Менеджмент ғылымының дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Менеджмент принциптері және олардың қазіргі кездегі дамуы
Пәні: Экономика және өндірісті басқару

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Менеджмент құрылымы мен принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Менеджмент ғылымының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Қазақстандағы менеджменттің дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

Кіріспе

Менеджмент (ағылш. мanage - басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) - ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. Менеджмент кейде Менеджмент ғылымы (Management Science) деп те аталады, яғни ол адамзаттың басқару ісінің заңдылықтары мен өнімді әдістерін зерттейтін пән саласы есептеледі. Ол белгілі бір құралдар мен әдістанмалар арқылы басқаруды өнімді етеді, әсіресе Операцияларды зерттеу (Operations Research) және Статистика секілділер арқылы басқаруға сапалық және сандық анализ жасайды. Ал, басқару дегеніміз басқарылушыға өнімді, пайдалы жұмыс істету әрекеті. Қазіргі заман басқару істері кейбір басқару мәселелеріне талдау жасаудай тар шеңберден шығып, жаратылыстану және гуманитарлық пәндердегі пайдалы білімдер мен әмбебап әдістерді пайдаланып, операцияны басқару, адам күші байлығын басқару, қауіп-қатерді басқару, айқын емес жағдайда шешім қабылду, шұғыл жағдайда таңдау жасауқұрделі құрылымның өзгерісін тізгіндеу, қалыптасу (emergence), өзін көрсете алу, ортаға үйлескіштік, өздігінен ұйымдасу, ұқсастықтардың біріктіруі секілді ауқымды мәселелерді жаппай қамти бастады. Әрқандай ұйымды жүйе ретінде қарастыруға болады, ал басқару сол жүйе үшін маңызды феномен ретінде жоспарлау, жетелеу, тіпті де жақсысын өндіру секілділерге талпына бастады. Сондай-ақ әлденені басқарудан бұрын оның өз-өзін басқаруы, басқаруға әзірлігі, басқаруының жүйелілігі мен табыстылығы, әсіресе жаңа деңгейге үздіксіз көтеріліп, жетіліп отыру секілділер де менеджментке жаңа мазмұндар қосты. "Менеджмент" ұғымының мәні мен мазмұны "басқару" түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді де атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 - 1915) есептеледі. Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған. Нарықтық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді.
Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты.

Менеджмент құрылымы мен принциптері

Саяси сана басты көзінің бірі - А. Смит пен Д. Рикардо бастаған ағылшын саяси экономикасы - жаңа жағдайда (фабрикалық еңбек бөлісу, өндірістік бақылауды ұйымдастыру т.б.) басқару мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Капиталистік фабрикада адамдар еңбегін басқаруға социалистутопистер, мәселен, Роберт Оуэн ерекше көңіл бөлді. Ол әсіресе қазіргі кезде біз айтып жүрген адам факторына ерекше көңіл бөлді. Оуэн таза теориямен шектеліп қоймады. ХIХ ғасырдың басында ол өз тоқыма фабрикасында батыл эксперимент жасады: кәсіпорында жұмысшылардың тамақтануы ұйымдастырылып, ал завод поселкасында жаңа мектеп салынды, территориясы жөнге келтіріліп, көгалдандырылды. Демек, біздің қазіргі күшті әлеуметтік саясатқа ұмтылуымыздың көне тарихы лайықты болған. Оуэн еңбек өнімділігін арттыру үшін моральдық ықпалды да пайдаланған; адамдардың басқалардан кем түскісі келмейтінін ол, өндірісте жарыс ұйымдастырды: таңдаулы жұмысшылардың станоктарында қызыл лента, орташасында-көк, нашарында-сары лента пайда болды. Осы келтірілген деректерден аңғаратынымыз - басқару барлық қоғамдық формацияда болған, бірақта кестеде көрсетілгендей, көне уақыттағы басқару мен ұйымдастырудың қазіргі кездегіден едәуір айырмашылығы болған.
Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредрик Уинслоу Тейлордың (1856-1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері - Фабриканы басқару (1903), Ғылыми менеджмент принциптері (1911), Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету (1912). Филадельфиядағы оның зиратының басына Ғылыми менеджмент атасы деп жазылған. 1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредрик В. Тейлор процесін зерттей бастады. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай, оған терең деп қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды.

Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:

1.Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу. Ол былай деді: басқаруда да, көпір салу секілді асқан дәлдік керек.
2.Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, ол арды жаттықтыру және баулу. 3. Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу ісінде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.
4. Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.
Еңбек өнімділігін барынша арттыруды басты мақсат етіпқоя отырып, тейлор жұмысшы еңбегі мен өндіріс құралдарын пайдалануды; материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияларға бөліп, кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуді, әрбір операцияға бақылау орнатуды, бірыңғайланған еңбек ақыны қолдануды т.б. көздеді.
Тейлор жеке жұмыскерлердің еңбек операцияларын талдай отырып, әрбір операцияны жекелеген құрамдас бөліктерге жіктеуге жәнеде хронометраж көмегімен жұмыстың неғұрлым прогрессивті әдістерін анықтауға болатындығын дәлелдеді.
Жұмыс уақытын дәл есептеу құралдарын, жұмыс операциялары мен қозғалыстарын стандарттауды, нұсқаулық карталарды енгізуді және жұмыс барысын бақылауды қажет етті.
Тейлор жұмысындағы басты жүйе - жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды ету, өндіріс процестерін жәнеде соған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру болды. Тейлор ілімнің дәл осы жағы өнеркәсіп орындарында жаппай қолданылды.
20-жылдары Тейлор ілімінің көрнекті зерттеушілері мен белсенді насихатшылары Генри Гантт, Френк Б. Гилберт, Лилиан Гильберт, Хорейс Хетэуй, Сенфорт, Харригон, Эмергон, Г. Форд болды.
Эммерсон ойлап шығарған өнімділіктің 12 принципі жұртқа кеңінен мәлім болды. (1912). Мұнда ол кәсіпорынды басқарудың принциптерін қарастырды, әрі тұжырымдады. Эммерсонның пікірінше, мұндай принциптерге мыналар жатады:
дәл тұжырымдалған мақсат, басқарудың барлық деңгейінде бұған жетуге әрбір басшы мен қол астындағылар ұмтылады;
болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесті талдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу;
білікті кеңес беру -- өндіріске және басқаруға байланысты арнайы білімнің қажеттігі және барлық мәселеде білікті кеңес бірлесіп ақылдасқанда ғана нәтижелі болады;
тәртіп - барлық ұжым (коллектив) мүшелерінің белгіленген тәртіп пен ережеге бағынуы;
қызметкерлерге әділ төрелік;
басшыны қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін жедел, сенімді, толық, дәл және тұрақты есеп;
ұжым қызметін мұқият, жедел, басқаруды қамтамасыз ететін диспетчерлік жұмыс;
ұйымдастырудағы бүкіл кемшілікті дәл белгілеуге және одан келетін шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін нормалар мен жұмыс кестелері;
ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін уақыт, күш-қуат және өзіндік құнның үйлесімдерін қамтамасыз ететін жағдайларды қалыпқа келтіру;
уақытты белгілеуді және операцияның кезегімен орындалуын ұсынатын операциялар нормасы;
атқарылатын жұмыстардың барлық ережесін нақты бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;
әрбір жұмысшылар еңбегін көтермелеу мақсатында еңбек өнімділігі үшін сыйлыққа ақы төлеу.

Менеджмент ғылымының дамуы

Бүгiндерi басқару өнерi мен ғылымының қалай және қашан пайда болғанын ешкiм айта алмайды. Менеджмент қайсыбiр нысанда адамдар топ болып жұмыс iстеген жерлерде, әдетте, адамзат қоғамының үш өрiсiнде әрдайым болды:
- саяси - топтардағы тәртiптi орнату мен ұстап тұру қажеттiлiгi;
- экономикалық - ресурстарды табу, өндiру және бөлу қажеттiлiгi;
- қорғаныс - жаулардан және жабайы аңдардан қорғау қажеттiлiгi.
Тiптi ең көне қоғамдарда топтардың қызметiн үйлестiрiп, бағыттайтын тұлғалар қажет болды. Мәселен, египет пирамидалары - бұл сол заманғы басқару өнерiнiң ескерткiшi, өйткенi мұндай ғажайып құрылысты салу көптеген адамдардың жұмысын жоспарлау, ұйымдастырудағы дәлдiктi, олардың қызметiн бақылауды талап еттi.
Басқару теориясы мен тәжiрибесiнiң дамуында бiрнеше тарихи кезеңдердi ажыратады.
I кезең - көне кезең. Ең ұзағы басқару дамуының алғашқы кезеңi болды - б.з.д. 9-7 мың жылдан бастап шамамен XVIII ғ. дейiн. Дербес бiлiм саласына бөлiнiп шыққанға дейiн адамзат мыңдаған жылдар бойы басқару тәжiрибесiн бөлшектеп жинақтады.
Бiрлескен еңбектi реттеу мен ұйымдастырудың алғашқы, ең қарапайым нысандары алғашқы қауымдық құрылыс сатысында болды. Бұл кезде басқару ақылдаса отырып, ру, тайпа немесе қауым мүшелерiнiң барлығымен жүзеге асырылды. Ру және тайпа ақсақалдары мен көсемдерi сол кездегi барлық қызмет түрлерiнiң басқарушы басшылары болды.
Шамамен б.з.д. 9-7 мың жылдықтарда Таяу Шығыстың бiрқатар жерлерiнде иемденушi шаруашылықтан (аңшылық, жемiс теру және т.б.) өнiмдердi алудың мүлдем жаңа нысаны - оларды өндiруге (өндiргiш экономикаға) көштi. Өндiрушi экономикаға көшу менеджменттiң туындауын есепке алудың басы, адамдардың басқару саласындағы белгiлiктi бiлiмдердi жинақтауының негiзгi кезеңi болды.
Басқару туралы алғашқы жазбалар Ежелгi Шумерде жазу өнерi пайда болған кезден (б.з.д. 5 мың жылдық) басталады. Сол кезде онда саудамен байланысқан абыз саудагерлер пайда болды.
Ежелгi Египетте мемлекеттiк шаруашылықты басқарудың мол тәжiрибесi жинақталды. Бұл кезеңде (б.з.д. 3000-2800 жж.) сол заман үшiн әжептәуiр дамыған мемлекеттiк басқару аппараты және оған қызмет көрсетушi топ қалыптасты.
Вавилон патшасы Хаммурапи (б.з.д. 1792-1750 жж.) мемлекеттi басқарудың 250-ден астам заңы бар заңдар жинағын жасады.
Ассирия патшасы II Навуходоносор (б.з.д. 605-562 жж.) тоқыма кәсiпорындары мен астық қоймаларында өндiрiстiк бақылау жүйесiн әзiрлеп, ендiрдi.
Қызметтiң ерекше саласы ретiнде басқаруға сипаттама берген алғашқылардың бiрi Сократ (б.з.д 470-399 жж.) болды. Ол басқарудың түрлi нысандарын талдап, соның негiзiнде басқарудың әмбебап сипаты туралы идеясын тұжырымдады.

Қазақстандағы менеджменттің дамуы

Менеджмент туралы сөз болғанда біз ең бірінші Әбу Нәсір Әл-Фарабиді еске аламыз. Әбу Нәсір Әл-Фараби (870-950 жж.) ғылымның әр алуан саласында аса маңызды, құнды пікірлер, тұжырымдар қалдырған кемеңгер ғалым, данышпан ойшыл, энциклопедист адам болған.
Әл-Фараби басқару мен патшалық құруға, яғни жоғары өкіметтің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылымды басқару мектебі
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
ТУPИЗМ МEНEДЖМEНТІНІҢ ФУНКЦИЯCЫ
Экономика және өндірісті басқару
Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері
Менеджменттің қалыптасуы және оның алғышарттары. Тейлоризм
Менеджменттің мектептері
Басқару ғылымы
Менеджменттің негізінде мектепті басқару принциптері
Басқарудың теориясы мен практикасының дамуы
Пәндер