Еңбек қорғау жөніндегі заңдар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Пәні - Енбекті қорғау
Тақырыбы - Құқықтық және ұйымдастыру негіздері

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Құқықтық және ұйымдастыру негіздері.
Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Еңбектің қорғалуын қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.2. Еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері.12
2. Еңбекті қорғау мәдениетіне ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1. Еңбек қорғау жөніндегі заңдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
2.2. Бұл акті: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
2.3. Негізгі міндеттері: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Кіріспе

ҚР Енбек кодексі бойынша еңбекті қорғау бұл әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық, гигиеналық, емдік-профилактикалық шаралар және қауіпсіздік қамтамасыз ету құралдар, денсаулықты және адамның жұмыс қабілеттін еңбек кезінде сақтау.
Еңбекті қорғау басқару ҚР үкіметімен және арнап даярланған мемлекеттік мекемелер және оның жергілікті шағын бөліктері өткізеді.
Мемлекеттік еңбекті қорғау басқару жасалады: ҚР-да ұлттық саясатты принциптарды жүзеге асыру, заң және нормативтық актілерін шығару, өндіріс құралдарының талаптары, технология, еңбекті ұымдастыру, мемлекеттік қадағалауды ұымдастыру, еңбекті қорғау жағдайларды тексеру, салааралық нормативтық актылерін, ережелерін өндеу және нығайту.
Мемлекеттік саясат қауіпсіздік және еңбекті сақтау аймағына бағытталады:
1) ҚР-ның нормативтық актылерін өндеу және қабылдау, мемлекеттік стандарттарын, ережелерін қауіпсіздік және еңбекті сақтау аймағында.
2) Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларын қауіпсіздік және еңбекті сақтау аймағында өндеу.
3) Экономикалық жүйесін өндеу және жүзеге асыру, еңбек жағдайларың жақсарту, қауіпсіздік техникасың және технологиясын өндеу және нығайту, жұмыскерлерды жеке және ұжым қорғау.
4) Қауіпсіздік және еңбекті сақтау аймағында мониторингі.
5) Ғылыми зерттеулер қауіпсіздік және еңбекті сақтау аймағында өткізіледі.
6) Қайғылы оқиғалар және кәсіби ауруларды тіркеу.
7) Мемлекеттік қадағалау және бақылау, ҚР еңбек туралы заң шығарушылық талапты сақтау.
8) Қоғамдық бақылау еңбек туралы заң шығарушылық талапты және енбекшілердін мүддесін сақтау.
9) Жұмыскерлердін заңды мүддесіні және олардың жанұя мүшелеріне өндірістен зиян шеккендер және кәсіби аурулардан қорғау.
10) Жұмыскерлерге ауыр, зиянды және қауіпті жұмыс үшін компенсация белгіленеді.
11) Отандық және шетел тәжирибесін тарату.
12) Дайындау және қауіпсіздік және еңбекті қорғау мамандықтардың біліктілігін көтеру.
13) Жұмыс жағдайларың мемлекеттік статистикалық есебін ұйымдастыру және өндірістін жарақаттардың, кәсіби аурулардың салдарын.
14) Бірынғай ақпараттық жүйесіні қауіпсіздік және еңбекті қорғау аймағында қамтамасыз етуі.
15) Халықаралық қауіпсіздік және еңбекті қорғау аймағында ынтымақтастықты нығайту.
Қауіпсіздік техникасының заңдары және мөлшелер ағзаны жарақаттан және техникалық құралдардан сақтау назарына бейімделген.Өндірістін санитариясы және гигиена заңдары және мөлшелер ағзаны шаршатудан, химиялық, атмосфералық ықпалдан сақтауна бейімделген. Қауіпсіздік техникасының және өндірістін санитариясы заңдар және мөлшелер жоспарлау кезінде, өнеркәсіпті орнықты жүзінде сақтайды.
Азақстан Республикасының еңбекті қорғау саласындағы негіздемелік құқықтық заңнамалары мен нормативтік-техникалық актілері.

1. Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару
Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару республикада ұлттық саясат қағидаттарының жүзеге асырылуын, бұл салада заңнамалар мен басқа нормативтік актілердің дайындалуын, соңдай-ақ өндіріс құралдарына, технологияға және еңбекті ұйымдастыруға қойылатын талаптардың, еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалар мен басқа нормативтік актілердің сақталуына мемлекеттік қадағалаудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуте бағытталған. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары анықталған.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және қабылдауға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге;
3) еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және жақсарту, қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндіру жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға және іске асыруға;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге асыруға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге;
6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге;
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібін нормативті түрде бекітуге;
9) өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;
10) ауыр жұмыс және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін еңбекақы төлеу шарттарын белгілеуге;
11) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі отандық және шетелдік озық жұмыс тәжірибесін таратуға;
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
13) өндірістік жарақат алу, кәсіптік ауру туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыруға;
14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы біртұтас ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті өкілдік алған. Үкімет және басқа мемлекеттік басқару органдары: еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясатты қалыптастырады және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; еңбекті қорғаудың және оның жағдайын жақсартудың мемлекеттік бағдарламасын бекітеді; министрліктер мен басқа орталық атқарушы органдардың еңбектің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын жасау жөніндегі міндеттерін анықтайды; еңбекті қорғауға кететін шығындарды қаржыландыру тәртібін анықтайды. Арнайы өкілеттігі бар орган Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.
Еңбекті қорғаудың аймақтық (облыстық, қалалық) басқармасы еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті жерлерде жүзеге асыратын аймақтық басқару органы болып табылады. Еңбекті қорғау басқармасы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес еңбекті қорғауды кешенді басқаруды жүзеге асырады, мүдделі ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп еңбекті қорғау жөніндегі аймақтық бағдарламалардың жасалуын ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылайды, аймақ бойынша өндірісте болған жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың және тергеудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді, еңбекті қорғау саласындағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныс дайындап, оны енгізеді.
Алдында тұрған мақсаттары мен жүктелген міндеттерін шешу үшін еңбекті қорғау басқармаларына мынадай құқық берілген:
меншік формасына қарамастан кәсіпорындардың, бірлестіктердің және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердегі қызметкерлердің еңбегін қорғау мәселесіне қатысты жұмысын тексеру, тексеру кезінде айқындалған кемшіліктер мен заң бұзушылықты жою жөнінде орындалуы міндетті нүсқау беру;
:: заңның бұзылуына кінәлі адамдарға қатысты заңнамада көзделген шара қолдану;
:: , қадағалау және бақылау органдарынан, кәсіпорындар мен ұйымдардан еңбекті қорғаудың және қауіпсіздік техникасының жайы туралы, өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулар туралы оларды талдап қорыту үшін белгіленген мерзімде қажетті ақиарат алу, тағы басқа өкілеттіктер. Ұйымдық-құқықтық формасына және меншік түріне қарамастан әрбір кәсіпорында еңбекті қорғау қызметі құрылады. Өзінің мәртебесі жағынан еңбекті қорғау қызметі негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі, ал оның еңбекті қорғау мәселелері бойынша шешімдері барлық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.
Кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметінің негізгі мақсаттары, міндеті мен өкілеттігі Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің 2007 жылғы шілдедегі қаулысымен бекітілген Типтік ережеде анықталған.
Еңбекті қорғау қызметінің негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
өндірісте қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау және қамтамасыз ету ушін кешенді әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық және емделу-профилактикалық шаралар дайындап, оларды жүзеге асыру;
:: еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманың, еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген нормалар мен ережелердің, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулардың сақталуын, еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының міндеттемелерінің орындалуын бақылау.
Кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметі белгіленген мақсаттарға сәйкес еңбек қорғауды басқару жүйесінің жасалуын, енгізілуін және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша кәсіпорынның функциональдық және өндірістік бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді, кәсіподақ ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі өкілдерімен және еңбек қорғаудың аймақтық басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп әрекет етеді, өндірістік құрал-саймандардың, ғимараттардың және құрылыстардың, тұрмыстық жайлардың техникалық ахуалын және дұрыс пайдаланылуын бақылайды; жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлердің кіріспе нұсқамасының бағдарламасын жасайды, кәсіпорынға жүмысқа алғаш кірген қызметкерлермен нұсқама еткізеді; ұжымдық шартта Еңбекті қорғау тарауының дайындалуын, еңбекті қорғау жөніндегi номенклатуралық шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, т.б.
Еңбекті қорғау қызметі өндірістік, қызметтік және тұрмыстық жайларды кедергісіз қарап шығуға, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінен еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты материаддарды сұратып алуға, еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулардың бұзылуына жол берген адамдардан жазбаша түсініктеме талап етуге; бөлімше басшыларынан жұмыстың бұл түрін орындауға жіберілмсген немесе еңбекті қорғау туралы ережелер мен нормаларды, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқауларды өрескел бұзған адамдарды жұмыстан шығаруды талап етуге және тағы басқаларға құқылы.
Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің 2007 жылғы 25 шілдедегі қаулысымен басшылар, мамандар және қызметкерлер лауазымдарының Біліктілік анықтамалығының Басшылар деп аталатын 1 тарауына еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшының лауазымы енгізілген және бұл лауазым бойынша Біліктілік сипаттама бекітілген. Еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшының қызметіне жоғары арнайы білімі бар және еңбекті қорғау жөніндегі инженер қызметінде кемінде 5 жыл істеген маман қабылдануы мүмкін. Біліктілік сипаттамасы, сонымен қатар, еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшының лауазымдық міндеттерін, оның біліміне қойылатын талаптарды анықтайды.
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесінде, сондай-ақ қадағалаудың және бақылаудың орталық органдары көзделген. Мысалы, мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға өкілетті орталық атқарушы орган -- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады. Еңбек туралы, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі күшіндегі заңнаманың сақталуын тікелей бақылауды аталған Министрліктің мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Еңбек туралы зандардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторлары Еңбек кодекісіне сәйкес,
еңбек жағдайларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында, тексеру жүргізу туралы белгіленген тәртіппен ресімделген қаулыны көрсеткен жағдайда ұйымдарға баруға;
қызметкер мен жұмыс берушіден еңбек кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді алуға;
тәртіп бұзушылық туралы актілер жасауға, осы кодекстің бұзылуын жою туралы міндеттеулер беруге, сотқа талап арызын беруге;
еңбек туралы заңдардың бұзылуына байланысты құжаттарды ресімдеу кезінде белгіленген үлгідегі фирмалық бланкілерді, мөр таңбаларды пайдалануға құқығы бар.
Заңнамада мемлекеттік еңбек инспекторларының беруге құқығы бар міндеттеулердің түрі анықталған. Еңбек кодексінің талаптары бұзылуының анықталуына қарай бақылаудың нәтижелері бойынша нақты құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары кодексте қарастырылған еңбек жағдайларының анықталған бұзылуын жою туралы міндеттеу береді. Міндеттеулердің нысандары мен оларды беру тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Еңбек кодексінің талаптарының сақталуын қадағалауды жүзеге асырушы мемлекеттік еңбек инспекторлары берген міндеттеулерді меншік түрлеріне және шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық формаларына қарамастан, барлық ұйымдар орындауға міндетті.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының іс-әрекетіне заңдарда белгіленген тәртіпте шағым жасалуы мүмкін. Шағым жасалу берілген міндеттеудің орындалуын тоқтата алмайды.
Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік орталық және жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың, табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми мекемелердің, елдің азаматтық қорғанысының, өрт қауіпсіздігінің жұмыстарын үйлестіреді, сондай-ақ өнеркәсіпте, тау жұмыстарында еңбек қауіпсіздігін қадағалайды, бүл салаларда нормативтік құқықтық актілердiң сақталуына қадағалау жүргізеді. Бұл органдар құзыретінің ерекшелігі сонда, олар өз қызметінде жұмыс берушілерге, шаруашылық органдарына, қоғамдық бірлестіктерге, жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарға тәнті емес. Олардың құқықтық жағдайын Республикасының Үкіметі бекіткен жарғылық құжаттар анықтайды.
Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының уәкілетті адамдары мынаған құқылы:
меншік түріне және шаруашылық жүргізу формасына қарама-
стан кез келген кәсіпорынға алдын ала ескертпестен тосқауылсыз
кіруге, министрліктерден, басқа орталық және жергілікті мемлекеттік
басқару органдарынан, кәсіпорындардан, жұмыс берушілерді қажетті
ақпарат алуға;
:: кәсіпорындардың басшыларына және басқа лауазымды адам-
дарға орындалуы міндетті міндеттеулер беруге;

-- кәсіпорындардың, жекелеген өндірістің, цехтардың, участок-
тардың, жұмыс орындарының және құрал-саймандардың жұмысын
тоқтата тұруға;
-- еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы бұзғаны үшін кәсіпорынның басшыларына, басқа лауазымды адамдарына және қызметкерлеріне айыппұл салуға, ондай адамдарды жұмыстан босату туралы ұсыныс жасайды, қажет болған жағдайда оларды қылмыстық жауапқа тарту мәселесін шешу үшін материалдарды прокуратура органдарына береді.
Жұмыс беруші мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының уәкілетті өкілдерін олардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін барлық қажетті жағдайлар тудырады. Сонымен қатар бұл лауазымды адамдар өкілеттігін асыра пайдаланғандығы және дәлелсіз санкциялар қолданғандығы үшін күшіндегі заңнамаға сәйкес жауаптылық көтереді.
Еңбек туралы заңдар талаптарыңың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторлары берген ұйғарымдар меншік нысандарына қарамастан барлық ұйымдардың орындауы үшін міндетті.
Егер бұзушылықта кінәлі адам еңбек инспекторының актісімен келіспесе, екі инстанцияға шағым жасай алады:
:: жоғары тұрған инспекторға;
сотқа.
Шағым жасау берілген үйғарымдардың орындалуын тоқтата түрмайды.
Қадағалау мен бақылау өзімен құзырлы органдардың қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған іс-әрекетін білдіреді. Көрсетілген іс-әрекет үрдісінде аталған органдар жұмыс беруші жөне онымен уәкіл етілген тұлғалар еңбек заңдарын бұзуын алдын алады және анқындайды, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қалпына келтіреді және осы құқықтарды бұзуда кінәлілерді жауапкершілікке тартады.
Еңбек заңдарының сақталуын қадағалау жұмыс берушінің шешімдерін заңдылығын тексеруді білдіреді.
Бақылау мен қадағалаудың түрлері: бәрінен бұрын қызметкердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалауды қажет ететін мемлекеттік, соттық, прокурорлық қадағалау және қоғамдық бақылау.
Ұйымдарда Қазақстан Республнкасы еңбек заңнамасынық сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Мемлекеттік еңбек инепекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, зандылын, әділдік, тәуелсіздік жоне жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуге;
3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде ұсынулар енгізуге;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға;
5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге;
6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруге қатысуға;
7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;
8) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен және қызметкерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасуға міндетті.
Қазақстан Республикасы еңбек заднамасын бұзушылықтардың анықталуына қарай мемлекеттік еңбек инспекторы мынадай актілер:
1) нұсқама:

::
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;
::
жарақаттаңу қаупі бар және авариялық жағдайлардың туындауың болғызбау үшін өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндіріетік процестердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы;
::
жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы нұсқама шығарады (жасайды). Бұл ретте ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарады.
9.3 Еңбектің қорғалуын қамтамасыз ету
Еңбекті қорғау жөніндегі стандарттар, ережелер және нормалар. Мемлекет, өзі өкілеттік берген органдар арқылы, ғылыми негізделген стандарттар, нормалар және ережелер негізінде өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті талаптар белгілейді. Жұмыс берушілерге белгіленген стандарттардың, ережелер мен нормалардың кәсіпорындарда қамтамасыз етілуін, сондай-ақ ұжымдық шарттарда белгіленген өз міндеттемелерінің орындалуын, еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулықтар жасалуын міндеттейді. Кәсіпорындарда берілетін нормативтік актілер еңбекті қорғау жөніндегі күшіндегі заңнамада көзделген кепілдіктерден төмен емес деңгейдегі қызметкер құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Өз кезегінде кәсіпорын қызметкерлері заңнамада және басқа нормативтік актілерде, ұжымдық шарттарда белгіленген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптарын сақтауға міндетті.
Кәсіпорындарды жобалау, салу және пайдалану кезіндегі еңбекті қорғау талаптары. Күшіндегі заңнамаға сәйкес өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және пайдалануға, технология-ларды жасауға және шығаруга, машиналарды, тетіктерді, қүралсай-мандарды және басқа бұйымдарды, оның ішінде шет елдерден алған-дарды пайдалануға, егер олар еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттардың, ережелердің және нормалардың талаптарына сай келмесе, жол берілмейді.
Адам ағзамы мен денсаулығына әсері бойынша токсикологиялық бағалаудан өтпеген заттарды, шикі заттарды, материалдарды қолдануға тыйым салынған.
Кәсіпорын (цех, участок) жұмысы, өндіріс құралдарын пайдалану немесе өнімдерді пайдалану, егер еңбек қауіпсіздігі талаптарына жауап бермесе, олар тиісті талаптарға сәйкестендірілмегенше тоқтатылуы мүмкін. Кәсіпорынға қосымша қауіпсіздік шараларының қабылдануын қажет ететін жаңа қауіпті заттар түссе немесе олар бұрыннан болса, жұмыс беруші қадағалау органдарын ол жайында дер кезінде хабардар етуге тиіс.
Техниканы, технологияны, өндірісті жобалаумен және жұмысты ұйымдастырумен байланысты кез келген құжаттамаға тапсырыс беруші және оларды жасаушы еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін құрайтын әрекеттерінің дәлелділігі үшін, сондай-ақ солардың негізінде жүзеге асырылатын инженерлік, басқарушылық және басқа шешімдердің салдары үшін тең жауаптылық көтереді.

Еңбекті қорғау жөнінде мамандар даярлау. Мемлекет еңбекті корғау және кауіпсіздік техникасы жөнінен жоғары және орта арнайы оқу орындарында мамандар даярлауды, оларды қайта даярлауды және біліктілігін көтеруді қамтамасыз етеді.
Еңбекті қорғауды қаржыландыру. Еңбекті қорғауды қаржыландыру әртүрлі көздерден жүзеге асырылады: мемлекеттік және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен, бюджеттен тыс қорлардан, кәсіпорындар қаражатынан және басқа көздерден жүзеге асырылады. Кәсіпорын қызметкерлері бұл мақсатқа шығынға түспейді. Әрбір кәсіпорын жыл сайын еңбекті қорғауға қажетті каражат бөліп отырады. Қаражат мөлшері ұжымдық шартта анықталады. Сонымен қатар кәсіпорын өздерінің шаруашылық, коммерциялык, сыртқы экономикалық және басқа қызметтерінен түскен табыстар, сондай-ақ басқа табыс көздері есебінен қосымша еңбек қорғау қорын құруға құқылы.
Еңбектің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету. Атап көрсетілгендей кәсіпорыңдардағы, әрбір жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы еңбекті қорғау жөніндегі стандарттардың, ережелер мен нормалардың талаптарына сай келуге тиіс. Бұл ретте кәсіпорында қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, еңбекті қорғаудың жайына бақылау жүргізу және ол жұмыстардың нәтижелері жайында еңбек ұжымына уақтылы ақпарат беріп тұру міндеті жұмыс берушіге жүктеледі. Қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс берушінің міндеттемесі және еңбекті қорғау жөніндегі стандарттарды, ережелерді, нормалар мен нұсқаулықтарды сақтауға қатысты қызметкерлердің міндеттемелері ұжымдық шартта көзделеді.
Еңбек жағдайларына қарай қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғаныс құралдары, жуатын және дезинфекциялаушы материалдар, сүт, емдік-профилақтикалық тағам мемлекеттік органдар белгілеген нормалардан кем емес мөлшерде және ұжымдық шарт негізінде беріледі.

Еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер құқықтарының
кепілдіктері
Заңнамада қызметкер жұмысқа қабылданған кезде де, сондай-ақ еңбек қызметі процесінде де оның еңбек қорғау құқығына кепілдік берілетіні көзделген. Еңбек шартының жағдайлары еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманың және басқа нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келуге тиіс. Бұл ретте азаматтарды олардың денсаулығы жарамайтын жұмыстарға қабылдауға тыйым салынған. Еңбек шартында жұмыс орнының, ондағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың шынайы сипаттамасы берілуге және сондай жағдайларда жұмыс істегендік үшін заңнамада және еңбек шартында көзделген жеңілдіктер мен өтемдер көрсетілуге тиіс. Азаматты еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмысқа қабылдаған жағдайда жұмыс беруші қызметкерді кәсіби ауруға қанша уақыттан кейін шалдығуы мүмкін екендігін ескертуге міндетті.
Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды қоса алғанда, еңбек жағдайларының дәйекті сипаттамасы, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ұжымдық шартта көзделген осындай жағдайлардағы жұмыс үшін берілетін кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көрсетілуге тиіс.
Жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы дәйекті ақпарат алуға құқылы. Егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер еңбек шартының мазмұнында көзделуі тиіс.
Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша айқындайды.
Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары қызметкерлерге өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес беріледі. Демалыстың бұл түрінің ұзақтығын, сондай-ақ оны берудің шартын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып айқындайды.
Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қалыпты еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеумен салыстырғанда жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар (ставкалар) немесе қосымша ақылар белгілеу жолымен жоғарылатылған мөлшерде, бірақ Қазақстан Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік білім беру және оның тиімділігі
Еңбекті қорғауды ұйымдастыру негізі
Еңбек құқығының қайнар көздері
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
Еңбек құқығының қағидалары
Еңбек құқығының қайнар көзі түсінігі
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері
Еңбек құқығының қайнар көзі
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
ҚР Еңбек құқығының пәні
Пәндер