Саяси және құқықтық ілімдер тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Әлихан Бөкейханов

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
1.Ә.Бөкейхановтың құқықтық көзқарастары.
2.Ә.Бөкейхановтың саяси көзқарастары.
III.Қорытынды.

Кіріспе

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы - Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ол 1866 ж. жиырма бесінші наурызда бұрынғы Семей облысының Қарқаралы уезіне қарасты Тоқырауын болысының жетінші ауылында туған. 1894 ж. Санкт-Петербургтегі Орман институтын бітіргеннен кейін, Омбыдағы орман шаруашылығы училищесіне математика пәнінен оқытушы болып орналасты. 1896 - 1903 ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. 1905 ж. Халық бостандығы (конституциялық-демократиялық) партиясының мүшелігіне, ал 1906 ж. оның Орталық комитеті құрамына енді. 1906 ж. Бөкейханов Бірінші Мемлекеттік думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланды. 1906 ж. Омбыда шығатын кадеттік Голос степи, Омиш және Иртыш газеттерінде, 1908 ж. Петербургте жарық көрген меньшевиктік Товарищ, кадеттік Речь, Слово газеттерінде редакторлық қызмет атқарды. Сол жылы Самараға жер аударылып, 1909 - 17 ж. Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1912 - 17 ж. Қазақ газетін ұйымдастырып, оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Бөкейханов зор еңбек сіңірді. 1917 ж. жиырмасыншы наурызда Уақытша үкіметтің Торғай облысы комиссары және Түркістан комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды. Оның жетекшілігімен 1917 ж. шілдеде Бірінші жалпықазақ съезі өткізіліп, Алаш партиясы құрылды. 1917 ж. бесінші - он үшінші желтоқсан күндері Орынборда жалпы қазақ съезі болып, қазақ облыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша Ұлт Кеңесін құрып, оның аты Алашорда болсын деген шешім қабылданды. Жиырма бес орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды. Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Бөкейханов бастаған Алашорда өкіметі кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ казактар мен патша генералдарының жағында болды. Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатысқандарға жариялаған кешірімнен кейін ол 1920 - 27 ж. Қазақ АКСР Егіншілік халық комиссариаты коллегиясының мүшесі, ұлттар істері жөніндегі Халық комиссариаты жанындағы Орталық баспаның (Мәскеу) ғылыми қызметкері, Ресей Ғылым академиясының ғылыми қызметкері болды. 1927 жылдың бірінші қазанынан бастап Мәскеуде, ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) орындарының бақылауында болды. 1937 ж. КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесіліп, сол жылы жиырма жетінші қыркүйекте Мәскеу қаласында қаза тапты.

Ә.Бөкейхановтың құқықтық көзқарастары
Ә.Бөкейханов мемлекет, құқық, партия, дін, т.б. мәселелер жөнінде де көп келелі ой-пікір, кеңес, ұсыныс берген оқымысты. Мысалы, Мен кадет партиясынан неге шықтым деген мақаласында оның себебін терең ашып баяндайды: біріншіден, Кадет партиясы жерді бөлу және сатуға, екіншіден, ұлттық автономияға қарсы, үшіншіден, діннің мемлекеттен бөлінуіне қарсы. Ә.Бөкейхановтың пікірі бойынша, жер сатылатын болса, бірнеше жылдан кейін қазақтар жерсіз қалады, ал, орыстар қысқа мерзімнің ішінде барлық жерді сатып алады; Ұлтқа автономия бермесе, теңсіздік болады; Мемлекет пен дінді айырмаса, дін мемлекеттің қолжаулығы болып кетеді.
Ресейдің кадет партиясы жетекшілерінің бірі бола отырып, өзінің саяси қызметінде, әлеуметтік әділеттілік, еңбекші халықтың мүдделерін қорғау идеалдарына адалдығын сақтады, отарлық езгінің жойылуы, демократиялық бостандық салтанаты үшін күресті. Ол үшін ең маңызды мақсат демократиялық бостандық қана емес, ең бастысы қазақ салтын отарлау мақсатынан азат ету болды. Әлихан Бөкейханов 1917 жылы шілдеде кадет партиясынан шықты, ұлттық- демократиялық Алаш партиясын құруға кірісті. Партия бағдарламасының негізінде 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда өткен Бүкілқазақтық съезд қарарлары алынды, Қазақ газеті Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды, оған Әлихан Бөкейханов бастаған жеті партия басшылары қол қойды.

Ә. Бөкейханов бүкіл ұлт-азаттық қозғалыстың басты міндеттерінің бірі - Ресей Федеративтик демократиялық Республикасының құрамындағы Ұлттық-территориялық автономия құрып, қазақтардың өзін-өзі басқару құқығын қамтамасыз ету, - деп санады. Ол бұл автономияны құруда жергілікті жерлердегі үлкен қиыншылықтарды бастан кешірді. Атап айтқанда, Қазан революциясы, кеңес үкіметінің орнауы, көп ұзамай азаматтық соғысының басталуы, сонымен қатар қазақ халқының кең және бір-бірінен алшақ жатқан территорияда шашыраңқы орналасуы кедергі келтірді. Отырықшы жерлерде казактар және қоныс аударған шаруалар, олардың поселкелері, село-деревнялары, станицалары және қалалары болды. Бұл жағдай көптеген территориялық-әкімшілік бөлініске алып келді. Қазақстан территориясы үш генерал губернатырлыққа бөлінген-ді (Дала, Түркістан және Орынбор), ал Бөкей Ордасы (немесе Ішкі орда) Астрахань губернаторлығына, ал Маңғысшы уезі - Каспий бойы облысына бағынды. Ұлттық - территориялық автономияны құру қажеттілігін дәлелдей келіп, Ә. Бөкейхан мұндай жер жағдайына қарап, жеке-жеке автономиялар құрылуы мүмкін, - деп ойлады. 1) Ішкі Ордада; 2) Түркістан өлкесіндегі қазақтар үшін; 3) Далалық өлкедегі қазақтар үшін. Түркістан өлкесіндегі қазақтардың Далалық өлкедегі қазақтармен бірігуі қиынға түсетіндігін өзінше, алдын-ала болжап білген жөн, - деп санады, себебі: түркістандықтар діншіл, мәдениеті артта қалған және кадрлары аз, тіпті жоқтың қасы, Түркістан өлкесінің Далалық облыстармен салыстырғанда, ұлттық мамандардың жетіспеуі автономияны басқаруда көптеген қиындықтар туғызатындығын атап көрсетті. Қазақ Түркістанмен бір автономия болса, автономия арбасына түйе мен есекті пар жеккен болады. Бұл арбаға мініп, біз қайда барамыз? - деп еді ол .
Ә. Бөкейхановтың Алаш-Орда үкіметінің басшысы ретінде мәжбүрсізден, Сібір автономияшыларынан, Самарадағы Комуч, Уфадағы Директория, біріңғай және бөлінбейтін Ресей үшін күрескен Колчактан да демеу іздеді, оның негізгі себебі: әсіресе саяси және әлеуметтік жағынан жіктеліп кеткен қазақтардың басы бірікпей, бытыраңқы болуы; соның нәтижесінде ұлт-азаттық қозғалыстың әлсіздігі; Кеңес үкіметінің күшті әскерінің қарама-қарсы тұруы болды [4,46-53 бб]. Қазақтардың ұлттық-территориялық автономиясы құрылуына большевиктер қарсы болған жоқ, бірақ олар ұлттық автономия тек Кеңес өкіметі негізінде болуы керек, - деп санады. Алаш қозғалысына қатысушы Ә. Бөкейханов өзі: Кеңес үкіметін мойындаймын, бірақ сүймеймін, - деді.
Маркс ілімін жақсы игерген Ә. Бөкейхан қазақ қоғамындағы әлеуметік жіктелуді, соның нәтижесінде жүретін таптар тартысын түсіне де, көре де білген. Мысалы, ол Қазақ газеті мен Айқап журналы арасында отырықшылыққа көшу мәселесіне байланысты жүрген пікір таласқа қарай былай деген: Баймын, мықтымын деп атқа мінген жақсылар шөп шабатын жерге, егін жайға, жаз қонысқа, қыс тебінге зорлық қылады, кемшілікте жүрген бейшара сорлы жұрт бұл жақсылардың тепкісінде қор болғанша, орыс беретін он бес десятина болса да алайық деп, мұжық болатындай сұрап отыр, - деп жазған еді. Міне сондықтан ол: Байлықты... жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзаларды қысты күні үңгірде жатып аз аяғын сорған аюға теңегені де рас. Дегенмен Ә. Бөкейханов Ақпан төңкерісінен кейін болшевиктерше таптық күресті күн тәртібіне қойған жоқ, қазақ ұлт-азаттық қозғалысы алдына бүкіл ұлтты біріктіретін жалпы демогратиялық мақсаттарға сай нақтылы міндеттерді алға тартты . Бірақ ол қазақ қоғамының, оның ұлт-азаттық қозғалысының әлсіздігін көргендіктен, оның себептерін де алдын ала болжап, біліп отырды, бұл жағдайдың бастысы деп, ол: Жұрттың берекесі кетуге түптен себеп болған нәрсе - қазақта бірліктің жоқтығы, - деп басып корсетті .

Ә.Бөкейхановтың саяси көзқарастары
Ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы демократиялық зиялыларының көсемі, Алаш партиясы шиеленіскен саяси жағдайда жетекшісі - Әлихан Бөкейхановтың саяси көзқарастары осындай орта мен шиеленіскен жағдайда қалыптасып, өзгеріп, дамып отырды. Біз Ә. Бөкейхановтың саяси көзқарастары ішінен анағұрлым ірі мәселелерге қысқаша талдау жасаумен шектелеміз, атап айтқанда: қазақ халқының өзін-өзі билеуі, яғни саяси билік туралы (қазақ халқын басқару); аграрлық мәселе туралы; шіркеудің мемлекеттен бөлінуі және т.б. Біз бұл жерде Ә. Бөкейхановтың массондық қозғалысқа мүше болуы туралы мәселені әдейі аттап өтеміз, бірақ осы мәселемен арнайы айналысқан ғалымдардың оның бұл қозғалысқа қатысқаны жөнінде біраз дәйекті мәліметтері бар екенін де жоққа шығармаймыз
Ә. Бөкейхановтың саяси көзқарастары қазақ халқының ұлттық мүдделеріне, Ресей мен оның отары - Қазақстандағы саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты, ресейлік саяси өлшемдермен қарағанда, біршама эволюцияға ұшырағанын айрықша атап өту қажет, оның өз сеніміне берік марксшіл - социал-демократтан (1905 ж. дейін) конституциялық-демократиялық партия арқылы (1905 ж. бастап 1917 ж. дейін) социал-революциялық (эсерлік) ұстанымдарға дейін жүріп өтуін айқын көреміз. Осы орайда В.И. Лениннің 24 сағат ішінде кез келген арнайы мәселе бойынша үгіт тәсілін өзгертуге болады..., ал 24 сағатта ғана емес, 24 айда болса да өз көзқарастарын... тек ешқандай да тірегі жоқ адамдар ғана өзгерте алады, - деген сөздерін еске түсіру орынды [7,189 б]. Санкт-Петербургте оқыған жылдары (1894-1898) жас Ә. Бөкейханов студенттік қозғалысқа белсенді қатысып, Казахи о русских до 1917 года кітапта жазылғандай, радикалды революционер және социалист, - болып табылды. Кадеттік Наша жизнь газеті 1906 ж. Ә. Бөкейхановтың Мемлекеттік Дума мүшелігіне өтуінен соң, ол туралы: Орман институтының студенті кезінде ол әрқашанда әсіре солшылдарға қосылатын және марксизм туралы таластардың қызған шақтарында экономикалық материализм тезистерін өте табанды түрде қорғайтын, - деп жазды. Астаналық орталарда ол марксизм теориясының тамаша білгірі ретінде танылды. Бұл жөнінде Ә. Бөкейхановтың Омбы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні
Саяси процесс
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Қоғамдағы саяси ілімдерді қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың маңызы мен ролі
Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар жайлы
Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі саяси ілімдер
Саяси ойлар
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі
Пәндер