Сыбайлас жемқорлық - қауіпті әлеуметтік құбылыс



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Пәні:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
Тақырыбы:Сыбайлас жемқоролықпен күресу.

Жоспары
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім:

III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Сыбайлас жемқорлық - қауіпті әлеуметтік құбылыс.Осы құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр.Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді.Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтердің ең алғашқыларын Көне Бабырдың б.з.д.ХХІV ғасырдағы мұрағаттарынан көруге болады.Патша Лагаша Урукагина шенеуніктер мен соттардың жүгенсіз әрекеттеріне тыю салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісін реформалады.XIII ғасырда парақорлық туралы мағұлматтарды орыс халқының шежірелерінде де көптеп кездестіреміз. Ресей тарихында бірінші сыбайлас жемқорлық әрекеттерін шектеу заңнамасын III Иван жазған.Оның немересі Иван Грозный 1561 жылы Сот грамотасын енгізді, онда жергілікті земство басқармасының сот шенеуніктеріне пара алғаны үшін өлім жазасы түрінде санкция белгіленді.А.М.Романовтың кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жалғыз халықтық бүлік болды.Ол 1648 жылы Ресей жерінде мәскеуліктердің жеңісімен аяқталды.Қаланың жартысы бейбіт тұрғындарымен өртеніп кетті,алайда патша екі министрді Земстволық бұйрықтың басшысы Л.Плещеевті және Пушкарлық бұйрықтың бастысы П.Траханиотовты көпшілікке азаптауға берді.1649 жылы қабылданған Соборлық Ережеде парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік және пайда табу мақсатында қызмет бабын теріс пайдалану сұрақтары көрініс табады.Соборлық Ереженің 5 және 7- баптарында сот органдарының лауазымды тұлғаларының сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған,ал 6 -- бапта субъектінің шеңбері кеңейтілді, сот шенеуніктері қызметін атқаратын тұлғаларға пара алғаны үшін жауапкершілік көрсетілген.I Петр кезеңінде сыбайлас жемқорлық етек жайды және онымен қатал күрес жүргізілді.I Петр парақор,сұғанақтық және бопсалаушыларға ықпал жасаумен мемлекеттік қызмет істерінде тәртіп жүргізуге тырысты.Алайда,қолданған шаралар оң нәтижені бермеді. Парақорлықтың және қызмет бабын теріс пайдалану арқылы пайда табудың алдын алу мақсатында,I Петр мемлекеттік қызметкерлер үшін мемлекеттік қызметті өтудің жаңа тәртібін енгізді.Жаңа тәртіпке сәйкес,олар бұл қызметте екі жылдан артық бола алмайды.Егерде қала тұрғындары осы лауазымды тұлға өзінің міндеттерін орындауды жалғастырсын деп жазбаша түрде өтініш жазса, көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін.Қызмет бабын теріс пайдалану арқылы пайда табудың қауіпті нысаны-парақорлықтың таралғанын ескере отырып,I Петр 1713 жылы 23 тамыздағы Жарлығымен пара алумен қатар,пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізген.Осындай ұқсас құбылыстың алдын алу үшін ақша алғандармен,ақша бергендерді аямай қамшымен дүре соғады және әйелдері мен балаларын Азов каторгасына жібереді және барлық қалаларға,селоларға былай жариялау керек:Кімде-кім осылай алдағы уақытта тағы жасаса,оны аямай,өлім жазасына кеседі деп Жарлықта жарияланған.
Мемлекеттің билік және басқару органдарының лауазымды тұлғалары қызмет бабын теріс пайдалану арқылы пайда табуды жүзеге асырғаны үшін қаталырақ жаза қарастырылған,бұл жаңа жарлықта көрсетілген. I Петр 1714 жылы 24 желтоқсанда шыққан жарлыққа қызметін теріс пайдалану арқылы пайда табуды жүзеге асыруға көмектескені үшін және осы қылмыстардың жасалғаны туралы айтпағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізген.Алайда,парақорлық үшін қылмыстық құқықтық санкцияның күшейтілуі және парақорлық жөнінде айтпағаны үшін жауапкершілік туралы норманы енгізуі, мемлекеттік қызметтің жеке түрлерін өтудің өзгеру тәртібі,фискалдық кеңес институтын енгізілуі мемлекеттік органдар қызметінде елеулі өзгерістер берген жоқ.Параны беру және алу жалғастырылды.Тіптен 1713 жылы енгізілген нормативтік акті де өзгертілмеді.Ол акт бойынша пара алған шенеунік туралы айтқан тұлғаға сол адамның жылжитын және жылжымайтын мүлкі берілген,егер оны лайықты азамат жасаса,онда оған сол адамның лауазымы берілген.В.О.Ключевский I Петрдің басқару кезеңін сипаттап,былай деген:I Петр кезеңінде парақорлықпен күрес бұрын болмаған мөлшерге жетті.
Қазақстанда құқықтық жүйенің негізі орта және соңғы орта ғасыр кезеңінде дамыды,яғни XIV-XIX ғ.ғ. бірінші кезең деп шартты түрде көрсетуге болады.Оның негізгі ерекшелігі дәстүрлі мұсылман құқықтық жүйесінің және монғол өркениетінің әдет-ғұрып құқығы институтымен құқықтық сәйкестігі болып табылады.Қазақтың феодалдық қоғамының кезеңінде қазіргі біз сыбайлас жемқорлық деп санайтын қылмыс үшін жауапкершілік қарастырылмаған.Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін сыбайлас жемқорлық легитимдік институттың нысанында көрініс тапты.Жоғарыда отырған өкілдерге берілген сыяпат феодалдық міндеттілікпен сипатталады.Хандардың, сұлтандардың,билердің және басқа да жоғарғы тап өкілдерінің пайдасы үшін қарапайым жер иеленушілерден(пайдаланушылардан) ұдайы ұшыр салығы алынды,-бұл егіннің оннан бір бөлігі.Мал шаруашылығымен айналысатындар зекет салығын төледі.Сонымен қатар,феодалдық жоғарғы таптың пайдасына соғым немесе сыбаға түрінде сыйлық жиналған.Қазақ елінде XVI ғасырдың басында Қасым ханның қасқа жолыдеп аталатын Қасым ханның заңы жүргізілді.Оның негізіне әдет-ұрып құқығы енгізілді.Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы XVIІ ғасырдың соңында Тәуке ханның тұсында біртұтас жинақ түрінде Жеті жарғы деген атаумен түпкілікті кодификацияланды және толықтырылды.
Т.М.Культелеевтің айтуы бойынша,сол кезде қазақтың әдет-ғұрып құқығы үш негізден тұрды:әдет-ғұрып,сот билерінің тәжірибесі және би съезд ережелері.Сол кезеңде Қазақстанда сот қызметін қазақтың әдет-ғұрып құқығының негізінде хандар, сұлтандар және билер атқарған.Ханның сот талқылауы,соңғы сот инстанциясы ретінде қарастырылды.Сот талқылау үшін олхандықдеп аталатын сыйақының белгілі сомасын алып отырған.Хан әдет-ғұрып құқығының негізінде соттаған,әдет-ғұрып құқығындағы ақтаңдақтарды өзінің құқық шығармашылық қызметімен ауыстырып отырды.Осылайша,ханның сот шешімі әдет-ғұрып құқығын толықтырды және құқықтың жаңа нормаларын құруға алып келді.Әдет-ғұрып құқығы бойынша,судьяларға тарту,сыбаға және тағы басқаларды жасауға тыйым салынбады.Сондықтан,феодалдық жоғарғы өкілдер ірі мөлшерде сыйақы алу үшін қылмыстық істерді және басқа да дауларды әдейі ұзартқан,қиындатқан.
Д`Андренің Қырғыздың әдет-ғұрып сипаттамасында: Ордада әрбір сыйлы адам,лауазымды тұлға болса да,сыйлық алуына боладыдеп көрсеткен.Осы жазбаның басқа нұсқасында,мұндай тұлға сыйлық қабылдаудан бас тарта алмайдыдеп айтылған.Қазақстанда құқық жүйесінің қалыптасуының келесі кезеңі,сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-құқықтық мәнінің өзгеруіне объективті әсер етті.Бұл Ресей отаршылдық саясатын бекіту және империя шекарасын кеңейту кезеңінен басталды.Ресейге қосылған кезеңде Қазақстанның сот құрылымы екі қосарлас жүйе ретінде қолданылып жүрді:
-жергілікті ұлттық сот - билер соты,қазақтар арасындағы болмашы қылмыстық және азаматтық істерді талқылады.Олар әдет-ғұрып құқығы және шариат негізінде әрекет етті;
-жалпы империялық сот мекемесі -- қазақтардың ерекше маңызды қылмыстық істерін және басқа халықтар өкілдерінің арасында туындаған барлық істерді талқылады.
II Екатеринаның басқару кезеңінде парақорлық үшін санкция I Петр кезеңіндей қатал болмады. Осы уақытта билік органдарында сыбайлас жемқорлықтың таралуы көбейді. II Екатерина осы қылмысты жүзеге асырғаны үшін жазаның бұлтартпастық принципін қамтамасыз етуге көңіл бөлді. Жазалау шарасының қаталдығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен мәні
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу
Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңы
Сыбайлас жемкорлык турлері
Жемқорлық түсінігінің теориялық-əдістемелік негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың экономикалық себептері мен жағдайлары
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: ОНЫҢ ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ»
Қоғамдағы белгілі-бір өзекті тақырыпқа әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын құру
Пәндер