Мемлекет және құқық теориясының зерттеу объектісі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Пән аты: Мемлекет және құқық теориясы

Тақырыбы : Мемлекет және құқық теориясы пәні және оның ерекшеліктері

Тақырыбы: «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ»

1. Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы.

1. Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық ғылым ретінде.

2. Мемлекет және құқық теориясының зерттеу объектісі.

3. Мемлекет және құқық теориясының атқаратын қызметі.

Ғылым-адам қызметінің маңызды бір саласы ретінде өте күрделі құрылымнан тұрады. Қоғам мен табиғаттағы құбылыстар мен процестерді зерттеу нәтижесіне байланысты табиғи және қоғамдық ғылым жүйесі қалыптасты.

Қоғамдық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты ғылымның жаңа кезеңдегі дамуы басталды. Осының нәтижесінде қоғам мен табиғатқа тән құбылыстар мен процестерге әрекет етуші заңдарды мынадай түрлерге бөлеміз:

1) табиғи заңдар, оның зерттейтін пәні-табиғи ғылымдар саласы.

2) әлеуметтік заңдар, оның зерттейтін пәні - қоғамдық ғылымдар саласы. Қоғамдық ғылымдарға заң ғылымы да жатады.

3) «заңдар», бұған нормативті заңдар жатады.

Барлық ғылым салалары сияқты, заң ғылымының да зерттеу объектісі бар. Оған мемлекет және құқық туралы мәселелер кіреді.

Қоғамның пайда болып, дамуына байланысты қоғамдық құбылыс ретінде мемлекет және құқық пайда болды.

Мемлекет және құқық қоғамның саяси-құқықтық өміріне әсер ете отырып, қоғамдық құбылыстармен тікелей қатынаста болады. Міне, осыған байланысты заң ғылымының оқыту пәніне қарай өзіндік құрылым жүйесі қалыптасты.

1. Жалпытеориялық және жалпы тарихи ғылымдар. Оған мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы жатады.

2. Салалық заң ғылымдары. Бұл заң ғылымына конституциялық құқық, мемлекеттік құқық, қылмыстық құқық, еңбек құқығы, сауда құқығы, салық құқығы т. б. жатады.

3. Органдар туралы заң ғылымы. Бұл ғылым саласы мемлекеттік органдардың құрылымын, құқықтық-ұйымдастырылуын, қызмет тәртібін зерттейді. Мысалы, соттың және прокуратураның ұйымдастырылуын, прокуратуралық бақылау т. б.

4. Салааралық заң ғылымы. Бұған халықаралық құқық, жер құқығы, экологиялық құқық, космостық құқық т. б. кіреді.

5. Їс жүзінде қолданылатын заң ғылымы. Оған сот статистикасы, сот медицинасы, сот психиатриясы, криминалогия т. б. жатады.

Заң ғылымдары жүйесі қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Заң ғылымдарының жалпы теориялық бөліміне жататын мемлекет және құқық теориясының орны ерекше.

Мемлекет және құқық теориясы мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет істеу бағыттарының жалпы заңдылығын зерттейтін ғылым.

Мемлекет және құқық теориясының негізгі ерекшелігі мынада:

- қоғамдық ғылым ретінде мемлекет және құқық теориясы қоғамдық құбылыстарды құрайтын пән болып табылады. Осы ерекшілігіне байланысты басқа ғылымдар саласы ажыратылады.

- саяси қоғамдық ғылым ретінде мемлекеттің саясат саласын мемлекеттің билік қызметіне байланысты қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттейді. Осы ерекшілігіне байланысты мемлекеттік - құқықтық қондырманы зерттейтін басқа ғылымдардан ажыратылады.

- жалпы теориялық ғылым ретінде мемлекет және құқықтың ерекше және жалпы заңдылығын және белгілерін зерттейді. Осы ерекшілігіне байланысты арнаулы заң ғылымдарынан ажыратылады.

- жалпы методологиялық ғылым ретінде мемлекеттік - құқықтық қондырманың жалпы заңдылығын түсіндіреді. Осы ерекшілігіне байланысты мемлекеттік құқықтық құбылыстарды зерттеу мәселелерін дайындайды.

- мемлекет және құқық теориясы басқа заң ғылымдары үшін базалық ғылым болып саналады. Міне, осы езгешілігіне байланысты мемлекет және құқық теориясы қоғамдағы мемлекет пен құқықтың пайда болуын, дамуы және қызмет атқару заңдылықтарын, олардың мәні мен құрылымын, негізгі бөлшектері мен принциптерін, заңдылықтарын зерттейтін ғылым жүйесі.

Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа әлеуметтік құбылыстар заң ғылымына белгісіз мәселелерді күн тәртібіне қойды. Мемлекет және құқық теориясының кез-келген мәселесі жария мәнге ие болады. Мемлекет және құқық териясының дамуы қызмет атқару бағыттарына да байланысты. Осы қоғамда өмір сүріп отырған мемлекеттік-құқықтық нақты қатынасты анықтайды.

Мемлекет және құқық теориясы бірнеше арнаулы қызметті атқарады.

1) онтологиялық қызметі. Бұл қызмет арқылы мемлекет пен құқықтың қалай пайда болғанын, қазіргі даму дәрежесін анықтайды.

2) гносеологиялық қызметі (таным қызметі) . Мемлекет пен құқық теориясы бұл қызметті атқара отырып, көптеген таным әдістері мен тәсілдерін жасайды, мемлекет пен құқық теориясының мәнін, мазмұнын, түрлерін және басқа мемлекет және құқыққа байланысты құбылыстар мен процестерді танып біледі.

3) эвристикалық қызметі. Мемлекет және құқық теориясы тек мемлекет пен құқық ұғымдарының белгілі заңдылықтарын ашып қана қоймай, қоғам өміріндегі пайда болған жаңа заңдылықтарды зерттейді.

4) методолгиялық қызметі. Мемлекет және құқық теориясының ғылыми-таным әдістерін творчествалық түрде басқа заң ғылымдары салаларында пайдаланады.

5) әлеуметтік - қолданбалы қызметі. Мемлекеттік - құқықтық құбылыстар мен процестердің қалай дамитындығын көрсетеді. Мысалы: құқықтық реформа табыс әкеле ме?, құқықтық мемлекетті қалыптастыру үшін не істеу керек? т. б.

6) мемлекет және құқық теориясының идеологиялық қызметінің маңызы зор. Ұзақ уақыт бойы мемлекет және құқық теориясы маркстік-лениндік тұрғыдан дамытылды. Қоғамның жаңа сатыға көтерілуіне байланысты бұл қызмет саласы жаңа мәнге ие болды. Қазіргі мемлекет және құқық теориясының иделогиялық қызметі - жалпы демократиялық, гуманистік идеалды қалыптастыру. Осы қызметтерге байланысты мемлекет және құқық теориясы жаңа даму жолына түсті.

7) мемлекет және құқық теориясының тәжірибелік-ұйымдастырушылық қызметі тәжірибеде теориялық-танымдық модельдерді талдап, іске асырады.

8) мемлекет және құқық теориясының болжамдық қызметі мемлекеттік-құқықтық дамудың заңдылығын ашып, статистиканы жинақтайды.

9) саяси-басқару қызметі. Мемлекет және құқықтың бұл қызметі саяси ұғымды, саяси билікті бір қолға немесе бір әлеуметтік құрылымға жинақтау үшін қажет.

Мемлекетті басқару үшін өте ірі құралдар қажет. Ол үшін ішкі және сыртқы саясаттың ғылыми негізі жасалады. Мұны тек мемлекет және құқық теориясы іске асырады.

Мемлекет және құқық теориясының барлық қызметі бір-бірімен тығыз байланысты. Олар бірін-бірі толықтыра отырып, мемлекет және құқық теориясы туралы түсінікті қалыптастырады.

2. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдісі.

Мемлекет және құқық теориясы жалпы мемлекет және құқық ғылымының пәні ретінде қоғамның, қоғамдық өмірдің құбылыстары-мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет істеу жолдарын, өздеріне тән заңдылықтарын, олардың таптық-саяси және жалпы адамзаттық мәнін, мазмұнын және түрін, заңды қарым -қатынастары мен байланыстарын, құқықтық сананың және құқықтық мәдениеттің ерекшіліктерін ашады. Осы қоғамдық қатынастардың мәнін ашуда мемлекет және құқық теориясы пәні басқа құқық салаларының пәндерімен тығыз байланыста болады. Әсіресе, мемлекет және құқық теориясы пәні тарихи принципке сүйене отырып, мемлекет және құқық тарихымен тығыз қарым-қатынаста дамиды. Ол әртүрлі мемлекеттердегі, әртүрлі мезгілдегі, кеңістік пен кезеңдердегі нақты мемлекеттік-құқықтық құбылыстар мен процестерді зерттейді. Ал, мемлекет пен құқық теориясының пәні бұл білімді жинақтап, жүйеге келтіріп, жаңа творчествалық сапа береді. Сондықтан, тарихи принцип мемлекет пен құқық теориясының негізгі принципіне жатады. Жалпы алғанда мемлекет және құқық теориясы пәнінің зерттеу шеңбері 10-12 мыңжылдықтардағы жалпы планеталық мерзімді қамтиды.

Мемлекет және құқық теориясының пәні заң ғылымының негізгі ұғымдары мен категорияларының жүйесін құрайды. Мысалы, құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі т. б.

Барлық ғылым салаларының оқу пәнінің объектісі-өзі зерттейтін мәселелердің жиынтығы. Мемлекет және құқықтың объектісі оларды басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ әлеуметтік құбылыстар жүйесінде олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге жағдай жасайды. Мемлекет және құқық теориясының зерттеу объектісіне мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы, қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, олардың мәні мен мақсаты, мемлекеттік-құқықтық реттеу механизмі жатады. Қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты зерттеу объектілері жиынтығын ғылыми тұрғыда, ғылыми ізденістердің нәтижесінде жаңартылып, дамытылып отырылады. Оқу пәніне байланысты бұл ғылым саласы құқық пен мемлекеттік билік қатынастарын, мемлекеттің және құқықтың қоғамдағы қызмет рөлін, олардың басқарушылық, реттеушілік және қорғаушылық қызметтерін дамытуға, қоғамдық өмірдің экономикалық негіздерін реттеу мақсатында қоғамдық саяси процестерді, бағыттарды және құндылықтарды қайта құруға мүмкіндік беретін мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды, категориялар мен ұғымдарды құрайды.

Сонымен, мемлекет және құқық теориясының пәні-мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының заңдылықтары, олардың мәні, құрылымы және негізгі бөлшектері, принциптері, институттары.

Мемлекет және құқық теориясының әдістері дегеніміз мемлекеттік -құқықтық құбылысты зерттеуде ғылыми жолмен қамтамасыз етілген теориялық принциптердің, логикалық әдістер мен арнайы тәсілдердің жиынтығы. Яғни, ғылыми әдіс дегеніміз пәнді түсінудегі әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.

Мемлекет пен құқық теориясы өзінің пәнін түсіну үшін көптеген амал - тәсілдерді пайдаланады. Олардың ішінде мыналары өзгеше болып бөлінеді:

1. Жалпыға бірдей әдіс-ойлаудың жан-жақты принципін көрсететін философиялық дүниетанымдық амал. Оған жататындар:

а) метафизика, мемлекет пен құқықты мәңгі және өзгермейтін институт ретінде қараушы.

б) диалектика-материалистік және идеалистік болып бөлінеді.

Материалистік диалектика-қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен байланыстыратын құбылыс, әсіресе, жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі, яғни бір-бірімен тығыз байланыстағы, нақты тарихи жағдайдағы мемлекет және құқықты дамушы категория ретінде қарастырушы.

Идеалистік диалектика:

а) объективті идеализм;

б) субъективті идеализм болып бөлінеді.

Объективті идеализмде мемлекет пен құқықтың пайда болуын жаратушы күшке байланыстырады.

Субъективті идеализмде мемлекет пен құқықтың пайда болуын адам санасының жемісі деп көрсетеді.

Философиялық амалдың орны үлкен болғанымен жалпы мемлекет және құқық жасаған жалпы әдістемелік категориялар мен принциптерді ауыстыра алмайды. Себебі, құқықтың мәнінің, мазмұнының және түрлерінің жалпы ғылыми түсініктерінсіз, заң шығару және жалпылама құқық жүйесінсіз, құқық шығармашылықтың жалпылама ғылыми түсінігінсіз, құқықты іске асыру, оны түсіндіру, құқықтық қатынас, заңдылық және құқықтық тәртіп, құқықты мінез-құлық және заңды жауапкершіліксіз және т. б. сонымен бірге демократияның категорияларынсыз, қоғамның саяси ұйымдастырылуынсыз, мемлекеттің мәні, мазмұны және түрлерінсіз, оның механизмі мен қызметінсіз, құқық шығармашылық және ойлау жұмыстарының нәтижесінсіз бірде-бір заң ғылымы саласы өзінің арнайы білім жүйесінің жемісін көре алмайды.

Құқықтың пайда болуы.

1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік нормалар.

2. Құқықтың пайда болуы.

3. Құқықтың шығуы туралы теориялар.

Мемлекетке дейінгі кезеңде қоғамдық өмірді әлеуметтік нормалар реттеп отырды. Ол адамдардың өмірлік қажеттіліктерінен пайда болып, дамыды.

Әлеуметтік нормалар ру мен тайпаның бірлігін, қоғамның әлеуметтік-экономикасын көрсетіп, оның даму жолдарын анықтады. Єндіріс құрал-жабдығының өз дәрежесінде дамымауы, өндірістің төмен болуы адамдардың қажеттілігін көрсетті.

Кез-келген қоғамда, оның өз мүшелеріне деген қатынасын реттеу қажеттілігі туды. Міне, соған байланысты әлеуметтік реттеудің қажеттілігі көрінеді. Оны нормативті және жеке деп екіге бөлеміз. Біріншісінің нормалары қоғамның барлық мүшелеріне арналады. Екіншісі, жеке бұйрық түрінде көрінеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты болады. Әлеуметтік реттеу адамзат қоғамының дамуымен басталады. Алғашқы қауымдық құрылыста қоғамдық қатынастарды негізгі реттеуші салт-дәстүрлер болды. Олар қоғамға пайдалы түрлі жағдайдағы мінез-құлық ережелері еді. Салт-дәстүрлер атадан-балаға мұра ретінде беріліп отырды. Қоғамға әсер ете отырып, олар өте жай өзгерді. Кейінгі дәуірлерде қоғамдық мораль нормалары мен діни-нанымдар келіп шықты. Олар біртіндеп бірігіп кетіп діни негіздерді қалады.

Қоғамдағы өзгерістерге байланысты адамдар арасында мүліктік теңсіздік күшейді. Дамып, пайда болып қалыптасқан тап үшін оның мүддесін қорғайтын салт-дәстүрлер қажет болды. Мемлекеттік билікті пайдалана отырып, өздеріне қарсы шыққан, жаман қылық жасаушыларға шара қолдану үшін, мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген құқықтық салт-дәстүрді қалыптастырды. Сөйтіп, құқық мемлекетпен қатар дамып, бірін-бірі бекітті.

Қоғамның, мемлекеттің дамуына байланысты барлық қоғамдық қатынастарды құқықтық салт-дәстүрлер реттей алмады. Міне, осы кезеңде әлеуметтік байланыстарды реттеуді қамтамасыз ету үшін құқық нормаларын бекітетін құқықтың жаңа қайнар көзі:заңдар, заң прецеденті, нормативті келісімдер пайда болды. Құқықтың дамуының негізгі екі бағытын көрсетуге болады. Билеуші мемлекеттік меншіктің негізгі қайнар көзі адамгершілік-діни жағдайдағы жинақтар болды. » Ежелгі Египеттегі Птахотептің өсиеті», »Үндістандағы Ману заңы», «Мұсылман мемлекеттеріндегі Құран» т. б. Қажет кезінде оларды басқа салт-дәстүрлермен (мысалы, адат) және нақты (нормативті емес) ережелермен толықтырып отырды. Бұларды монарх немесе мемлекеттік аппараттағы өкілеттікке ие болған чиновниктер бекітті. Жеке меншікке негізделген қоғамда меншік иелерінің тең құқықты болу қажеттілігі келіп туды. Соған байланысты күрделі қоғамдық мүліктік қатынастар жүйесін реттеу үшін азаматтық заң келіп шықты. Соның бірі-Римдік жеке меншік құқығы. Бұл құқық жүйесін адамдар жүздеген ғасырлар бойы пайдалануда, қазіргі күнге дейін өз мәнін жоғалтпаған құқықтардың бірі. Мемлекеттік-ұйымдастырылған қоғамда құқық нормаларынан мемлекет қамтамасыз ететін заң келіп шықты.

Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу мемлекеттік басқарудағы ең маңызды әдіс. Бірақ құқық пен заң арасында қарама-қайшылық бар. Заң қоғамындағы белгілі-бір топтың ғана мүддесін қорғайды.

Құқықтың дамуының негізгі үш кезеңін көрсетуге болады. Біріншісі, құқықтың пайда болуы, бұл енді экономикасы қалыптаса бастаған қоғамға тән. Екіншісі кезең, өндіріс экономикасының әртүрлі формалары бар қоғамға тән. Үшінші кезең, ерте мемлекеттік құрылымдарда кодекске жазылған құқығы бар қоғамға тән.

Құқықтың пайда болғанын мына белгілерінен көреміз: әлеуметтілігі, нормативтілігі, міндеттілігі, бір қалыпқа келтірілуі, оны шығару процедурасының бар екендігі, институттылығы, объективтілігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшеліктері
Мемлекет және құқық теориясы пәні ұғымы
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері
Мемлекет және құқық теориясының пәні, әдістері
Қауымдық-рулық құрылыс
Жедел іздестіру қызметінің құқықтық негіздері
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Жалпы теорияньің пәні және әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz