Бақылау бірлігі - қажетті статистикалық мәлімет алынуы тиіс бастапқы бірлік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Пәні:Құқықтық статистика негіздері.
Тақырыбы:Статистикалық бақылауды ұйымдастыру.

Жоспары
I.Кіріспе.
1.Статистикалық бақылау,оның міндеттері мен нысандары.
II.Негізгі бөлім:
1.Статистикалық бақылаудың бағдарламасы.
2.Статистикалық формулярлар мен олардың түрлері.
3.Статистикалық бақылауды ұйымдастыру түрлері мен тәсілдері.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Кез келген статистикалық бақылаудың бірінші кезеңі."Мемлекеттік статистика туралы"Қазақстан Республикасының Заңында оған"әлеуметтік-экономикалық өмірдің құбылыстары мен процестері туралы деректерді алдын ала әзірленген бағдарлама бойынша тіркеу арқылы жоспарлы түрде ғылыми ұйымдастыып жинау"деген анықтама берілген.Статистикалық бақылау алынған материалға сүйене отырып оны тиісінше пысықтағаннан кейін дұрыс қорытынды жасауға болатындай етіп ұйымдастырылуы тиіс.Бұл үшін фактілерді есепке алу мен бастапқы материалды жинауды мұқият ойластырып,ғылыми негізде ұйымдастыру керек.Қазақстанда"Мемлекеттік статистика туралы"заңға сәйкес мемлекеттік статистикалық бақылау ҚР Статистика агенттігі өткізетін жалпы мемлекеттік статистикалық бақылаудан және статистикалық қызметті жүргізетін басқа мемлекеттік органдар жүргізетін ведомстволық бақылаулардан тұрады.Әрбір статистикалық бақылаудың жұмысы үш кезеңнен тұрады:бақылауды дайындау;материалды тікелей жинау;оны әзірлеуге жіберу алдында бақылау.Статистикалық бақылаудың бірінші кезеңінде оның мақсаттары мен міндеттерінен туындайтын бақылаудың бағдарламасы әзірленеді және бақылауды өткізудің ұйымдастырушылық жоспары жасалады.Бұл орайда келесі мәселелерді шешу қажет:бастапқы ақпараттың мазмұны;ақпараттың есебі қандай тәсілмен жүргізілетіні;ол қалай құралдармен жасалатыны;қандай мерзімде;алынған бастапқы материалды жинау мен тексеруді ұйымдастыру;материалды кейінгі өңдеу техникасы қандай болуы тиіс(қолмен енгізу,сканерлеу).Статистикалық бақылаудың мақсаты - нақты әлеуметтік-экономикалық процестер жөнінде ақпарат жинау.Статистикалық бақылауда жағдайдың нақты жағдайды обьективті түрде көрсететін шынайы және толық бастапқы ақпаратты барынша қысқа мерзімде алу мақсаты қойылады.Нашар дайындалған бақылау кешіліктерді тек келесі кезеңдерде жабуға болатын ақаулы материал алуға әкеп соқтырады.Осының нәтижесінде барлық статистикалық бақылау сәтсіз аяқталады.Статистикалық бақылау жаппай бастапқы деректерді жинаудың:1)статистикалық есептілік;2)арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау деп аталатын екі нысанын пайдалану арқылы жүзеге асырылады."Мемлекеттік статистика туралы"Қазақстан Республикасының Заңында оларға мемлекеттік статастикалық бақылаудың екі түрі ретінде мынадай анықтама беріледі:"Мемлекеттік статистикалық есептілік - жалпымемлекттік және ведомстволық статистикалық бақылаулар,бұл орайда жеке тұлғалар,заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері хабарланатын мәліметтердің берілуі мен дұрыстығына жауапты адамдар қол қойған есептерді мемлекеттік статистика органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен ұсынады"."Арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылаулар жалпы мемлекеттік және ведомстволық статистикалық бақылаулар,бұл ретте бастапқы статистикалық ақпаратты жинау есептер негізінде емес,басқа тәсілдермен жүзеге асырылады".Есептілік саланың барлық кәсіпорындары үшін бастақы есеп материалдары жинақталған бірыңғай бағдарлама болып табылады,ол бастапқы есепті ұйымдастыруға және оның бағдарламасына өте ықпал етеді.Бұл жағдайда кәсіпорындарда бастапқы есептілік статистикалық жағынан ұйымдастырылған деген баға беріледі.Арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылаулардың нәтижесінде статистикалық есептілік қмтымайтын құбылыстар мен процестер туралы деректер алынады.Кейде арнайы ұйымдастырылған зерттеулердің көмегімен есептілік деректер тексеріледі.

Негізгі
Статистикалық бақылау бағдарламалық та,сонымен бірге ұйымдастыру мәселелері де кіретін белгіленген жоспар бойынша өткізілуі тиіс.Әзірлеменің бағдарламасы алдын ала жасалмаған жағдайда статистикалық бақылауға барлық қажетті мәселелер енбеуі немесе әзірлеменің бағдарламасында көзделмеген артық мәселелер де болуы мүмкін."Мемлекеттік статистика туралы"Қазақстан Республикасының Заңында"статистикалық бақылау бағдарламасы бақылау жүргізудің мақсаты мен міндеттері деректер жинау жүзеге асырылатын көрсеткіштердің(сұрақтардың)тізбесі ,нысан,сұрақтама,сауалдама,санақ парағы,есепке алу бланкісі және басқа(бұдан әрі - статистикалық нысандар)түрінде ұсынылған,оларды есептеп шығарудың әдістемесі және статистикалық бақылау жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар"деген анықтама берілген.Қысқаша айтқанда статистикалық бақылау бағдарламасы статистикалық бақылау жүргізу қезінде жауап алынуы тиіс сұрақтардың тізбесін білдіреді.Бақылау бағдарламасы бүкіл статистикалық бақылаудың мақсаты мен міндетімен белгіленеді.Сондықтан мақсат пен міндет қалыптастырылғаннан кейін бақылау бағдарламасының мазмұнын құрайтын:оның объектісін шектеу;жиынтық пен бақылау бірлігін белгілеу;көрсеткіштер жүйесін белгілеу қажет.Статистикалық бақылау объектісін шектеуден бұрын оны анықтау қажет.Статистикалық бақылау объектісі деп статистикалық мәлімет жиналуы тиіс байқалатын құбылыстың бірліктірінің жиынтығы аталады.Халық санағында елде барлық тұратындардың жиынтығы статистикалық бақылау объектісі болады.Халықтың әл-ауқатын зерттегенде статистикалық бақылау объектісі ретінде іріктелген үй шаруашылықтары,өнеркәсіпті зерттегенде-өнеркәсіптік қәсіпорындардың жиынтығы болады.Жұмысты ойдағыдай жүргізу үшін статистикалық бақылаудың объектісін нақты анықтау,зерттелетін жиынтықтың шектерін белгілеу өте маңызды.Бұл орайда егер зерттеу мақсатында зерттелетін жиынтықтың біртектілігі қарастырылса,әсіресе,егер зерттеу кезең - кезеңмен жүргізілсе,бұл жағдайда ценз қолданылады.Статистикалық ценз деп зерттелетін жиынтықтың барлық бірліктерін қанағаттандыратын шектеу белгісі аталады.Мысалы,шағын бизнестің субъектілерін зерттегенде қолданыстағы заңнамада белгіленген оларды заңды және жеке тұлғаларға жатқызу өлшемдерін сақтау қажет.Статистикалық бақылау объектісін анықтап,шектегеннен кейін жиынтық бірліктері мен бақылау бірліктері белгіленеді.Жиынтық бірліктері - статистикалық бақылау объектісінің тіркелуге тиіс белгісі және зерттеу кезінде негіз болып табылатын есепті білдіретін бастапқы элементі,яғни жиынтық бірлігі - бұл зерттелетін нәрсе.Бақылау бірлігі - қажетті статистикалық мәлімет алынуы тиіс бастапқы бірлік.Басқаша айтқанда бақылау бірлігі - зерттелетін нәрсе немесе мәліметалынатын көз.Бақылау бірлігі мысалы,халық санағында жиынтық бірлігімен бірдей болуы мүмкін,алайда,мысалы,жиынтық бірлігі,яғни өнеркәсіптік жабдық туралы мәлімет алынатын кәсіпорын бақылау бірлігі ретінде мал басы,ал бақылау бірлігі - жекелеген шаруашылық болады.Статистикалық жұмыс ойдағыдай болуы үшін бақылау объектісі мен жиынтық бірлігін дұрыс анықтау және бір есептен екінші есепке олардың салыстырмалылығын қамтамасыз ету қажет.
Бақылау объектісі,жиынтық бірлігі мен бақылау бірлігі анықталғаннан кейін осы статистикалық бақылау барысында жауап алынуы тиіс нақты қалыптастырылған сұрақтардың тізбесінен тұратын бақылау бағдарламасы әзірленеді.Осы сұрақтар кез келген есептілік нысанында немесе зерттеу бланкісінде көрсеткіштер жүйесі түрінде көрсетіледі және осы көрсеткіштер бақылау бағдарламасының мазмұнын құрайды.Статистикалық бақылау бағдарламасының сұрақтары статистикалық бақылаудың қазіргі заманғы ғылыми көзқарасының негізін қалаушы болып саналатын белгілі бельгиялық статистик Адольф Кетле(1796-1874 жж.)бір жарым ғасыр бұрын қалыптастырған талаптар ескеріліп жасалады.Ол статистикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистикалық бақылаудың бағдарламасы
Статистика пәні, даму процестері және оны зерттеу әдістері
Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдістемесі мен принциптері
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру
Статистикалық бақылау зерзаты
Жерді пайдалану мен иеленуді тіркеу, жерді есепке алу
Басқаруды құжатпен қамтудағы iс-әрекетi
Статистикалық бақылау
Қорларды жіктеу және бағалау туралы
Пәндер