Жердің жасы мен жылнамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Жердің жасы мен жылнамасы
Пәні: Жалпы және мұнай геологиясы.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Геохронологиялық және стратиграфиялық шкалалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Геологиялық кезеңдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

Кіріспе

Жердің жас шамасын радиоактивтік ыдырау немесе радиокөміртектік мерзімдеу әдісін пайдалана отырып, есептеп шығуға болады. Осы әдістердің көмегімен тау жынысының және органикалық заттардың жас шамасын есептеп шығуға және Жердің жас шамасы туралы шамалас түсінік алуға болады. Эволюциялық процестің болғандығын ертедегі тіршілік жайлы ғылым -- палеонтология көз алдымызға елестетеді. Палеонтолог ғалымдар геологиялық замандарда жер қабатындағы тасқа айналып сақталып қалған организмдердің қаңқа қалдықтарын зерттейді. Сондықтан геологиялық қабаттар Жер тарихының шежіресі болып саналады. Қазба қалдықтар мен тау жыныстары қабатының жасын айыру үшін геохронология әдісі қолданылады. Әрбір геологиялық заманның өзіне тән өсімдіктері мен жануарларының қалдықтарын анықтау үшін, қабаттардың орналасу тәртібінің нұсқасын жасайды. Жердің ертедегі қабатының жасын айыру үшін радиоактивті изотоптарды пайдаланады. Ғалымдар организмдердің пайда болу реттілігін және жер қыртысы қабаттарының жасын ажыратып, ғаламшар тарихының хронологиясын (тарихи оқиғаның уақытын белгілеу), тіршіліктің тарихи дамуын сипаттап жазады. Жер-тіршілік бар жалғыз ғана ғаламшар. Күн жүйесіндегі 8 ғаламшардың бірі. Жер - Күнге жақын тұрған үшінші ғаламшар. Атмосфера, су, оңтайлы климат және Күннен қолайлы қашықтық жағдайы Жерде тіршіліктің пайда болуына себепкер болды. Жер бұдан 4,6 миллиард жыл бұрын пайда болды. Әлем бұдан 13,7 миллиард жыл бұрынғы Үлкен Жарылыс деп аталатын аса күшті ғарыштық жарылыс нәтижесінде пайда болды. Ғаламшардың біртіндеп кеңеюі процесінде Күн, Жер және басқа ғаламшарларпайда болды. Күн пайда болған кезде орасан зор шаң - тозаң мен газдар жиналып бұлтқа айналған. Шаңдар мен газдардың осы жиынтығы сығымдала келе тас ядроға айналып, одан Жер қалыптасқан. Ядроның ортасында температураның жоғары болғаны сондай, одан химиялық заттар бөлініп шығып, үстіне көтерілген. Осылайша су, газдар және атмосфера пайда болған. Алғашқыда Жердің атмосферасы қалыңдау болған және күн жылуын көбірек сіңіріп отырған. Жер тарихы (ұзақ уақыт аралығы) -- заманға, заман -- кезеңге, кезең -- дәуірге, дәуір -- ғасырға бөлінеді.

Геохронологиялық және стратиграфиялық шкалалар

Қазіргі кезде жердің даму тарихы ғаламшарлық (планеталық) даму кезеңі және геологиялық даму кезеңі болып екіге бөлінеді.
Жердің ғаламшарлық даму кезеңі оның алғаш ғаламшар болып қалыптасуынан бастап жер қыртысының құрылуьіна дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Жердің ғарыштық дене ретінде пайда болуы туралы ғылыми түсінік Күн жүйесіне кіретін басқа ғаламшарлардың жаратылысы жөніндегі жалпы көзқарастар негізінде қалыптасқан. Жер Күнжүйесіне енетін 9 ғаламшардың бірі екенін сендер 6-сыныптан білесіңдер. Ол бұдан 4,5-4,6 млрд жыл бұрын пайда болды. Жерді кұрайтын алғашқы заттар есебінен литосфера, гидросфера және атмосфера кабаттарының (шамамен 3,7-3,8 млрд жыл бұрын) қалыптаса бастау мерзімімен бұл кезең аяқталды.
Жердің геологиялық даму кезеңі - Жер қыртысының алғаш қалыптаса бастау сәтінен қазіргі кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Осы аралықта жер кыртысында әр түрлі тау жыныстары түзіледі. Жер қыртысы ғаламшарымыздың ішкі күштері әсерінен сан рет күшті қозғалыстарға ұшырап отырған. Бұл қозғалыстар жер қыртысының өзгеруіне ықпал еткен. Екінші жағынан, тау жыныстары сыртқы күштер әсерінен ұдайы үгіліп отырған. Үгілген борпылдақ жыныстар бір орыннан екінші орынға тасымалдануы нәтижесінде шөгінді жыныстарының жаңа қабаттары қалыптасқан. Жердің ішкі қабатында өте жоғарғы температурада пайда болған лавалар жер бетінің жарықтары аркылы көтеріліп жанартаулар пайда болған. Оның сыртқа тегілген лава жыныстары біршама жерге таралған. Мұны эффузиялық тау жыныстары дейді. Магманың жер бетіне шықпай қалған бөліктері жер астында бірте-бірте пайда болған мөлшеріне қарай суынып қатайған, сөйтіп олардың есебінен магмалық интрузиялык тау жыныстары қалыптасқан. Осылайша, Жер қыртысының қүрамы біртіндеп күрделене түседі. Бүл құбылыстар мезгіл-мезгіл түрақты түрде байқалады. Материктердегі ойыстар мен теңіз табанындағы шөгінді қабаттарында әр түрлі өсімдіктер мен жәндіктердің тасқа айналған қалдықтары ұшырасады. Бұл әрбір геологиялық дәуірдің тек өздеріне ғана тән тіршілік дүниесі болғандығын дәлелдейді.
Жердің жасын және оның геологиялық даму тарихын анықтау үшін салыстырмалы және абсолюттік есептеу (геохронология) әдістерін пайдаланады.
Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтауда шөгінді тау жыныстарын кұрайтын қабаттарының ретті орналасу заңдылығына сүйенеді. Бұл заңдылық, бойынша, тау жыныстарының бұзылмаған қабаттарының жоғарғысы төменгісімен салыстырғанда жасырак болады. Бұл заңдылык дәлелдеуді қажет етпейді, егер астыңғы қабат болмаса, онда оны жауып жатқан үстіңгі қабат та түзіле алмайтыны түсінікті.
Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтау үшін ежелгі геологиялық дәуірлерде тіршілік еткен жәндіктер мен өсімдіктер дүниесінің таска айналған калдықтарын зерттеудің маңызы зор. Тіршілік дүниесі жердің даму тарихында ең карапайым түрлерден басталып, ең күрделі түрлерге дейін дамып жетілген. Сөйтіп, ғалымдар Жер бетінде өмір сүрген тіршілік дүниесінің казба қалдықтарын және жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының құрамы мен құрылысын зерттеу негізінде Жердің даму тарихын бір жүйеге келтірді. Соның нәтижесінде геохронологиялық кесте жасалды. Ол 1900 жылы Дүниежүзілік геологиялық конгресте бекітілді. Бұл кесте ғылымның дамуымен ұдайы жетілдіріліп отырылады.
Жер қыртысының даму тарихындағы эралар үзақ кезеңдерге топтастырылған. Жер тарихы бес эраға бөлінеді. Ең алғашқы тіршілік бастамасы - Жердің көне тарихына байланысты. Бұл уақыт архей (гр. ἀρχαῖος археос - көне тіршілік деген мағынада) деп аталады. Одан кейінгі уакыттар:
протерозой (гр. PIρότερος протерос - алғашқы),
палеозой (гр. PIᾰλαιός палеос - кене),
мезозой (гр. μέσος мезос - орта),
кайнозой (гр. καινός кайнос - жаңа) болып бөлінеді.
Геохронологиялық кестедегі кезеңдердің атаулары шегінді жыныстардың алғашқы табылған орындарына қарай, жергілікті жер атауларына (кембрий, девон, пермь, юра)немесе халыктардың атына (ордовик, силур), жыныстардың құрамына (тас көмір, бор) байланысты аталады. Хронологиялық кестенің жүйелерін ажырата білу үшін шартты белгілер қабылданған. Геологиялық карталарда индекстері (белгілері), оның латынша аттарының алғашқы әріптері арқылы белгіленеді (мысалы, архей - AR), кезеңдердің индекстері оның латынша атының бірінші әріптерімен белгіленеді (мысалы, пермь - Р).
Жалпылама стратиграфиялық шкала (халықаралық) - стратиграфиялық тете- лестік және иерархиялық бағыныштылық заңдылықтарына сәйкес жалпыстратиграфиялық бөлімшелердің (олардың толық көлемінде, үзіліссіз және бір-бірін жаппай) жиынтығы. Шкаланың иерархиялық бірліктеріне жержылнамалық шкала бірліктері сәйкес келеді. Стратиграфиялық бөлімшелер (бірліктер Геохронологиялық белімшелер (бірліктер)

Геологиялық кезеңдер

Геологияда жер планетасы дамуының және ондағы тіршілік эволюциясының біршама ұзақ нақтылы мерзіміне сәйкес келетін бірегей жержылнамалық (геотарихи) шкала бірлігі; геологиялық эраның құрамбөлігі болып табылады, жекелеген геологиялық жүйенің түзіліп үлгеру уақытына сәйкес келеді. Геологиялық кезең, ұзақтығы, әдетте, ондаған миллион жылдармен өлшенеді төрттік кезеңнен өзгесі), әрбір кезең екі немесе үш геологиялық дәуірге жіктеледі. Жер дамуының және ондағы тіршілік эволюциясының біршама ірі де нақтылы мерзіміне сәйкес келетін салыстырмалы жержылнамалық шкала бірлігі. Геологиялық эраның бір бөлігі болып табылады, жеке геологиялық жүйенің қалыптасу мерзіміне сәйкес келеді. Геологиялық кезең ұзақтығы әдетте ондаған миллион жылмен өлшенеді (шамамен 1-2 млн. жыл дан аспайтын төрттік кезең ғана). Жердің көнелігі 4,6 - 4,5 млрд жыл шамасында деп есептелінеді, мұның алғашқы 0,7 - 0,6 млрд жылы Жердің дербес планета ретінде қалыптасуына (Жер аккрециясына) "жұмсалған" болса керек. Жердің жеке планета ретінде қалыптасып болғаннан кейінгі өзіндік геологиялық дамуы 3,9 - 3,7 млрд жыл бұрын басталғанға ұқсайды, бұл көрсеткіш жер қыртысынан табылған ең көне тау жыныстарының "сұрғылт гнейстердің" - геологиялық көнелігіне сәйкес келеді. Олай болса, планетамыздың геологиялық жылнамасы нақ осы 3,9 - 3,7 млрд жылдан басталатын болғаны. Жердің геологиялық тарихы бір-біріне тең емес екі сатыға жіктеледі. Бұлардың алғашқы сатысы Жер дамуының жалпы ұзақтығы шамамен 3,3 - 3,1 млрд жылмен өлшенетін төрт эонын - ерте және соңғы архей, ерте және соңғы протерозой эондарын біріктіреді. Фанерозой сатысы (эоны) деп аталатын Жер дамуының екінші сатысы палеозой, мезозой және кайнозой эраларын біріктіреді, бұл сатының жалпы ұзақтығы Жер тарихының соңғы 570 млн жылын ғана қамтиды. Жер тарихының бірінші сатысы екінші сатысымен салыстырғанда мүлдем нашар сипатталған, бұл архей және протерозой акротемаларына тән түзілімдердің өте қарқынды метафорфтық өзгерістерге ұшырауымен және оларға тиесілі тау жынысы қабаттарында организмдердің қазба қалдықтарының болып жарымауымен түсіндіріледі. Алғашқы архей (AR1) және соңғы архей (AR2) эондары - Жердің геологиялық тарихындағы ең көне эондар. Бұл эондардың жалпылама ұзақтығы нақтылы анықталмаған, бірақ оның басталу уақытын 3,9 - 3,7 млрд жылмен өлшенетін "сұрғылт гнейстердің" геологиялық көнелігімен сәйкестіруге болады. Архей эондарының тамамдалу уақыты біршама дәл анықталған деуге болады, жер қыртысындағы ең ірі қатпарлық қозғалыстардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геологиялық кезеңдер
Медициналық - географияның зерттеу әдістері
Қызылорда облысы халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайының өзекті мәселелері
Мұнай және газ өндіру
Жетісу газеті
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығын экологиялық туризм мақсатында қолдану
Қожаберген жырау
Қорықтар Аймағы
Қожаберген және Қазақ тарихы
Ақсу-жабағылы мeмлeкeттік табиғи қoры туралы
Пәндер