Кәсіпкерлік шарт түсінігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Пәні:ҚР кәсіпкерлік құқығы.

Тақырыбы:Шаруашылық шарттар түсінігі.

Жоспары

I. Кіріспе:

1. Кәсіпкерлік шарт түсінігі.

II. Негізгі бөлім:

1. Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері.

2. Кәсіпкерлік шарттардың түрлері және олардың жіктелуі.

III. Қорытынды.

Кіріспе

Кәсіпкерлік шарт түсінігі.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзара қатынастарын реттеудің негізгі құралы шарт болып табылады. Шарт жайындағы қазіргі заманғы түсініктер жоғарыда келтірілген аспектілерді бойына сіңірген: шарт ретінде екі немесе бірнеші адамның азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы туралы келісімін танумен қатар, шарт деп оның барлық қатысушыларының еркі бойынша заңдық факт, құқықтық қатынас, құжат, міндеттемелердің пайда болуын тікейтін кесі және басқалары түсініледі. Кәсіпкерлік шарттың мәні туралы мәселеге көше отырып, «шаруашылық шарт» терминінің өткен жүзжылдықтың 30 жылдары бастапқыда өнім беру шартының синонимі ретінде пайда болғанын айтқан. Ғалымдардың пікірлері қазіргі таңда кәсіпкерлік шарт түсінігіне байланысты бөлініп отыр:

1. Кәсіпкерлік шарт - бұл шарттың дербес түрі;

2. Кәсіпкерлік шарт - бұл азаматтық-құқықтық шарттың ерекше түрі.

Сөйтіп, кәсіпкерлік шарт -бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалатын, тараптар немесе тараптардың бірі кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылатын келісім.

Негізгі бөлім

Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері.

С. А. Паращук шаруашылық шарттың келесідей ерекшеліктерін атайды.

1. Ол кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалады;

2. Оның тараптары немесе тараптардың бірі болып кәсіпкерлік қызмет субъектілері саналады;

3. Қайтарымдық сипатында болады; талап үйлесім тапқан.

4. Онда кәсіпкерлердің шарттық міндеттемелерінде барынша еркіндік және көтеріңкі талап үйлесім тапқан .

В. С. Белых шарттарды кәсіпкерлік санатына жатқызудың мынадай белгілерін бөліп көрсетеді:

1. Кәсіпкерлік қызметке қатысты әртекті қатынастар туындайтын кәсіпкерлік қызмет саласында қалыптасқан қатынастар;

2. Субъектілік құрам - кәсіпкерлік қызметтің екі тарабы да болатын жағдай;

3. Мүлікті пайдаланудың кәсіпкерлік мақсаты.

Сонымен, кәсіпкерлік шарттың басты және айқындаушы белгісі екеу:

1. Айрықша субъектілік құрам (тараптар немесе тараптардың біреуі кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылады) ;

2. Шарт жасасудың мақсаты (шарт кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жасалады, сол себепті кәсіпкерліктің барлық белгілеріне сай болады) .

Кәсіпкерлік шарт қызметтеріне мыналар жатады:

1. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасында заңдық маңызы бар байланыстар орнату қызметі;

2. Келісімге қатысушылардың өзара байланысты қызметінің мазмұнын (яғни кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретіндегі тараптардың өзара құқықтары мен міндеттемелерін) анықтау қызметі;

3. Кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастыру қызметі;

4. Келісімге қатысушылардың шарт тәртібін сақтауын қамтамасыз ету қызметі.

Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері.

Кәсіпкерлік шарттың нысаны мәмілелер мен шарттардың нысанына жататын жалпы ережелермен, сонымен қатар кәсіпкерлік шарттардың көптеген түрелірінің нысанына жататын арнайы ережелермен реттеледі. Жалпы ереже бойынша мәмілелер ауызша немесе жазбаша түрде (жай немесе нотариалдық рәсімдеу) жасалады. Егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнай көзделмесе немесе іскерлік қызмет аясынан туындамаса, мәмілелерді жасау барысында орындалатындардан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын; сонымен қатар нақты мәмілелерден басқа, жүз есептік көрсеткіштен асатын сомаға жасалатын мәмілелер жазбаша орындалуға тиіс(ҚР АК 152 б. 1 т. ) . Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, оның мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады; алайда тараптар мәміленің жасалғанын, оның мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы. Заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген жағдайда мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады (ҚР АК 153/3 т. ) . ҚР АК шартты өзгерту және бұзу тәртібі белгіленген, оның үстіне шартты біржақты бұзудың мүмкін еместігі жалпы ереже болып табылады. Егер тараптар шарт жасасқанда тараптардың біреуінің бастамашылығымен шартты біржақты бұзу мүмкіндігін қарастырмаған болса, онда бұл мәселе тек сот арқылы және белгілі бір себептерге байланысты, атап айтқанда, екінші тарап шартты елеулі бұзған кезде шешіледі (ҚР АК 401 бабы) . Тараптардың біреуінің шартты бұзуы екіншісіне шарт жасасу кезінде үміттенуге құқылы болған нәтижеден айтарлықтай айырылып қалатын шығынға ұшыратса, мұндай шарттың бұзулуы елеулі деп танылады. Шарт бұзылғанда тараптардың міндеттемелері тоқтатылады, ал өзгергенде әрекет ете береді, бірақ өзгерген түрінде. Міндеттемелердің тоқтатылуының немесе өзгеруінің уақыты тараптардың шартты өзгерту немесе бұзу туралы келіскен сәті болып табылады, ал шартты бұзу немесе өзгерту сот тәртібімен шешілген жағдайда, соттың шартты бұзу немесе өзгерту туралы шешімі заңды күшіне енген сәттен есептеледі. Шартты орындаудан біржақты бас тартуға (шарттан бас тартуға) азаматтық заңмен, басқадай заң актілерімен немесе тараптардың келісімімен қарастырылған жағдайларда рұқсат етіледі. Сонымен, мынандай:

- шартқа негізделген міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі;

-белгіленген тәртіпте екінші тарап банкрот болып танылса;

-соның неігізінде шарт жасалған мемлеккеттік органның актісі өзгергенде немесе заң күшін жойғанда;

-егер заңмен немесе тараптардың келісімімен басқадай көзделмесе, шарт мерзімі көрсетілмей жасалған жағдайларда тараптардың біреуі шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

Егер заңмен немесе тараптардың келісімімен өзгедей белгіленбесе, тараптар шарт бұзылғанға немесе өзгергенге дейін міндеттемелері бойынша орындағандарын қайтаруды талап етуге құқылы емес. Егер шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне тараптардың біреуінің шартты елеулі бұзғаны негіз болса, екінші тарап шарттың бұзылуы немесе өзгеруі себепті келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Кәсіпкерлік шарттардың түрлері және олардың жіктелуі.

Заң әдебиетінде кәсіпкерлік шарттарды жіктеудің әртүрлі нұсқаулары қалыптасқан. Атап айтқанда, В. С. Анохиннің пікірі бойынша, кәсіпкерлік шарттарды жалпылай жіктеу төмендегідей көрінеді: мүлікті ақылы сату және сатып алу туралы шарттар; қызмет көрсету туралы шарттар; жұмыстарды орындау туралы шарттар; қызмет көрсету туралы шарттар; жұмыстарды орындау туралы шарттар. Сонымен. Т. В. Кашанина кәсіпкерлік шарттардың төмендегідей топтарын бөліп көрсетеді:

-өзіндік ұйымдастырылған шарттар;

-бірлескен қызмет туралы шарттар (жай серіктестік шарттары) ;

- алдын ала жасалатын шарттар;

-міндетті шарттар;

-инвестициялық шарттар;

-кәсіпорындарды беру тәртібі туралы шарттар;

-пайдаларға қатысу туралы шарттар.

Ең бір жалпылай жіктеу деп шарттарды кәсіпкерлік шарттарға (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпкерлер арасында жасалған) және кәсіпкерлердің қатысуымен жасалған шарттарға (тараптардың бірі ғана кәсіпкер болып табылатын, ал екінші жағынан жай азаматтық-құқықтық шарт болып келетін) бөлуді мойындау қажет.

Кәсіпкерлік шартар және олардың сипаттамасы.

Мазмұны бойынша кәсіпкерлік шарттар мүліктік және ұйымдастырушылық шарттарға бөлінеді. Мүліктік шарттарға белгілі бір мүліктік игілікке, байланысты құқықтық қатынастарға қатысушылардың қызметін реттеуге бағытталған шарттар жатады. өз кезегінде, мүліктік шарттар мүлікті беруге, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге жасалатын шарттар деп бөлінеді.

Мүлікті иеліктен шығару (беру) шарттары екі топтан тұрады:

1. Мүлікті меншікке беру, шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару (сатып алу-сату, беру, өзара шарт жасасу, газбен, жылу және электр энергиясымен жабдықтау) шарттар;

2. Мүлікті уақытша пайдалануға беру (мүлік жалдау) .

Жұмыстарды орындау шарттары тұрмыстық және құрылыс мердігерлігі, жобалау және іздестіру жұмыстарының мердігерлігі, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар мердігерлігі және т. б. шарттар болып табылады.

Қызметтер көрсету шарттары қатарына:жүк тасымалдау, экспедия, сақтандыру, банк қызметтері, сақтау, комиссиялар, тапсырмалар.

Ұйымдастыру шарттары кейінгі кәсіпкерлік немесе басқа қызмет үшін алғышарттар құрайды және әдетте, мүліктік шарттар жасауға негіздеме болып табылады. Ұйымдастыру шарттары арасынан заңды тұлғалар құру туралы құрылтай шарттарын бөліп айтуға болады.

Экономикалық салалар бойынша кәсіпкерлік шарттарды төмендегідей жіктеуге болады:

1. Материалдық-техникалық жабдықтау және өткізу саласында - тауар беру, сатып алу-сату, айырбастау, қарыз беру, комиссиялар және кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлеріне жасалатын шарттар;

2. Құрылыста - құрылыс мердігерлерлігіне, жобалау және іздестіру жұмыстарының мердігерлігіне, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, құрылыстар мен, құрал жабдықтарды жалға беруге, құрылыстағы делдалдыққа жасалатын шарттар;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы
Кәсіпкерлік саласындағы міндеттемелік-құқықтық қатынастар
Жалға алу шарты
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Шаруашылық құқықты ұйымдастырып жүргізудің тәртібі
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz