Ағылшын тіліндегі стилистика



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ағылшын тіліндегі стилистика

Мазмұны:

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4.
Негізгі бөлім:
2. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭПИТЕТТЕРДІҢ СТИЛИСТИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-5.
3. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭПИТЕТТІҢ ТІЛ ТАБИҒАТЫ, ОНЫҢ МЕТАФОРАДАН ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-7.
4.АҒЫЛШЫН ЭПИТЕТТЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН ТАҚЫРЫПТЫҚ КЛАССИФМКАЦИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-1 0.
4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.

Кіріспе
Аударма мәселелері шет тілдерден ана тіліне аудару, әсіресе егемендігімізді алғаннан кейінгі аз уақыт ішінде бірден бір маңызды салалардың бірі болып келе жатқаны рас. Шет тілдерден қазақ тіліне немесе керсінше, қазақ тілінен ағылшын тіліне тікелей аудару жөнінде жеткілікті мағлұматтар, құнды аудармалар жоқтың қасы. Қазіргі уақытта бұл мәселені теориялық және практикалық тұрғыда талдау өте қажетті болып отыр. Қай тілдің болмасын дүниетанымы мен мәдениеті тікелей байланысты. Мәдениет аралық қатынас мәселелері бірден-бір мәдениетіміз бен тіліміздің жедел қарқынмен дамуының арқасында аударма мәселесі негізі болып, бұл мәселелердің шешімін талап етеді.
Жоғарыда атап көрсетілген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі эпитеттердің тіл білімінде зерттеген еңбектерге сараптама жасау.
Екі тілдегі эпиттердің стилистикалық құрылымдарын зерттеу.
Эпитетттің басқа стилистикалық тәсілдерін, әсіресе метафорадан айырмашылығын ашып көрсету.
Ағылшын және қазақ тілдаріндегі эпитеттердің жасалу жолдарын анықтау.
Ағылшын, қазақ тілдеріндегі эпитеттердің лингвомәдени аспектілерін ашу және аударма барысында аудармашыға жүктелетін міндеттерге талдау жасау.
Ғылыми жұмыстың дәйектілігі ағылшын, қазақ эпитеттерінің лингвистикалық табиғатын анықтау, ағылшын, қазақ эпитеттерінің ұлттық және тілдік ерекшеліктерін зерттеу, екі тілдегі эпитеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра зерттеу осы жұмыстың дәйектілігін көрсетеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Екі тілде де эпитет бұрыннан қалыптасқан лингвистикалық құбылыс екеніне қарамастан, олардың ашылмаған қырлары, әсіресе лингвомәдени тұрғдан зерттелмеген. Мұның бір себебі лингвомәдениеттану, этнолингвистикалық, мәдениет аралық байланыс лингвистиканың жаңа салалары болып есептелгендіктен ағылшын, қазақ эпитеттрін бірлікте қарастыру, әсіресе салғастырмалы жолмен талдау, сол кезде орын алатын қиыншылықтарды айқындау және олардың алдын алуға байланысты алғашқы жұмыс екендігінде.
Зерттеу жұмысының барысында тақырыпқа қатысты қазақ, ағылшын, орыстілдеріндегі әдебиеттер, ғылыми еңбектер қамтылады. Олардың арасында лингвистикалық зерттеу жұмыстары, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттану
тұрғысында әдебиеттер мен ғылыми зерттеулер, тарихи зерттеулер, қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі сөздікткр, әдеби шығармалар қарастырылады.
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭПИТЕТТЕРДІҢ СТИЛИСТИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ
Эпитеттің стилистикада алатын орнына тоқталмас бұрын, ең алдымен жалпы стилистика ғылымына, стиль сөзіне тоқтауды жөн деп ойлаймын.
Стилистика деп, ой мен эмоцияны әр түрлі қарым-қатынас жағдайында жеткізу үшін жалпы тілдік құралдың лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тұрғыдан қолданылу принциптерін зерттейтін лингвистикалық саланы атаймыз.
Тіл стилистикасы, бір жағынан, сөздіктердің, фразиология мен синтаксистің өзіне тән белгілерін сипаттайтын, тілдік топтардың ерекшеліктерін, екінші жағынан, әр түрлі тілдік құралдардың экспрессивті, эмоцианальды және бағалау қасиеттерін қарастырады.
Стилистика пәнін көз алдымызға дәл, анық елестету үшін тілдің қарым - қатынас құралы ретінде әр түрлі жағдайда әр алуан жолмен қолданылатынын атап өту қажет. Ұқсас мәселені баяндау, жеткізу шын мәнінде әр түрлі жолмен, мысалы, қарым - қатынас шартты жағдайда, іскерлік немесе күнделікті тұрмыста болып отыр ма, әңгімелеушілердің қай әлуметтік ортаға жататындығы немесе олардың арасындағы қарым - қатынас қандай, әңгімелеушілердің тілге тиек етіп отырған мәселеге эмоционалды қатынасы қандай, сондай-ақ әңгімелеушілердің бул жағдайды қалай бағалайтындығы тұрғысынан бағалауы мүмкін. Әрине бұл мәселелерді оқырманға тікелей жеткізу мүмкін емес, олар мәтінде әр түрлі жанама жолдармен жеткізіледі, сол жанама жолдарды ашу, зерттеу стилистиканың міндеттерін құрайды.
Жалпы, тілдегі мәлімет екі жолмен жасалу мүмкін алғашқысы: қарым - қатынас болған оқиғамен байланысты емес, яғни жеткізу тақырыбын құратын мәлімет, екіншісі: қарым - қатынасқа қатысушы адамдар мен оқиға болған жағдаймен байланысты мәлімет. Мұны түсінікті болу үшін, басқа жолмен жеткізуге болады, атап айтқанда, мәліметтің алғашқы түрі тілдің ойлау, қарым - қатынас қызметіне байланысты да, екінші түрі тілдің басқа қызметтері, яғни эмотивті қызметіне әңгімелеушінің көңіл-күйін, сезімін білдіру мен жеткізу (волюнтативті қызметімен), оқиғаға әңгімелеушінің қызығушылығын, еркін жеткізумен (аппелятивті қызметімен), мағұлмат алу үшін тыңдаушының қызығушылығының артуымен (байланыс тудырушы қызметімен) және соңғысы (эстетикалық қызметімен) байланысты қосымша мағұлмат.
Осы жерде айта кететін жайт, біздің зерттегелі отырған нысанымызға қажеттісі осы мағұлматтың екінші түрі.
Стилистиканы лингвостилистикалық және әдибеттану стилистикасы деп екіге бөлеміз, бірақ олар бір-бірінен бөлек қарастырылмайды.
Лингвостилистика негізін салған швед лингвисті Щарль Балли тілдің әртүрлі қарым-қатынас ортасына қатысты, соған тән жалпы ұлттық нормалары мен жүйесін зерттейтін, сондай-ақ тілдің элеметтерінің эмоция туғызу, оны жеткізу және оны бағалау қабілеттері тұрғысынан қарастыратын сала. Лингвистикалық стилистиканың маңызды бөлімі болып салғастырмалы стилистика саналады, яғни ол бір немесе бірнеше тілдердің стилистикалық мүмкіндіктерін қарастырады.
Ағылшын тіліндегі эпитетті қарастырғанда, біз образ терминімен бетпе-бет келеміз, өйткені образ дегеніміздің өзі кең мағынада алғанда сыртқы дүниенің адам санасына әсер етуін сипаттайды. Әдеби образ сол бейнелеудің бір бөлігі ретінде маңызды рөл атқарады, адамға әлемдегі тануға жаңа бағыт бергенмен, адам бейнелеуге бір мезетте белгілі қарым - қатынасын айқындайды, көрсетеді.
Образдық бейнелеу және дүниені қайта жасау процесінде қалыптасу оның негізгі қасиеті болып табылады. Бұл маңызды қасиетінен, басқа оның басқа да құнды қасиеттері, атап айтқанда, нақтылық және эмоционалды қасиеттері бар.
Образ, мәтінде қамтылатын авторға немесе оның кейіпкерлеріне тән дүниені тану, көру маңыздылығын оқырманға жеткізуге мүмкіндік береді.
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭПИТЕТТІҢ ТІЛ ТАБИҒАТЫ, ОНЫҢ МЕТАФОРАДАН ЕРЕКШЕЛІГІ
Тіл білімінде, соның ішінде стилистикада эпитетке анықтама ретінде М.М. Иванованың анықтамасы бойынша эпитеттің іріктелуі мен қолданылуы жазушының ойлау қабілетінің маңыздылығын, оның идеялы-эстетикалық көзқарастарының даралығын бейнелеп, қоршаған ортаны, әлемді түсінуін сипаттайды . Ал Л.А Тұрсынованың анықтамасы бойынша эпитет дегеніміз белгілі бір заттың немесе құбылыстың белгілі бір сипаттамасын, оның зат немесе құбылыс екендігіне қосымша, яғни стилистикалық мағлұмат беретін тәсіл . Әрине Л.А. Тұрсынова бұл жерде эпитеттің эмоционалды-образды, сондай-ақлогикалық-заттық белгілерін ескереді. Эпитеттер, суреттеліп отырған заттың немесе құбылыстың эмоционалды- образды сипаттамасы бола отырып, сондай-ақ автордың стилінің, сол кезеңдегі әдеби дәстүрдің, сол шығарма қай кезде, қандай жағдайда пайда болғанын, оның маңыздылығын суреттейді. Эпитеттің экспресивтіболатыны сонша бағалау сипатына ие болып, ақынның, жазушының жүрек жағдайын түсінуге көмектеседі. Мұнымен қоса эпитеттер автордың тілініңсоншалықты бай, сөз шебері екенін айқындап береді.
Осының бір мысалы ретінде ағылшынның ұлы драматургі У.Шекспирдің сонеттеріне көз жүгіртсек, олар оқырманды өзінің образға бай, сезімінің терең , сонда қолданылған тіркестердің қысқа әрі нұсқа, ритмикалық суреттердің әдемілігімен өзіне тартады. Бол суреттерді оқу,олардың стилі тұрғысынан өте қызықты,қажет нәрсе, өйткені ол бізге сонеттердіңидеясы, тақырыбы мен обыразының тереңділігімен, толыққандылығымен қабылдауға көмектеседі. Мысалы мындай эпитеттер: fragrantrose-қош иісті раушан гүлі, yellow autumn-алтын күз, lasting memory - көпке созылған атақ, сияқты эпитеттерді айтуға, оқуға жеңіл, олар суреттеліп отырған затты немесе құбылысты жаңа,күтпеген тұстан сыйпаттайды,бірақ автор оларды өте маңызды, елеулі нышан деп есептейді.
Ағылшын тіліндегіэпитеттің маңызды сипаттамалары төмендегідей:
семантикалық ;
синтаксистік ;
морфологиялық-синтаксистік
Олардың ішіндегі ең бастысы, оның семантикалық сипаттамасы болып табылады, эпитеттің семантикалық сипаттамасы эпитетті оның логикалық анықтамасынан ерекшелендіреді.Семантикалық сипаттама эпитеттен берілген сөзде,оның заттық логикалық мәліметіне қоса оның басқа сипатын беругеарналған. Бұл қосымша мәліметті біз стилистикалық мәлімет деп атаймыз.Оның үш түрлі жолын атап көрсетеміз. Олар: 1) экспресивті; 2) образды; 3) модустік бағалау қасиеттері.
Метафора, метонимияжәне синедоха таза лексикалық мәнерлі тәсілдер болып табылады, ал эпитет лексика-синтаксистік троп болып есептеледі, дегенмен ол автордың затқа немесе құбылысқа қарым-қатынасын білдіретін эмотивті,экспресивті және басқа коннотативті мағыналарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тіліндегі эпитеттердің стилистикада алатын орны
Қазақтың салт-дәстүрін суреттеп аудару арқылы баяндау
Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері
Қазақ және ағылшын газет беттеріндегі саяси метафораларды аудару ерекшеліктері
Жалпы фразеологиялық тіркес - құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі
Техникалық мәтінді аударуда кездесетін грамматикалық мәселелер
Америкалық ағылшын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктерін зерттеу
Мемлекеттік тілдегі өндірістік салада, нақты техникалық мәтіндерді аудару барысындағы ерекшеліктерін анықтау
Ағылшын тіліндегі идиомалар
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ АУДАРУ
Пәндер