Кенорындарды бағалау мен барлау әдістері мен техникалық құралдары
Реферат
Пәні: Газды және газдыкенденсатты кенорындарды игеру
Тақырыбы: Кенорындарды бағалау мен барлау әдістері мен техникалық құралдары
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Кен орындарын барлау мен бағалаудағы геологиялық зерттеулердің әдістері мен техникалық құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Пайдалы қазбалардың қорлары және оларды есептеудің технологиясы ... ... ... ... .13
Геологиялық материалдарды сараптау, пайдалы қазбалардың сапасы мен мөлшерін бағалаудың геологиялық негізі мен дәлдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Кіріспе
Пайдалы қазбаның сапасын бағал ау үшін барлау үдерісінде оның заттық (минералдық және химиялық) құрамы, құрылымдық-бітімдік сипаттамасы, физикалық-химиялық қасиеттері мен барлық сапалық көрсеткіштерінің кеңістікте таралу ерекшеліктері анықталады. Бірақ пайдалы қазбаның саны мен сапасын анықтау барлау үдерісінде шешілетін жалғыз мәселеемес, өйткені бүл геологиялық ақпарат кенорынды тиімді игеру үшін жеткіліксіз. Кен өндіретін кәсіпорынды жобалау, оны салу жүмыстары сонымен қатар кенорындар мен олар орналасқан ауданды сипаттайтын мәліметтерге де негізделеді. Оған бірінші кезекте жататын кен-техникалық жағдайлар: кенорынның жату тереңдігі; пайдалы қазба денелерінің бедер пішіндеріне қатынасы; айрықша инженерлік-геологиялық қүбылыстардың (карст қауіптілігі, сейсмикалылығы, кеннің өз бетінше тұтануға бейімдігі, т.б.); пайдалы қазба мен сыйыстырушы таужыныстардың физикалық-механикалық және су-физикалық қасиеттері; сулы қабаттардың саны мен өзара байланысы, олардың сумолдылығы; жерасты және жербеті суының химиялық және бактериялық қүрамы, т.б. Сонымен қатар экономикалық-географиялық сипатты мәліметтер: ауданның өнеркәсіптік игерілгендігі, климат, бедер, энергетикалық ресурстар, көлік мүмкіндіктері, ауызсумен және техникалық сумен қамсыздығы, қүрылыс материалдарының болуы, т.б. да қажет. Осы айтылғандар бойынша, барлаудың негізгі мәселесіне кенорында игеруге қажет және жеткілікті геологиялық, кен-техникалық және экономикалық ақпарат алу жатады. Кенорындарды барлау -- өте қымбат әрі ұзақ үдеріс. Ол көптеген мамандардың қатысуы мен материалдық ресурстардың едәуір шығынын қажет етеді. Сонымен қатар, барлау нәтижесінде материалдық қүндылықтар өндірілмейді. Оның қорытындысында Жер қойнауы туралы ақпарат алынады. Бұл ақпараттың ақиқаттылығы мен толықтылығы кенорындардың өнеркәсіптік игерудің тиімділігіне байланысты. Сондықтан барлаудың негізгі принциптері геологиялық негізде жасалынып, басты принципті -- экономикалық ұтымдылықты басшылыққа алады. Бұл принциптер мыналар:
1) зерттеулердің толықтығы;
2) біртіндеп жақындау;
3) біркелкілік (бірдей ақиқаттылық);
4) ең аз материалдар мен еңбек шығындары;
5) ең аз уақыт шығындау
Зерттеулердің толықтық принципі кенорын орналасқан барлық көлемді белгілі бір дәрежедегі түбегейлілікте зерттеу қажеттілігін көздейді, яғни барлау жүргізу нәтижесінде пайдалы қазбаның барлық денелеріне және кенорынға толықтай баға берілу керек. Бұл принципті сақтау бірқатар талаптарды орындауды қажет етеді, олардың негізгілеріне мыналар жатады
Кен орындарын барлау мен бағалаудағы геологиялық зерттеулердің әдістері мен техникалық құралдары
Іздеу және барлау жұмыстары - жер койнауында мұнай-газ кендерінің барлығын анықтау, ашу, олардың қорларының санын есептеу және кен орындарының игеру жобаларының жасау мақсатында жүргізіледі. Кешенді іздестіру-барлау жұмыстарына алаңды геологиялық,геофизикалық және геохимиялық тұрғыдан зерттеу жатады, одан әрі кен орындарын түгелдей барлап, кемерлеу үшін ұңғыларды қазу әдістері белгіленеді.
Бірінші кезеңде - жер бедерінің жалпы геологиялық көрініс картасы жасалады. Осымен байланысты табиғи қалыптасқан тау жыныстарының ашылуына дейін жер бедері тазартылады да оның геологиялық бет-бедерлерінің мүсіндері корсетіледі.
Екінші кезеңде - зерттелетін алаңның геологиялық құрылысын, негізгі қабаттардың тұрпаты мен пішінін көрсету мақсатында тереңдігі 20м-ден 300м-ге дейін картировтық және құрылымдық ұңғылар қазылады. Алынған мағлұматтар бойынша шартты белгілерді пайдалана отырып, жер қабаттарының көнелігі мен аумағы көрсетілген геологиялықкарта сызылады. Бұл карта ұңғымалардың тілмесі, геологиялық пішіндер арқылы толықтырылып жазылады.
Егер жер қойнауын пайдаланушы барлау немесе өндiру операцияларын жүргiзетiн кен орнының бiр бөлiгi басқа жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарттық аумағының шегiнде болған жағдайда, онда мұндай жер қойнауын пайдаланушылар өздерiнiң таңдауы бойынша:
1) осы кен орнында барлау және (немесе) өндiру құқығына ие тек бiр ғана жер қойнауын пайдаланушы қалатындай немесе бiр келiсiмшарттың негiзiнде iшiнара құқыққа ие бiрнеше жер қойнауын пайдаланушы қалатындай етiп жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезiнде белгiленген беру рәсiмдерiн сақтай отырып, барлауға және (немесе) өндiруге арналған өздерiнiң құқықтарын беруге;
2) мұндай шартты құзыреттi органмен алдын ала келiсiп, жобалау құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзе отырып, кен орнына бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзу туралы шарт жасасуға мiндеттi.
Жер қойнауын пайдаланушылар осы баптың 1-тармағын сақтамаған жағдайда, құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушылардан кен орнында бiрыңғай объект ретiнде бiрлескен барлау немесе өндiру туралы шарт жасасуды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы. Бiрлескен барлау немесе өндiру туралы шартты жасасу кезiнде бүкiл кен орны үшiн бiрыңғай жұмыс бағдарламасы әзiрленедi, ол жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен мiндеттi түрде келiсуге жатады.
Бiрлескен барлауды немесе өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өздерiне келiсiмшартта, сондай-ақ жұмыс бағдарламасында жүктелген мiндеттемелердi орындау жөнiнде ортақ жауапкершiлiкте болады.
Бағалау жұмыстарының жобасы мiндеттi түрде мынадай болады:
мемлекеттiк-экологиялық, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы, санитарлық-эпидемиологиялық мiндеттi сараптамалар жүргiзiлуі тиiс.
Бағалау жұмыстарының жобасы кен орны қорларын толық және кешендi бағалау мен есептеу, сондай-ақ кен орны жатқан қабаттың тау-кен-геологиялық жағдайларын, пайдалы қазбаны алудың технологиялық параметрлерiн және оны игерудiң экономикалық жағынан орындылығын айқындауға қажеттi мерзiмге әзiрленедi.
Бағалау жұмыстарының жобасы бағалау жұмыстары сатысының бүкiл мерзiмiнде кен орнын зерттеу және бағалау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған шығындар көрсетiлген қаржылық бөлiктi қамтуға тиiс.
Пайдалы қазба кенорындары құрамына байланысты алуан түрлі болып келеді. (9-кесте) Сондықтан оларды іздеу мен барлау әдістеріде әр түрлі болып келеді.
Пайдалы қазба кенорындарын болашақтағы өнеркәсіптік нысана ретінде геологиялық зерттеуде екі негізгі мәселе шешіледі:
1. Жер қойнауындағы пайдалы қазбаның таралуы мен ондағы бағалы құрамбөлшектерді анықтау және кенорынның кеңістіктік моделін құрастыру;
2. Пайдалы қазба таралған жер қойнауының көлемі мен оның осы көлемдегі сапасын анықтап, білу.
Ал пайдалы қазбаның жер қойнауындағы орыналасу ерекшілігі техникалық әдіс-амалдармен тау-кен қазындылары мен бұрғылау ұңғымалары және геофизикалық зерттеу әдістері көмегімен анықталады. Ұңғымалар мен тау-кен қазындылары белгілі бір барлау торабы бойынша жүргізіледі, ал олар ұзақ жылдар бойы жинақталған практикалық тәжірибиеге және пайдалы қазбаның таралуы заңдылығына сүйенеді. Бағалауда (барлауда) жобалауда ұқсас кенорындарды зерттеуден алынған тәжірибе мәліметтерді жүйелеу, ортаңғы мөлшерін алу практикасы қолданылады. (10-кесте )
Барлаудың техникалық әдіс-амалдары өздерінің қолдануы мүмкіндігі, ақпараттылығы және қымбаттылығына қарай бөлінеді.
Жиі қолданылатын, ақпараттылығы жоғары техникалық әдіс-амалға тау-кен қазындылары жатады. Себебі олардың көмегімен пайдалы қазбалардың ерекшелігін қолма-қол бақылауға құрал-саймандар көмегімен кен денесінің кеңістіктегі орынының координаттарын анықтауға, әр түрлі мөлшерлі мен салмақты үлгі алуға, сөйтіп жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туады. Бірақта қазу жұмыстарының тез арада орындалмауы, оның құнының жоғарлылығы, терең қабаттарда және кез-келген жерлерде (таужыныстар қабаттарының беріктілігі, сумен қаныққандылығы) жүргізу мүмкінділігінің жоқтығы мұндай техникалық әдістердің қолдануы аясын шектейді.
Тау-кен қазындылары жер бетілік пен жерастылыққа бөлінеді. Жер бетіліктерге орлар, траншейлер мен шурфтар, ал жер астылыққа штольня мен шахталар және олар арқылы жүргізілетін штректер, квершлагтар ж.т.б жатады. 1 - сурет. Тау-кен қазындылары мен ұңғымалардың план мен қимадағы көріністері берілген.
Кенорынын штольня және жер асты ұңғымаларымен барлау Кенорынын ұңғымалар жүйесімен барлау
Кен денесін щахта, квершлаг және штрек жүйесімен зерттеу
Канава (ор)- траншея мен шурфтар негізінен тасындылармен көмкерілген пайдалы қазбалар мен сиыстырушы жыныстарды ашу үшін қолданылады. Барлау кезіндегі мақсаты жер бетін зерттеп кенорынының геологиялық картасын жасау.
Шахта мен штольнялар- әдетте терең қабаттарда орналасқан пайдалы қазба кенорындарын зерттеу үшін қолданылады.
Шахта-кенорынын барлау, көбінесе игеру сатыларында жасақталынатын, тік төмен немесе еңкіш бағытталған кең қималы (2х3; 3х4м) тау қазындысы. Шахта оқпанынан штрек, квершлаг т.с.с. қосалқы жерасты тау қазындылары тарамдалады, тереңділігі әдетте 120-150м-ден аспайды.
Штольня - тау төбелерінің етегінен басталып, оның ішкі өңіріне қарай суғына түсетін, яғни жер бетінен басталған оқпаны жазық бағытта созыла сағаланатын тау қазындысы. Ол да барлау және өндіру үшін қолданылады.
Штрек - жазық бағытта сағаланатын жерасты қазындысы, штольнядан айырмашылығы -ернеуі жер бетінен емес, жерастындағы өзге тау қазындылары оқпанынан басталады. Әдетте жазық бағытты немесе көлбеу орналасқан кен денелерін бойлай жүргізіледі.
Квершлаг-кен денесінің созылымына тік бағытта жүргізілетін тау-кен қазындысы.
Бұрғылау- ұңғымалары барлау мен іздеуде кеңінен қолданылатын техникалық құралға жатады. Оның ұтымдылығы-салыстырмалы арзандығы, өтудің жоғарғы жылдамдығы, ал кемшілігі тек ұңғымадан алған таужынысы үлгісін ғана зерттеу мүмкіншілігі.
Ұңғыма бұрғылаудың бірнеше түрлері бар. Құбырлы, қанатты-соқпалы, роторлық-турбиналық, шарқашаулы, шанақты, соқпалы-айналмалы.
Құбырлы бұрғылау-бұрғылау барысында бүкіл ұңғымаға тиісілі таужыныстар түгелімен емес, тек сол ұңғыма шеңбері бойымен ғана уатылатын түрі. Нәтижесінде тесіліп өтілген
таужыныс қабаттарының кәдуілгі бағанаға ұқсайтын керн-бұрғылау тасбағаныдеп аталынатын үлгісі бұрғылау құбырының ішінде бөлшектенеді де ол жер бетіне көтеріліп алынады.
Роторлық бұрғылау- бұрғылау жабдығының өз осінен айналуы ротор көмегімен жүзеге асырылатын айналмалы бұрғылау түрі.
Шарқашаулы бұрғылау-бұрғылау сайманы ролін шарқашауыш деп аталатын үнемі айналып тұратын бұдыр-бұдыр деталдар атқаратын бұрғылау түрі.
Шанақты бұрғылау- бұрғыланған таужыныстар ұңғыма оқпанынан оның ернеуіне шанақ деп аталынатын арнаулы жабдық көмегімен көтерілетін айналмалы бұрғылау түрі.
Соқпалы-айналмалы бұрғылау-ұңғыма оқпанындағы таужыныстарды уату құрама әдістер көмегімен, яғни бұрғылау сайманымен соққылау және оны айналдыру нәтижесінде жүзеге асырылатын бұрғылау түрі.
Барлау торлары - кенорында іздеу - бағалау жұмыстары жүргізілгенннен соң, оның қорын, болашағын анықтау жұмыстары жүргізіледі. Ол жұмыстар кенорыннның тегіне, кен денелерінің пішініне орналасу тереңдігіне байланысты арнайы қабылданып, бекітілген қиып өтуші профилдер арқылы жүргізіледі. Барлау ұңғымалары мен тау-кен қазындылары әрқашан барлау линияларының бойында орналасады. Барлау линиялары параллелді және әр түрлі бағытта болып келіп, әдетте ол өнімді свиталар, руда зоналары және жекеленген кенді денелердің созылымына тік бағытта орналасады, ал олардың созылымы күрт өзгерген жағдайда барлау линиялары соларға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz