Саяси жүйенің қызметтері
РЕФЕРАТ
Пәні: Әлеуметтану
Тақырыбы: Саяси әлеуметтану
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Саяси жүйе ұғымы
Саяси әлеуметтену және саяси мәдениет
Саяси әлеуметтану әдістері
ІІІ. Қорытынды
ІV.Пайдаланған әдебиеттер
І. Кіріспе
Маманданған сала ретінде саяси социология (саясат социологиясы) ХХ ғасырдың 30-50 жылдары орныға бастады. Саяси социологияның алғы шарты - саясаттану ғылымы жеке академиялық пән ретінде бұрынырақ қалыптасты: оның алғашқы кафедралары Батыс Еуропада және АҚШ-та ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болды. Жүйе ұғымы XX ғасырдың 20-шы жылдары алғаш еңгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи (1901-1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастық өзгереді.
Саяси жүйе ұғымы
Саяси жүйе категорияның шығуы Т. Парсонстың қоғамның жүйелік талдау теориясының дамуымен байланысты. Ол қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен (экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады деген.
XX ғ. 50 ж. Американың саясаттанушысы Давид Истон саяси жүйе теориясын еңгізген. Содан кейін оны Г. Алмонд, К. Дойч еңбектерінде дамытты.
Саяси жүйе - қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтынинституттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы.
Саяси жүйенің құрылымы:
1. институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдарды жатқызады;
2. нормативті, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады.
3. коммуникативті, қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиді;
4. мәдени, саясаттың ішкі эмоцианалды жақтарын қарастырады.
5. функционалды, әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады.
Саяси жүйе жұмыс жасап, дамуы оның кіруі мен шығу принциптеріне байланысты.
Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе келіспеушіліктері. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағыда басқалары. Саяси жүйе басқа қоғамның жүйелерінен айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.
Саяси жүйенің қызметтері:
1. белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнатады.
2. қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.
3. саяси қатынас субъектілерінің қызығушылықтарын көрсетуі.
4. экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау.
5. қоғамның бірігуі.
6. саяси әлеуметтену (индивидтің саяси санасы).
7. саяси биліктің легитимациясы.
Саяси жүйе әр түрлі критериялар бойынша жіктеледі.
Р. Аронның пікірінше қоғамның түріне қарай саяси жүйе дәстүрлі, модернистік, демократиялық және тоталитарлық түрлерге бөлінеді.
Марксизм қоғамдық - экономикалық формацияға қарай саяси жүйе құлдық, феодалдық, буржуазиялық және пролетарлық (социалистік) түрлерге бөледі.
Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөлген: либералдық демократия, коммунистік жүйе, дәстүрлі, авторитарлық (дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған с. ж.), авторитарлық - консервативтік (онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады).
Г. Алмонд саяси мәдениеттің, рөлдік құрылымына қарай с. ж. 4 жікке бөледі:
1. ағылшын-америкалық түрі ондағы саяси мәдениет біріңғайлығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, ұқыптылық, саяси либерализмге негізделген.
2. құрылықтық-еуропалық саяси жүйе құндылықтар жүйесі, идеалдары әлеуметтік топқа (этносқа, тапқа) ұқсайды. Саяси мәдениеттің фрагментарлығынан тұрақсыздық пайда болады, сондықтан батыс елдерінде үкіметтік және парламенттік дағдарыстар жиі болады.
3. индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйе жабық саяси мәдениетпен сипатталады. Адамдар глобалдық саяси мәдениетке назар аудармайды, тек қана өздерінің саяси жүйесін қолдайды (ауыл, ру). Осындай жүйелердің көпшілдігі келісімге немесе компромисске жету мүмкіндігін бермейді, осыдан зорлық - зомбылық татуласудың құралы болады.
4. тоталитарлық саяси жүйе билікпен берілген бірақ, саяси мәдениет, құндылықтар мен саяси тәртіп үлгілері ең басты роль ойнайды. Билеуші партия с. ж. барлық элементтерінің іс-әрекетіне бақылау жасайды.
Саяси әлеуметтену және саяси мәдениет
Саяси мәдениет - қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси дәстүрлердің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси әрекетті бағыттап, бақылай алады. Элементтері:
- саяси стереотип (қағида, таптаурын)...саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік.
- саяси сана - саналы және санасыз, рационалды және иррационалды, нормативті және эмпирикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы.
- саяси менталитет - ірі әлеуметтік топтардың әлеуметтік-психологиялық, сапалы, тұрақты жағдайы. Индивидтің, әлеуметтік топтың, саяси альянстың, саяси партияның, халықтың ойлау түрі.
- саяси әлеуметтену - адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере отырып, сол ортаға бейімделу үрдісі.
Саяси әлеуметтенудің басты кезеңдері:
- саясилану
- идеологизация
- институттану
Тікелей саяси әлеуметтену - мемлекет өз азаматтарын өзі тәрбиелеп, олардың с.ә...нуін өзі қадағалайды.
Қосалқы саяси әлеуметену - мемлекет араласпайды, тұлға өз қабілеті мен тілегіне орай қоғамға бейімделіп, мемлекеттің құндылықтарын меңгереді.
Саяси мәдениет ұғымын ең алғаш қолданған немістің философы Иоганн Гердер (18 ғ.). Ал саяси ғылымның категориясы ретінде Г.Алмонд енгізген. Осы түсінік арқылы қоғамның саяси жүйе мәселесін зерттеуге болады. 1963 жылы Г.Алмонд пен С.Вербаның Азаматтық мәдениет деген кітабында саяси мәдениеттің жіктелуі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz