Жарамсыз мәмілелер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Пәні:ҚР Қылмыстық құқығы.
Тақырыбы:Мәмілелер ұғымы,түрлері мен нысаны.

Жоспары
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім:
1.Мәміле ұғымы,белгілері мен түрлері.
2. Мәмілелер жарамды болу шарттары.
3.Жарамсыз мәмілелер.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін белгілі бір жағдайлар болу керек.Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады.Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегеніміз азаматтар мен занды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге,өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар:Біріншіден, мәміле адамдардың еркін білдіретінд ерікті әрекет.Оның еріктілігі азаматтық кұқықтық қатынастарды белгілеуге,өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді.Бұндай мақсаты жоқ әрекет-қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы; екіншіден,мәміле,көп жағдайда,заңмен мақұлданған,құқыққа сәйкес әрекет; үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға,өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет;төртіншіден, мәміле азаматттық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарлары азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.
2.1.Мәміле дегеніміз - азаматтық құқықтар мен міндеттердің белгіленуіне, өзгеруіне және тоқтатылуына бағытталған әрекет.Мәміленің,мейлінше көп тараған түрі - шарт (яғни екі жақты немесе көп жақты мәміле).Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәмілелер де болады (мысалы, өсиет).Азаматтар мен заңды тұлғалардың,-делінген АК-тің 147 бабында,-азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге,өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.Мәміле дегеніміз - заңды дерек,әрекет.Заңға сәйкес мәміле - азаматтық құқық субъектісінің заңды әрекет(заңға қайшы жасалатын азаматтық құқық бұзушылықтан ажыратқан абзал).Мәміленің маңызды ерекшелігі мынада:оны жасаудың нәтижесінде азаматтық-құқықтық салдар пайда болады, құқықтар мен міндеттер және т.б. белгіленеді,өзгертіледі немесе тоқтатылады.Мәміле дегеніміз - ерік актісі.Онда азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының еркі көрінеді(оны адамдардың еркінен тыс болатын оқиғалардан ажырата білген жөн).Бұл арада ерік саналы мақсатқа жету үшін белгілі бір құқықтық салдарды туғызуға бағытталған.Атап айтқанда, өздерінің шаруашылық, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру.Мәмілеге қатысушының ішкі еркін және байқалған сыртқы еркін ажырата білу керек.Егерде ерік сыртқы еркін білдірсе,ол басқа адамдардың қолы жететін нәрсе бола алмайды,яғни оның заңды салдары жоқ.Сонымен бірге ерік білдіру құбылысы мәмілеге қатысушылардың ішкі еркіне сәйкес келмесе, онда мәміле жасалмады деп танылады.Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін.Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты мәміле деп есептеледі.Екі жақты мәміле,мейлінше,көп тараған,екі жақты келіскен, қарсы ерік білдірудің нәтижесінде жүзеге асады.Көп жақты мәмілеге үш және одан да көп тараптар қатысады.Консенсуальдық мәміле (латынның consensus - келісім,біркелкілік)оның тараптарынан келісімге қол жеткізген сәттен бастап жасалады деп есептеледі.
Нақты мәміле үшін тараптардың қол жеткізген жетістіктерінен басқа заттарды нақты түрде өткізу керек.
Мүлік үшін ақы төлейтін мәміледе ақшаны эквиваленттік қарсы қанағаттандыру, ынталандыруды ұсыну. Ал ақысыз мәміледе бір тараптардың белгілі әрекетіне екінші тараптың қарсы міндеттемесі болуы шарт емес.
2.2. Осы айтылғандардан мәмілелер белгіленгенде нысанда жасалса және заң талаптарына жауап берсе, ал мәміленің қатысушылары құқық қабілеті мен әрекет қабілетіне ие болса және олардың ішкі еріктеріне ықыластары сай келсе, онда мәмілелер жарамды деп табылады.
2.3. Жарамсыз мәмілелер мен жарамсыздықтың салдары.
Мәміленің нысанында, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Мәміле жарамсыздығының негіздемелері, сондай-ақ оны жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдардың тізбесі Азаматтық Кодексте не өзге де заң құжаттарында белгіленеді.
Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті.
Егер мәміле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып, екі тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәміле бойынша алғандарының немесе алуға тиісті болғандарының бәрі соттың шешімі немесе үкімі бойынша тәркіленуге тиіс. Мұндай мәмілені бір тарап орындаған ретте, екінші тараптан алғандарының бәрі және одан мәміле бойынша бірінші тарапқа тиесілінің бәрі тәркіленуге тиіс. Егер тараптардың ешқайсысы да орындауға кіріспеген болса, мәміледе орныдалуы көзделгеннің бәрі тәркіленуге тиіс.
Қылмыстық мақсатқа жету жөніндегі жымысқы ниет тараптардың бірінде ғана болған жағдайда оның мәміле бойынша алынғандарының бәрі екінші тарапқа қайтарылуы тиіс, ал соңғысының алғаны не оған мәміле бойынша тиесілісі тәркіленуге тиіс.
Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот жарамсыз мәміле бойынша алынған, не алынуға тиіс мүлікті тәркілеуге қатысты бөлігінде ішінара не толық қолданбауға құқылы.
Осы салдармен қоса, сот мәміленің жарамсыз болуын туғызған әрекеттерді жасауға кінәлі тараптан мәмілені жарамсыз деп тануға байланысты екінші тараптың залалын оның пайдасына өндіріп беруі мүмкін.
Жарамсыз мәміле заңдық салдарға әкеліп соқтырмайды, бұған мәміленің жарамсыздығына байланысты және ол жасалған кезден бастап жарамсыз мәмілелер кірмейді.
Мәмілені жарамсыз деп тани отырып, сот нақты мән-жайларды ескеру арқылы оның одан әрі орындалуына тыйым салумен шектелуге құқылы.
Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін мәміленің жарамсыздығы.
Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздерінде немесе адамгершілікке көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле жарамсыз болады.
Заң талаптарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәмiленiң жазбаша түрi
Мәміленің жарамсыздығы
Мәміле туралы ұғым
Мәміле ерік актісі
Мәмілелер
Мәміленің жарамсыздығы, түрлері және ескіру мерзімі
Мәміленің белгілерін қарастыру
Мәмілені құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы мәмілеге байланысты мәселелер
Мәміле ұғымы
Пәндер