Мәдениетаралық қарым - қатынастағы маңызды айырмашылықтар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС - ТҮРЛІ МӘДЕНИЕТ ИЕЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ТІЛДІК ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ

Мазмұны:

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.
Негізгі бөлім:
2. Мәдениетаралық қарым - қатынас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-5.
3. Мәдениетаралық қарым-қатынастағы маңызды айырмашылықтар ... ... ..5-6.
4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13.

Кіріспе
Адамзаттың мәдени және этникалық сан алуандығы пайда болғанына қанша уақыт өтсе, содан бері бөтен мәдениет пен оның өкілдерін түсінуге, мәдени айырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажыратуға талпыныс жасалуда. Қазіргі адам баласының мәдени көп алаундылығы өсуде. Адамдар бір - бірінен елеулі айырмашылықтары бар басқа мәдениет өкілдерімен араласып, құраласады. Тілдегі, ұлттық тағамдағы, киім киюдегі, әдет ғұрыптағы, атқарылған жұмысқа көзқарастағы айырмашылықтар бұл байланыстарды қиындатып, тіпті мүмкін еместей қылады. Бүгінгі өмір қайшылықтары әртүрлі халықтар мен мәдениеттердің араласуы мен өзара түсінісу проблемасын барынша ыждаһатпен қарауды талап етуде.
Мемлекет аралық байланыстардың кеңеюі, жаhандану процесінің күшеюі мәдениетаралық қарым-қатынас сияқты қоғамдық феномен әкелді. Әр мәдениеттің өзіндік тілдік жүйесі бар, сөйлеушілер соның көмегімен бір-бірімен қатынасады. Мұнда тіл адам өмірінің түрлі салаларында - өндірістік, қоғамдық, рухани салаларындағы қызметінің нәтижелерінің жиынтығы ретінде анықталатын мәдениеттің құрамдас бөлігі.
Мәдениетаралық қарым - қатынас мәселелері ХХ ғасырдың 70-жылдары әлеуметтік мәдениеттану салаларында өзекті бола бастады. Мәдениетаралық қарым-қатынас ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Н. И. Халееваның айтуынша мәдениетаралық қатысым - коммуниканттар арасындағы вербальді және вербальді емес қарым-қатынас үрдісі. Ал Е.М. Верещагин, В.Г. Костомаровтар мәдениетаралық қарым-қатынас - ол түрлі ұлттық мәдениетке жататын қатысымдық актіге қатысушылардың бірін-бірі дұрыс түсінуі дейді. Бұл ұғымның соңғы нәтижесі мәдениетаралық қатысым субъектісін қалыптастыру. Мәдениетаралық қатысым теориясының негізгі зерттеу объектісі - әр түрлі ұлт, халықтардың мәдениет ерекшеліктеріндегі айырмашылықтар болып табылады. Мәдениетаралық қарым-қатынас екі құрамдастастан - тіл мен мәдениеттен тұрады. Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі қарым-қатынастың әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады. Сонымен қатар қарым-қатынастың сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Қарым-қатынастың төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады: этника аралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және басқалары.

Мәдениетаралық қарым - қатынас
Мәдениет терминінің жаңа түсіндермесіне XVII ғасырда неміс заңгері Самуель Пуфендорфтің ролі ерекше, ол О праве естественном еңбегінде цицерондық қолданыстан алшақтап, тұңғыш рет мәдениетті адамды мерейлендіретін жаңа мінездерінің жиынтығы, сыртқы және ішкі табиғатын байытатын адамның өз қызметінің нәтижесі ретінде сипаттады. Мәдениет ұғымы барлық еуропа, соның ішінде қазақ тілінде осы мәнінде қолданылады. Ғылым қазiргi мәдениет терминінiң көп анықтауларының негiзгiлерін атап өтуге мүмкiндiк бередi. Мәдениет бұл - адамның қоршаған ортаны өзгерту қабілетімен байланысып, осы өзгертулер барысында пайда болатын заттардың жасанды әлемі, символдар, адам арасындағы қарым-қатынас адамның тағдыр характеристикасы болып табылады. Адам арқылы жасалынған және оған байланысты болатын барлық заттар мәдениетке тікелей қатысты болып келеді. Мәдениетаралық қарым - қатынас тұжырымдамасы ғылыми әдебиеттерде бірнеше синонимдерге ие: мәдениетаралық қарым-қатынас, этносаралық қарым-қатынас, мәдениетаралық интеракция. Мамандардың көп қауымы мәдениетаралық коммуникация туралы талқылауды, адамдар әртүрлі мәдениет өкілдерін өз мәдениетіне мүлде жат екендігін қабылдағанда ғана жүзеге асыруға болады дейді. Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі коммуникацияның әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, нәтижесінде әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады. Сонымен қатар коммуникацияның сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Мұның өзі коммуникацияның мынадай түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді: этникааралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және тағыда басқалары.
Бір де бір мәдениет оқшауланған түрде өмір сүрмейді. Өзінің өмір тәртібіне сәйкес ол әрқашан да өзінің бірде өткен тәжірибесіне бірде басқа мәдениеттердің тәжірибесіне бет бұрады. Басқа мәдениеттердің тәжірибесіне қарау қылығы мәдениеттердің қарым-қатынасы деп аталады. Халықаралық қатынастардың ұлғаюынан және әр түрлі мәдениеттердің қарым-қатынасынан, олардың зерттеулері өздеріне көп назар аударады.
Мәдениетаралық қарым-қатынас - әртүрлі ұлттар мен мәдениет өкілдері арасындағы өзара түсінушілік. Толық анықтаманы атақты лингвист ғалым И. И. Халеева береді: мәдениетаралық қарым-қатынас - әртүрлі тілдер мен мәдениетке жататын адамдар іс-әрекетінің ерекше жемісі. Бұл тек қана әртүрлі мәдениет пен тілге жататын адамдар арасындағы іс-әрекет емес, сонымен қатар олардың бір-бірін жат ретінде қабылдайтындықтарынан да байқалады.
Мәдениетаралық қарым-қатынастағы маңызды айырмашылықтар
Мәдениетаралық қарым-қатынастағы маңызды айырмашылықтардың қатарына тіл, вербальды емес кодтар, дүниетаным, рольдік өзара қатынастар, ойлау моделі секілді параметрлер кіреді. Мәдениетаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениетаралық коммуникация бойынша практикум құраст
Қазіргі мәдениетаралық коммуникация мәселелерінің өзектілігі. Тіл және ұлттық мінез құлық
Бір тілде сөйлейтін адамдар белгілі бір мәдениеттің өкілдері
Мәдениетарлық коммуникация, оның түйінді ұғымдары
Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
Мәдениетаралық сезімталдықтың даму кезеңдері
Лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастыру компоненттері
Тілдегі гендерлік ерекшеліктер мәселесі соңғы жылдары ғана
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ
Пәндер