Компьютер арқылы ағылшын тілінде сабақтар өткізу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ақпараттық технологияларды шет тілін оқытуда қолданудың маңызы

Мазмұны:

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.
Негізгі бөлім:
2.Жаңа ақпараттық-технология туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.

3. Шет тілі сабағында компьютерлік технологиясын
қолдану ... ... ... ... ... .5-10.

4. Шет тілі сабағында интернетті
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-12.

5.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .12 -13.

6.Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13.

.

Кіріспе

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз баяндамасында Біз
күдіктенбейтін жаңа білім, даму жүйесінің басты бағыттарының айқындалуы XXI
ғасырға білім ғасыры деген анықтама беруге мүмкіндік береді деген
болатын.Яғни, қазіргі кезеңде бұрынғы таптаурын болған қалыпты сабақ беру
әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып
түрлендіру-өмір талабы. Шетел  тілін  жаңаща  оқыту  соңғы  жылдары 
жоғары  қарқынға  ие болды. Ұстаздардардың сабақты  жобалаудағы  
жауапкершілігі   студенттердің  шетел  тілінде  нәтижелі  тілдік  қарым-
қатынас  жасауына  мүмкіншіліктер  туғызады.Олар  аз  уақытта  жаңа
технология  жәрдемінде үлкен  жетістіктерге  жете  алады .  Оқудың 
дәстүрлі   үрдісіне  инновациялық технологияны  ендіру, оқытушылар  мен 
студенттерге дәстүрлі  формаларды  және әдістерді жетілдіруге  мүмкіндік
береді, сонымен  қатар  жаңаларды  да, атап  айтқанда: тренингтер, дөңгелек
үстелдер, пресс-конференциялар  және  т б .  Оқытушылардың  біліктілігі 
олардың  педогогикалық  қарым- қатынаста  жағдаят  жасауда  көрінеді, онда
оқытушылар  да, студенттер  де таңдау және  бақылау мүмкіншілігіне  ие 
болады.   Инновация  дегеніміз тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен  қатар
жаңаны дәстүрлі  оқу- тәрбие  үрдісіне  қолдана  білу. Білім  беру
үрдісінде жаңа технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің
қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің
мәдениетаралық  қарым-қатынас  біліктілігін қалыптастыру  десек, онда  сол
шетел  тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың
мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ. Әрбір технология өзіндік жаңа
әдіс тәсілдермен ерекшеленеді.

2.Жаңа ақпараттық-технология туралы түсінік
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты
мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа
ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ
берудің жаңаша әдісі болып отыр.Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында
ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру
саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті:
Компьютерлік техниканы, интернет , телекоммуникациялық желі, электрондық
және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды
оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар
тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен
бірге шетел тілі ағылшын тілінде еркін сөйлеп, өз елін, халқын,
мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып
шығуы керек деген еді.
Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.
Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-
танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді
және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық
технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.Білім 
беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті
мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің
мәдениетаралық  қарым-қатынас  біліктілігін қалыптастыру  десек, онда  сол
шетел  тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін
оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.

2.1.Шет тілі сабағында компьютерлік технологиясын қолдану
Білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі-мұлахаза
(ой,пікір алысу), екінші-мұхафаза (сақтау, қорғау). Бұл екі қуатты зорайту
жаһантінде (күшті жұмсау, тырысу) болмақ керек. Бұлар зораймай, ғылым
зораймайды деген керемет ойды ұлы данышпан Абай дұрыс айтқан.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы
ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім
жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқудың дәстүрлі емес,
белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту
процессінде оқушылардың әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген
қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу
керек.Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану
арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында(3 бап)
белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім
саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып
табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін
қалыптастыру және педагогикалық практиға жаңа ақпараттық құралдарды,
сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін
дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында
дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық
пошта(e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б.
көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін
қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде
болмай-ақ , сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес.
Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа
технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын
ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер
технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі.
Мысалы, анимациялық суреттер, видеокөріністер, презентациялар,
флипчарттар(интерактивті тақта) және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы
көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының
арқасында өзгеріп отырады Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне
бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады.
Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы
мен қызығушылығы жоғарылайды.
ХХІ ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасырды деп жай атамаған.
Компьютер-адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады.Дүниежүзілік
қоғамдастықты қоғамдық өмірдің барлық саласы жаһанды ақпараттандыру
процессі дамытылуда.
Компьютерлік технология- оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін,
әдісін және тәрбие құралдарың анықтайтын технологиялық- педагогикалық
процесті ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады.
Ең алдымен компьютер оқытушыға білімгерлердің өз бетінше жұмысын
ұйымдастыруына жәрдем береді. Ол үшін мынандай жаттығулар мен әдістемелік
тәсілдерді қолдану ұсынылады.
1. Сұрақ –жауап диалогы.
Білімгерлер сұраққа құралған лексика граматикалық материалдар
негізінде сұрақтарға жауап беруі керек.
2. Тандамалы жауаптармен жүргізілетін тапсырма. Компьютерге жауап беру үшін
білімгер ұынылатын нұсқалардың бірін таңдауы қажет.
3. Еркін құрылған сөйлемдерді стильдік түзету.
4. Толықтыруды керек ететін жаттығулар.
Компьютер толықтыруды керек ететін сөйлем жиынтықтары мен
мәтіндерді ұсынады. Сөздерді аудару үшін көмекші құрал ретінде
беріледі, немесе компьютер ұсынған жауаптардың нұсқалары ішінен
қажетті сөздер мен сөз тіркестермен толықтырылады.
5. Сөздік меңгерудегі өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар.
Бұл жаттығуларды орындау кезінде төмендегі нұсқалар пайдаланылады :
- Сөздердің синонимдік пен антонимдік қатары тауып алуға комегін
туғызады.
Қазіргі кезде белгілі болып отырған компьютер арқылы оқытатын арнауы
мынадай бағдарламалар бар: А) Уордсток (сөздікпен жұмыс жасау
бағдарламасы) ; Ә) Мэтчмастер ( сәйкестіктерді іріктей алуға дағдыландыруға
арналған бағдарламалар); Б)Чойсмастер (варианттарды іріктей алуға
дағдыландыратын бағдарламалар); В)Клоузмастер (бос орынды қажетті жауаппен
толтыру дағдысын қалыптастыруға арналған бағдарлама); Г) Кроссводмастер
(кроссводтарды толтыруға уйрететін бағдарлама); Д)Юнисаб (сөз немесе сөз
тіркесін, дыбысты алмастыруға дағдырландыру бағдарламасы); Е)Юнилекс (мәтін
бойынша сөздікпен жұмыс жасау бағдарламасы); Ж)Гэпмастер (жеберілген бос
орындарды толтыруға дағдарлындару бағдарламасы); З)Пинпойт (іздену, шешу,
табу дағдырларын қалыптастыруға арналған бағдарлама); И) Спидрит
(білімгерді шапшаң оқуға дағдырландыратын бағдарлама); Қ)Тестмастер (сұрақ-
жауап формасындағы тест алуға арналған бағдарлама);

Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының
кілті екені белгілі.Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге
әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.
Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны
сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық
құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл
құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен
бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.
Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.
Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық -
электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда
ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық
құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.
Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point.
Қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілі сабақтарында мәтіндік және ақпараттық материалдар
Шет тілін оқытудағы интернет ресурстары
Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны
Оқушының шетел тілінде еркін сөйлеу мүмкіндігін арттыру үшін қатысымдық құзыреттілігі мен шетел тілінде сөйлеу біліктілігін жетілдіріп, шетел тіліндегі материалдарды компьютермен оқытудың ұтымды әдістемесін ұсыну
Электронды оқыту және қашықтықтан оқыту технологиялары
Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Бастауыш шет тілі
Компьютерлік технологияларды қолданудың артықшылықтары
Оқытудың компьютерлік технологиялары
Пәндер