Қызмет қыл иіліп, Ата менен анаға



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Пәні:Ұлттық тәрбие негіздері
Тақырыбы:Халқымыздың келін тәрбиесіне байланысты талаптары

Жоспар

І. КІРІСПЕ БӨЛІМІ
Келіні жақсы үйдің керегесі алтын
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.Ел жұртыңа жақ келін
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
IV.Пайдаланған әдебиеттер

Атам қазақ келіні жақсы үйдің керегесі алтын деген сөзді айтқанда келіні жаман үйдің де барын білген сияқты. Иә, қазақы қалыпқа, қазақы ұғым-түсінікке салып қарайтын болсақ, өзге ұлттарды қайдам, дәл қазақ үшін келін сөзі жүрекке жылылық ұялататын ерекше сөз екені рас. Сол себепті де жаңа отбасыға барып, ақ босағаны аттап кірген жас келінге бар мейірім-шапағатын төгіп, маңдайынан сипап, бауырына басатын ата-ене, қаумалаған ағайын жаңа келіннің босағаны аттауымен көп жақсылықтардың да келетініне сенген. Соны күткен. Олай болса, бір балам екеу болды деп қуанып, балалардың бақытты ғұмыр кешуін, мәнді де сәнді өмір бастауын шын жүрегімен қалайтын бір халық болса, ол да қазақ халқы шығар.
Бірақ бүгінгі таңдағы өзгерген көзқарас, ұлттық сипаттан ажырай бастаушылық, өзінің тілін, ділін, салт-дәстүрі мен өнеге-тәрбиесін бағалай алмаушылық ғасырлар бойы сақталып келген құндылықтарымызды көмес - кілендіріп жатқаны сөзсіз.
Жаңа түскен келіннің рахатынан гөрі азабын тартып жатқан қазақ отбасылары аз емес бүгінде. Ата-енесін, күйеуінің жұр - тын менсінбейтін, ағайын-туыстың алдында именбейтін, өзінің айтқанын орындатып, керек болса, күйеуін туыстарынан бөліп алып кететін, мүлдем араластырмай қоятын келінсымақтарды көргенде, олар да кешегі бір отбасының әлпештеп өсірген қызы емес пе еді, оларға өз ұяларында қандай тәлім-тәрбие берілген деп бір сәт ойланып қаласыз. Келінсымақ деп айтып отырғанымыздың түп мәнін түсініп отырған боларсыз. Ондай дара мінез көрсеткен келіндерді келін деп айтудың өзі қиындау болып тұр.
Қай заманда болмасын әрбір шаңы - раққа келін болып түскен қыздарға үлкен жауапкершілік жүктелген. Күйеуінің бабын табу өз алдына, сол әулеттің құтын арттыру, саналы ұрпақ тәрбиелеу, ата-ененің қолын жылы суға малу сияқты жауапты нәрселер келінге тиесілі міндеттердің бірі. Осы айтылған сөздің ішінен күйеуінің бабын табу деген мәселеге ой жүгірте бастасақ, қазіргі таңда күйеуіне жөндеп тамақ пісіріп, киімін тазалап жуып, үй ішін жарқыратып ұстау өнерін білмейтін келіндердің бар екенін күнделікті өмірден көріп жүрміз. Ел ішіндегі әңгімелерге құлақ түрсеңіз, пәленше келінді келген жеріне апарып тастапты, өйткені ол тамақ та пісіре алмайды екен, үй болудың жөн-жосығын білмейді екен, тек күні бойы күйеуінің бетіне қарап отыруды ғана біледі екен деген сөздерді естуге болады.
Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасып кету себептерінің бірі ретінде келіндердің тамақ істеу, шай қою, кір-қоңды тазалау сынды тұрмыстың қарапайым нәрселерін білмеуден екені айтылуда. Иә, осы сөздерде әжептәуір шындықтың жатқаны рас. Қызға қырық үйден тыю деп қыз тәрбиесіне жете мән бере қараған ата-бабамыздың бүгінгі ұрпақтары сол үдеден қаншалықты табылып отыр? Бұл қыз өсіріп, оны болашақта құтты орнына қондырып, ұзатқалы отырған ата-анаға қарата айтып отырған сөзіміз. Өкінішке орай, ата-бабамыздан қалған болашақ келінді тәрбиелеудің өнегелі жолы ұмытылды. Ол қандай жол еді? Ол қыз баланы келін болуға даярлаудың жолы. Қыз баланы бала кезінен үй шаруасына баулып, жасына сай болатын жұмыстарды атқаруды тапсырып, өсе келе қонақ күтуді, үлкенді сыйлаудың, кішіге ізет көрсетудің жөнін ұқтырып, әдеп пен дәстүрді сақтай білуді және тағы басқа толып жатқан салт-жоралғылардан хабардар етіп отыру қыз тәрбиелеп отырған әрбір ата-ананың парызы. Қыз тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлген отбасылардың ғана ұзатқан қыздары барған жерлерінде ардақты келін атанады. Ондай қызды тәрбиелеп өсірген ата-ана да алғыс естіп, көңілдері марқайып отырады. Бүгінде мұндай мысалдар өмірде аз емес. Бірақ қыздарын болашақ келін етіп өсіру, сол жолға дайындау мәселесі кейбір бүгінгі қазақ отбасыларының шын мәніндегі олқы соғып тұрған жағдайларының біріне айналды. Мұны қайтадан қалпына келтірудің жолы өзіміздің ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтап қалуды ойластыру.
Бүгінде өзінің төл сипатынан, ұлттық бол - мысынан ажырап бара жатқан отбасыларымыз бар. Олардың әке-шешелері де, өздері ана тілдерінде сөйлемейді, дәс - түрді білмеу өз алдына, қарапайым туыс - тық атау - ларды білмейді, қазақы салт-жора - дан бейхабар. Бұл мәселе де осындай қиын - дық - тардың туындауына алып келері сөзсіз.
Келінге қатысты дәстүрге тоқтал - сақ, әңгімеміз ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Одан да жаңа түскен келінге ақыл-кеңес, өсиет ретінде айтылатын кәдімгі Бет - ашар салтындағы кейбір жыр жолдарына тоқ - талсақ та жеткілікті болар-ау деп ойлаймын.
...Ел-жұртыңа жақ, келін!
Өзің бір ақыл тап, келін!
Кісі келсе үйіңе,
Киізіңді қақ, келін!
Атаңды бұрын жатқызып,
Түндігіңді жап, келін!
...Келін боп келген қиын іс,
Жаңаөспірім балаға.
Қызмет қыл иіліп,
Ата менен анаға.
Өзіңнен үлкен адамның
Бетіне тіке қарама.
Үлкен кісі келгенде,
Қатарласып отырмай,
Кейін отыр панада.
...Қасыңда жатқан байыңа,
Тұр-тұрлама, келіншек!
Қаптың аузы бос тұр деп,
Құрт ұрлама, келіншек!
Жаман болса, келіншек,
Күлкісін тіпті тыймайды!...
Ақылды, зерек келіндер мұндай сөзді бірден қағып алып, соны орындауға, өзіне сеніп тапсырылған үмітті ақтауға тырысып бағады. Міне, бұл дәстүр-салтымызда ежелден келе жатқан көрініс. Бұл бір жағы келіннің өз үйінен алған өнегелі тәрбиесінен де білініп жататыны сөзсіз. Шыққан жері мықты болса, тегі дұрыс болса, алған тәлімінде мін болмаса, келін өзі түскен шаңырақтың берекесін арттырып, шырайын кіргізетіні анық. Тал бойы мен тәрбиесінде бір міні жоқ ондай келінді күйеудің ата-анасы тіпті өзінің баласынан да артық жақсы көріп кететін кездері аз болмай жатады. Мұндай кезде:
Қарамас ешкімге тік қадап көзді,
Қайтарар жұмсақ жауап, тосып сөзді.
Сынаптай қозғалысы ылпып тұрған,
Қалпында қашан көрсең бір мінезді.
Тап-таза үйі күнде сыпырылған,
Шаңқылдап шықпас үні баланы ұрған.
Даладан ертелі-кеш ері келсе,
Қарсы алмас өсекпенен үй қыдырған, - деген өлең жолдары тіл ұшына оралады. Қарап тұрсақ, халқымыздың жақсы келіннің үлгісін жасап берген ұлағатты сөздері аз емес екен. Олай болса, олар нелік - - тен орындалмайды? Неге шынайы өмірде көрініс таппайды? Мұның бір себебі қыздың шешесі бүгінгі таңда оның қор - ғаушысына, адвокатына айналып алған. Барған жеріңе тастай батып, судай сің дейтін шешелер азайып бара жатыр. Өзінің де тәрбиесі оңып тұрғаны шамалы қызына: Көрерсің, тұра алмасаң қайтіп келерсің дейтінді шығарды. Қашан келсең де есік ашық. Өзіңді қинама, сен ол үйдің қүңі болуға бара жатқан жоқ - сың. Басыңнан сөз асырма деп те ақыл-кеңесін қарша жаудырып жататын ана - ларды көріп жүрміз. Мұндай сөздерді бойына сіңіріп барған келін өзінің оң аяғымен аттаған босағасын берік етіп, отбасының ұйытқысы болуға емес, бейне бір майданға бара жатқандай аттанады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамшылық амандасудан басталады
Нарманбет Орманбетұлы
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы толғаныс
Мектеп жасындағы балалардың тәрбиесіне қатысты мәселелер
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
Жанұядағы тәрбие
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ САЛАСЫ
Періштелер Хауа анаға
Бас-киім атауларының лингвокогнитивтік сипаты
Пәндер