Пайдалы қазбалар қоры



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Пәні: Геология және оның пайдалы қазбаларын барлау
Тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары

Мазмұны
кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.негізгі болім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. 1Мұнай мен газ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1. 2Көмір ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1. 3 Қазақстанның минералдық-шикізаттық ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Әдебиетттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

Қазақстанның пайдалы қазбалары
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.
Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.
Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.
1919 -- 1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдык ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі бойынша (2007) республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын корынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМДкөлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.
Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді.
Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір, уран және т.б. кен орындары жатады.
Негізгі бөлім
Жамбыл облысы оның жер қойнауында ашылған пайдалы қазбалардың әртүрлілігі бойынша елімізде өзіне тең келері жоқ. Облыс фосфорит және плавикошпат шикізатының бірегей базасы болып табылады, түсті металлдарға (мыс, молибден, алтын, күміс, селен, теллур, қорғасын мен мырыш және т.б.), баритке, көмірге, қаптырма, әшекей және техникалық тастарға (гранит, амазонитті гранит, мрамориз, ізбестас, мрамор, техникалық және түсті халцедон, абразивті шикізат, гематит-кровавик, хлорит-гранат), құрылыс материалдарына (асбест, тальк, слюда, құмтас, цемент және керамзитті шикізат, гипс пен ангидрит, және т.б.), табиғи газға бай.
Облыс территориясында Республикалық баланс қорындағы фосфориттің 71,9% (ТМД территориясындағы ең ірі қоры), плавикалық шпаттың 68% (плавикалық шпаттың қоры бойынша әлемде жетекші орындардың бірінде), кварциттің 65,1%, алтынның 8,8%, мыстың 3% , уранның 0,7% орналасқан. Азықтық және техникалық тұз қоры 10 млн. тоннаны құрайды.
Кварциттің 2 кен орны бар - Жаңатас (баланстық қоры 38 800 мың тоннаны құрайды) және Мақбел республикадағы ең ірі (137 040 мың тонна). Қордай ауданындағы Тымлай титан-магнетит кен орындары анықталған.
Қорғасын-мырыш минерализациясының келешегі бар кен орындары Шу-Іле ауданында анықталған. Мыс кенін өндіру Шу ауданындағы Шатыркөл полиметалл кен орнында жүргізіліп жатыр. Өнеркәсіптік қызығушылықты Сарысу ауданындағы қоры 10 млн. тонна азықтық және техникалық тұз кен орындары құрайды.
Оның территориясында Шу - Сарысу ойпатының шеңберінде табиғи газдың бірнеше кен орындары барланған.

Қазба атауы
Пайдалы қазбалар қоры
Фосфориттер
ҚР баланс қорындағы фосфориттің 72%, жалпы қоры - 3 817,4 млн. тонна
Барит
Барик кенінің қоры - 12,0 млн. тонна
Плавикалық шпат (флюорит)
ҚР баланс қорындағы плавикалық шпаттың 80,6%, жалпы кеннің қоры - 24,9 млн. тонна немесе 7 млн. тонн флюорит
Уран
Уранның жалпы қоры - 8,0 мың тонна
Газ
ҚР баланс қорындағы газдың 3%, барланған қоры - 45 млрд. м3, болжамды - 89 млрд. м3
Көмір
ҚР баланс қорындағы көмірдің 21,1%, жалпы баланс қоры - 6,75 млн. тонна, болжамды - 4,3 млрд. Тонна
Алтын
ҚР 8,2% балансты және 15,4% болжамды алтын қоры, жалпы қоры және болжамды ресурстары 300 - 350 тоннаға бағалануда
Қорғасын және мырыш
ҚР баланс қорындағы қорғасынның 15,4 % және мырыштың 3,4%, болжамды қоры - 3,8 млн. тонна
Мыс
ҚР 3% балансты және 9,7% болжамды мыс қоры, жалпы қоры және болжамды ресурстары 1,75 млн. тонна
Қалайы
ҚР 34,3 % болжамды қоры, жалпы авторлық қоры - 12 мың тонна, болжамды - 101 мың тонна
Тас тұзы
Тұздың болжамды қоры - 2,6 млрд. тонна
Минеральды тұздар
Балансты және болжамды қоры - 15,0 млн. тонна
Гипс және ангидрит
25,8 % балансовых запасов гипса РК, всего балансовые запасы гипса и ангидрита - 50,3 млн. тонн

ҚР баланс қорындағы гипстің 25,8%, гипс және ангидриттің жалпы баланс қоры - 50,3 млн. тонна
Сирек элементтер
германий, индий, кадмий, иттрий, иттербий, церий және иттрий тобының элементтері

Мұнай мен газ
Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да куатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңкияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына жүз жыл толғаны тойланды. Бүгінде республиканың жылына (2005 ж.) шамамен 50,2 млн мұнайы шет елге шығарылады. 2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында 45 км жерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кен орны ашылды. Ол соңғы 30 жылдағы дүние жүзіндегі ең ірі кен орны. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады. Соның 70%-ы Қарашығанақтың үлесінде.

Көмір
Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд тоннаға жетті. Республика 90-жылдардың аяғына қарай жылына 90 млн т. көмір өндіреді. Ғалымдардың жобалауы бойынша жылына 140 млн т. өндірілсе еліміздегі көмір қоры 250 жылға жетеді. Көміркен орындарының басым бөлігі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.
Қазіргі кезде Қарағанды алабы 3600 км2 жерді алып жатыр. Бұл Қазақстанның негізгі көмір базасы. Қарағанды көмірі кокстелетіндіктен сапасы өте жоғары. Тас көмірдің 80 кабаты анықталған, олардың жалпы қалыңдығы 120 м. Көмірдің барланған жалпы қоры 60 млрд т.
Маңызы жағынан екінші орынды Екібастұз көмір алабы алады. Бұл алап Сарыарқа мен Ертіс маңы жазығы аралығында орналасқан. Павлодар облысында ауданы 160 км2, қазып алынатын көмір қабатының қалыңдығы 150 м. ашық әдіспен өндірілетін болғандықтан, еліміздегі көмірдің ең арзаны болып табылады. Дүние жүзіндегі ең ірі Алып кенішінде жылына 36 млн т. көмір өндіріледі. Соңғы кезде Майкүбі (Павлодар облысы) және Торғай (Обаған) көмір алаптарын игеру басталып, сондай-ақ Екібастұз көмір алабының Алып, Солтүстік және Шығыс кеніштерінде кайта құру, кайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.
Уран
Қазақстанның минералды шикізат базасы дүние жүзінде уранның 25%-ын құрайды. Экзогендік кен орындары басым таралған. Елімізде уранның 100-ге жуык кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстанда орын алады. Ірі органогендік кен орындары Маңғыстау түбегінде кездеседі. Барланған қоры (470 мың тонна) жағынан Қазақстан дүние жүзінде екінші орында. Қазақстанда бүкіл ТМД жерінде өте қуатты уран минералдық базасы бар.

Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат балансында айтарлықтай күшті позицияға ие, әлемдік минералды шикізат рыногы - ның дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай: алтын - 2,7% (әлемде 8-орында), күміс - 16%, мыс 7,1%, марганец - 30% (2-орын), қорғасын - 22%, мырыш - 15,2%, барит - 47,2% (1-орын), темір - 6%, кобальт - 3,9% (5-орын), хром - 37,6% (8-орын), боксит - 1,4% (10-орын), никель - 1,4% (12-орын).
Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша - екінші-үшінші, мырыш және қорғасын бойынша - алтыншы, марганец бойынша - сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы орында.
Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан пайдалы қазбалары
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары
Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен сипаттамасы
Адамзат қоғамының табиғи ресурстары мен қамтамасыз етілу проблемалары
Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларына жалпы шолу
Қазақстанның жер бедері
Желі жыныстары палеозойлік
Минералдардың физикалық қасиеттері
Минералдар классификациясы
Қазақстанның пайдалы қазбалары
Пәндер