Тегіс құбыр



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Пәні: Мұнай кәсіпшілік қондырғылар
Тақырыбы: Ұңғыларды пайдалануға қажетті машаиналар мен жабдықтар

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Ұңғыманың сағасындағы қоңдырғылар. Ашық фонтаудауды сақтандыратын ұңғыманың қондырғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Лифт құбырлары. Сорапты - комрессорлы құбырлар. Мұнай өндірісіндегі байланыс құбырлары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Фонтанды тәсілмен ұңғыманы пайдаланғандағы құрал-жабдықтар ... ... ... ... ... ... ..9
Ұңғыны газбен көтеруге арналған әдіспен қолдануға арналған жабдықтар ... ... ...10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

Кіріспе

Мұнай мен газ адмазат қоғамының энергия көздерінің бастысына айналды әрі ең маңызды химиялық бөлшек болып табылады. Мемлекетті газ-мұнай шикізаттарымен қамтамасыз ету елдің экономикалық дамуын айқындайды және технологиялық прогресті белгілейді.
Мұнай-газ өндіру саласының ерекшелігі айтарлықтай жоғары, ілгері қарқынды, сапа жағынан алдыңғы қатарлы, әрі мұндай өнімдер жыл сайын өндірілуде. Қазіргі мұнай өндіру саласы ең соңғы үлгілермен жабдықталған, автоматтандырылған, ондаған күрделі өзара технологиялық процесстерді жүзеге асыра алатындай жағдайда.
Оларды жүзеге асыру үшін пайдаланылып жүрген саны, күрделілігі, әртүрлілігі жағынан машиналар мен жабдықтар қазіргі өнеркәсіп салаларында алдыңғы қатарлы орындарды иеленеді. Толассыз даму үстіндегі мұнай-газ өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың саны жаңа мұнай-газ өндірісінің жаңа саласының қалыптасуына әкеліп соқтырды.
Мұнай-газ саласының дамуымен қатар бір мезгілде машина құрастыру салалары да даму үстінде. Және де осымен қатар ғылым да даму бағытында.
Кәсіптік жабдық курсы мұнай-газ өндірудің әртүрлі тәсілдерінде, жөндеу жұмыстарында, мұнай мен газды тасымалдауда, газ бен мұнайға арналған құбырларды, осымен қатар осы салаларда қолданылатын машиналар мен жабдықтарды зерттейді.
Мұнай және газ көздерін өңдеу тек қана жер қыртысының өнімді беткейлерін бұрғылайтын ұңғымалардың көмегімен жүзеге асырылады.
Ұңғыма - тік немесе иіліңкі болады, кішгірім диаметрі (75-350мм-ге дейін) мынадай тереңдікке кетеді100-150-ден 5000-6000 метрге дейін және одан жоғары болады. Ұңғыманың бөлшектері: сыртқа шығу ауыз қуысы; ұңғыма-түбі, діңгек - жанындағы жоғары жағы. Қыртыстарды жалғастыратын ұңғылар. Ұңғымалар тік және иіліңкі бағытта болуы мүмкін.
Ұңғымалар мынадай санаттарға бөлінеді: өндіруші, барлаушы, бақылау және позометрикалық. Мұнай және газ өндіруге немесе конденсация жасауға арналған ұңғымалар өндіруші деп аталады. Ал суды, басқа да сұйықтық заттарды тартуға арналған, және де жатқан қорларға жасанды түрде әсер етуге арналған ұңғымалар айдау ұңғымалары деп аталады. Барлау ұңғымалары болса, мұнай кендерінің бар жоғын, мұнай-газдың таралу аймағын айқындауға арналған.
Бақылаушы және пезометрлік ұңғымалар жер қыртысы мен қыртыстық сұйықтықтың жағдайын анықтау бойынша жұмыстарды атқаруға, сонымен қатар қыртыстық қысымдарды ұстап отыруды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылады.


Ұңғыманың сағасындағы қоңдырғылар. Ашық фонтаудауды сақтандыратын ұңғыманың қондырғылары.

Ұңғымадағы шегендеуші құбырлар сағадағы құбырлар басымен байланады.
Тізбек басы (сурет-2.1) - ұңғыманың барлық шегендеуші құбырларын бір жүйеге қатан байлайды да, олардың салмағын толығымен қабылдап, кондукторға бұл күштердің бәрін түсіреді. Ол арқылы ұңғымадағы құбыр араларындағы кеңістіктерді герметизациялап, бір бірінен айырады. Сонымен ол арқылы ұңғыманың оқпанын тексеру мен әр түрлі қажетті техноллогиялық операцияларды орындауға қолданады. Ұңғымаға түсірілетін эксплуатациялық қоңдырғыларды монтаждау кезінде қолданады. Бұрғылау жұмыстары кезінде лақтыруға қарсы превенторлар орнатылады да, бұрғылау жұмыстары біткеннен кейін превенторлар демонтаждалады.

Сурет 2.1. Тізбек басының конструкциясы
Құрылымын қарастыратын болсақ, тізбек басы деп бірнеше біріктірелген бөлшектерді айтуға болады, шегендеуші құбырларды ұстап тұратын катушкалар немесе крестовиналар. Бұл элементтердің саны шегендеуші құбырлардың санына байланысты.
Құбырлар басының жұмыс істеу жағдайы өте қатаң - өте терең ұңғымалардағы шегендеуші құбырлардың салмағы бірнеше жүздеген кило ньютоннан асуы мүмкін. Сонымен қатар құбырдың басы онымен қарым қатынаста болатын ортаның салмағын өзіне алады. Өнімнің құрамында H2S, CO2 элементтері кездессе немесе судың жоғары минирализациясы болса құбыр басы осы факторлар әсерінен тозады. Терең ұңғымаларда жылыту сұйықтарды айдағанда тізбек басы150-250 градусқа дейін қызады, ал солтүстікте құбыр басы минус 60 градусқа дейін суиды.
Тізбек басының беріктігінін бұзылуы, авариаялар қоршаған ортаға зиян келтіруіне әкеледі, ал кей жағдайларда ол үшін өртке, қауыпты жағдайға жарылысқа себеп бола алады.
Көп бағытты ұңғымаларда тізбек басының салмағы өте ауыр болады және алатын аумағы үлкен. Олардың қажеттілігінің артуына байланысты және шығарылуында көп мөлшерде металл қоладнылатын оны құрастыруда легирленген болат қолданады. Тізбек басының вертикалды аумағының үлейүімен ұңғымадағы жұмыстар күрделенеді.
Жоғарыда айтылған тізбек басының жұмыс істеу кезінде ерешеліктері мен тізбек басының өзінің ерекшілектері, оларды құрастырған кезде көптеген талаптарға негіздеулер қажет етеді. Ең басытысы тізбек басы және оның бөлшектері ұңғыманың қызмет ету кезіндк әр-түрлі жағдайларда беріктігін сақтау керек және де құрастыруы кезінде аз металл қолдану үшін вертикаль өлшемдеру аз болуы керек. Екі құбырды байлау үшін құбыр басының қорабы 4 шегендеуші құбырға 6, отырғызылған (сурет 2.1 ). Құбыр басының ішін конусты және оның ішінде шегендеуші құбырларды ұстап тұратын 7, сналар (клиндар) 3, орналасқан. Тізбек басының қосқыш тетік (фланец) құбырға кигізгелген немесе оған дәнекерленген катушка 1, кигізілген және ол құбырға кигізілген немесе оған дәнекерленген. Катушка болттар арқылы құбыр басымен байланысқан. Құбыраралық кеңістік тығыздаушылар 2, арқылы бір бірінен айырылған. Құбыр сыртындағы кеңістікке жету үшін құбыр басында ысырма 5, орналасқан. Бұндай құбыр басының биікітгі 1 метрге тең. Шегендеуші құбырлардың диаметріне байланысты құбыр басының салмағы 500-550 кг аралығында болады.
Тізбек басының крестовина және катушканың қораптары құйылған болаттардан, және өте сирек қоспаларынан құралады. Металдың механикалық қасиеттерін жақсарту және кернеуді төмендету үшін дайындалған бөлшектерді дәнекерленегеннен кейін термоөңдеу арқылы сынайды. Қорап үшін болаттың ағу шегі 5-5.5 МПа, салыстырмалы созылуы 14-15%, және соғу тұтқылығы 40мН.мм2 дейін. Қиын жағдайда жұмыс істейтін тізбек басылары үшін төменлегирленген болаттар 35ХМЛ қолданады. Штампталған және соғылған дәнекерленетін фланцтар немесе олардың жоғары жағы 358ХМ және 40Х металдарына: сәйкесінше жасалады.
Қазіргі уақытта тізбек басыларын құрастыру, оны және оның бөлшектерін тасымалдау стандарт (сағалары су астында орналаспаған мұнай және газ ұңғымаларына арналған тізбек басылары) бойынша жүргізіледі. Стандарт бойынша шегендеуші құбырмен байланыстыру түрі және негізгі параметрлер (максималды ішкі диаметр, жұмыс істеу қысымы, шегедеуші құбырдың шартты диаметрі) анықталады. Стандарт бойынша келесі жұмыс істеу қысымдары қарастырылады: 14, 21, 35, 70, 105 МПа. Жұмыс істеу қысымы 35 МПа үшін сыналатын қысым 2Ржұм, ал егер 35МПа жоғары болса, онда сыналатын қысым 1.5Ржұм.
Ішкі қысымның әсерінен құбырға әсер ететін кернеуді анықтау үшін формулаларды қолданып есептеу жүргізеді. Алынған нәтижелер арқылы тізбек басының мөлшеріне және көлденең қимасының түріне әр түрлі түзетулер енгізіледі және эмпирикалық формулалар қолданады. Жүргізілген есептеудің нәтижесі нақты нәтижеге сәйкес келмеген. Оның себебін анықтау үшін жүргізілген анализдің нәтижесінде, негізгі себеп ретінде шегендеуші құбыр - клиндер - қорап (корпус) жүйесіндегі әсер ететін күштер сүлбесінің есептеудегі қате әдістің қолдануы.Бұл әдіс бойынша ішкі әсер ететін күштер бірдей таралады деп алынған.

Сурет 2.2. Тізбек басының тұлғасына (корпус) әсер етуші күштерді бөлу үлгісі

Сурет 2.3. Тізбек басының тұлғасына (корпус) және сына (клина) мен шегендеу құбырына әсер ету үлгісі (схемасы)
Тік күштің әсерінен клиндер орапқа әсер етеді. Калыпты жағдайда бұл әсерлесі күші клиннің барлық бетіне (эпюра 1, сурет 2.2, а) және қорап әсерлесі бетінде бірдей таралады деп есептелген (эпюра 2, сурет 2.2, б) Бірақ есепте нақты әсерлесу беттері ескерілуі керек. Шегендеуші құбырлардың сыртқы диаметрінің номианлды диаметр мәнінен алыстауы, құбырлардың диаметралды деформацияның әртүрлілігіне және клиндардың құбырға ену тереңдігінің әр түрлі болуы үшін ұсталатын құбыр корапта әр түрлі биіктікте отырғызылады (сурет 2.3, а )және оның интервалы келесідей есептеледі (сурет 2.3, б)
Лифт құбырлары. Сорапты - комрессорлы құбырлар. Мұнай өндірісіндегі байланыс құбырлары.

Мұнай өндірісінде құбырларды келесі жағдайлар үшін қолданады: ұңғы ішінде мұнай қозғаласын оқпанды жасау үшін, ұңғы ішіндегі қоңдырғыларды орналастыру үшін, өңдірс территориясында құбырларды жүргізу үшін. Қолданатын құбырлар әр түрлі, бірақ олардың негізгі 4 түрін бөлуге болады: бұрғылау, шегендеу, сорапты-компрессорлы және өндірістегі байланыс құбырлары.
Құбырдың алғашқы үш түрінде әрбір құбырда муфтасы жоқ шетінен 0.4-0.6 метр жер аралығнда белгілер бар: шартты диаметр (мм) және құбыр номері, болаттың төзімділігі, қабырға қалыңдығы, шығарылған айы мен жылы, өндіруші зауыттың тауарлық белгісі. Бұл белгілердің үстіне ақ түсті шайылмайтын бояумен қайта жазады.
Сорапты компрессорлы құбырлардан тізбек құрылып ұңғыма бойымен түсіреді. СКҚ-ды қолдану мақсаттары:
қабаттан алынған сұйық, сұйық пен газ қоспасы немесе газды жер бетін көтеру үшін;
ұңғы түбіне сұйық немесе газды айдау үшін (технологиялық процесстерді орындау үшін, өнімді арттыру немесе жөндеу жұмыстарын орындау үшін);
ұңғы ішіндегі қоңдырғыларды ілу үшін;
ұңғыма ішінде жөндеу және бұрғылау жұмыстарын жүргізу;
СКҚ-ң шартты белгілену үлгілері:
Төзімділік дәрежесі Е, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энергия шығыны
Бұрғылау және шегендеуші құбырлар.
Мұнай-газ өндіру ұңғымасының жабдықтары
Құбырдың сызықты бөлігінің рентгендік дефектоскпопясы
Салыстырмалы кедір бұдырлық
Құбырлардың гидравликалық есебі
Құбырдағы гидравликалық кедергі
НАСОСТЫҚ – КОМПРЕССОРЛЫҚ ҚҰБЫРЛАР. НКҚ ЖӨНДЕУ (НКҚЖ) БАСҚАРМАСЫ
Ағынды желдетуді қосу
Сұйықтар қозғалысының режимдері
Пәндер