Өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас - жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Пәні:Сыбайлас жемқорлыққы қарсы күрес.

Тақырыбы:Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі.

Жоспары

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім:

1. Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі.

2. Сыбайлас жемқорлықпен күресуге ықпал жасаған адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік.

3. Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

“Сыбайлас - жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу”деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас - жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас - жемқорлықпен күрес туралы”заңы сыбайлас - жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “ . . . мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай - ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай - ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. Сыбайлас - жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына келесі жатады:

1. Баршаның заң және сот алдында теңдігі.
Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас - жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай - ақ сыбайлас - жемқорлыққа беттелген. Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады . Сыбайлас - жемқорлық үдерістерді БАҚ - та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы. Өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас - жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру.

2. Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету. Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы жарлығымен бекітілген 2006 - 2010 жылдарға арналған сыбайлас - жемқорлықпен күрес бойынша мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2008 жылға дейін мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай - ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.

Негізгі бөлім:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елбасының қатаң талабы - сыбайлас жемқорлықты болдырмау, онымен барынша күресу. ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңының 6 - бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдар деп барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті делінген. Кез - келген мемлекет құқықтық жүйесінің негізгі прициптеріне, сәйкес, адалдықты және параға сатылмаушылықты, ашықтық пен жауапкершілікті бейнелейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді және үйлесімді саясатын жасайды, жүзеге асырады немесе жүргізеді. Осы талаптарды біле түра, кейбір азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер қателер жібереді. Мүмкін, заңды білмегеннен, әлдебір жолға ештеме болмас деп, қаншама адамдар өзінің көпжыл атқарған жұмыстарын, көпжыл бойы жинаған тәжірибелерін жоққа шығарады. Барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлық бойынша жұмыстар жүргізіледі. Дегенмен, әлде де күрес жүргізу қажет. Ол үшін басты мақсат - жастарды жұмысқа қабалдағанда, заң бойынша тек қана тестпен шектелмей, жемқорлыққа байланысты болған жайттарды бейнетаспаға түсіріп - қай жерде жемқорлыққа байланысты қандай әрекеттер жасалғанын көрсетіп, артынан қандай нәтиже болғанын түсіндіріп, сұхбат жүргізу қажет. Өйткені, жастар қазіргі таңда теледидар мүлдем қарамайды, жаңалықтарды тыңдамайды, заңдарды ұғынбайды. Сол себептен, жинақталған материалдарды жаңартып, жастардың және жаңадан қабылданған қызметкерлерге жемқорлық жасаған адамның тағдырын дұрыстап жеткізіп, қатты тәрбие беру қажет. Барлық мекемелерде жас қызметкерлерге тәлімгер белгілегенде, оның құзыретіне жұмыстың бағытын үйрету мен қоса жемкорлыққа байланысты әңгіме жүргізу міндеттеу қажет. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық, кеден және шекара қызметтерi, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары жүзеге асырады. Дегенмен, көбісі, қасында жүрген қызметкердің дұрыс жолдан тайып жүргенін байқасада, мән бермей, «өзі білсін» деген идеология қалыптасып кеткені байқалады. Осындай көзғарас - жемқорлыққа жол береді. Егер Қазақстан азаматы қасында жүрген қызметкерге дұрыс жол сілтеп, жасап жүрген қылығы дұрыс емес екенін сыпайы түрде жеткізіп, адамдар бір - біріне жаны ашып, келешегіне қауып туып тұрғанын, тек қана өзін ойламай, ата - аналарын, бауырларын, жанұясын қорғау үшін дұрыс жолмен жүргенін қалайтынын айтып жеткізіп отырса, қасындағы адам ойланым, мүмкін айтқанын тыңдап, бұндай жолға ең болмаса отыз - қырық процентке жемқорлық жасаған адамдар аз болар еді. Мемлекет дамуының бағдарламалық құжаты - «Қазақстан - 2030» «Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы»атты ел президенті қазақстан халқына жолдауында біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің дамуының алдыңғы жоспары мен негізгі қағида бағыттары баяндалған. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде көптеген қалыптасып кеткен көзқарастарды өзгерту қажеттілігі, оның ішінде жаңа тарихи жолдағы кедергілермен күресу әдістерін, қоғамға жат құбылыстармен, соның ішінде әсіресе қылмыстылықпен күресу әдістерін жаңарту қажеттілігі, жинақталған өмірлік тәжірибемізді жоғалтпау үшін қоғамға, адамға тиімді болған, өткен тарихи сара жолымызды қайта саралау қажеттілігі туып отыр.

2. Сыбайлас - жемқорлықпен келіскісі келмейтін азаматтардың белсенді іс - әрекеттері өз нәтижелерін беруде. Мысал ретінде нақты болған жағдайды айтуға болады:кәсіпкер өзіне шабуыл жасаған адамдардың қатыстылығын анықтауға ықпал жасау үшін криминалдық полиция бастығына жүгінді. Криминалды топтардан(және полиция қызметкерлерінен, бұл енді тіпті қызық) қорғайтыны үшін бастық кәсіпкерден айына 100 мың теңге талап еткен, олай болмаса оның қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын айтқан. Кәсіпкер оның ұсынысымен келеді. Соңынан парақор жәбірленушіден талап етілген соманың бөлшегін қалалық криминалдық "бедел" болып келген жалған адам арқылы алған. Кәсіпкер Бас басқарма бастығының орынбасарына криминал полициясы бастығының заңсыз іс - әрекетінен қорғауын өтінеді. Орынбасар оған мезетте келіседі де алдын ала кәсіпкердің дүкенінен "Мерседес" автомашинасы үшін 58 мың теңге тұратын төрт доңғалақ дискілерін алып кетеді. Онымен қоймай, волейбол командасына 200 мың теңгелік демеушілік көмек көрсетуді сұрайды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері криминалды адамдармен бірге пара талап етіп отырғанын көріп, кәсіпкер ҰҚД өтініш береді, бұл органның қызметкерлері ішкі істер қызметкерлерін 200 мың теңге және 500 доллар алып жатқан жерінде ұстайды. Басқа міндеттерін былай қойғанда, органдар жедел - іздестіру қызметтің міндеттерін орындаған кезде өз құзырына сәйкес заңмен қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және мүдделерін, қоғамның, мемлекеттің меншігін, қауіпсіздігін және оның экономикалық және қорғаныс потенциалын қорғауға міндетті. "Сыбайлас - жемқорлықпен күрес туралы" Заңның 7 бабында сыбайлас - жемқорлықпен күреске ықпал жасап жүрген адамдарды қорғауға келесі кепілдік бекітілген:сыбайлас - жемқорлық қылмыс фактісі туралы хабар берген немесе басқаша бір тәсілмен сыбайлас - жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам мемлекет қорғауында болады; сыбайлас - жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және тек қана прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдары, соттың сұрауымен заң белгілеген тәртібі бойынша беріледі.

Бұл ақпаратты жариялау заң белгілеген жауапкершілікке әкеліп соғады. Қажет болған жағдайда сыбайлас - жемқорлықпен күресетін органдар сыбайлас - жемқорлықпен күресуге ықпал етіп жүрген адамның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Куәгерлерді қорғау үшін, оның ішінде құқық бұзушылық туралы, мемлекет мемлекет бюджетінде жеке жолмен жазылған қомақты қаржы бөледі. Оның үстіне, ҚР экономикалық және сыбайлас - жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттігінде сыбайлас - жемқорлық туралы хабарлағандарды қорғау жөніндегі департамент іске кірісіп, ойдағыдай істеп жатыр. Егер қажет болған жағдайда, мұндай адамдарды физикалық қорғау, тіпті жасыру, тұратын орнын, аты-жөнін, тіпті түрін өзгертуге дейін. Қорғау жалған ақпарат берген адамдарға жатпайды. Оның үстіне, "ҚР сыбайлас - жемқорлықпен күрес туралы"заңның 17 бабына сәйкес сыбайлас - жемқорлықпен күрес жүргізетін органға басқа мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органның қызметкері жөнінде жалған хабар берген мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері тәртіптік тәртіппен сыбайлас - жемқорлықпен күрес жүргізетін органның көрсетіп - білдіруімен жұмыстан босатылғанға дейін жазаланады.

3. Қазіргі уақытта сыбайлас - жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде қазақстанда да тамырын жайып отыр. Сыбайлас - жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму үрдісіне, рыноктық экономиканың құрылысына, инвестицияларды тартуға залалын келтіруде. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына да кері әсерін тигізуде, болашақтағы еліміздің дамуына үлкен қатер төндіруде. Қазақстанда, Шығыс Қазақстан облысында және Зырян ауданында сыбайлас - жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Жастардың сыбайлас - жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында 15 наурызда «Жастар сыбайлас - жемқорлыққа қарсы»тақырыбында республикалық кең көлемді акция жүргізіледі, акция 2010 жылғы 15 желтоқсанға дейін созылады. Акция Қазақстан Республикасының экономикалық қылмыспен күрес бойынша агенттігінің бастамасымен өткізіледі. Зырян ауданында бұл акция қаржы полициясы және білім беру бөлімімен бірге ұйымдастырылған. Акцияда қарастырылған іс - шаралардың басты идеясы:дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, рөлдік және интерактивті ойындар өткізу, бұл - сыбайлас - жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына және оқушы жастарға сыбайлас - жемқорлық туралы түсінік беру, сыбайлас - жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша шараларды жетілдіру, оқушылар мен студенттер арасында сыбайлас - жемқорлыққа қарсы тәртіп пен бекітілген заңды сақтауды қадағалау, жастарды сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекет рухына тәрбиелеу. Қаржы полициясының қызметкерлері негізгі ақпараттарымен баяндама жүргізді. Акцияға заңгерлермен бірге білім беру мекемелерінің сынып жетекшілері, педагогтар да қатысты. 2 сәуірден бері «Жастар сыбайлас - жемқорлыққа қарсы»кең көлемді акциясын өткізу бойынша бекітілген іс - шаралар кестесіне сәйкес мектептерде жоғары сынып оқушыларына«Сыбайлас - жемқорлық туралы түсінік, оның түрлері мен нысандары», «Сыбайлас - жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тарихи және шет елдік тәжірибе»тақырыптары бойынша баяндамалар оқылды. Жаңа оқу жылында жоғары сынып оқушылары «ҚР ҚК және ҚР ӘҚБК бойынша сыбайлас - жемқорлық туралы түсінік және оның сипаттамасы», «Жемқордың тұлғасы»тақырыптарымен танысады. Акция«Сыбайлас - жемқорлық қылмысы бойынша қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында интерактивті ойын өткізумен аяқталады. Жоғары сынып оқушыларының алған білімдері, өмірдегі сыбайлас - жемқорлықтың кез - келген құбылысына қарсы тұруға көмектеседі деп, - сенгіміз келеді. Жастар сыбайлас - жемқорлыққа қарсы!Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында!

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күресу жолдары
Корпоративтік басқару жүйесі
Сыбайлас-жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі
Сыбайлас жемқорлықпен күресу
Сыбайлас жемқорлық.Пара беру
Корпоративті басқарудың құрылуы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің негіздері
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі туралы ақпарат
Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күрес және мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жолдарын ұсыну
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz