Ислами тәрбие


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 2

1-тарау. ИСЛАМИ ТӘРБИЕСІНЕ ЖАЛПЫ КӨЗҚАРАС .

  1. Құран және оның тәрбиелік мәні. . . 9
  2. Ислам тәрбиесінде Мухаммед пайғамбардың орны . . . 12

2-тарау. ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.

  1. Бала тәрбиесі туралы ислам ғалымдарының тұжырымдамалары . . . 15
  2. Бала тәрбиесінде - жанұя орны . . . 17
  3. Исламда бала тәрбиесінің принциптерімен әдіс-тәсілдері . . . 32

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиет . . . 35

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмыстың өзектілігі қазіргі таңда ұрпақ қамын ойлау - бүкіл қауымға ортақ парыз. Сондықтан бала өсіру, адамгершілікке тәрбиелеу бүкіл халыққа ортақ. Қазақ халқы ерте кезден-ақ тәрбиесіне көңіл бөлген. Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби былай деген: « Тәрбиесіз білім, білім емес» яғни, ең әуелі тәрбиең дұрыс болса, біліміңде дұрыс болады. [1] .

Қазіргі замандағы тәрбие системасы, ислам тәрбиесінің ерекшеліктерімен, артықшылығымен байқалады. Ислам бүкіл Пайғамбарлармен кітаптар, шариғаттар, тіпті ғалымдар да, адамдарды тәрбиелеу үшін жіберілгендігін айтады. Мұхаммед Пайғамбар бір хадисінде « Ғалымдар пайғамбарлардың мирасқорлары» деп ғалымдарға да, пайғамбарлық міндет жүктегіндігін айтады. [9] .

Діни әмір мен тиымдар, харам меен халалдар барлығы тәрбие болып есептеледі. Мұсылмандардың бастапқыда таңқаларлық табысқа қол жеткізулері тәрбиенің арқасында деп айтуымызға болады.

Құран әр адамзаттың тәрбиешісі. Негізінде құраннан тәлім-тәрбие алған адам рухының бұл дүниесін де, жәннатқа ұқсас. Өйткені, адамның жан дүниесі мен болмысын тәрбиелеуде ең кәміл әдісіті адамды жоқтан жаратқан Аллаһ Тағала ғана біледі. Құран күллі адамзаттың әрі рухани қажеттіліктеріне сай, кең ауқымға ие қасиетті дара кітап. Адам баласы дүрбелең өмірдегі бөгеттермен, дерттің дауасын рұхтың азығын Құраннан ғана таба алады. Құран адамгершілікті, сүйіспеншілікті, көркем мінез, рухани және мағынауи пәктікті, адал еңбек етумен жақсы өмір сүруді әмір етеді.

Баршамызға мәлім кәміл адам өзінің білімділігімен танылады. Коммунистік тәрбие кезінде, білімді кісі тек дінсіз болу керек, өйткені адамның білімі артқан сайын діннің бос екендігін түсінеді деп келінді. Алайда ислам мұсылмандарды дамуға білім алуға әмір етеді. Өйткені, жеке адам және қоғам білімменен кәмілділікке жетеді. Адамдарды ғылымға тарту мақсатында Зумәр сүресі 9 аятында былай делінеді: « Білетіндер мен білмейтіндер еш уақытта бір бола ма? Шындығында ақыл иелері ғана насихат алады ». [9] .

Мұхаммед Пайғамбар бір хадисінде «Аллаһ сені зорлаушы ретінде емес, керісінше сені мұғалім және жетілдіруші ретінде жіберді » деп атап көрсетті. [17] .

Тәрбие жан-ұядан басталады. Жаңа туылған баланың оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтылуы, таза жүректерге берген алғашқы үндеу. Әке-шеше баланы жас кезден-ақ жақсылыққа ынталандыру, өзгелерге мұқтаж болмау және мұқтаждықтарға көмектесуді тағы да басқа жақсы тәлім үйрету керек. Бала үшін ең жақсы орта сүйіспеншілікпен сәнденген жанұя ортасы. Егер де әке-шеше осындай ортаны жүзеге асыра алмаса, киім, ойыншық сиякты нәрселер бала үшін ешқандай мәні жоқ. Өйткені, әке-шеше қателігінен өзін сенімділікте сезіне алмай, рухани өмірі уайыммен қорқыныш ішінде өмір сүреді.

Руссел былай деген екен « Тәрбиеде сүйіспеншілік болмаса, балада мінез-құлық немесе сана еркін тұрде дами алмайды». [5] .

Әр бір әке-шеше өзінің баласын жақсы тәрбиелеуді қалайды. Көркем-мінез бұл әр халықтың армандайтын бағалы құндылықтарынан. Қоғамдық өмірдің рахат тыныш өмір сүруі үшін тек мемлекет заңына мойынсыну жеткілікті емес. Ортақ құндылықтармен дәстүрлердің бірлесу күшіне қажеттілік бар. Басқаша айтатын болсақ адамгершілік құндылықтар болмай, қоғамдағы рахатты өмір жалғаспайды. Бүкіл діндердің күнә деп есептеген нәрселерін, мемлекеттің заңы да күнә деп есептейді. Ал бірақ та діндердің алып келген өтірік айтпау, қонақсүйгіштік, көмектесу, құрмет сияқты құндылықтарды мемлекет заңымен орындатуға болмайды. Мұндай қасиеттерді амалға асыруға, дұрыс жолмен жүруге көмектесетін тек діни сеніммен тәрбие қүндылықтар болып табылады.

Ислам діні бала тәрбиесіне жан-жақты қарастыра отырып мән береді. Ислам да бала тәрбиесінде маңызды жайт тәрбиелеушінің балаға үлгілі бола білуі. Балаға тілмен түндіргеннен гөрі, іс-әрекетпен, амалмен көрсете білсе, бала тәрбиесіне жүз есе әсерлі болады. Өйткені, өзін тәрбиелей алмаған адам, басқаны тәрбиелей алмайтыны анық.

Зерттеудің мақсаты:

- Құран және оның тәрбиелік мәнін ашу.

-Бала тәрбиесі туралы ислам ғалымдарының тұжырымдамаларды жалпыландыру.

- бала тәрбиелеудегі ислам дінінің орны және әрекеттерін анықтау .

Зерттеудің міндеттері : нақты осы тақырып бойынша ақпараттарды, әдибиеттерді анализдеу жолымен, бала тәрбиесіне діннің орны мен әрекеттерін анықтау.

Зерттеудің нысаны : Діннің - отбасы, бала тәрбиесіне тигізетін әсерін зерттеу.

Зертеу пәні : Ислам діннің бала тәрбиелеу кезінде бала психологиясына тәрбиесіне тигізер әсері.

Исламның бала тәрбиесінде алатын рөлі үлкен екендігін дәлелдеу және тәрбиелік мәнін ашып көрсету.

Зерттеу болжамы: Егер отбасындағы ата-ана тәрбие мәселелерін ислами тұрғыда қарастырып, іс-тәжірибе барысында анықтап, ата-ана үшін бала тұлғасының қалыптасуына әсер етудің исламның тиімді жолдары көрсетілсе, бүгінгі таңда жасөспірімділер мен жастар арасындағы келеңсіз жағдайлар мен түрлі секталардан адасуынан алдын-алуға мүмкіндік туар еді.

Зертеудің әдістері: Балалардың діни сұрақтарына жауап беру кезінде ескерілетін принциптер.

1-тарау. ИСЛАМИ ТӘРБИЕСІНЕ ЖАЛПЫ КӨЗҚАРАС

  1. Құранның тәрбиелік мәні.

Адамзат тарихына көз салсақ, алғашқы дәуірден бері адам баласы әлемді билеген ұлы бір күшке сеніп, одан жәрдем сұрап соған құлшылық еткен. Адамның бойында ұлы жаратушыға деген сезім болған. Бұл-адамның өз табиғатында Аллаһ тағалаға сену мен бой ұсыну бар екендігін көрсетеді.

Ислам көзқарасы бойынша Аллаһ тағала әуелі Адам пайғамбарды жаратты. Аллаһ тағала адам пендесіне Адам пайғамбарды осы хақ дінінің алғашқы пайғамбары етуі- адамзаттың алғашқы дінінің тәухид (жалғыз ғана құдайға сену) діні екендігінің айғағы. Алайда мұндай қоғамдар уақыт өте келе Аллах Тағала сенімінен айрылып қараңғылыққа бет бұрып, көркем мінез аяқ асты қалған еді. Сол кезде Аллаһ тағала қауымдарға пайғамбарлар жіберіп, тура жолға шақырды.

Құран сөзі тау суындай сарқырап ағып жан мен тән, ар мен жүректі кірден арылтып, адамзатқа бақыт әкелді. Құран арқылы әйел заты теңдікке қол жеткіссе, әке перзентін қыз, ұл деп бөле жармай, бірдей әкелік сезіммен қарайтын болды. Кешегі қызын тірідей көмген әкелер, енді құмырсқаға да аяныш сезіммен қарайтын заманға қол жеткізді. Бір-бірімен қырық-пышақтасып қырқысқан ру, тайпалар Құран арқылы арасынан қыл өтпейтін дос атанып, аға- бауырлық қарым-қатынас орнықты. Күні кеше ата-анасына қарсы балалар Құранның атқан орайлы таңынан кейін, оларға қарсы шықпақ түгіл «үһ» деп те наразылық білдірмейтін ибалы дәрежеге жетті. Әсіресе анаға ерекше ізет көрсетіліп «Жәннат аналардың аяқтарының астында» деген мәртебелі баға беріліп ардақталды. Міне Құран бұдан он төрт ғасыр бұрын, зұлыматтың қара түнегін сейілтіп адамзат әлемін көкжиектен көтерілген күндей нұр шұғылаға бөледі.

Мұсылмандардың бастапқыда таңқаларлық табысқа қол жеткізулері тәрбиенің арқасында деп айтуымызға болады. Исламның адамзатқа әкелген тәрбие системасының, сенімі қуатты мұсылмандар тарапынан кемшіліксіз орындалуы арқылы олар жан жақты табыстарға қол жеткізген. Бұл тұрғыдан алып қарайтын болсақ, Исламға «илаһи тәрбие» (құдайдық) системасы деп сипат беруге болады.

Негізінде Мухаммед пайғамбар өзін тәрбиеші ретінде көрсетеді. «Мен бір мұғалім, тәрбиеші ретінде жіберілдім». (Имам Малик, Муватта, хуснул хулқ, 1) . [15] .

Қасиетті Құранда: «Егер сенсеңдер, әрине жоғарысыңдар(үстінсіңдер) » аятын ислам тәрбиесін өмірде іс-әрекеттерің мен көрсетіп нағыз мұсылман болсаңдар, міндетті түрде жеңіске жетіп, дүниеуи жарыстарда да басқалардан жоғары мәртебеге жетесіңдер деген мағынада түсінуіміз керек. [22] .

Қазіргі замандағы тәрбие системасын зерттейтін болсақ, ислам тәрбиесінің артықшылығын байқауға болады. Ислами түсінік бойынша адамдарды жаратқан Аллаһ, адамдардың жаратылысына ең лайық тәрбие системасын білдірген. Ислам, бүкіл пайғамбаарлармен кітаптар, шариғаттар тіпті ғалымдар да адамдарды тәрбиелеу үшін жіберілгендігін айтады. Өйткені Мухаммед пайғамбар бір хадисінде «Ғалымдар пайғамбарлардың мирасқорлары» деп ғалымдарға да пайғамбарлық міндет жүктелгендігін айтады. Діни әмір мен тиымдар, харам мен халалдар барлығы тәрбие болып есептеледі. [17], [15] .

Осы жерде ислам тәрбиесінің алғашқы тәрбие негіздерінен Құран жайлы, ол кімнің сөзі және оның басқа кітаптардан ерекшеліктерін айта кеткен жөн.

Ислами деректердегі мағлұматтардан тұжырым жасайтын болсақ, адамдарды жаратқан және олардың әлсіздігімен мұқтаждығын білетін Аллаһ Тағала адамзатттың атасы. Адам пайғамбардан бастап ақыр заманның үмбетіне дейін әр дәуірде адамзаттың қажеттілігімен сана деңгейіне қарай илаһи хабарды сол қауым ішіндегі арнайы таңдалғаан пайғамбарлар арқылы жіберді. Адамзаттың санасы бұрыңғыдаан гөрі дамып, толысқан уақытта ақырғы пайғамбаар Мухаммед арқылы жиырма үш жыл бойы уаһи етіп Құранды түсірді.

Құран, адамзат қараңғылыққа көмілген заманда, қапастан құтқарып нұрға бөлеген, нұрмен рақымға толы кітап. Құранда Аллаһ тағала былай дейді: «Ол сендерді қараңғылықтан жарыққа шығару үшін құлына ап-ашық аяттар түсірді. Сөзсіз Аллаһ сендерге тым мейірімді, аса рақымды. (Хадид9) . Біз мұсылмандарға Құраннан шипа мен рақым түсіреміз. Бұл залымдардың зиянын ғана арттырады. (Исра 82) . [9], [7] . [22] .

Құран-тарихтағы өзіне дейінгі адамдардың қолымен бұрмаланған өзге илаһи кітаптарға ұқсамаған жалғыз уаһилік кітап. Осы жағынан Құран өзге кітап пен діндерді бағалауда жалғыз құқылы кітап. Оның нақты мәнісі-Тәурат, Інжіл, Зәбур және Құранның бір бастаудан келуінде. Себеп, тәурат пен Інжіл ғасырлар бойы адамдардың бұрмалауына ұшырап, Құранның әлгі күнге дейін бір әрпі де өзгертілмей сақталуында. Кей бір ислам ғалымдары «бұл кітапта шүбә жоқ» деген. Құран аятындағы кітап сөзіне түсіндірме жасаған кезде кітапты екіге бөліп қарастырады. Үлкен және кіші кітап. Үлкен кітап бұл алып әлем болса, кіші кітап Құран делінеді. Құран жоқтан жаратылған жеті әлем атты алып кітаптың аудармашысы. Ұлы жаратушы әлемді өзінің ұлылығымен құдіреттілігін таныту үшін жааратқан. Қасиетті хадисте Аллаһ тағала «Мен бір құпия қазына едім, мені танып білсін деп әлемді жараттым» дейді. Өйткені әр бір кәміл құдірет және әдемілік өзінің кәмілділігі және әдемілігін көруді әрі көрсетуді қалайды. Сондықтан да әлем кітабын адамзатқа арнайы ұсынып, сол кітабы арқылы адамдар мен тілдеседі. Ендеше адам баласы алып кітапты оқып оның тылсым сырын ақтарып негізгі мақсатты табуы шарт. Адам ақылы шектеулі. Сондықтан да сансыз болмыстың құпия сырын адамзат ұлы жаратушысының пайғамбары арқылы жіберген кітап кілтімен ғана аша алады. Құранның түсу кезеңін зерттейтін болсақ, ол адамзаттың сан ғасырлар бойы санасы дамып кәмілдік деңгейге жеткен кезде түскен.

Ол осыдан он бес ғасыр бұрын түссе де, қазір де қияметке дейін де адамзаттың барлық мәселелерін шешуге жетіп артылады. Құранда Аллаһ тағала «Болашақта дәлелдерімізді ғаламзат және жаратылыстарында көрсетеміз. Сол кезде олар оның (құранның) ақиқат екендігіне анық көздері жетеді. (Фуссилат, 41/53) . [11], [22] . [9] . Бұл аяттан, келешекте адамзаттың күллі болмысымен құран арасындағы тылсым байланысты түгел зерттеп ақыр соңында, Құранның Ұлы жаратушысының кітабы екендігіне нағыз ақыл иелерінің көздері жетеді деген мағына шығады.

Құранның бұрынғы кітаптардан тағы бір ерекшелігі алғашқы түскен парақтармен барлық кітаптардың мазмұнын қамтуында.

Құран әрі адамзаттың тәрбиешісі. Құранның басты мақсаты адам болмысының жан тәнін кірден арылтып, рухына ғайыптық қанат тағып, жаннатқа лайық ету. Негізінде құраннан тәлім-тәрбие алған адам рухының бұл дүниесі де жаннатқа ұқсас. Өйткені адамның жандүниесі мен болмысын тәрбиелеуде ең кәміл әдісті адамды жоқтан жаратқан Аллаһ тағала ғана біледі. Құран күллі адамзаттың заттық әрі рухани қажеттіліктеріне сай, кең ауқымға ие қасиетті дара кітап. Құран адам өміріне немқұрайлықпен қарамай, оның қажеттіліктерін қамтыған кітап. Адам баласы дүрбелең өмірдегі бөгеттермен асулардан соның көмегімен өтіп, дерттің дауасын, рұхтың азығын Құраннан ғана табады.

Құран әлем мәдениетінің ең үлкен байлығы, бүкіл мұсылмандардың қасиетті кітабы. Араб тілінде «қирағат»-«оқу» деген мағынаны білдіретін Құран жүз он төрт сүреден тұрады.

Құран адамдарды татулыққа, ізгілікке, теңдікке шақырады. Адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтардан тиым салады. Құран адамгершілікті, сүйіспеншілікті, көркем мінез, рухани және мағынауи пәктікті, адал еңбек етумен жақсы өмір сүруді әмір етеді. Құранның тәрбиесіне қарай отырып адамның рухани кәмілденуіне қаншалықты маңызы бар екендігін көруге болады.

Баршамызға мәлім кәміл адам өзінің білімділігімен танылады. Комунистік тәрбие кезінде, білімді кісі тек дінсіз болу керек, өйткені адамның білімі артқан сайын діннің бос екендігін түсінеді деп келінді. Алайда ислам мұсылмандарды дамуға білім алуға әмір етеді. Өйткені жеке адам және қоғам білімменен кәмілдікке жетеді. Адамдарды ғылымға тарту мақсатында Зүмәр сүресі 9 аятында былай делінеді: “Білетіндер мен білмейтіндер еш уақытта бір бола ма? Шындығында ақыл иелері ғана насихат алады”. Исламда адам ақылының дамуына қатты көңіл береді. Ғылым және ақиқатты айғақтар мен дәлелдеуде, исламның рационалдық, ақылға сүйенетін дін екендігі айқын көрінеді. Шын мәнінде де Құран еш бір нәрсені дәлелсіз қабылдамау керектігін айтады. Еліктеу арқылы сенуге жол бермейді. Бұған Құрандағы 250 жерде “Ақылдарыңды қолданбайсыңдар ма? ойланбайсыңдар ма?”- деген аяттары дәлел болады. Құран еш бір нәрсені дәлелсіз қабылдамау керектігін айта отырып еліктеу арқылы сенуге жол бермейді.

Құрандағы негізгі тақырыптарды ислам ғалымдары үшке бөліп қарастырған. Олар мыналар:

  1. Иман (сенім) .
  2. Ахлақ (көркем мінез-құлық) .
  3. Муамелат (қарым-қатынас, іс-әрекет) .

1. Иман (сенім) мәселесі. Ислам дінінде сенім мәселесі мұсылманшылықтың ең алғашқы шарттарынан болып табылады. Иман сөзі араб тілінде «әмәнә» түбірінен шыққан. «Сену», «нану» деген мағынаны білдіреді. Ислам дінінде оның негізгі алты шарты бар. Олар мыналар:

  1. Аллаһтың барлығы мен бірлігіне сену.
  2. Періштелерге сену.
  3. Кітаптарына сену.
  4. Пайғамбарларға сену.
  5. Өлгеннен кейін қайтадан тірілуге сену.
  6. Тағдырға, жақсымен жаманның Аллаһ тағаладан екеніне сену.

Абай атамыз, Иман-бұл Аллаһу тәбәрака уа тағаланың бірлігіне және барлығына, Мухаммед пайғамбардың хақ екендігіне сену деп түсіндіреді. [18] .

Иман екі түрлі болады:

  1. Тақлиди иман. (Еліктеу арқылы сену) .
  2. Тахқиқи иман (Шынайы сену) .

Тахқиқи иман дегеніміз әр бір нәрсенің ақиқатын толық үйреніп оның дұрыстығына қол жеткізу. Құранда «Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ңе көркеміне ілетесіңдер. Міне солар Аллаһ өздерін тура жолға салғандар. Ал міне солар ақыл иесі». (Зүмәр, 18) . [22] . Бұл аяттың нәтижесінде әр бір пікірді ойлап, түсініп кейін оларға амал еткендер, міне солар Аллаһ һидаят еткен кісілер деген мағына шығады. Әрине ілім ақыл жәрдемімен жүзеге асады. Сондықтан да Құранда ақылға қатты мән беріліп оның үлкен құрмет екендігі айтылады.

Тақлиди иман дегеніміз басқа біреудің айтқанына, сенгеніне еліктеп ақыл қолданбай, ой жүргізмей сену. Бұл иман әлсіз және тез жойылып кетуі мүмкін.

Иман тек сеніммен шектелмейді. Иман жақсы амалдарды да қажет еттіреді. Өйткені иман болған жерде ар-ұят, намыс болады. Намыстылық бар жерде мейірімділік, тыныштық болады. Құранда: «Шын мәнінде адамдар жаманшылықта. Тек Аллаһқа иман етіп жақсы ғамал жасағандардан басқа» деп айтылады. (Аср, 2-3) . [9], [22] .

Құрандағы екінші басты мәселе бұл ахлақ мәселесі. Ахлақ дегеніміз көркем мінез-құлық дегенді білдіреді. Құран әдеп, ахлақ, этика, эстетика мәселелеріне кеңінен тоқталады. Қоғамның дамуымен ілгерілеуінде адамның жеке мінез құлқы маңызды роль ойнайды. Өйткені қоғам мүшесі болған әр бір жақсы мінез-құлықты азаматтың қоғамға қаншалықты пайдасы болса, жаман мінез-құлықты адам да қоғамға одан да көп зиянын тигізеді.

Мухаммед пайғамбарымыздан бір кісі «Ислам дегеніміз не?»-деп сұрағанда «Ислам көркем ахлақ» деп жауап береді.

Құран адамдардың құндылықтарын жоғары бағалай отырып, құрметке ең лайық әке-шешелерді айтады. Құранда әке-шеше хақы белгіленіп қойылған.

Әл-Исраа сүресі 24-25 аяттарында әке-шешеге жақсылық жасау, Аллаһ тағалаға ғибадат етуден кейінгі екінші орында тұрады. «Раббың өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе, «түһ» деме сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мерхамет құшағын жай да, «Раббым ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей, сен де оларды мерхаметіңе бөлей көр».

Жоғарыдағы аятта әке-шешеге бес түрлі мейірім және құрмет көрсету керек екендігін көреміз:

  1. Бала әке-шеше іс-әрекеттерінен ауырсынып оларды зекімеу.
  2. Бала әке-шешеге мейірім-шапағатта болу.
  3. Ата-анаға әр қашан құрмет көрсету.
  4. Ата-анамен сөйлескенде оларға ауыр тиетін сөздер сөйлемеу.
  5. Бала әр қашан олардың бақытты әрі рахатты болу үшін дұға етіп жүру.

Құранда тек ата-анаға ғана емес, отбасының басқа да мүшелеріне, туысқандарға, көршілерге, жетімдерге, кедейлерге жақсылық жасауды әмір етеді.

Құранда Ниса сүресі 36 аятында: «Әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жакын жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астарындағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен Аллаһ тағала тәкаппар мақтанышты жақсы көрмейді» деп адамдарды бір-біріне жақсылық жасауға шақырады. Бұл аят қоғамдық ахлақи маңызға ие. [22], [9] . [13]

XX ғасыр адамзат үшін ғылым техниканың дамуы, көптеген ғылыми техникалық жаңалықтардың ашылу кезеңі болды. Бірақ та дамуды тек ғылыми жетістік деп ойлаумыз қате. Шынайы даму бұл қоғамдық өмірдегі сүйіспеншілік, құрметтілік, және мейірімділікпен байланысты. Егер қоғамда жоғары қасиеттер болмайтын болса, қоғам тоқырауға ұшырап өмірі қысқа болуы мүмкін.

Құран адамдарға сабырлы болуды әмір етеді. Сабыр қанағат адамдардың ең жоғары қасиеттерінен болып табылады. Сабыр, Құрандағы ең көп айтылған тақырыптардан. «Эй, Мухаммед, қиыншылықтарға сабыр ет. Расында Аллаһ тағала жақсылық істеушілердің еңбегін жоймайды. (Худ, 15) . [9], [23] . [12] .

«Егер сабыр етіп, Аллаһтан қорықсаңдар құтыласыңдар» ( Али Имран, 186) . [9] . Сабырдың үш түрі бар:

  1. Күнәлардан қашу арқылы сабыр ету.
  2. Ғибадаттаарды, құлшылықтарды орындаудағы сабыр.
  3. Қиыншылық аурулардан сабыр ету.

Шын мәнінде сабырлы адам оның түбінде сары алтын табады, бүкіл қиыншылықтарға шыдап дұрыс жолды таңдай алады. Құран адамдардағы ең үлкен сипаттардан болған шыншылдық туралы сөз қозғайды. Шыншылдық сенімділікті әкеледі. Ал отбасымен қоғам тек сенімділік пен ғана жалғасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам дініндегі тәрбиенің мән-маңызы
Ислами тәрбие беру
Түркі халықтары әдебиеті
Ислам және адам тәрбиесі
Исламдағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері
Жастарды имандылыққа тәрбиелеудің маңызы
Ислам экономикасының негізін және ерекшеліктерін зерттеу
Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар
Діннің шығуы
Еліміздегі діни оқу орындарының түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz