Қазақстанда көмір қорымол



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары
Пәні: Жалпы және мұнай геологиясы.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Мұнай мен газ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Көмір ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Уран ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Алтын ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Темір ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

Кіріспе
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморизм, яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбалар. Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі. Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды шөгінді қабығы бар платформаларда кездестіруге болады, мысалы, мұнай, газ, көмір, уран және т.б. Пайдалы қазбаларды өндіріп алудың бірнеше жолы бар. Бірінші, ашық түрде руда табылған мекенді алқапқа айналдырып, қазып алу. Бұл экономикалық тұрғыдан өте үнемді тәсіл болып келеді. Себебі бұл жолмен қазуға салыстырмалы тұрғыдан көп техникалық жабдықтар қажет болмайды. Көмір қазып алудағы шахта тәсілі біршама көп қаржыны талап етеді. Сондықтан көмірдің бағасы қымбаттау болып келеді. Ал мұнайды алу тәсілі де өте тиімді ойластырылған. Оны мамандар труба арқылы сорып Жер бетіне шығарады. Одан бөлек, сораппен (насос) шығару жолы да кең қолданыста. Айта кетсек, пайдалы қазбаларды өндіруде қолданылатын ерекше әдіс-тәсілдер де бар. Пайдалы қазбаларға деген сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Сонымен қатар, минералды шикізаттар да күнделікті өнеркәсіпте тиімді пайдаланылып жатыр. Дегенмен, пайдалы қазбалар қайта қалпына келмейтін шикізат болғандықтан, олардың тек қажет кезінде ғана өндіріп алған дұрыс болады. Осы жолдармен, пайдалы қазбалардың өндірілу көлемін алдағы уақытта артуына емес, тиімді қолдануына мән беру керек. Себебі шамадан тыс пайдалы қазбалардың өндірілуі Жердің тартылу күшіне де өз әсерін бермей қоймайды. Айта кетсек, Жер бетіндегі үлкен болған кен орындар негізінен солтүстік жартышарда орын тепкен. Демек, көп өтпей екі полюстің тепе-теңдігін сақтап тұрған Жердің салмағы өзгеруі мүмкін. Ал Жердің салмағы өзгетерін болса, гравитацияның ауытқып кетуі де ықтимал.
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйәгілі, оның байлығы аумағының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу кезінде, магмалық жыныстар енгенде және шөгінді жыныстар метаморфталғанда, кен,түрлі минералдар пайда болады.
Қазақстан қазір хром, рений, висмут, фтор қоры жағынан дүниежүзінде бірінші орын алады. Ал темір, хромит, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, фосфорит, мыс, калий және кальций қорынан еліміз алдыңғы орындардың бірінде.

Мұнай мен газ

Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңқыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да куатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңкияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына жүз жыл толғаны тойланды. Бүгінде республиканың жылын шамамен 50,2 млн мұнайы шет елге шығарылады. 2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында 45 км жерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кен орны ашылды. Ол соңғы 30 жылдағы дүние жүзіндегі ең ірі кен орны. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады. Соның 70%-ы Қарашығанақтың үлесінде. Мұнай мен газдың қоры Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында шоғырланған. Мұнай фонтаны бірінші рет 1899 жылы Жайық -- Жем бассейніндегі Доссор жерінде атқылады. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегінде Өзен және Жетібай қосылды. Кейін олардан асазор Қаражанбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау), Кеңқияқ пен Жаңа-жол (Ақтөбе) және Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) кен орындары ашылды. Көмір. Қазақстанда көмір қорымол. Мұндатас көмір-дің 10 бассейіні, 155 кен орыны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 160 млн т-ға жетеді. Республикада жы-лына 131 млн. т. көмір өдіріледі. Көмір кен орындарының басым көбі Орталық Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары жерінде орналасқан.

Көмір
Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд тоннаға жетті. Республика 90-жылдардың аяғына қарай жылына 90 млн т. көмір өндіреді. Ғалымдардың жобалауы бойынша жылына 140 млн т. өндірілсе еліміздегі көмір қоры 250 жылға жетеді. Көмір кен орындарының басым бөлігі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан. Қазіргі кезде Қарағанды алабы 3600 км2 жерді алып жатыр. Бұл Қазақстанның негізгі көмір базасы. Қарағанды көмірі кокстелетіндіктен сапасы өте жоғары. Тас көмірдің 80 кабаты анықталған, олардың жалпы қалыңдығы 120 м. Көмірдің барланған жалпы қоры 60 млрд т. Маңызы жағынан екінші орынды Екібастұз көмір алабы алады. Бұл алап Сарыарқа мен Ертіс маңы жазығы аралығында орналасқан. Павлодар облысында ауданы 160 км2, қазып алынатын көмір қабатының қалыңдығы 150 м. ашық әдіспен өндірілетін болғандықтан, еліміздегі көмірдің ең арзаны болып табылады. Дүние жүзіндегі ең ірі Алып кенішінде жылына 36 млн т. көмір өндіріледі. Соңғы кезде Майкүбі (Павлодар облысы) және Торғай (Обаған) көмір алаптарын игеру басталып, сондай-ақ Екібастұз көмір алабының Алып, Солтүстік және Шығыс кеніштерінде кайта құру, кайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Тас көмір - Қазақстанның энергетикалық ресурстарының негізгі түрі. Республиканың отын балансындағы оның арасалмағы 70%-дай. Қазақстанда жалпы геологиялық қоры, шамамен, 160 млрд тоннадай болатын тас көмірдің, кокстелетін көмірдің, қоңыр көмірдің түрлері бар. Қазіргі кезде республикада, жалпы алғанда, 400-дей кен орнынан жылына 100 млн тоннаға жуық тас көмір мен қоңыр көмір өндіріледі.
Қазақстанның ең ірі көмір базасы - Қарағанды көмір алабы. Республикамыздың орталық бөлігінің 3000км2 ауданын алып жатқан Қарағанды көмір алабының жалпы геологиялық қоры 60 млрд тоннаға жуық. Негізгі кен орындары - Абай, Саран, Шерубайнұра, Шахтинск, Михайловка және т.б. Көмір қатпаларының тереңдігі 50 - 300 м-ге дейін, ал Михайловкада көмір жер бетіне өте жақын жатқандықтан, ашық әдіспен өндіріледі. Қарағанды көмір алабы елімізде жұмсалатын барлық көмірдің тең жартысын береді. Соның ішінде кокстелетін көмір де бар. Маңызы жөнінен Қарағандыдан кейін екінші орынды алатын Қазақстан көмір алабы - Екібастұз. Ол 200 км2-қа жуық шағын ауданды алып жатса да, жалпы қоры - 17 млрд тоннадай. Екібастұз алабының артықшылығы, көмір қабаттары жер бетіне жақын (100 м-ге дейін) жатқандықтан, өндіру ашық әдіспен жүргізіледі де, өзіндік құны арзанға түседі.
Уран
Қазақстанның минералды шикізат базасы дүние жүзінде уранның 25%-ын құрайды. Экзогендік кен орындары басым таралған. Елімізде уранның 1000-ге жуык кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстанда орын алады. Ірі органогендік кен орындары Маңқыстау түбегінде кездеседі. Барланған қоры жағынан Қазақстан дүние жүзінде екінші орында. Қазақстанда бүкіл ТМД жерінде өте қуатты уран минералдық базасы бар. Барланған қоры (470 мың т ) жағынан Қазақстан дүние жүзінде 2-ші орында. Қазақстан бүкіл ТМД жерінде өте қуатты уран минералдық базасы бар. Тас көмір - Қазақстанның энергетикалық ресурстарының негізгі түрі. Республиканың отын балансындағы оның арасалмағы 70%-дай. Қазақстанда жалпы геологиялық қоры, шамамен, 160 млрд тоннадай болатын тас көмірдің, кокстелетін көмірдің, қоңыр көмірдің түрлері бар. Қазіргі кезде республикада, жалпы алғанда, 400-дей кен орнынан жылына 100 млн тоннаға жуық тас көмір мен қоңыр көмір өндіріледі. Уран табиғатта кең таралған. Уран кларкы 1·10-3% (салм.) тең. Қалыңдығы 20 км литосферада уран мөлшері шамамен 1,3·1014 т болады. Уранның негізгі бөлігі құрамында кремний көп қышқыл кендерінде кездеседі.
Қазақстандық қабаттық-инфильтрациялық уран кен орындары орталық Азияда ғана емес, сонымен қатар басқа да белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның пайдалы қазбалары
Шығыс Қазақстанның географиялық орны мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихы
Топырақ табиғи тарихи дене және ауыл шаруашылығының өндірісінің дүниесі
Көмірдің халық шаруашылығындағы рөлі
Көмір өнеркәсібі
Әлемдік мұнай әлемдік үлесі өндірісіндегі үлесі
Дүние жүзінің отын - энергетика кешеніне сипаттама
Қазақстан пайдалы қазбалары
Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен сипаттамасы
Қиылысудың геометриялық мінездемеси
Пәндер