Адамзат - тірі табиғаттың дамуының жалғасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Табиғат

Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
а) Биосфера және ноосфера ұғымдары.
b)Адам-биосфера-ноосфера
с)Жалпы ластанудың түрлері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Адам, қоғам табиғатпен айырғысыз байланысты, өйткені олар табиғаттан тыс және оның ішінде өзін тікелей қоршаған табиғи ортадан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Адамзат-тірі табиғаттың дамуының жалғасы.
Адамның қоршаған ортамен байланысы әсіресе материалдық өндіріс саласынан айқын көрінеді. Табиғат байлықтары, әсіресе қазба байлықтар материалдық өндірістердің және жалпы алғанда қоғам өмірінің табиғи негізі болып табылады. Сондықтан адамзат тіпті табиғаттан жоғары тұрса да, бірақ материалдық өндірістің, өндірістік еңбектің нәтижесі болып табылатын өнімсіз өмір сүре алмайды. Табиғат адам мен жалпы қоғамныңтабиғи негізі болып табылады.
Адам табиғат пен биосфераның географиялық орта деп аталатын бөлігімен әсіресе тығыз байланысты. Географиялық орта дегеніміз табиғаттың адам бөлігі (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, су, топырақ, Жердің атмосферасы). Ол адам өмірінің алуан түрлі салаларының дамуына, оның ішінде әсіресе материалдық өндірістің дамуына әсерін тигізеді. Табиғаттың көп салалығы еңбек бөлінісінің (аң аулаудың, балық аулаудың, егіншіліктің, мал бағушылықтың, пайдалы қазбалар өндірудің) табиғи негізі болады. Адамның іс-әрекеттерінің нақты бағыттары, атап айтқанда, түрлі елдер мен аймақтарда белгілі бір өндіріс салаларының дамуы географиялық ортаның ерекшеліктеріне тәуелділікте болады.
Табиғаттың нақты географиялық ортасының түрлі халықтардың тарихи дамуына тигізетін әсері алуан түрлі, мәселен, ол ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін қолайлы жағдайлардың болу-болмауынан және басқа жағынан көрінеді. Бұл айырмашылық адамзат қоғамының алғашқы даму кезеңдерінде әсіресе көп болды, өйткені ол кездерде адамдар табиғат нәрселерін өңдеп, өзгертіп пайдаланғаннан гөрі дайын өнімді пайдалануға бейім еді, себебі еңбек құралдары әлі нашар болатын. Қолайсыз табиғат жағдайлары қоғам дамуына көп кедергі жасады. Сол себепті де алғашқы мәдени өркениет Ніл, Ефрат, Тигр, Инд өзендерінің жағалауларындағы оңтүстік елдерде дамыды, өйткені қолайлы табиғи жағдайлар, атап айтқанда, жылы климат жылы баспана мен киімді, азық-түлік өндіруді көп қажет етпеді. Еңбек бөлінісін дамытуға, қосымша өнім өндіруге т.б. оңтүстік елдерде мүмкіндік көп болды.
Алайда, қолайлы табиғат жағдайлары оңтүстіктегі елдердің дамуына тек адамзат тарихының бастапқы кездерінде ғана жағдай жасады. Бұл қолайлы жағдайлар тарихи даму ілгерілеген жағдайлар сайын өзінің қарама-қарсылығына айналды, яғни кері тартатын факторға айналды, өйткені өндірісті жетілдіруге ынталандырмады. Сол себепті де оңтүстік аймақтардағы халықтардың тарихи дамуы Орта-ғасырлық дәуірден бастап кенжелеп қалды.

Егер адам өз тіршілігі үшін қажетті нәрселерді табиғаттан дайын күйінде табатын болса, онда өндірісті дамытуға оның ынтасы болмайтыны, соның салдарынан оның адамдық қабілеттері де дамымай қалатыны түсінікті. Олай болса, өндіріс үшін қолайлы табиғат жағдайларының болуымен қатар олардың жетіспеуі де қоғам дамуына белгілі дәрежеде игі әсерін тигізеді екен. Мысалы, сондай елдердің біріне Жапонияны жатқызуға болады. Табиғат-биосфера-адам системасының құрамдас бөліктерінің өзара диалектикалық әрекеттесуінің мәні осында жатыр.
Табиғаттың адамға тигізетін әсерін, адамның табиғаттан тәуелділігін мойындай отырып, бірақ сонымен бірге оны асыры дәріптеуге де болмайтынын ескерткен жөн. Географиялық ортаның қоғам дамуындағы ролін асыра бағалау ғылымда географиялық детерминизм деп аталатын бағыттың тууына әкеп соқты. Бұл бағыттың өкілдері (Платон, Аристотель, Ш.Монтескье, Г. Т. Бокль, Л.Н. Мешников т.б) адамзат қоғамының дамуының ең шешуші күші географиялық (табиғи) факторлар деп санады. Олалдың пікірінше ,халықтардың дамуын ең алдымен анықтаушы географиялық ланшафт-жер бедері, топырақ, су,климат, өсімдіктер т.б. дүниесі. Мысалы, француз ғалымы Ш.М. Монтескье ( XVIII ғ.): климаты ыстық жерлердің халықтары қарттар сияқты жасқаншақ, ал суық жерлердің адамдары жастар сияқты ержүрек келеді деп есептеді. Ал ағылшын тарихшы-сотциологі Г.Т.Бокль Индияда XIX ғасырда құлдықтың болғаны ондағы ыстық климаттың градустардың психикасына әсер етуінен деп түсіндірді. Ол кезде Индия Англияның отары еді, сондықтан бұл пікірдің саясы астарын түсіну қиын емес. Географиялық детерминизмнің дұрыс емес жақтары көп болғаны мен , бірақ оның кейбір қисынды жерлері де жоқ емес. Түрлі елдер мен халқтардың даму тарихын мұқият зерттей отырып,олардың дамуы белгілі бір табиғи жағдайларға байланысты болғанын көреміз. Мәселен, алғашқы мәдені өркениет өзендерге байланысты болғанын жоғарыда айттық. Содан кейін Жерорта теңіздік өркеніет болды, теңіз жолы олардың жағалауындағы елдердің өркендеуіне жағдай жасады, ал кейінгі мұхиттық өркениет Американың ашылуынан кейін мұхиттық қатынас жолының дамуына байланысты болды (Испания, Португалия, Англия т.б). Демек, географиялық фактордың қоғам дамуына тигізетін ықпалын мүлдем жоққа шығаруға болмайды, оны ақылға сиымды деңгейге есепке алып отыру қажет.

Негізгі бөлім:
А) Биосфера және ноосфера ұғымдары.Биосфера деген терминді тұңғыш рет 1875 жылы австриялық геолог Э.Зюсс пайдаланған болатын. Биосфера деп барлық тірі организмдердің тіршілік ортасымен бірге алғандағы жиынтығын түсінеді. Олай болса, биосфераны түсіну үшін қоршаған сыртқы орта деген не, оның құрамдас бөліктері қандай деген сұрақтардың басын ашып алу керек сияқты.
Қоршаған сыртқы ортагеографиялық ортадан гөрі әлдеқайда кеңірек ұғым - оның көлеміне Жердің сырт бедерімен қатар ішкі байлығы да, Күн системасының адамның іс-әрекетіне қатыст бөлігі де және адамның өзі жасаған материалдық дүние де кіреді. Сыртқы ортаның құрамы үлкен екі бөліктен - табиғи және жасанды орталардан тұрады.
Табиғи тіршілік ортасына табиғаттың тірі және өлі бөліктері - биосфера және геосфера жатады. Ол адамның қатысуынсыз өз бетінше өмір сүріп дамиды. Алайда, эволюцияның барысында адам табиғи тіршілік жағдайларын біртіндеп игере береді: алғашында табиғи байлықтарды (өсімдіктер мен хайуанаттар т.б.) жай пайдаланумен ғана шектелсе, кейіннен біртіндеп тіршілік құрал-жабдықтарын (қазба байлықтары, энергия көздерін т.б.) пайдаланып, оларды практикалық іс-әрекеттің барысында өзгерте бастады. Бұл әрекеттің нәтижесінде адам басқа жан-жануарлардан айрықша қасиетке - еңбек құралдарын өндіру, материалдық және рухани мәдениеттерді жасау, сөйтіп сыртқы ортаны мақсатқа сай өзгерту қабілеттеріне ие болды.
Алайда, адам эволюция барысында табиғаттан керекті өнімдерді сол күйінде немесе өзгертілген түрде алумен шектеліп қана қойған жоқ. Ол сондай-ақ табиғатта бұған дейін болмаған заттар мен нәрселерді жасауды үйренді, сөйтіп жасанды тіршілік ортасын жасады: өсімдіктер мен хайуанаттарды үй жағдайына үйретті, жер қыртысын өзгертті,жасанды су каналдары мен қоймаларын қазды, зәулім биік үйлер салды т.б. жасады. Бүгінгі таңда ірі қалаларсыз, авто және әуе жолынсыз, завод-фабрикаларсыз, электрсіз, телефонсыз т.б. сансыз көп мәдениет жетістіктерінсіз қоғам өмірін көз алдына келтіру мүмкін емес. Мұның бәрі ақыл-ойының күшімен жасалды.
Алғашында биологтар биосфера деп біздің планетамызда тіршілік ететін тірі организмдердің жиынтығын ғана түсініп келді. Биосфераның басты екі құрамдас бөлігі - тірі организмдер және олардың тіршілік ортасы бар екені және олар біртұтас динамикалық система құратын органикалық бірлікте, үздіксіз өзара әрекеттестікте болатыны кейіннен анықталды. Биосфера - бірнеше кіші системалардан тұратын глобальдық ірі системаны білдіретін кең ұғым.
Жеке тірі организмдер бір-бірінен байланыссыз өмір сүрмейді. Өзінің өмір сүру барысында олар түрліше системаларға (топтарға), мәселен, популяцияларға бірігеді. Эволюцияның барысында одан да гөрі ірілеу, сапа жағынан жаңа тірі системалар деңгейін, биоценоздар деп аталатын белгілі бір аумақта өмір сүретін тірі организмдер жиынтығын құрады.
Тіршілік эволюциясы біртіндеп биосфераның ішінде дифференциацияланудың өсіп, тереңдеуіне алып келеді. Сыртқы ортамен зат және энергия алмаса отырып, биоценоздар сыртқы ортамен бірге жаңа системалар - биоценоздарды құрады. Бұл соңғыны кейде экосистемалар деп те атайды. Оның аумағы түрліше болуы мүмкін: теңіз, орман, тау т.б. Биогеоценоздың тұрқы тірі организмдердің табиғи айналымының бәрін қамтитын биосфераның кішкентай табиғи нұсқасы (моделі) болып табылады. Басқаша айтқанда, биогеоценоз дегеніміз биосфераның кіші бір бөлігі. Сөйтіп, барлық тірі организмдер мен экосистемалардың жиыны биосфера деп аталатын ең ірі системаны құрады.
Биосфера туралы ілімді ғылымда жан-жақты зерттеушілердің бірі көрнекті орыс ғалымы В.И.Вернадский болды. Ол, өзінен бұрынғы басқа зерттеушілер сияқты, биосфера ұғымын тек тірі заттарға ғана қолданып қойған жоқ. Биосфераға ол тірілердің бүкіл өмір сүру барысында жиналған өнімнің бәрін жатқызады. Мәдени өнім әсіресе қала өмірінде айқын көзге түседі: адамның соңғы 2-3 ғасырда салған үйлерінің негізі (фундаменті) бірнеше метр жер ішіне еніп кеткен. Қаршірікпен (гумуспен) және басқа органикалық қоректік заттармен байытылған топырақ жаңа тіршілік иелерінің пайда болып, дамуына жағдайлар жасайды т.т.
Биосфера жайлы, оның принциптері жайлы сөз қозғағанда Вернадский ең алдымен тірі организмнің тіршілігін және оның қызметін анықтап алады. Тірі организм жер қыртысының айырғысыз бөлігі және оны өзгертуші себебі болып табылады. Организмдер өз денесін құратын химиялық элементтерді сыртқы ортадан алады да, өлгеннен кейін және даму барысында қайырып береді. Сөйтіп, тірі мен өзгермейтін өлі зат өзара үздіксіз қарым - қатынаста, химиялық элементтердің айналымында болады. Бұл жағдайда тірі зат негізгі система құрушы фактордың міндетін атқарып, биосфераны біртұтас системаға біріктіреді.
Биосфераның дамуы тірі организмдер мен сыртқы ортаның қарым - қатынасының тереңдей түсу жолымен жүреді. Эволюцияның барысында тірі мен өлінің өзара әрекеттесуі және өзара тәуелділігі нығая түседі, сөйтіп біртіндеп бүкіл планеталық интеграциялық процесс іске асады. Бұл интеграцияны В.И.Вернадский биосфераның ішкі мәні деп санады.
Саналы, ақыл - парасатты тірі жан ретінде адамның пайда болуы тек биосфераны ғана емес, сондай-ақ оның планеталық сипатын да түбірлі өзгеріске ұшыратты: тірі организмнің сыртқы ортаға жай бейімделуінен ақыл - парасатты іс-әрекетке көшуі, табиғи ортаны мақсатқа сай біртіндеп өзгертуге көшу басталды. Адамның саналы іс-әрекетінің табиғатқа тигізген орасан зор әсерін зерттеудің нәтижесінде ноосфера туралы ілім пайда болды. Ноосфера деген терминді грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда noos - ақыл-ой дегенді білдіреді екен, яғни ақыл-ойдың тараған сферасы (саласы) деген мәнді білдіреді. Бұл терминді 1927 ж. тұңғыш ғылыми терминологияға енгізген француз ғалымы Э.Леруа болды.
Ноосфера туралы ілім В.И.Вернадскийдің еңбектерінде де тұжырымдалған, сондықтан ол бұл ілімнің негізін салушылардың бірі деп саналады. Вернадский ноосфера мәселелерімен 30 жылдардың басынан бері айналыса бастады. Ол ноосфера ұғымын адамның ақыл-парасатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат пен қоғамның өзара қатынасы
Табиғат пен қоғамның бірлігі мен байланысы
Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология
Адам жане биосфера жайлы
Табиғат пен қоғамның бірлігі мен байланысы туралы
Кіші мектеп оқушыларында экологиялық тәрбие қалыптастырудың жолдары
Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері
Философия тақырыбындағы адам және табиғат проблемалары
Танымның сезімдік формасы
Философиялық антропологияның негіздері: адамның табиғаты және мәні
Пәндер