Мемлекеттік басқару әдістерімен нысандары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қоркыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Реферат

Орындаған:Әлиакбарова Анар

Қабылдаған:Бекетова Қамар

Қызылорда, 2020ж

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

2. 1. Мемлекеттік басқару әдістерімен нысандары.

2. 2. Мемлекеттік басқару әдістерін топтастыру.

2. 3. Басқару нысандарының түсінігі мен түрлері

Қорытынды

Мемлекеттік басқару әдісі бұл басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал ету тәсілі (амалы) ; Ол басқарудың алдына қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланылады.

Мемлекеттік басқару әдісінің белгілеріне мыналар жатады:

- мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін мақсатты түрде танумен табиғи байланысты болады;

- басқару қызметі субъектісінің объектіге басқару ықпалын білдіреді:

- басқару субъектісінің өз құқық өкілеттігін іске асырудың құралы(амалы) ;

- тиісті объектіге арналған;

- алға қойылған басқару мақсатына нақты жағдайларда қол жеткізудің қолайлы тәсілі;

- белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады.

Атқарушы билік органдары азаматтар мен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыруда әкімшілік құқықтың 2 түрлі әдісін қолданады:

1/ субординация;

2/ координация;

Субординация төменгі сатыдағы қызметшілердің жоғарытұрған қызметшілерге қызмет бабында қатаң бағынуын білдіреді.

Координация орталық атқарушы органдар, олардың қызметшілері және лауазымды тұлғалардың басқару міндеттерін шешуде үйлесімділік пен келісімділік арқылы шешуі.

2. Мемлекеттік басқару әдістерін топтастыру.

Мемлекеттік басқару әдістері ықпал ету сипаты бойынша тікелей(тура) және жанама болып 2 топқажіктеледі. Тікелей әдістерге иландыру мен мәжбүрлеу жатады.

Иландыру дегеніміз - басқару субъектісінің басқарылатын объектіге мақсатты бағытталған ықпал ету процесі, соның нәтижесінде басқару субъектісінің идеялары, құндылықтары мен нұсқаулары басқару

объектісінің ішкі идеяларына, жеке нұсқауларына айналады.

Мәжбүрлеу дегеніміз - арнайы өкілетті субъектінің қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белгіленген процессуалдық нысандарда қолданатын, әкімшілік құқықтың

нормаларына негізделген психикалық, физикалық, материалдық немесе ұйымдастырушылық ықпал жасау

құралдары. Жанама әдістерге әлеуметтік психологиялық және экономикалық әдістер жатады.

3. Басқару нысандарының түсінігі мен түрлері.

Мемлекеттік басқарудың нысаны - атқарушы билік органының (лауазымды адамның) өзінің құзіреті шеңберінде жүзеге асырылған және белгілі бір салдарлар туғызатын қызметінің сыртқы көрінісі.

Мемлекеттік басқару нысандарының түрлері:

- құқықтық

- құқықтық емес;

Басқарудың құқықтық нысаны белгілі бір заңдық салдарлардың болуына әкеп соғады. Басқарудың құқықтық нысанын былайша жіктеуге болады: - құқық шығару, құқық қолдану, шарт жасасу. Нормативтік құқықтық актілерді дайындау және қабылдау атқарушы билік органдарының негізгі

жұмысы, осы актілерді қабылдау арқылы заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Нормативтік актілерді дайындау, талқылау, қабылдау және жариялау тәртібі заңмен белгіленеді. Келісім шартқа отыру басқару қызметін бірігіп жүргізуді көздейді. Келісім шартқа отыру мемлекеттік басқару органдары қызметінің көлденең деңгейдегі үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Басқару әдісі - бұл әкімшілік құқық субъектісінің кызметін ұйымдастырудың, басқару кезінде пайда болатын нақты мәселелерді шешудің, басқарудағылардың еркіне әсер етудің тәсілі.

Әкімшілік құқық субъектісінің қызметін ұйымдастыру - бұл құрамындағы бөлімшелерді қалыптастыру мен олар арасындағы функцияларды бөлу, оларды атқару билік органдарының жуйесіне енгізу, басқару процесті калыптастыру дегеніміз.

Басқару кезінде пайда болатын мәселелер министрмен, мемлекеттік комитет төрағасымен жеке немесе алқамен коллегияда, ғылыми - әдістемелік кеңесте шешілуі мумкін. Бұл шешімдер қаулы, бұйрық, нұсқау нысандарында шығарылады.

Басқару әдістер басқару кезінде шешілетін нақты тапсырмалардың әсерімен қалыптасады.

2. Қоғам мен азаматтардың саяси, әлеуметтік - экономикалық және басқа да мудделері мен қажеттіктерін жүзеге асыру үшін атқару билік органдары субординация мен координация әкімшілік - құқықтық әдістерінен пайдаланылады. Субординация дегеніміз кіші кызметкерлердің өзінен жоғары кызметкерлерге қызмет бабында бағынуы болады. Субординация әдісіне төмендегі қаситтер тән :

-басқарудағыларға олардың құқықтары мен міндеттерін тікелей белгілеумен әсер етеді ;

-бағынышты басқару органның мәселені шешу әдісін немесе біржақты оның мінез - хұлқының нақты вариантын таңдау жолымен тапсырмаларды және оларды орындау тәртібі мен мерзімдерін белгілейді ;

-заңда белгіленген тәртіппен физикалық немесе заңды тұлғалардың құқықтарын қорғайды.

Солай етіп, бұл әдістің негізін заңи ықпал етудің өктем сипаты мен мемлекет беделі құрады.

Координация әдісі орталық атқару органдардың, басшы және лауазымды адамдардың басқару мәселелерді шешукезінде бір- бірімен үйлескен әрекеттер жасалуын қамтамасыз етумен сипатталады. Координация тек бір- біріне бағынбайтын өктемқабілетті органдар, қызметтер, лауазымды адамдар арасында ғана қолданылады. Әрекеттердің үйлесуін қажет ететін қайбір мәселелердің бүтін комплексін шешу шарасыз болған жағдайда координация мұқтаждық ретінде пайда болады. Координация шарттары жоғары орган құқықтық актісімен енгізілуі мүмкін (мысал, 19 февраль 1994 жылғы “Қылмыстықпен күресу бойынша Кеңесті құру туралы” ҚР - сы Президентінің жарлығымен бұл органға орталық атқару органдар азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша бір- бірімен үйлескен әрекеттер жасалуын қамтамасыз ету міндеті жүктелген) .

Координация арқылы Әділет министрлігі физикалық және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ, міндеттерін іске асырудың мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Дегенмен, осындай өктем ұйғарымдар орган немесе лауазымды адамдардың тек есеп берушілігін ғана белгілеуден тұрмауы мүмкін. Мысал, көп министрліктер мен мекемелер өз қарауындағы орта мен жоғары оқу орындарына ие. Бірақ, жалгыз Білім және Ғылым министрлігі ғана олардағы оқу процесін ғылыми- әдістемелік қамтамасыз етуге, жалпы міндетті оқу стандарттарды орындау жөніндегі оқу орындардың әрекеттерін үйлестіруге (координациялауға) құқылы.

3. Атқару биліктің негізгі міндеті - заңдардың орындалуын қамтамасыз ету. Бұл тапсырма әр түрлі басқару нысандарда жүзеге асырылады.

Әкімшілік құқықта басқару нысаны деп әрекеттің (құжаттың) сыртқы көрінісі мен басқару нәтижелері айтылады. Басқару нысандары заңдарда белгіленеді. Құқықтық пен құқықтық емес нысандар ажыратылады:

Басқарудың құқықтық нысандарына :

  • нормативтік құқықтық актілерді дайындау мен қабылдау;
  • келісім жасау жатады.

Нормативтік құқықтық актілерді дайындау мен қабылдау -бұл атқару билік органдарының заңдармен ұйғарылған негізгі қызмет түрі. Өктем кабілеттілік сипаты әсіресе құқықтық нысандарда білдіріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибелері
Педагогикалық тәжірибе
Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру-құқықтық негіздері
Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы
Мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы
Қаржылық реттеу түсінігі
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты арнайы өкілетті органдардың іс – әрекетін құқықтық реттеу
Педагогикалық бақылаудың мәні
Мемлекет механизмінің жалпы сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz