Еңбек қауіпсіздігі мен қорғауға байланысты шаралар өткізуге қаражат бөлу
РЕФЕРАТ
Такырыбы: Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Пәні: Еңбекті қорғау
Жоспары:
1.Кіріспе__________________________ __________________________________5
I-тарау Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау _______________________________ 6
1.2 Еңбекті қорғау ___________________________________ _______________ 9
II-тарау Өндірістік жарықтандыру
2.1 Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы міндеттері __ 11
Пайданылған әдебиеттер_________________________ ___________________12
Кіріспе
Еңбек қорғау - адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп тудырмау шараларын қарастыратын жүйе. Негізгі еңбек қорғау жағдайлары конституция, заңдардың жекелеген кодекстерінде көрсетілген. Сонымен қатар бұл жүйеде арнайы қауіпсіздік және санитарлық гигиеналық көрсеткіштер ескеріледі.
Еңбек қорғау заңдылықтары барлық кәсіпорындар мен шаруашылықтарда еңбектің зиянды жағдайларын болдырмауға немесе азайтуға міндетті жүктейді. Ауыл шаруашылығында жұмыстың қауіпсіздігі мен зияндылығын болдырмауға бірінші кезекте басшылар, мамандар мен ауыл шаруашылығындағы кәсіподақ қызметтеріне байланысты.
Пестицидтерді қолданғанда еңбек қорғау жұмыстары:
Ауыл шаруашылығында пестицидтерді қолдануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін нұсқаудың барлық талаптаарына, еңбек гигиенасына, шаруашылықтың тазалығына, өрт қауіпсіздігіне, химикаттарды сақтауда, қоршаған ортаны қорғау, химикаттарды тасымалдау және оларды қолдануда қауіпсіздікті сақтау басты мәселелері болып табылады.
Өсімдіктің аурулары, зиянкестер мен арамшөптерге қарсы күресу үшін ауыл шаруашылығында химиялық күресу жолдары көп қолданылады. Химиялық шаралар кең ауқымдылығымен, жоғарғы тиімділігімен ерекшеленеді. Бірақ кейбір пестицидтер адамдарға, араларға пайдалы, ал буын аяқтыларға, жануарларға, құстар мен балықтарға улы әсер етеді. Бірқатар пестицидтердің жанғыштық, ұшқыштық қасиеттері қоршаған ортаны ластайды.
Кейбір пестицидтердің химиялық әсерлі заттары тұрақты болып, организмге қоршаған ортада жинақталғыштық қасиеті бар. Соған байланысты, пестицидтерді қолдануда, тасымалдауда, сақтауда барлық ережелерді қатаң сақтау керек. Пестицидтерді организмге қауіпті әсерінің дәрежесін 4 класқа бөледі:
1. Өте қауіпті;
2. Қауіптілігі жоғары;
3. Қауіптілігі орташа;
4. Қауіптілігі аз.
Еңбектің қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге және оны жеңілдетуге шаруашылықты кешенді механикаландыру және ауыл шаруашылық машиналар мен құрал саймандарды қолдану маңызды роль атқарады.
Шаруашылықта өсімдік қорғау шараларына байланысты жұмыстарды өсімдік-қорғау агрономиялық басшылығымен жүргізіледі. Жұмыс істеуге кәмелетке толған, медициналық тексеруден өткен адамдарға ғана жіберіледі. Жұмысшыларды жұмысқа кіріспес бұрын өсімдік қорғау мамандарының нұсқауларымен танысып, қауіпсіздік техникасы журналына қол қояды, мас күйіндегі адамдар жіберілмейді. Жұмыс орында жеке бастың гигиенасын сақтау қажет. Тамақтануға, ішуге, темекі тартуға болмайды. Химикаттармен жұмыс істеуге жұмысшыларға арнайы киімдер: комбинизон, фартук, резеңке етік, әмбебап респиратор РУ60 М ГОСТ 172697, көзілдірік, қолғап беріледі. Жұмысшыларға, сонымен қатар, дәрі-дәрімектер таза сүлгі мен сабын берілуі тиіс.
Жабық алаңда пестицидтерді қолданғанда қауіпсіздендіру талаптары:
Пестицидтерді қолданумен байланысты жұмыстарды арнайы мамандандырылған бригадалар жүргізеді. Өңделген жабық жайда белгі соғып қауіпсіздендіру белгісін қою керек. Белгіде өңдеу жүргізілген күнді белгілеу қажет. Жабық және ашық жағдайдағы көкөніс дақылдарының барлық түрлерін өңдегенде жұмысты арнайы зауытта жасаған препараттан жасайды. Өңдеу жұмысы кешке жүргізіледі. Жұмысты ерітінді арнайы орында, арнайы жабдықталған заправка жасайтын пункттарда жасалынады.
Бүріккіштің резервуарында ерітіндіні қолмен толтыруға болмайды. Пестицидтермен өңдегенде, жұмысшылар бір-бірімен 5-6 метр қашықтықта жүру керек. Өңдеу жұмысынан кейінгі күту мерзімі пестицидтердің түрлеріне, препарат шығымына, ауада рұқсат етілген концентрациясына байланысты. Препараттарды сыртқы қораптан алатын не машинаға тиейтін арнайы алаң болуы керек. Ол тұрған ел орталығынан, мал фермаларынан, су көзінен және дән, пішен, шөп қоймаларынан 200 м қашықтықта орналасуы керек .
Улы дәрілермен жұмыс істегеннен кейін, ең алдымен қолды кальциленген сода аралас сумен (0,5 кг соданы бір шелек суға ерітіп) жуып, содан кейін респираторды, әдейі киген киімдерді шешеді. Шешкен киімді тазалап, тұрақты орынға қояды. Бұндай киімдерді үйде немесе қоғамдық орындарда сақтауға болмайды. Пайдаланған киімдерді бірден суға салып жібітіп, сосын қайнатып, сода салған сабынды сумен жуады.
Агрохимикаттың қалдығын басқа тұрған препараттармен бірге арнайы орынға қойып, жабық жерде сақтайды. Бұл улы химикаттардың қорабында жазылған этикеткасы болып, онда дайындалып шыққан уақыты, препараттың аты, пайдалану мөлшері жазылады.
Кенеттен уланған адам байқалса, оған дереу бірінші жәрдем көрсету қажет, ол адамды ауасы жақсы желденіп тұрған жерге апарып, респираторын, киімін шешіп, бірінші көмек ережелері бойынша шара қолданылады. Егер де көзге ерітіндінің тамшысы тисе, сумен бірнеше рет жуу керек. Асқазанға химикат енсе, 2-3 рет 6-10 стақан жылы марганец қосылған су ішкізіп, құстыру керек. Бірінші көмектен кейін жақын жердегі дәрігерлік бөлімге шұғыл жеткізіледі
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Әрбір жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша туындаған іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде еңбекақы төлеуге және ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден және тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті. Және де қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексерудің тәртібі мен мерзімін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қызметтің тиісті салаларындағы өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды. Жұмысқа қабылданған адамдар олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі міндетті түрде тексеріле отырып, жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде өтеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және білімін тексеруден өтпеген қызметкер жұмысқа жіберілмеуі керек.
Қызметкерлердің: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс орнына, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге, өзі немесе өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға қатысуға, денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа, жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы дәйекті ақпарат алуға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар. Ал Жұмыс берушілер: профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен даярлаудан өткізуге, нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге, басшылар мен мамандардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді ұйымдастыруға, қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді және жөндеуді, қызметкерлерді профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге, қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, өз қаражаты есебінен қызметкерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізуге, авариялық жағдайдың өршуін және жарақаттайтын факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға міндетті.
Еңбекті қорғау
Қазақстан республикасының еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау
құқықтық
медициналық
экономикалық
техникалық құрамдас элементтерден тұрады.
Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады. Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz