Шартпен жасалған мәмілелер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Пәні:ҚР Азаматтық құқығы.
Тақырыбы:Мәмілелер ұғымы,түрлері және нысаны.

Мазмұны
Мәмілелер ұғымы,түрлері мен нысаны.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.МӘМІЛЕ ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1.Біржақты мәмілелер мен шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.Шартпен жасалған мәмілелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.МӘМІЛЕНІҢ НЫСАНЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.Мәмілелерді тіркеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Жарамсыз мәмiлелер мен жарамсыздықтың салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3.Мәмiлелер жарамсыздығының негiздерi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3.Жарамсыз мәмiлелер бойынша талап қою мерзiмдерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Қазіргі таңда Азаматтық құқықтарға бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өзгерістермен толықтыруларға ұшырады.Азаматтық кодекстің 1999 жылы қабылданған Ерекше бөлімінда сатып алу-сату қатынастарына арналған жеке тарау да бар.Бұл дегеніміз өмірдің жаңа ағымына қарай мәміле түрлерінің өзгеруімен байланыстырамыз.Осы жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы Азаматтық құқықтардың арасындағы елеулі роль атқаратын мәміле түрлерін,олардың түсінігі мен маңызын ашып көрсету.Азаматтық кодекстің Ерекше бөлімін қабылдауымызда шарт қатынастарын реттеудің құқықтық тәртібі өзгеріп,шарттасушы тараптардың қатынастарын реттейтін нормалар саны өсе түсті.Көрсетілген қатынастарды реттеудің егжей-тегжейлі көрсетілуінің оң салдарымен қатар ендігі кезде көптеген нормативтік материалдарды толық зерттеп білуді талап етіп отырған жағы да бар. Осы жұмысымда мен Ғ.Төлеуғалиев, Ғ.А.Жайлиннің және тағы басқа авторлардың еңбектерін қолдандым.Азаматтық кодекстің баптарын басшылыққа алдым.Сөйтіп шарттардың қалай жасалатынын және олардың өзгертілуі мен тоқтатылатына дейін байыптап шықтым.Сонымен қатар біздің еліміздегі мәмілелердің азаматтық заңдағы мәселелеріне арнайы тоқталдым.Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында мәміле-азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп көрсетілген. Шаруашылық өмірде мәмілелер үлкен роль атқарады.Азаматтық құқық субъектілері күн сайын оларға сатқан тауарға,көрсетілген қызметке,орындаған жұмысқа байланысты мәмілелер жасайды.Бұл адамдарда өмір бойы жалғасады.Осындай үлкен орынды мәмілелер кәсіпкерлер қызмет ете алады.Мәмілелердің көмегімен заңды тұлғалар өнім өндіру мен,өндірген өнімді әр түрлі транспортпен тасымалдауды т.б.ұйымдастырады.Сонымен қатар мәмілелер сыртқы сауда саласында да кеңінен қолданылады.Осыған орай мәмілелер, азаматтық айналым қатысушыларының арасындағы қатынастың негізгі құқықтық нысаны болып табылады.Осыған байланысты заң мәмілелер жарамдылығына үлкен талаптар қояды.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің мәміліге арналған тарауында оның түсінігі,түрі және нысаны мен қатар оларды жарамсыз деп тану салдарынан орын береді.Жаңа шаруашылық жағдайларда бұрын белгісіз болған мәміле жарамсыздығының құрамдары пайда болды.Олар меншік нысанын өзгертуге, жекешелендіру жүргізгеніде жер қатынастары саласында көрінеді.Сондықтанда соңғы кездері елімізде мәміле институтына қатысты бір қатар азаматтық заңжар қабылданды.Мен,Қазақстан Республикасы заңдарының қазіргі даму деңгейіндегі мәміле институты тақырыбы маңызды деп есептеймін.Осыған байланысты тақырыпты ашу үшін жаңа нормативтік база,арнайы оқулықтар мен монографиялық әдебиеттер,азаматтық істерге байланысты сот практикасынан тәжрибелік құжаттар пайдаланылды.Бұл курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып - мәміленің пайда болуы,оның түрлері,мәміленің жарамдылығының шарттары,мәміле жарамсыздығының салдары болып табылады.Азаматтық-құқықта мәміленің бірқатар белгілері бар.Бұл белгілер олардың мәнін көрсетеді және мәмілені сырттай ұқсас заңды фактілерден ажыратуға көмектеседі.Біріншіден,мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың ерікті әрекеті.Екіншіден,азаматтық заңдарда белгіленген талаптарға сәйкес келетін,құқыққа сай әрекет.Үшіншіден,мәміле азаматтық құқық субъектілерімен жасалады және салдар туғызуға бағытталады.Мәміленің мәнін тараптардың еркі және ерік білдіруі құрайды.Ерікті әрекет болып шешім қабылдау және оны жүзеге асыру болып табылады.Мәміленің заңды салдары ерік білдірумен байланысты.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі азаматтық құқықтық реттеудің барлық негізгі құрамдарын реттейді.Азаматтық Кодекс - азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілері негізделетін бірыңғай құқықтық фундамент болып табылады.Сондықтан,Азаматтық Кодекс азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтыры мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекетін реттейтін басты құқықтық акт. Дегенмен бұл қатанастың барлық бөлігін реттеу бір заңмен мүмкін болмағандықтан Кодекспен бірге мәмілеге қатысты жекелеген қатынастарды реттейтін бірқатар заңдар қабылданды.Олар,Жер туралы,Тұрғын үй қатынастар туралы,Лицензиялау туралы т.б.қалыптық актілер мен заңдар.Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді.Тауарлық-ақшалық (мүліктік) және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек.Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясын,оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принциптерін,олардың мағынасы мен мазмұнын қайтадан бағалау онша оңай шаруа емес.Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту,мейлінше, маңызды екндігі сөзсіз.Мәміле дегеніміз - азаматық құқықтар мен міндеттердің белгіленуіне,өзгеруіне және тоқтатылуына бағытталған әрекет.Мәміленің,мейлінше, көп тараған түрі шарт (яғни екі жақты немесе көп жақты мәміле).Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәмілелер де болады ( мысалы, өсиет).Азаматтар мен заңды тұлғалардың, делінген АҚ - тің 147 бабында,азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге,өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.Қазіргі уақытта кейбір шарттар үшін, мысалы, жеке меншік иелігіндегі құрылысты немесе басқа қозғалмайтын мүлікті құқығын беруге байланысты, нотариалдық куәландырудан басқа заң олардың тиісті мемлекеттік органдарда тіркелуін көздейді.Мұндай шарт тіркелген сәттен бастап жасалды деп саналады. Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру әдісін міміленің нысаны деп атайды.Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса,онда бұл ауызша жасалған мәміле болады.Мысалы,телефонмен жасалған мәміле ауызша жасалған болып есептеледі.Бір жақты жасалған мәміле тек бір тараптың ғана еркін білдіреді. Алайда,кейбір жекелеген жағдайларда бір жақты мәмілені екі немесе одан да көп адамдар жасайды.Мысалы,жалпы сенімхат беру,мұрадан бірнеше адамның бас таруты және т.б.Екі жақты мәміле,мейлінше,көп тараған,екі жақты келіскен,қарсы ерік білдірудің нәтижесінде жүзеге асады.Мәселен,сатып алудың, жалдаудың, мүліктік жалдаудың және т.б. шарттары.Көп жақты мәмілеге үш және одан да көп тараптар қатысады.Бұл курстық жұмыс азаматтық-құқықтық мәмілелерді,мәміле ұғымы және оның мәнін қарастырады.Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер(келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.Мәміле(шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған.Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.Мәмілелерді оның субъектілері бойынша жіктеудің құндылығы қоғамның әлеуметтік-экономикалық ақиқатына сәйкес келуі тұрғысынан мәміленің нормативтік өкімін бағалауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда,азаматтық айналым әртүрлі субъектілер мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен жасатын мәмілелеріндегі ықтимал қиянаттарды заңдық жолмен шектеу қажет.Заңмен қандай да бір саладағы кәсіпкерліктің дамуына жеңілдіктер беру басқа саладағы әсіпкерлердің мүдделеріне қиянат әкелмеу керек.Сонымен тұтынушылардың құқықтық кепілдіктері кәсіпкерлер қиянатынан сақталуы күшейтілуі тиіс.Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек,бұл кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болмады.Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның атқаратын ролі де маңызы да кеңейді.Мысалы,мәміленің жекелеген түрі - сатып алу-сату шарты,оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты,тауар жеткізілімі шарты,энергиямен жабдықтау шарты,кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.Мысалы,осы жерде айта кететін нәрсе,бұрын Кеңес одағы кезінде кәсіпорынды сату шарты,энергиямен жабдықтау шарты болмаған, ал қазіргі нарықтық экономикада жаппай жекешелендіру бағыт-бағдарына сәйкес пайда болды.Қоғамымыздың қазіргі сатыдағы дамуы азаматтық-шарттық қатынастардың кең түрде қанат жаюмен сипатталады, мұның өзі Қазақстан Республикасының әкімшілік басқару жүйесінен бас тартып нарықтық қатынастарды дамытуға бет бұрғандығының куәсі.Нарық субьектілерінің белсенді қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жеткіліксіздігі қаржы және өндіріс капиталының көлеңкелі бизнеске қарай ойысуына апаратын бірден-бір себеп болар еді.Азаматтық Кодексте мәмілелердің түрлерінің толық тізбесін көрсету мүмкін еместігі айтылған (мысалы, Азаматтық Кодекстің 7-бабы).Сондықтан кез-келген заңда көрсетілмеген мәмілені жасасуға болады, ең бастысы мұндай шартқа заңда тыйым салынбаған болуы керек.

1.Мәміле - азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге,өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекет болып табылады.Мәміленің ең көп тараған түрі - шарт, яғни екі жақты немесе көп жақты мәміле болып саналады. Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәміле болып саналады.Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәмілелер де болады.Жоғарыдағы мәміленің анықтамасы Азаматтық кодекстің 147 бабынан туындайды.Нақтылы айтар болсақ мәміле дегеніміз - заңды факті.Заңды фактілердің оқиғалардан немесе әрекеттерден тұратындығы белгілі. Мәміле соның ішінде әрекет болып саналады.Әрекет болғанда да ол азаматтық құқық субъектісінің заңды әрекеті.Міне осы жерден мәмілеленің белгілері мен өзіндік ерекшелігі көрінеді.Мәміленің басты ерекшелігі оны жасағанда азаматтық салдар туындап белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгіленіп,өзгеріп,тоқтатылып жататынында.
Мәміленің өзіне тән бірқатар белгілері бар.Мәміле - азаматтық құқық субъектілерінің ерікті актісі.Мәмлемелерде азаматтық құқық қатнастары қатысушыларының еркі көрінеді.Оны біз адамдардың еркіне бағынбайтын және еркінен тыс болатын оқиғалардан ажырата білгуіміз керек.Бұл арада ерік саналы мақсатқа жету үшін белгілі бір құқықтық салдарды туғызуға бағытталған.Атап айтқанда,мәселен, өздерінің шаруашылық,тұрмыстық,мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамдардың тұрмыстық,өндірістік, азық - түлік тауарларын сатып алуы және т.б.әрекеттері.Мәмілеге қатысушылардың ішкі еркін және оның сыртқа байқалғандығын ажырата білу керек.Егер ішкі ерік сыртқа көрінсе,бірақ басқа тұлғаларға байқалмаса,онда ол заңдық салдарды туындата алмайды.Осы сияқты,егер сыртқа байқалған ерік мәміле қатысушы ішкі еркімен сәйкес келмесе мәміле жасалмаған болып саналады.Мысалы,кіріптарлық мәміле.Ол Азаматтық кодекстің 159 бабының 9 тармағында көрсетілген.Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша,жазбаша нысанда жасалады.Жасалған кезд атқарылатын,жетон,билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады.Мұндай мәмілелер адамның мінез-құлқынан,оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады.Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді.
Мынадай мәмілелер:
-кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;
-мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа,жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;
-заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс.
Заң мәміленің қандай жағдайларында жазбаша түріде жасалатын айқындайды.Бірақ,мәміле жасасудың ауызша нысанын қолдану мүмінкіндіктері үшін айқын заңи нұсқаулар жоқ.Сондықтан бұл жерде баршаға тән мынадай ереже қолданылады: заңдардың белгілі бір нормаларына немесе тараптардың келісіміне қайшы келетін жағдайлардан басқа реттерде мәмілені қашанда ауызша түрде жасасуға рұқсат етіледі.АК-ның 151-бабына сәйкес,мәміленің ауызша түрі ол жасалған кезде атқарылатын жағдайда қолданылады.Бұл арада ауызша мәміленің ең жоғары шегі қызметін атқаратын мәміленің сомасы белгіленбейді,АК 152-бабы,1тармағы. Жазбаша мәміле жасамай-ақ құны миллион теңгелік затты сатып алуға болады.Бірақ мұнда тараптар уағдаласқан соң біріне-бірі затты да,ақшаны да қолма-қол береді.Алайда,егер,нақ сол зат несиеге немесе ақысын алдын ала төлеу арқылы сатылса,сатып алу-сату мәмілесі жазбаша түрде жасалуы тиіс.Қарыз беру шарты бойынша берілетін ақша,әдетте,борышқордың несие иесіне қолхат беру жолымен жазбаша түрде ресімделеді,ал шарттың орындалуы-ешқандай жазбасыз,қолхатты қайтару арқылы жүргізіледі.Ауызша мәміле жасауға кең мүмкіндіктер беретін АК-ның 151-бабынан өзгеше,оның 52-бабы жазбаша мәміле қажеттігін едәуір қатаң шекарасын белгілейді және мынадай мәмілелер жазбаша түрде жасалуы тиіс:
-егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелердің жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа,кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;
-мәмілелердің жасалу кезінің өзінде орындалатындарынан басқа,100 айлық есептік көрсеткіштен астан сомаға;
-заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзгеде реттерде.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау,оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады.Сонымен қатар,нотариалдық куәландыруын талап ететін мәмілелер болуы мүмкін,бұлар нотариалдық куәландырғаннан кейін ғана жасалады деп саналады.Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге,ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса,құнын ақшалай өтеуге міндетті. Негізгі және қосымша (акцессорлық) мәмілелер(шарттар) арасындағы айырмашылықтың практикалық маңызы бар.Акцессорлық мәміле негізгі мәмілені толықтырады, қамтамасыз етеді және нақтылайды.Егер заңнан,мәміленің мәніне не тараптардың келісуінен өзгеше жағдай туындамаса,акцессорлық мәміленің тағдыры негізгі мәміленің тағдырына тәуелді болады. Заңдар кейбір мәмілелер үшін тараптар қол қоятын құжатты қарастыруды ғана талап етпестен,сондай-ақ мәміленің мазмұнын белгілі бланкіде баяндауды,қойылған қолдарды мөрмен куәләндіру және т.с.с. талап ете отырып, мәміленің жай жазбаша түрін куәләндіре түседі.Егер олар заңда не тараптардың келісімінде көзделсе,мәміленің жазбаша түріне мұндай талаптар қою міндетті болады.Қалған жағдайларда,егер тіпті мәмілені заңды тұлғалар жасайтын болса да, аталған талаптардың сақталуы міндетті емес.Мұнда мәмілені жазбаша түрде жасаудың жалпы ережелерінің бұзылмауы жеткілікті болады.Егер азамат дене кемістігіне,науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты құжатқа өзі қол қоя алмайтын болса, онда оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады.Егер заңда өзгеше көзделмесе,басқа адамның қойған қолын нотариус немесе осындай нотариалдық әрекеттер жасауға құқылы басқа лауазымды адам мәміле жасаушының оған тікелей өзі қол қоя алмауының себептерін көрсете отырып,куәләндыруы тиіс.Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап келесі тараптан да орындағанын растайтын құжатты талап етуге құқылы. Жасалуы кезінде орындалатын мәмілелерден басқа, ауызша жасалған кәсіпкерлік мәмілені орындаған тарап та осындай талап қоюға құқылы.Қолхат,квитанция,жүк қағаздары, әдетте,осындай құқық бола алады.Заң құжаттарына немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер олрды нотариат куәләндырғаннан кейін жасалады деп саналады.Мәмілелерді нотариалдық куәләндыру қажеттігі туралы талаптарды заң мәммілелердің нақты түрлеріне ғана қояды.Мысалы,АК-ның 58-бабының 5 тармағы шаруашылық серіктестік құру жөніндегі құрылтай шартын нотариалдық куәләндыруды талап етеді. Заң талап етілетін нысанды оны қарапайымдату жолымен бұзуға тыйым салады. Мәмілені нотариалдық куәләндыруды талап ету кезінде оны жай жазбаша түрде жасаумен не жазбаша түрде жасаудың орнына ауызша түрді қолданумен шектелуге болмайды.Керісінше,мәмілеге қатысушылардың өзара келісіп отырып, белгіленген нысаннан оны күрделендіруге қарай шегінуіне әбден күрделі және ол тараптар үшін ешқандай теріс зардаптар туғызбайды.Мысалы,заң ауызша мәміле жасауға жол беретін реттерде де,тараптар мәмілені жазбаша түрде жасауға құқылы. заң мұны талап етпесе де,тараптар жазбаша мәмілені нотариалдық куәләндыруға құқылы.Мәмілелердің тараптардың санына,жасалды деп саналған уақытына,өтелмелілігіне т.б. жайттарға байланысты бірнеше түрге бөлінеді.Жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәмілеле-бір жақты мәмілелер деп саналады.Мысалы,меншік құқығынан бас тарту(АК 250-бабы),сенімхат беру(АК 167-бабы) сияқты мәмілелер жатады.Бірақ, біржақты мәмілені екі немесе одан да көп адамдардың жасауы да жоққа шығарылмайды.Жасалуы үшін екі жақтың ерік білдіруі талап етілетін мәмілелер екі жақты мәмілелер деп танылады.Шарттар деп аталатын мейлінше көп тараған мұндай мәмлелерге сатып алу-сату,мүлікті жалдау т.б. шарттар жатады.Әрбір қатысушысы дербес тарап болып табылатын үш және одан да көп тараптар жеке ерік білдіретін мәмілелер-көп жақты мәмілелер болып табылады.Мысалы,Азаматтық кодекстің 228-бабы бойынша жасалатын бірлескен қызмет туралы шартты атап өтсек болады.Осылармен қатар,белгілі бір себеп бойынша да бөлінеді.Бұл белгі бойынша мәмілелер: казуалдық және абстрактылы болады.Казуалдық мәмілеледің жарамдылығы оны жасау үшін негіз болған нәрсеге байлансыты болады.Жасалғандығының ешқандай негізі жоқ,әншейін көз алдау үшін жасалған мәмілеледің әсіресе заңды күші болмаймайды.Егер мәмілеге қатысушылардың шынайы еркі көрінбесе онда олар абстрактілі мәмілелерге жатады.

2.Мүліктік қатынастарда өкілдікті жүзеге асыру Азаматтық кодекстің 5 тарауында қарастырылған.Соттық дауларда өкіл талапкер немесе жауапкер атынан әртүрлі іс-жүргізу әрекеттерін жасай алады.Әсіресе,ол айғақтар,сотқа ауызша және жазбаша түсінік бере алады,сот шешіміне шағым жасай алады және бейбіт келісім жасауға құқығы бар.Өкілеттік деп басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәмiленiң жазбаша түрi
Мәмілелер
Мәміле туралы ұғым
Мәміленің жарамдық шарттары
Азаматтық құқықтағы мәмәле және оның маңызы
Мәмілені құқықтық реттеу
Мəмілелерді мемлекеттік тіркеу
Азаматтық құқықтық қатынас
Мәміленің ұғымы
Жарамсыз мәміленің түсінігі
Пәндер