқулық ұғымы
1.1 Оқытудың компьютерлік құралдарын жасау әдістемесі ... ... ... ... ... ... . .
4
1.2 Электрондық оқулықтың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.3 Электрондық оқулықтардың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
ІІ Электрондық оқулық құру кезінде қолданылған бағдарламалар және оқулықтың құрылу кезеңдері
2.1 AutoPlay Media Studio 8.0 бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
2.2 AutoPlay Media Studio бағдарламасында жасалған Экономика негіздері оқулығы бойынша электрондық оқулық ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
28
Қосымша
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру саясаты еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Бүгінгі таңда заманымыздың негізгі талабы - қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі құралы - компьютерді жетік меңгеру, ақпараттық-коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты - оқушыларды қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
Оқушының білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан оқу орынында техникалық материалдық базасының жабдықталуы да әсер етеді. Оқушының алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек. Соңғы кездері оқу орындар сабаққа қажетті электрондық оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды.
Білім берудің кез келген саласында электронды оқулықтарды пайдалану студенттердің немесе оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлауын тереңдетуге шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды. Осы уақытқа дейін білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе тек оқулықты пайдалану заман талаптарына сай келмейді.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Курстық жұмыс, яғни электронды оқулық AutoPlay Media Studio бағдарламасында жасалған. Электронды оқулықтың мақсаты Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер, зертханалық жұмыстар, презентациялар, тест тапсырмаларын оқушыларға өз бетінше оқыту. Сонымен қатар жобада іс-тәжірибе жүзінде мүлде дайындалмаған пайдаланушыға бағдарламамен жұмыс істеуді тез үйренуге мүмкіндік беретін, өте ыңғайлы пайдаланушы интерфейсі қамтамасыз етілген.
Барлық пәндерде электрондық ресурстар оқушылардың сабаққа деген ынталарын, назарларын, қызығушылықтарын арттырып, білім деңгейлерін жоғарылатады. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.
І ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ
1.1 Оқытудың компьютерлік құралдарын жасау әдістемесі
Компьютерлік оқу кұралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақгарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мүғалімдер де жиі айтып келеді. Соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.
Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсіддерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:
- компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;
- оқу процесш компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;
- компьютерге жүктелетін функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;
- әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу кұралын жасау.
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мүғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отырған мүғалім көбінесе компьютерлік оқу құралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуда арналған ақпараттық-оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің "алшақтығы" білім берудің негізігі принципі деп айтуға болады. Бүл принциптің негізінде берілген материалдарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу кұралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу кұралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын - ала анықталады.
Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:
- таратылып берілетін оқу материалдары;
- бақылау жөне тестен өткізу материалдары;
- жаттығулар;
- сыныппен (топпен) немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге арналтан әдістемелер;
- әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін катарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;
- экранная берілетін барлық ақпараттық-оқу материалдарын компыотердің мультимедиалық мүмкіндігіне жөне сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.
Компьютерлік оқу кұралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар кұрайды. Ол алдын -ала жоба бойынша анықталган компыотерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.
Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу кұралын даярлау көпжакты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет.
1.2 Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Электронды оқулық дегеніміз - электрондық тасуышта файл түрінде ұсынылған оқу материалдары. Белгілі бір оқу курсын немесе оның үзінділерін оқып білуге тағанындалған жеке мәтіндік файл, безендірулер, аудио және бейне үзінделер ретінде де және олардың реттелген жиынтығы ретінде де енгізе алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады. Курстық жұмыс, яғни электронды оқулық AutoPlay Media Studio 8.0 бағдарламасында жасалған. Мақсаты оқушыларға арналған электрондық оқулық жасау, аспаптық құралмен теория мен тәжірибені ұштастыра игеру, мультимедиялық технологиямен таныстыру, сонымен қоса өзге программаларды қосу арқылы электрондық оқулық құру. Сонымен қатар жобада іс-тәжірибе жүзінде мүлде дайындалмаған пайдаланушыға бағдарламамен жұмыс істеуді тез үйренуге мүмкіндік беретін, өте ыңғайлы пайдаланушы интерфейсі қамтамасыз етілген. Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.
О.Камардинов, О,Сейтқұлов зерттеулерiнде электрондық оқулықтарды пайдаланудың жалпы педагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. Информатика курсында электрондық оқулықтарды пайдаланудың тигiзер әсерiнiң психологиялық-педагогикалық негiзi В.М.Монаховтың, А.Я.Савельевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе, оны тиімді пайдалану әдістемесi - Я.Ваграменский, С.Гримм және т.б. әдіскерлердің оқу-әдістемелік құралдары мен оқулықтарында, монографиялары мен ғылыми еңбектерiнде келтiрiлген.
Дәстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар жеткілікті дәреже меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Қорыта айтқанда, компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар:
1. қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;
2. оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар проблемаларды талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен бақылайды. Бұл кезде мұғалім - оқушы арақашықтығын ұстау болмайды.
Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы жанды болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді.
Оқылатын пәннің әр тақырыбын авторлар көзбен көру арқылы ұсынған. Мектеп оқушылары оқу материалын көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, тарихи және географиялық карталарды, көркем экспонаттарды және тағы басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады. Электронды оқулықта, қарастырылып жатқан құбылыстардың өзара байланысын және олардың түпкі мағыналарын ашатын жан бітірімдер ерекше орын алады. Мысалы, оқушы физика, химия, биология пәнінен тәжірибелер жүргізіп және зертханалық жұмыстарын үйінде отырып компьютерде орындай алады.
Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі балалардың жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне - материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені оқушы электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды.
Ал бұның мұғалімге қандай көмегі бар? Оқу материялы түгелдей көркемделген. Мұғалімге көрнекі дидактикалық құралдарды даярлау қажет емес. Көркемделуі кәсіби деңгейде орындалған. Слайдтар - бұл принтер арқылы қағазға басып шығаруға болатын қолайлы таратылым материалы..
Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарын талдап алуға болады (1-кесте).
1-кесте
Электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтары
Тиімді жақтары
Тиімсіз жақтары
+ Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды;
+ Оқушы оқулықты қажет етпи-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады;
+ Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады;
+ Таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіндік бар;
+ Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі;
+ Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген;
+ Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады;
+ Мұғалімге әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады;
+ Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал ету;
+ Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.
+ Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы;
+ Пән аралық байланыстың аздығы;
+ Көрнекілік материалдарда біріңғай талдау;
+ Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыт ескерілмеген;
+ Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген;
+ Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі, тірі қарым-қатынасқа түсе алмауы.
Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:
· компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
· компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
· компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
· дәстүрлі және электронды оқытуды кірістіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электронды оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
· кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
· жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;
· гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Кез келген пән бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:
· белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
· электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға
қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
· белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.
Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:
· білім мониторингісі;
· сауалнамалар;
· түрліше тестілік бақылаулар;
· жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т.б.;
· оқушыларды сырттай бақылау.
Электронды оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды информатика сабағында пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.
Электронды оқулықтың негізгі қасиеттері:
· жинақтылық;
· жүйелілік;
· эстетикалық көркемділігі;
· жылдамдылығы және т.б.
Электронды оқулықтың құрылымы:
· материалдың мәтін, сурет, график, кескін, кесте және т.б. түрде
баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді;
· материалдың кескін түрінде баяндалуы - оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу;
· өзіндік тексерудің(өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу
материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
Электронды оқулықтың құрылымдық элементтері:
· сыртқы беті;
· титулдық экраны;
· мазмұны;
· аннотация;
· оқу материалының толық баяндалуы;
· оқу материалының қысқаша мазмұны;
· қосымша әдебиеттер;
· өзіндік білімді тексеру жүйесі;
· өзіндік бақылау жүйесі;
· авторлар тізімі;
· терминдік сөздер;
· оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;
· оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.
Электронды оқулыққа қойылатын талаптар:
· жан-жақтылығы;
· ізгіліктілік;
· бейімділігі;
· модульдік;
· экономикалық тиімділігі;
· тұтынушыға бағдарлау.
Электронды оқулықты құрастыру алгоритмі:
· оқу пәнінің мазмұндық көлемін бағалау;
· үйренушінің білімділік, икемділік дағдыларын қалыптастыру;
· оқу материалын өзіндік білім алу деңгейіне бөлу;
· глоссарий дайындау;
· лекциялар конспектісін дайындау;
· тест материалын дайындау;
· материалдарды электрондық түрде дайындау;
· өзіндік және практикалық сабақтардың материалын дайындау.
Электронды оқулықтың құрамы:
· аннотация;
· пән туралы қысқаша ақпарат;
· жұмыс бағдарламалары;
· электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;
· ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
· теориялық материалдар(лекция конспектiлерi);
· теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;
· практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
· практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының
тiзiмi;
· бақылау тапсырмалары;
· лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
· бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;
· бақылау тестiлерiнiң жинағы;
· телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация
түрлерi мен графигi;
· глоссарий;
· әдебиеттер тiзiмi және интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;
· озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
· үйренушiнiң жұмыс папкасы;
· мұғалiмнiң жұмыс папкасы.
1.3 Электрондық оқулықтардың маңыздылығы
Бүгінгі таңда адамзат әртүрлі сферада жаңа ақпараттық технология кұралдарын қолданып, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізуде. Отандық және шетелдік оқу процесіндегі компьютерлендіру туралы кез-келген басылымда, кез-келген пәнді оқытудың маңызды жақтарын қарастырған. азіргі қоғамда көріп отырғанымыздай ақпараттық технологияның дамуы, білім берудегі интеграциялық процесстің дамуы, ақпараттандырылған қоғамда қол жеткізілген нәтижесінің бірі болып білім беруде қашықтан(дистанциялық) оқыту формасының ортаға шығуы және оның дүниежүзіне жайылуын ортаға алып келіп отыр. Жаңа ақпараттық технология арқылы білім беруде: ең жоғары университет және институттарға ғылыми жетістіктерді және тәжірибелі ұстаздардың білімін игеруге, жан-жақты білім алушылардың санын көбейтеді. Қазіргі таңда шетелдерде кез-келген тақырып бойынша мәліметтерді алу үшін Интернетті пайдалануда өте бай тәжірибеге қол жеткізген. Білім беру мақсатындағы ақпаратты ресурстардың шарты белгілері мыналар:
· Электронды(мультимедиялық) оқулық, қашықтан оқыту курсы;
· Анықтама мәліметтері(сөздік, энциклопедия, карта, деректер
базасы);
· Электронды кітапханалар: тексттік, графикалық, дыбыстық, және
бейне ақпараттары;
· Виртуалдық мұражай, көрмелер және т. б. көрнекі материалдар;
· Оқытушылар үшін методикалық мәліметтер.
Енді мультимедиа сөзіне тоқталсақ: мультимедиа ағылшын тілінде multіmedіa латыншадан multum-көп және medіa, medіum-жинақ яғни электрондық ақпаратты тасушы, құрамына бірнеше түрде текст, сурет, бейне, анимация және т. б. топтаушы.
Мультимедиа біздің түсінігіміз бойынша мыналарды білдіреді:
компьютер технологиясы, ақпаратты ұсынуды қолдану тек қана текст емес, сонымен бірге графика, түс, дыбыс, анимация, бейне көріністер. Яғни мультимедиалық оқулық - компьютерлік мультимедиа технологиясын пайдалану арқылы берілетін дыбыс, графика, анимация және т.б.. Бұл анықтама оқыту бағдарламасы және электронды оқулық терминдерімен қарама-қарсылық тудырмайды. Бірақ электрондық оқулық мультимедиалық болмауы да мүмкін(бұл дегеніміз оқулық тек қана текстік тұрғыда болса). Мультимедиялық оқулықтардың көпшілігі гипертексттік технологиясын қолдану арқылы ұйымдасқан(технология, тексттік массивте берілген тақырыпты іздеуді қамтамасыз етеді. Мұндағы іздеу текстердегі арнайы көрсеткіштер(гипертекстік сілтеме) құжаттағы сөз немесе сөйлем болып, оқушының таңдауымен басқа құжатқа өтіп оны экран бетіне шығару).
Мұндай гипертексті қолдану арқылы жасалған мультимедиалық оқулықтың дәстүрлі қағаз бетіндегі оқулыққа қарағанда артықшылығы басым болады.
1. Мультимедиалық мүмкіншіліктерді қолдану: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация, графикалық қойылым, бейне клиптер, слайд-шоу және тағы басқа.
2. Гиперсілтемелердің тармақталу құрылымы(анықтама, термин, атау, түсіндіру). Гиперсілтемелер түсіндірмелер алу, анықтамалар, оқу мәліметтеріне қосымша ақпараттар, сонымен бірге тез арада негізгі текстке қайтуға мүмкіндік береді.
3. Бұл жүйенің басқару құрылымы - оқытушы(өз ойын, көзқарасын), өз кезегінде материалдың ұсыныуын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алады немесе анықтамалық жүйе ретінде де пайдалана алады.
4. Бұл жүйенің білімді бақылауымен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы.
Сонымен қатар гипертекстік протокол(әдіс, компьютерлер арасындағы деректердің алмасуы) www стандарты арқылы(әлемдік тор) бұл оқулық жеңіл ғана глобалдық ақпараттық желіге(интернетке) және кеңінен қолданушылар тобына берілуі мүмкін.
Бүгінгі таңдағы жаратылыстану консепциясының тәртібі бойынша электрондық оқулықтардың компьютерлік әдістік нұсқауының негізгі бағыты бойынша 2-ге бөлінеді:
1. Интернет технология. Гипертекстік құжат болып есептелетін Интернет-технологиясы құрамының оқулығы болуымен қатар ол желімен HTML немесе Java тілінің көмегімен таралады. (Интернет немесе интранет).
2. Case-технология. Ал Case-технологияның қолдануымен оқулық жеке бағдарлама ретінде және қарапайым бағдарламалау тілдерінде жазылады.
Оқулықтың тұтынушыға жеткізілуі. Қолданушыға қандайда болмасын технологиямен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz