Республикада мұнай және газды өндірудің қазіргі және болжамдық көлемі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Пәні:Мұнай өндірудің техникасы мен технологиясы
Тақырыбы:Мұнай өндірудің қазіргі жағдайы

Жоспар
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының мұнай газ саласының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасының Энергетикалық балансы
ТМД және әлемдік масштабтағы елдердің арасынан Қазақстанның мұнай қоры бойынша алатын орны
Республикада мұнай және газды өндірудің қазіргі және болжамдық көлемі
ҚР-ң мұнай - газ саласына салынған инвестициялардың көлемі
Қорытынды.
Әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан мұнай газ саласының қазіргі жағдайы Қазақстан мұнайын тасымалдау мәселелері 5 Қазақстанда мұнай-газ өндіру саласында жұмыс істеп Қазақстан мұнай газ саласының қазіргі жағдайы Соңғы жылдары мұнай, газ саласы біздің ТМД елдерінің ішінде Қазақстан мұнай өндіру Қазір мұнай 55 кен орындарында өндіріліп Каспий теңізі мен оның жағалауларының қазақстандық Павлодар мұнай өңдеу заводы (ПМӨЗ) -Шымкент МӨЗ - 3382,7 мың тонна, Атырау МӨЗ - 1884,3 мың тонна, Өндірілген мұнай өнімдері: жағар май 1287,3 мың тонна - авиакеросин 56,5 мың тонна - 24,5 дизель отыны 1819,4 мың тонна - мазут - 2167,7 мың тонна - 74,2 сұйық газ 184,5 мың тонна - Мұнайдың әлемдік бағасының тоқтамастан өсуінің және мұнай өндіруші компанияларға мұнайды МӨЗ-на сатудан ал мұнайды отандық МӨЗ-на сататын болса, Егер мұнай экспортымен айналысатын компаниялар бюджетке Отандық МӨЗ-не сатылатын мұнайға салынатын ҚҚС Экспорттық мұнайға салынатын баж салығының мөлшерін Баж салығын ҚҚС-тен көбірек етіп тағайындау; 2000 жылы мұнай және газ конденсат Болжамдық қоры 13 млрд. т жететін Қазақстан мұнайын тасымалдау мәселелері Мұнайды сыртқа тасымалдау мәселелері 2000 жылда Қазіргі кезде шетке тасымалдаудың басты бағыттары КТК-дан басқа Каспий аймағының мұнайын тасымалдауға Мұнайды сыртқа шығару мүмкіндігін арттыру Құмкөл мұнайын Павлодар МӨЗ-на Шолаққорған мұнай Казтрансойл компаниясы Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының технико-экономикалық Мұнайды Түркия арқылы Джейхан терминалына, Иран, Қазақстан-Түркменстан-Иран (Парсы шығанағы) мұнай құбыры жобасы Қазақстан Республикасы үкіметі және Қытай ұлттық Казтрансойл МТҰК көптеген жобалар бойынша жұмыстарды Компания Ақтау портынан Дюбендиге (Әзірбайжан) танкермен Қазақстанның ішкі рыногының шектеулі болуына байланысты Қолданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан экономикасының жетекші Алдағы қиындықтарға қарамастан еліміздің дербестігін қамтамасыз Маңғыстау облысындағы мұнай өндірудің көлемі азаюының Маңғыстау және Атырау облыстарында мұнай қорының 1 кесте ҚР-дағы облыстар бойынша мұнай өндіру, млн.т Облыс 1996ж. 1999ж. Атырау Маңғыстау Ақтөбе 7,7 8,6 2,6 11,9 5,6 2,5 Қазақстанда мұнай-газ өндіру саласында жұмыс істеп TEXACO INTERNAIONAL PETROLEUM CO компаниясы Қазақстан 1998 жылы компания 65 % акцияларды Маркетинг саласында Texaco Алматы мен Астанада EXXON MOBIL Қазақстанмен байланысы 1993 жылы CHEVRON (Теңізшевройл). 1990 жылдың, сәуірінде Қазақстан Мұнай өнімін жылына 17 мың тоннаға ТШО-ның Қазақстанға тікелей төлеген ақшасы 1999 Шеврон КТК-дағы ең ірі жекеменшік инвестор OFFSHORE KAZAKHSTAN INTERNATIONAL OPERATING COMPANI (OKIOС) Өнімді бөлу туралы келісімнің шарттары бойынша KazakhstanCaspishelf (KCS). Қазақстан-Каспийшельф компаниясы 1993 жылы 1996-1998 жылдары Қазақстан-Каспийшельф теңіздегі мұнай операцияларына CNPC INTERNAIONAL AKTOBE PETROLEUM JSC (ОА Өткен осы жылмен салыстырғанда күрделі қаржының KUAT HOLDING COMPANI (Қуат холдинг компаниясына) Бұл өңірде 18 млн.т мұнай, 6,2
Омск-Павлодар мұнай құбырымен Павлодар МӨЗ-нің арасы

Қазақстан Республикасының мұнай газ саласының қазіргі жағдайы
Қазіргі таңда Қазақстан әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан бастапқы энергия көздерін өндіруші және экспорттаушы елдердің бірі болып табылады. Қазақстанның энергетикалық саласына мұнай, газ және көмір өндірісі мен электр энергиясының өндірісі кіреді. Қазақстанның энергетикалық саласында маңызды орын алатын мұнай-газ саласы дәстүрлі түрде елдің ЖІӨ-інің үлкен пайызын құрайды. Мысалы, мұнай-газ саласы 2017 жылы елдің ЖІӨ-інің шамамен 20%-ын құра-ды. Сонымен қатар, Қазақстанның Ұлттық қорына келетін қаражаттардың 90%-ынан астамы мұнай экспорты кірістерінен түскен салықтар болып табылатыны белгілі. Бұл қаражаттардың экономикалық өсуді ынталандыру және бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін бөлінгенін ескере отырып, алдағы онжылдықтарда мұнай мен газдың тұрақты түрде өндірілуін қамтамасыз ету қажет. Өткен жылдары бүкіл әлем бойынша қазақстандық мұнайға сұраныс салыстырмалы түрде тұрақты болды. 2017 жылы Қазақстанда мұнай өндірісі 2016 жылмен салыстырғанда 8,2 млн. тоннаға немесе 10,5%-ға артып, 86,2 млн. тоннаға дейін ұлғайды және бұл ел тарихындағы ең жоғары нәтиже болып табылады. Бұл 2017 жылдың алғашқы 11 айында 21,4% деңгейінде өсім байқалған Атырау облысында мұнай өндіру көлемінің өсу үрдісінің нәтижесі болып табылады. Себебі Қашаған кен орнында мұнай өндіру 8,3 лн. тоннаға жетті, бұл бастапқы жылдық жоспардан (5 млн. тонна) 66%-ға артық. Бұған қоса, теңіз және Қарашығанақ кен орындарында мұнай өндіру көлемі тиісінше 4,1%-ға және ,5%-ға артып, 28,7 млн. тоннаға және 12,5 млн. тоннаға жетті. Қазақстандағы осы үш ірі мұнай кен орны 2017 жылы жалпы мұнай өндіру көлемінің 57%-ынан астамын құрады. Осылайша, Қызылорда және Маңғыстау облыстары мұнай өндіруде тиісінше 3,9%-ға және 0,4%-ға төмендеу арқылы теріс динамиканы көрсетсе де, Қазақстан төрт жылдық бәсеңдеу үдерісінен кейін жалпы мұнай өндірісі көлемін арттыра алды. Салыстыру үшін елдің мұнай өндіру көлемі 2013 жылы 81,8 млн. тоннаны құрап, 2014 жылы 80,8 млн. тоннаға дейін, ал 2015 жылы 79,4 млн. тоннаға дейін азайса, 2016 жылы 78 млн. тоннаға дейін төмендеді.Дегенмен, ең жоғары деңгейіне жеткен Қазақстан ОПЕК-тің мұнай өндірісін қысқарту жөніндегі келісімі шеңберінде сақтауға келіскен мұнай өндірудің максималды деңгейінен асып түсті. Келісімге сәйкес, Қазақстан 2016 жылдың қарашасынан бастап мұнай өндіру көлемін базалық айлық деңгейден (2016 жыл-ғы қазан) тәулігіне 20 мың баррельге қысқартып тәулігіне 1,7 млн. баррельге дейін төмендетуге міндеттенді. Нәтижесінде Қазақстан ОПЕК-ке берілген міндеттемесін орындау үшін 2017 жылы мұнай өндіруді 1 млн. тоннаға қысқартуға мәжбүр болды. Алайда, ел 2016 жылдың қазан айындағы өндіріс деңгейін сақтап қалған жағдайда, жалпы мұнай өндіру көлемі 86 млн. тоннадан асушы еді. Сондықтан, артық өндіріс көлемі тек тәулігіне 40 мың баррельді құрағандықтан Қазақстан өзін ОПЕК-тің мұнай өндірісін қысқарту жөніндегі келісімді бұзушы мемлекет ретінде санамайды. Алайда, Қазақстан 2018 жылға арналған мұнай өндіру болжамын 87 млн. тонна деңгейінде белгілегендіктен, бұл мұнай өндірісін қысқарту жөніндегі келісімге қатысушылардың алаңдаушылығын тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, Қашаған жобасын іске қосқаннан кейін Қазақстан Ресейге бағытталған мұнай құбырлары, атап айтқанда, Теңіз-Новороссийск немесе Каспий Құбыр Консор-циумы (КҚК) мен Атырау-Самара мұнай құбырлары арқылы мұнай жеткізуді ұлғайта алды. Мысалы, 2018 жылы қаңтардың басында КҚК құбыр арқылы тасымалданған 55,1 млн. тонна мұнайдың шамамен 50 млн. тоннасын қазақстандық көмірсутегі шикізаты құрағанын мәлімдеді. Бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 10,8 млн. тоннаға артық. Сонымен қатар, ҚазТрансОйл АҚ есебіне сәйкес, Атырау-Самара құбыры арқылы тасымалданған мұнай көлемі 2016 жылға қарағанда 0,8 млн. тоннаға артып, 15 млн. тоннаға жетті. Екінші жағынан, Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры арқылы Қытайға тасымалданған қазақстандық мұнайдың көлемі тұрақты түрде төмендеп, 2016 жылғы 2,8 млн. тоннадан 2017 жылы 1,6 млн. тоннаға дейін жетті. Қазақстанның жалпы мұнай экспортының 12,4%-ға ұлғайып, 69,8 млн. тоннаға жеткенін ескере отырып, Ресейге бағдарланған мұнай құбырларының елде өндірілген көмірсутегі шикізатының негізгі экспорттық бағыттары болып қала беретініне көз жеткізуге болады. Алайда, Қазақстанның мұнай өндірісі өсіп, мұнай бағасының тұрақтануына қарамастан, алдағы жылы Ұлттық қорға мұнай кірістері азаяды. Өйткені, Қашаған кен орны Теңіз және Қарашығанақ сияқты өнімді бөлу туралы келісім бойынша (ӨБК) әзірленген. Яғни, Ұлттық қор кен орны операторлары өздерінің инвестициялары бойынша нақты табыстарға қол жеткізгеннен кейін ғана Қашаған ӨБК-нен мұнай табыстарын ала бастайды. Жобаның акционерлері қатарына кіретініне қарамастан мемлекеттік ҚазМұнайГаз компаниясы 2016 жылы Витол халықаралық энергетикалық трейдерімен Теңіз кен орны мәмілесінде қолданылатын схемаға ұқсас схема бойынша 1 млрд. доллар көлемінде 5 жыл мерзімге Қашаған кен орнынан мұнай жеткізуді аванстау бойынша келісімге қол қойды. Сонымен қатар, 2017 жылдың тамызында ҚазМұнайГаз 600 млн. доллар сомасында қосымша алдын ала төлем алды. Нәтижесінде, компания алдағы бірнеше жыл үшін мұнайдан түскен табысты алды. Ұлттық қорға түсетін кірістердің көлемін арттыру жолдарының бірі газ экспортының ұлғаюы болуы мүмкін. Мәселен, 2017 жылы Қазақстанда газ өндіру көлемі 2016 жылға қарағанда 14%-ға өсіп 59,9 млрд. текше метрге ұлғайды, ал газ экспорты 26,3%-ға артып, 17,3 млрд. текше метрге жетті. Экспортталатын газдың басым бөлігі Ресейге жіберілді, бірақ 2017 жылдың қазан айында Қазақстан алғаш рет Қытайға газ экспорттай бастады. 2017 жылдың соңына қарай экспортқа шығарылған газ көлемі 1,1 млрд. текше метрді құрады. 2018 жылы Қытайға газ жеткізуді 10 млрд. текше метр және жалпы газ өндіру көлемін 53,4 млрд. текше метр деңгейіне жеткізу жоспарын есепке ала отырып, газ экспортының күтілетін өсуі Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы сарқылып жатқан мұнай кен орындарынан түсетін мемлекеттік кіріс тердің төмендеуін ішінара өтеуі мүмкін. Елдің мұнай-газ өндірісінің жоғары өсуін қамтамасыз ету үшін қарқынды жоғалтпай энергетикалық ресурстарды барлауға инвестиция салуды жалғастыру маңызды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 271 көмірсутегі кен орны бар, оның ішінде 92 кен орнында өндіру, 64 кен орнында барлау, 115 кен орнында бірлескен өндіру және барлау жұмыстары жүргізілуде. 2003 жылдан бері мұнай мен газдың өндірілетін қорларының көлемінде айтарлықтай ұлғаю байқалмады. Сонымен қатар соңғы 10-15 жылда тіркелен қорлардың өсуі негізінен бұрыннан белгілі мұнай-газ кен орындарын барлау есебінен болды. Қазақстанның ірі перспективалық қорлары анықталған геологиялық барлау жұмыстарының ең үлкен үлесі Кеңес дәуірінде, атап айтқанда, 1970-1980 жылдары жүзеге асырылды. Осылайша, қазіргі геологиялық барлау жұмыстары негізінен кеңес мамандары тарапынан жасалған 50 жылдық зерттеулерге негізделген. Сондықтан, Қазақстанның мұнай-газ қорларының біршама артуына қарамастан, бұл өсім қарқыны мұнай мен газды өндірудің болжанған өсуін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.Қазақстандық табиғи ресурстардың көп бөлігі елдің батыс бөлігінде, атап айтқанда, Атырау (72%) және Маңғыстау (12%) өңірлерінде шоғырланып, елдегі мұнай-газдың перспективалы қорлары Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқандықтан Каспий бассейнінің көмірсутегі кен орындарын игеру тұрғысынан ең үлкен әлеуетке ие екенін оңай көруге болады. Қазіргі уақытта қазақстандық секторда Солтүстік Каспий жобасы (Қашаған, Қаламқас теңіз, Қайран, Ақтоты), Жемчужина (Хазар, Әуезов), Блок Н, Құрманғазы, Сәтпаев және Жамбыл сияқты бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жобалар бірқатар трансұлттық және шетелдік энергетикалық компаниялармен серіктестікте жұмыс істейтін ҚазМұнайГаз ұлттық операторы тарапынан жүзеге асырылуда. Дегенмен, дамыған инфрақұрылымның жетіспеушілігі мен жоғары капитал шығындарының болуына байланысты оффшорлық жобаларды одан әрі дамыту бірқатар қиындықтарға тап болуда.Қазақстанүкіметі геологиялық-барлау жұмыстарының жеткіліксіз екендігін және технологиялық мүмкіндіктердің шектеулі екендігін мойындады. Қазақстанның мұнай-газ секторы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сияқты үлкен жобаларға тәуелді болғандықтан, оларды кеңейту жоспары, күтпеген өндіріс кідірістері және ықтимал өндірістік апаттар бойынша кез-келген белгісіздік елдегі жалпы сұйықтықтардың өндірісінде айтарлықтай төмендеуге әкелуі мүмкін. Сондықтан, қауіптерді барынша азайту және өндірістік перспективаларды тұрақтандыру үшін Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарын ұлғайтудан және орта мерзімді жобаларды дамытудан үлкен артықшылыққа ие болуы мүмкін
2050 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму стратегиясында үлкен орынды еліміздің мұнай - газ кешені алады . Мұнай өнімдерінің қазіргі қоғамдағы алатын орны өте үлкен. Ғылыми - техникалық дамуды шикізаттың бұл түрінсіз елестетудің өзі қиын. Қазақстан үшін мұнай және газ конденсатының қоры үлкен мағынаға ие, себебі мұнда ұлттық экономиканың салаларының мұнай өнімдеріне деген сұраныстары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мұнай газ саласының қазіргі жағдайы
Қазақстанда мұнай қорлары
Газдандыру және магистралды және таратушы газ құбырларының техникалық жайкүйi
Магистралды және таратушы газ құбырларының техникалық жай-күйi
Мұнай мен газды өндіру
Қазақстан кен орындарының әлемдегі және экономикадағы орны
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы
Мұнай газ өндіруші өнеркәсіп және оның Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуындағы ролі
Каспий теңiзiнiң Қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Әлемдік мұнай әлемдік үлесі өндірісіндегі үлесі
Пәндер