Апатты жағдайдың сипаттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

реферат

Пәні - Енбекті қорғау

Тақырыбы - Апат пен жарақаттанудың пайда болу қаупі

Жоспар

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Негізігі бөлім: . . . 4

  1. Апатты жағдайлар және олардың негізгі сипаттары . . . 4
  2. Жер сілкінуіне дейін алдын ала дайын болыңыз; . . . 5
  3. Су тасқыны, сел . . . 6
  4. Апаттар . . . 7

ІІІ. Қорытынды . . . 10

ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер . . . 11

Кіріспе

Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне, халықтың өмірінің күрт бұзылуына, материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар. Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады. Мысалы; су басу, жер сілкінісі, ормандағы өрттер, көшкін т. б жатады.

Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.

Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері - орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.

Апаттық жағдайларда балалар қауіпсіздігін сақтау негізінде төтенше оқиғалардың орын алуы үнемі тұрғындар үшін күтпеген жерден басталып, адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Апат алғаш басталғанда қашанда адамдар абдырап, не болып қалғанын түсінбей, не істеу керек екенін біле алмай сасқалақтап қалады. Осындай жағдайлар болмау үшін әрине кішкентай бүлдіршіндерімізден бастап алдын-ала дайындалуымыз керек. Алдын-ала жұмыс балалардың тәжірибе алуымен қатар оны шынай өмірде қолдануға мүмкіндігі бар. Балабақшаның төтенше жағдай негізіндегі мақсаты - баланың өзін қоршаған ортаны, қауіп көзін түсінуіне жәрдемдесу және балаларға төтенше жағдайды ойын түрінде үлгілеу, талдау және бағалау, қауіпті көре білу, оның қорытындысын болжамдауға үйрету. «101» немесе «112» құтқару қызметіне шолу керектігін үйрету. Алға қойған мақсатты көздей отырып, жүргізілген талдаулар бойынша жүзеге асыру.

Өрт . . . Бұл соңғы уақытта жиі естілетін қорқынышты сөз. Ал жанудың туындауы - бұл өрт қауіпсіздігі ережелерін, электр жабдықтары мен электр құрылғылырын пайдалану негіздерін сақтамау және отты абайсыз пайдаланудың салдары.

Бала пәтерде немесе үйде жалғыз қалғанда, үлкендерге еліктеп сіріңке алып, қағаз жағып, электр қыздыру құралдарын тоққа қосып немесе алау ұйымдастыруыда мүмкін.

Әрбір ересек адамның міндеті - балалардың отпен ойнауына жол бермеу, оның қауіптілігін түсіндіру. Кейде ересек адамдардың өзі жану белгілерін көргенде, түтін иісінің шыққанына аса мән бермей, өртке қарсы қызметіне ұзақ уақыт хабарламайды. Әдетте, осындай жағдайларда өрттің өршіп, қайғылы жағдайларға әкеп соқтыратыны анық. Осындай әрекеттер болмаудың алдын-алу үшін балаларды балабақшадан бойына сіңіре білуіміз қажет.

балабақшадағы өрт қауіпсіздігі тақырыбында ересек топтарына дәріс оқып, өрт болған жағдайдағы іс-қимылдарды көрсетті. Балаларға өрт қауіпсіздігі бойынша интербелсенді тақтадан слайд және ойындар мен мультфильмдер көрсетіп балалардың қызығушылығын тудыра білді. Балалар көптеген мәліметтер біліп, өздерінің қызығатын, ойында жүрген өзекті сұрақтарына жауаптарын алып жатты.

Тәрбиешілер балаларға табиғаттың қауіпті құбылысы - өрттің қиратқыш күші екенін, оттың пайдасы мен зияны туралы білімдерін бекітіп қана қоймай, өрт сөндіруші мамандығына қажетті: батылдық, ерлік және сабырлылылқ керек екенін айтты.

Балалардың қауіпсіздігін сақтау негіздерінде балалардың бойына сіңіру, ойында сақтау және оны үнемі қайталап отыру әр ересек адамның міндеті. Сонда ғана жарқын болашағымыз өз қауіпсіздігін сақтай біледі

Апат пен жарақаттанудың пайда болу қаупі

Апатты жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Апатты жағдайдың сипаттары :

hello_html_m136a664b.jpg

Табиғи сипаттағы апатты жағдайлар - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және тағы басқалар табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары)
Техногендік сипаттағы апатты жағдайлар: өнеркәсіп, көлік авариялары, өрт (жарылыс), үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.
Құтқару әліппесі экстремальдық жағдайлар кезіндегі іс - қимылдың қысқаша нұсқауы


Жер сілкінуіне дейін алдын ала дайын болыңыз
;

- рюкзак немесе сөмкеңізді, құжаттар;

- үш күнге жететін тамақ пен су;

- жылжымалы электр фонары мен сөмке;

- алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;

- жылы киім мен аяқ киім;

Алғашқы жер сілкінісі кезінде:

Есте сақтаңыз : жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың үрейленуіне жол бермеңіз;

- Газ, су және жарықты сөндіріңіз;

- Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда сол жерде тұрыңыз, қорықпаңыз, күтіңіз; егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үй ішінде болсаңыз:
- Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;
- Екінші не одан жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;
- Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
- Лифтіні пайдаланбаңыз.

Егер көшеде болсаңыз

- Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашыұ алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;

- Ғимараттардың алдын кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз;

Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:

- Ашық алаңда қалыңыз және жер сілкінісі біткенше автокөліктің ішінде болыңыз;
Есте болсын жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:
- Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;

- Сынған терезелер қирауы;

- Үзілген электр желілері;

- Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;

- Өрт;

- Үрей кезіндегі бақылаусыз қалған адамдардың мінез - құлқы,
Егер сіз алдын - ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу саны аз болары сөзсіз.

Жер сілкінісінен кейін:

- Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз;
- Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;
- Өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа барыңыз;
- Ашық отты пайдаланбаңыз;

Өрт
- Отпен жұмыс істегенде абай болу керек;

- Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерге өртеуге;
- Автокөліктен шыққан жалынға;

- Күн күркірегендегі найзағайларға;

- Майланған материалдың үйкелісіне;

- Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі;

Өрт елді мекендердегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс. Мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. ауа райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен, ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0. 1 - ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.
Су тасқыны, сел

Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жылжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.
Су тасқыны кезінде:

- Үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;

- Пештегі жанып жатқан отты өшіру;

- Үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне не жоғары қабатқа шығару;

- Бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен не фанермен қағып тастау;
- Мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау;

Кездейсоқ су тасқынында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және басқа нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса қайық және т. б. дайындау қажет.

Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
Дауыл, құйын

Дауыл - ең көп тараған табиғат апаттарының бірі. Әсіресе, бұл жел, мұзда, теңізде, тауда өте көп қауіпті. Кез келген қатты жел қыста дауылмен, жазда шаңды, құмды дауылымен байқалады. Егер ашық жерде жел қатты тұрса, тез арада тығылу қажет.

Жазық немесе құрлық далада - жатып, тастан, қалың қамыстардан ұстап қалу қажет.
Құйын - өте қауіпті. Құйын жылдамдығы 100м /с дейін жетеді, ең тез жылдамдығы 30 - 40 км сағ. Құйынмен бірге аспанға ұшқан шыбықтар, майда тастар және т. б. нәрселердің ұшуы адамдарға қауіп тудырады. Құйынның дауылдан айырмашылығы, ол кіші болып келеді, сондықтан оған кез болмау мүмкіншіліктері бар.

Жол жүргенде, жай уақыттың өзінде адамдар теледидар мен радиодан берілген ақпараттарға құлақ түре жүргені дұрыс. Гидрометорталығы бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні, сел, су тасқыны, жер сілкіну қауіп қатері туралы тұрақты алдын ала ескертіп отырады. Ондай жағдайларда алдын алу шаралары жүргізіледі

Апаттар

Апатты жағдай аймағы бұл АЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы АЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.

Зілзала бұл АЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

Дүлей зілзала - АЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.

Апат - аймақтық және ірі ауқымды АЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

АЖ-дың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және АЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

Заңдар:

- «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР Заңы 03. 04. 2002ж. №314

- «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңы 05. 07. 1996ж. №19-1

АЖ-дың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және АЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:

- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, АЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;

- АЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.

АЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен АЖ-дың деректер банкін жасау, АЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы АЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және АЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

Апатты жағдайларды жою жұмыстарына - АЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңының 20 бабында:- «табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ оқшаулау мен оларды жою жөніндегі бірінші кезекте жасалатын іс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады» делінген.

Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Климат және оның жіктелуі
Ауа райы жəне климат
Ішімдіктің ұрпаққа әсері
Америка төңкерісі
Су шаруашылығы
Жалпы химиялық зиянды заттар
Экономикалық реформа
Тәуекелдердің түрлері және қаржы менеджментінде тәуекелдерді басқару
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары мен міндеттері
Өндірістік эстетика.Еңбекті қауіпсіз жүргізу үшін нұсқамалар түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz