Жаратылыстану негіздері
Реферат
Тақырыбы: Жаратылыстанудың маңызды заңдылықтары
Пәні: Жаратылыстану негіздері
Жоспары:
I.Кіріспе:
II.Негізгі бөлім:
2.1.Жаратылыстану жайлы түсінік.
2.2.Жаратылыстанудың маңызды заңдылықтары.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
I.Кіріспе
Жаратылыстануұғымы екі сөзден құралған -- жаратылыс (табиғат) және тану немесе білу. Бұл сөздің синонимі ретінде табиғаттану деген терминді келтіруге болады. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді. Дәл жаратылыстану -- бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формулалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым). Дегенмен, бұл ғылымның Табиғат туралы білімдердің ақырғы қорытындысы емес екендігі айқын, ол тек адамзатқа өзінің қазіргі даму кезеңінде белгілі болып отырған білім жетістігі ғана.
Ертеректе орыс тіліне табиғат деген сөздің синонимі ретінде өте кең тараған латын термині натура (паіига) енген еді. Осы сөздің негізінде тек қана европа елдерінде (Германияда, Швецияда, Голландияда) жаңа Nаtиrwis-sепsсһаft ұғымы пайда болып, бұл кейіннен халықаралық термин натурфилософия (табиғат философиясы) деген сөздің негізі болды.
Бүкіл Әлемдегі барлық заттардың құрылысы, пайда болуы, дамуы, құрамы немесе органикалық тіршілікті зерттеу проблемалары алғашқыда физика немесе физиология іліміне жататын. Сонау ерте замандарда Аристотель (б.з.д. 384-322) оларды физиктер немесе физиологтардеп атады, өйткені ежелгі грек сөзі физис табиғат деген ұғымға өте жақын, алғашында пайда болу, жасау дегенді білдірді. Мұндай анықтама XX ғасырда өмір сүріп отырған біз үшін біршама таңданарлық болуы мүмкін. Орта мектепте жаратылыстық ғылымдар деп әдетте физиканы, химияны, биологияны, астрономияны, географияны есептейді. Ал жоғары мектепте жаратылыстық ғылымдар саны оларды тар мамандандырылған пәндерге бөлуге байланысты көбейе түседі.
II.Негізгі бөлім
Жаратылыстану ғылымдары -- табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы; табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі. Еуропада қайта өрлеу кезеңінде (15 ғ-дың 2-жартысы) табиғатты жете зерттеуге байланысты қалыптасты. Кейін, 18 ғ-да Жаратылыстану ғылымдары бірыңғай жүйеге келтірілді. Жаратылыстану ауқымы түрлі табиғат нысандарын (ғарыштық жүйеден бастап микродүниеге дейін), дүниенің жалпы қасиеті мен құрылымын, тірі табиғатты, біздің планетамыздан тыс жатқан нысандарды, сондай-ақ, Жерді қамтиды. Жаратылыстану ғылымдары біріншіден, ғылыми дәлдігімен және жүйелілігімен, екіншіден, табиғат қорларын пайдалану құралы ретіндегі өзінің практикалық мәнімен ерекшеленеді.
Жаратылыстану салалары
Жаратылыстануға енетін ғылымдар былайша топтастырылады:
1) физика химия;
2) биология, ботаника, зоология;
3) анатомия, физиология, генетика;
4) геология, минералогия, палеонтология, метеорология, география (физикалық);
5) астрономия (астрофизика және астрохимия). Кейбір табиғат зерттеуші ғалымдар математиканы Жаратылыстану ғылымдарына жатқызбайды, бірақ, осы ғылымдардың таным құралы ретінде қарастырады. Жаратылыстану ғылымдарын зерттелу әдісіне қарай нағыз деректер мен байланыстарды зерттей отырып, ережелер мен заңдарды қорытып шығаратын сипаттаушы және дерекпен байланысты математикалық формалармен толықтырып отыратын дәл ғылымдар деп ажыратады. Табиғат туралы нақты ғылым зерттеулермен шектелсе, қолданбалы ғылым (медицина, ауыл шарушылығы, орман шаруашылығы және техника ғылымдарын жалпы алғанда) ғылыми зерттеулерді және табиғатты өзгертуге пайдаланылады.
Биология
Тірі ағзалардың дамуы мен тіршілік етуінің генетикалық ережелері бар химиялық реттілік -- ДНҚ-ның бөлігі
Бұл дисциплиналар тобына кіретін ғылым салалары тірі ағзалармен байланысты пайда болатын құбылыстарды зерттейді. Биологияның зерттеу аясына биофизиканың суб-компоненттерінен бастап экологияның күрделі жүйелеріне дейінгі бірліктер кіреді. Биология ағзалардың сипаттамаларын, классификациялануын және олардың іс-әрекеттерін, түрлердің пайда болуын және олардың бір-бірімен байланысын қарастырады.
Биологияның құрамына ерте дәуірде пайда болған ботаника, зоология және медицинамен қоса 17 ғасырда микроскоптың жасалуы нәтижесінде пайда болған микробиология енеді. Алайда 19 ғасырға дейін биология біртұтас ғылым болмады. Тек ғалымдар барлық тірі ағзалардың арасындағы ортақ қасиеттерді анықтағаннан кейін осы қасиеттерді бірітіре отырып зертеу қолға алынды.
Биология тарихындағы кейбір маңызды оқиғалара: генетиканың ашылуы; Дарвиннің түрлердің табиғи сұрыпталуы туралы теориясы; аурулардың микробтық теориясы және химия мен физиканың әдістерін жасушалар мен органикалық қосылыстар молекулаларын зерттеуде қолдану.
Заманауи биология ағзалардың түріне және зерттелу деңгейіне байланысты бірнеше қосымша дисциплинаға бөлінеді. Молекулалық биология ағзалардың химиялық құрамын зерттейді, ал цитология (жасуша биологиясы) жасушаны зерттеумен айналысады. Жоғарғы деңгейде орналасқан физиология ағзаның іш құрылысын зерттейді, ал экология түрлі ағзалардың қарым-қатынасын қарастырады.
Химия
Кофеиннің бұл құрылымдық формуласы оның құрамындағы атомдардың орналасуы туралы түсінік береді.
Химия табиғаттағы заттарды атомдық және молекулалық деңгейде зерттейтін ғылым болып табылады. Оның зерттеу аясына газдар, молекулалар, кристаллдар және металдар сияқты атомдар жиынтықтары кіреді. Ол заттың химиялық құрамын, статикалық қасиеттерін, басқа затқан айналуын және байланысты реакцияларды қарастырады. Сонымен қатар химия бөлек атомдар мен молекулалардың қасиеттері мен өзара байланыстары туралы жалпы түсінік береді.
Жаратылыстану заңдары
Жаратылыстанудың теориялық мәселелерін айқындау үшін табиғат заңдары қолданылады. Энергияның сақталу және айналу заңының, Эйнштейннің салыстырмалық теориясының, Дарвиннің эволюциялық ілімінің жасалуы, сондай-ақ, ғылымның жаңа салалары: кванттық механика, генетика, кибернетика, астрофизика, т.б. жедел дамуының нәтижесінде философия ғылымы теориялық жағынан байытыла түсті. Жаратылыстану ғылымдары қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің негізі болып табылады;
Бұл ұғымның кең тараған екі анықтамасы бар.
1. Жаратылыстану -- бұл Табиғат туралы біртұтастық ретіндегі ғылым.
2. Жаратылыстану -- бұл біртұтас бүтіндік ретінде қаралатын Табиғат туралы ғылымдардың жиынтығы.
Бір қарағанда бұл екі анықтама әр түрлі. Шынында да, олардың біріншісінде Табиғат туралы бір ғана ғылым жайында айтылады, ал екіншісінде, жаратылыстану туралы Табиғатты зерттейтін көптеген ғылымдар ретінде айтылған. Шын мәнінде бүл екі анықтаманың арасында үлкен айырмашылық жоқ, өйткені, ғылымдар жиынтығы деген ұғым жекелеген ғылымдардың қарапайым жиыны емес, керісінше, бірімен бірі өзара тығыз байланыстағы, бірін-бірі толықтырып отыратын жаратылыстық ғылымдардың бірыңғай кешенін білдіреді. Бұл бір ғылым.
Жаратылыстанудың ғылым ретіндегі арнайы жаратылыстық ғылымдардан айырмашылығы -- ол табиғат құбылыстарын бірнеше ғылымдардың позициясынан, неғұрлым жалпыға ортақ заңдылықтар мен тенденцияларды іздеп таба отырып зерттейді, Табиғатқа жоғарыдан қарап зерттеген тәрізді болады. Орта мектепте жекелеген жаратылыстық пәндерді оқығанда сіздер, мүмкін, әрбір пәннің -химия, физика немесе географияның өз ерекшеліктері бар екендігін байқаған шығарсыздар. Жаратылыстану өз ауқымына енетін ғылымдардың ерекшелігін мойындай тұра, Табиғатты біртұтас бүтін ретінде зерттеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды.
Жаратылыстануды оқып үйрену не үшін қажет? Табиғаттың нақты біртұтастығын, Табиғаттағы сан алуан заттар мен құбылыстардың жасалу негізін және одан туындайтын микроәлемдер мен макроәлемдерді: Жер мен Ғарышты, физикалық және химиялық құбылыстарды өзара, өмір тіршілігімен, санамен байланыстырып тұрған негізгі зандарды дәл ұғынып түсіну үшін керек.
Жекелеген жаратылыстық ғылымдардың зерттеу нәтижелері арқылы Табиғаттың біртұтастығын танып білу мүмкін емес. Шындығында сіз адамның жекелеген мүшелерінің қызметін жақсы білесіз делік, бірақ сіз осы мүшелердің жұмыс жасау заңдылықтарын үнемі біле бермейтін шығарсыз. Сондықтан орта мектеп дәрежесінде пәндерді -- физиканы, химия мен биологияны -- жекелеп оқып үйрену Табиғатты біртұтастық тұрғысынан танып білудің алғашқы сатысы ғана бола алады, басқаша айтқанда, оның заңдарын жалпы жаратылыстық-ғылыми тұрғыдан танудың бастамасы деген сөз. Енді біз табиғатты танудың екінші сатысына шығуымыз керек.
Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым - қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.
Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған ғылымтану атты жаңа пән пайда болды.
Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі - латынша Sсіеnііа сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы білім дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім - адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.
ҒЫЛЫМНЫҢ, ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЖӘНЕ ДІННІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе оты-рып ерекше бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бул орта ғасыр мен Жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі. Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, мәдениетіндебасымдылыққа ие болды.
Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету қүқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сүрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін. XX ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мундай көзқарас бұқара халық тұрмақ саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар, суретшілер) түсініксіз боп қала берді. XX ғасырдың басында фило-софтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бүл жолдың апатқа бас-тайтынын ашық айтты. Бұл XX ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды.
Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары - ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену - осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бундай көзқарас XX ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы - мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.
Сөз жоқ, ғылым - адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады.
Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол - тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады.
Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз ғылымға нақты анықтама бере аламыз.
Ғылым - жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бул түсініктің мазмунына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механизмдері кіреді.
ҒЫЛЫМНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ
Объективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамзатты қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.
Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану - қоғамдық емірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.
Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның қүрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан.
Мұнда заттар мен олардың қүрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі, химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және Космос туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы объектілерінен іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады
Денелер, олардың қозғалысы, олардың әр түрлі деңгейлердегі пайда болу формалары мен айналымдары физикалық ғылыми білімнің зерттеу объектілері болып табылады. Іргелі сипаты бойынша олар жаратылыстанудың негізіне жатады және басқа да білім салала-рын қамтиды.
Химиялық элементтер, олардың қасиеттері, айналымдары мен қосылыстары химиялық білім жүйесінде көрініс табады. Физикалық білім жүйесімен көбірек байланысты болғандықтан, аралық пәндердің тобы - физикалық химия, химиялык, физика т.б. пайда болды.
Биологиялық білімдер тіршілік туралы білім тобын қамтиды, олардың зерттеу объектілері клетка мен клеткадан пайда болған бар-лық ағзалар. Биологиялық білімнің негізіне зат, химиялық элементтер туралы білім жатады. Жоғарыда айтылғандай мунда да аралық пәндер, атап айтқанда, биофизика, биохимия т.б. дамиды.
Жер Күн жүйесіне енетін бір планета есебінде геологиялық білімдердің зерттеу пәні болып табылады. Олар біздің планетамыздың қурылысы мен дамуын зерттейді. Басқа ғылымдар тобымен бірлесу арқылы геохимия, геофизика, палеонтология сияқты жаңа салалар пайда болды.
Өте ертеден бері дамыған, сонымен қатар ғылымдағы жаңа бағыттардың да қатарына жататын білім жүйелелерінің бір тобы-космологиялық білімдер, олардың зерттеу пэні - Бүкіл әлем. Космоло-гия - космостық объектілердегі жағдайлар мен өзгерістерді зерттейді.
Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты - қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім бе-реді.
Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты.
Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы туралы ғылыми жүйе құрайды. Адамзат жан-жақты аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына - гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика жатады.
Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зер-ттейтін ғылыми салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары XX ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады.
Ғылым, білімнің қурылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз - арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.
Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz