Ғимараттардың зақымдануы


Реферат
Пәні - Енбекті қорғау
Тақырыбы - Адам ағзасына әсер етуіне байланысты зиянды заттардың бөлінуі
Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Адам ағзасына әсер етуіне байланыты зиянды заттардың бөлінуі . . . 4
2. Өндірістегі шаңдану және газдану. Қорғану шаралары. Нормалануы . . . 5
3. Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ, гипоцентр, эпицентр, толқындар) Жер сілкінісінің магнитудасы жəне қарқындылығы, өлшем бірліктері . . . 7
Қорытынды . . . 8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 9
Кіріспе
Көптеген өндірістік процестер жұмыс аймағының ауасына әртүрлі түрдегі ластанулар (булар, газдар, қатты және сұйық бөлшектер) мен жылулық сәуле шығарумен жүреді (биіктігі бойынша еден деңгейінен 2 м кеңістік немесе жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін орындары бар алаңдар) . Зиянды заттар адам ағзасына тигізетін әсерлер сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
- уландырғыш, ағзаның барлық қызметінің өзгеруін тудыратын (сынап, бензол, мышьяк және оның қоспалары, қорғасын) ;
- тұншықтыратын, дем алу жолдары мен өңеш қабықшаларының беттік талшықтарын бұзатын (күкірт газы, хлор, азот тотықтары) ;
- сенсибилиздеуші, аллергендер сияқты әсер етеді (формельдегид, түрлі еріткіштер және нитроқосылыстар негізіндегі сырлар және т. б. ) ;
- канцерогенді, қатерлі ісік ауруларын туғызатын (никель және оның қосылыстары, хром тотықтары, азбест және т. б. ) ;
- мутагенді, тұқымдық ақпараттардың өзгеруіне әкелетін (қорғасын, марганец, радиоактивті заттар және т. б. ) .
Кәсіптік ауруларға мысал ретінде ұзақ уақыт шаңмен демалғанда пайда болатын пневмокониозды келтіруге болады. Олардың ішіндегі ең ауыры силикоз, адамға құрамында кремний сульфиді бар шаңның әсерінен пайда болады. Бұл ауру литий өндірісінде, құмды құрылымдық өңдегенде және т. б. орындарда кең орын алады.
Жұмыс істеу жағдайының сипатына микроклимат үлкен әсер етеді, оның параметрлері температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауаның қозғалу жылдамдықтары болып табылады.
Микроклиматтардың параметрлерін өзгерткенде және әртүрлі ауыр жұмыстарды орындағанда адам ағзасының тұрақты температураны (36, 6°) ұстау қабілеті жылуреттегіш деп аталады.
Адам ағзасының жылу шығаруы негізінде үш жолмен орындалады: конвекция, сәуле шығару және тердің шығуы.
Өндірістік ортаға әсер ететін факторлар қауіпті және зиянды болып бөлінеді.
Адам ағзасына әсер етуіне байланыты зиянды заттардың бөлінуі
Қауіпті фактор - жұмысшыны жарақатқа әкелетін әсер. Зиянды өндірістік фактордың әсері адамды ауруға ұшыратады.
Барлық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесі топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық.
Өндірістік орындарының микроклиматы - бұл бөлменің ішкі ортасындағы климат, олар: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылулық сәуле шығарудың қарқындылығы.
Табиғи желдету: инфильтрация (ұйымдастырылмаған ауа алмасу), аэрация (ұйымдасқан, алдын - ала есептелген ауа алмасу) . Артықшылығы - үнемділігі, кемшілігі - қоршаған ортадағы зиянды заттар өзінің физика-химиялық құрамын өзгертпестен бөлменің ішіне енеді.
Жасанды желдету - артық жылуды, зиянды заттарды және артық ылғалды жою үшін қолданылады:
а) зиянды заттарды жою үшін: L УД =W/ (С УД -C ПРИТ ) *g, [м 3 /сағ],
мұнда W - уақыт бірлігіндегі зиянды заттарды бөлу қарқындығы (мг/сағ) ; См, Сприт - ауадағы зиянды заттардың концентрациясы, См = ШРК, Сприт=0 концентрациясы мг/ м 3 - мен өлшенеді; g - жұмыс аумағының ауасына зиянды заттардың түсуінің біртексіздік коэффициенті. Сондықтан ауа мөлшері вентиляциялық ойық ауданымен есептеледі: F=C м /3600v, (м 2 ), газоходтағы ауаның жылдамдығы v =0, 5 - 3 м/с ;
б) жылу қалдықтарын жою үшін : L= Qизб/cg(t УХ -t ПРИТ ), (м 3 /час), Q изб =Q ПОСТ -Q УХ , (Дж*м 3 /с), с және g жылу сыйымдылық және ауа тығыздығы, tух, tприт - ауа температурасы, t УХ = t РЗ +Dt*(H-2) ; t РЗ - жұмыс аймағының температурасы; ∆t - температуралық ингридиент, температураның бөлме биіктігінен өзгеруін көрсетеді (0, 5 - 1, 5°С), Н - бөлме биіктігі, м. Нақты ауаның температурасы ыстық немесе суық мерзімдерде алынады: t прит - суық мерзім үшін - қаңтар, ыстық период үшін - шілде айлары. Ауа еселігі k= c/v, [1/сағ], с - ауа көлемі, V - аудан көлемі. k>3 кезінде жергілікті желдету жүйесі, ал, k<3 кезінде - жалпы алмасу желдету жүйесі ұсынылады. Таза аудандар үшін L= n*w 0 , мұнда n - жұмысшылар саны, w 0 - бір жұмысшы үшін қажетті ауа мөлшері (20-30 м/сағ) .
Өндірістегі шаңдану және газдану. Қорғану шаралары. Нормалануы.
Адам ағзасына тигізетін әсері бойынша барлық қауіпті заттар 4 топқа бөлінеді: төтенше қауіпті (сынап буы, қорғасын буы, фосген) ; жоғарғы қауіпті (қалайы буы, йод буы, бензол) ; орташа қауіпті (күкірт оксидтері, қышқылдар буы) ; қауіптігі аз (аммиак қосылыстары және көміртегі оксидтері) .
Жұмыс орындарындағы шаң дезинтеграция (бұзу) және кондексация (жұмыс аймағына жоғарғы температуралық процестерде пайда болған будың түзуі) процестерінің әсерінен тууы мүмкін. Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі, адам ағзасына қосарлы (комбинациялық) əсеріХалық тұтынатын тауарлардан бөлінетін зиянды химиялық заттар(стирол, метанол, фенол, формальдегид, мыс, қорғасын, кадмий, мырыш, бромдалған заттар, капролактам, акрилонитрил, ацетон, бензол) болып табылады. Химиялық өнiмдi жiктеу адамның өмiрi мен денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi шараларды қолдану мақсатында жүргiзiледi. Химиялық өнiмдi жiктеу химиялық заттар қауiптiлiгiнiң түрлерi мен санаттары бойынша жүзеге асырылады. Химиялық өнiм өндiрiлу және қолданылу процесiнде мынадай қауiп түрлерiн төндiруi мүмкiн:өрт қаупiн; жарылыс қаупiн; коррозиялық активтiлiктi; уыттылықты. Адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды әсер етуi мүмкiн қасиеттерi бар химиялық заттар мынадай санаттарға бөлiнедi : физикалық-химиялық қасиеттерi бойынша :1) жарылғыш заттар; 2) тез тұтанатын газдар; 3) тез тұтанатын сұйықтар; 4) тез тұтанатын қатты заттар; 5) тотықтырғыш заттар және органикалық пироксидтер; 6) уытты заттар; 7) коррозиялаушы заттар; уыттылық қасиеттерi бойынша: 1) күштi әсер ететiн улы заттар; 2) улы заттар; 3) зиянды заттар; 4) күйдiргiш заттар; 5) көздiң және терiнiң кiлегей қабықшаларының тiтiркенуiн туғызатын заттар; 6) сенсибилизациялайтын әсерi бар заттар; адамның денсаулығына ерекше әсер етуi бойынша: 1) канцерогендер; 2) мутагендер; 3) ұрпақты болу функциясына уытты әсер ететiн заттар; қоршаған ортаға әсер етуi бойынша: 1) қоршаған сулы орта үшiн қауiптi заттар; 2) қоршаған ауа ортасы және топырақ үшiн қауiптi заттар. Химиялық өнiмнiң санаттары, қауiптiлiк түрлерi және химиялық өнiммен қауiпсiз жұмыс iстеудi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы ақпарат химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленедi. Химиялық өнiмдi сынаудың критерийлерi мен әдiстерi, оның физикалық-химиялық және уыттылық қасиеттерi, адамның денсаулығы мен өмiрiне, қоршаған ортаға ерекше әсерi химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес айқындалады. Химиялық өнiмдi химиялық заттардың санаттары бойынша жiктеудi өтiнiш берушi оны нарықта орналастыру үшiн тиiстi құжаттарды рәсiмдеуi кезiнде көрсетедi. Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері. Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар. Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті. Галогенді көмірсулар . Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Фенолмен улану бауырды , бүйректі, қанды зақымдайды. Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. Ауыр металдар . Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т. б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Қорғасынның негізгі көзі автокөлік жанармайы болып табылады. Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау.
Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ, гипоцентр, эпицентр, толқындар) Жер сілкінісінің магнитудасы жəне қарқындылығы, өлшем бірліктері
Жер сілкінісі-жер қыртысының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, алыс қашықтыққа таралатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелісі. Жер сілкінісі геологиялық құбылыс. Олар кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар, ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады. Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады. Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады. Осындай толқындар көлемді және үстінгі беттегі секілді 2 түрлі болады. Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады. Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады. Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі. Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Гипоцентр алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі. Қазақстан аймағында жер қабатының сілкініс ошағының ең жоғарғы тереңдігі 50км аспайды. Эпицентр бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі. Жер сілкінісі жиі жағдайда жердің жоғарғы қабатындағы жарық-жарылыстармен қоса қабат жүреді. Жер сілкінісінің магнитудасы және қарқындылығы, өлшемі. Әр түрлі елдерде жер сілкінісі үнемділігін бағалау үшін қолданатын сейсмикалық өлшемдердің көптеген мөлшері пайдаланылады. 1964 жылы Медведев С. В (СССР) Шпонхойер (ФРГ) және Крик В. (ЧССР) МШК-64деп аталатын 12 балдық халықаралық өлшемді жасап ұсынды. 1 балл. Жер сілкінісі сезілмейді. Тербелістің үдемелілігі адамдардың сезіну денгейінен төмен болады, жер қабатындағы сілкіністі тек сейсмографтар байқап тіркейді. 2 балл. Сәл ғана сезілетін жер сілкінісі. Тербелісті ғимараттың ішіндегі тыныштықта, әсіресе жоғарғы қабаттарда болатын жекелеген адамдап ғана сезеді. 3 балл . Әлсіз жер сілкінісі. Үй ішінде болған адамдардың 50% шамасында, ашық жерлердегі адамдардың кейбіреулері ғана жер сілкінісін сезеді. 4 балл. Елеулі жер сілкінісі. Ғимараттардың ішіндегі көп адамдар сезеді, ал ашық жерлерде аз ғана адамдар сезеді. Ұйықтап жатқандардың кейбіреуі оянып кетеді, бірақ оларды қорқыныш сезімі билемейді. Терезе, есік, ыдыстар сылдырлайды. Еден мен қабырғалар шықырлайды. 5 балл. Ұйқыдан оянып кету. Жер сілкінісін ғимараттың ішіндегі барлық адамдар, ашық далада көптеген адамдар сезеді. Ұйықтап жатқандар тегіс оянады. Кейбіреулері ғимараттан жүгіріп шығады, жануарлар тынышсыздана бастайды. Ілулі тұрған заттар қатты шайқалады. Кейбір қатты бекітіліп ілінген заттардың өзі құлап түседі. 6 балл . Қорқу. Жер сілкінісін барлық адамдар сезеді. Көп адамдар қорқып көшеге жүгіріп шығады. Полкалар, сөрелердегі заттар құлайды. Ыдыстар құлап, сына бастайды. Ауыр заттардың өз орнынан қозғалуы мүмкін. Әк, сылақтар түсе бастайды. 7 балл . Ғимараттардың зақымдануы. Көптеген адамдардың бойын үрей қорқыныш билеп-үй жайлардан жүгіріп шығады, кейбір адамдар үшін аяқпен тұру қиындайды. Су ылайланып, бетінде толқын пайда болады. 8 балл . Ғимараттардың қатты зақымдануы. Қорқыныш пен үрей билейді. Кейбір жерлерде ағаш бұтақтары сына бастайды. Ескерткіштер жылжып қозғалады, құлпытас белгілер, тас дуалдар, қоршаулар құлайды. 9 балл . Ғимараттардың жаппай зақымдануы. Жаппай үрей, адамдардың көпшілігі аяғымен тұра алмай, құлайды. Жануарлар азан-қазан, сергелдеңге түседі. 10 балл. Ғимараттың жаппай қирап-бүлінуі. көптеген панельді, темір бетонды және ағаштан салынған ғимараттардың жеке бөліктері қирап құлайды. Темір жол рельстері мен жер астындағы трубалар майысып, ажырап кетеді. Жер бетінде 1 м-ге дейін жарық пайда болады. 11 балл . Апат. Барлық ғимараттар, темір жол және автомобиль жолдарының көпірлері, жер асты трубалары, тас жолдар қирап, бүлінеді. Таулар қайта-қайта опырылп құлайды . 12 балл . Жер бедерінің озгеруі. Жер бетіндегі және жер астындағы барлық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz