Бастауыш мектеп оқушыларына информатиканы оқытуды ұйымдастыру әдістері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану-математика факультеті

Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы

Хасанова С. Б.

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ИНФОРМАТИКА

Оқу құралы

Қостанай, 2016

ӘОЖ 004. 4 (075. 8)

КБЖ 32. 973 я73

Х23

Авторы: Хасанова С. Б. - Информатика және КТ кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Пікір жазғандар:

Ерсултанова З. С. - техника ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың «информатика және компьютерлік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы

Исмаилов А. О. - техника ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-тің академиялық мәселелер бойынша департаментің директоры

Хасанова С. Б.

Х23 «Бастауыш мектептегі информатика» курсы: оқу құралы / С. Б. Хасанова. - Қостанай: ҚМПИ, 2016. -100 б.

ISBN 978-601-7839-30-7

Ұсынылып отырған оқу құралының бірінші тарауында бастауыш мектепте информатиканың пропедевтикалық курсын оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқу мазмұны, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканы оқытуды ұйымдастыру әдістері, ал екінші тарауында бастауыш сыныпқа арналған компьютерлік бағдарламалар қарастырылып, практикалық тапсырмалар келтірілген. Оқу құралы жалпы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімдеріне, педагог мамандар дайындайтын жоғарғы оқу орындары студенттеріне ұсынылады.

ӘОЖ 004. 4 (075. 8)

КБЖ 32. 973 я73

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды.

ISBN 978-601-7839-30-7

© ҚМПИ, 2016

© Хасанова С. Б., 2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
4
КІРІСПЕ . . .: 1.
4: ИНФОРМАТИКАНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАЛЫҚ КУРСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ . . .
5
КІРІСПЕ . . .: 1. 1.
4: Информатиканы бастауыш сыныптан бастап енгізудің алғы шарттары . . .
5
КІРІСПЕ . . .: 1. 2.
4: Бастауыш мектепте информатиканың пропедевтикалық курсын оқытудың мақсаты мен міндеттері . . .
7
КІРІСПЕ . . .: 1. 3.
4: Бастауыш мектептегі информатиканың мазмұны . . .
9
КІРІСПЕ . . .: 1. 4.
4: Бастауыш мектеп оқушыларына информатиканы оқытуды ұйымдастыру әдістері . . .
16
КІРІСПЕ . . .: 1. 5.
4: 12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту ерекшеліктері . . .
20
КІРІСПЕ . . .: 1. 6.
4: Бастауыш мектептегі информатика сабағын оқыту әдістемесі . . .
25
КІРІСПЕ . . .: 1. 7.
4: Бастауыш мектепте компьютерді қолданудың санитариялық-гигиеналық талаптары . . .
30
КІРІСПЕ . . .: 2.
4: БАСТАУЫШ МЕКТЕПКЕ АРНАЛҒАН КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАР . . .
32
КІРІСПЕ . . .: 2. 1.
4: Роботландия бағдарламасын сипаттау . . .
33
КІРІСПЕ . . .: 2. 2.
4: Drape бағдарламасымен танысу . . .
41
КІРІСПЕ . . .: 2. 3.
4: Drape ортасында «Үйдің» суретін салу . . .
55
КІРІСПЕ . . .: 2. 4
4: Drape бағдарламасында «Шыршаның, аққаланың" бейнесін салу . . .
58
КІРІСПЕ . . .: 2. 5.
4: Scratch бағдарламасы . . .
60
КІРІСПЕ . . .: 2. 6.
4: Scratch бағдарламасымен жұмыс істеудің әдістемелік нұсқаулары . . .
74
КІРІСПЕ . . .: 2. 7
4: Scratch ортасында «Шытырман» ойыны жобасы . . .
82
КІРІСПЕ . . .: 2. 8.
4: Scratch ортасында «Пианино» жобасы . . .
85
КІРІСПЕ . . .: 2. 9
4: Scratch бағдарламасында «Сиқыршы» жобасы . . .
88
КІРІСПЕ . . .: 2. 10.
4: «Арканоид» ойынын жобалау . . .
92
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 99
КІРІСПЕ . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
4: 100

КІРІСПЕ

«Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн 2015 жылға дейiн дамыту тұжырымдамасының» негiзгi мiндеттерiнiң бiрi оқушылардың ақпараттық дайындығын жетiлдiру болып табылады.

Орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың рөлi қазiргi қоғамдағы ақпараттық мәдениеттiң негiзiн құрайтын - ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен қамтамасыз етiледi.

Бiлiм берудегi ақпараттық технологияның ЮНЕСКО институтының “Бастауыш бiлiм берудегi информатика” ұсыныстарын, информатиканы оқыту тәжiрибелерiн талдау және компьютердiң дидактикалық мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып, авторлар ұжымы (Мұханбетжанова С. Т., Кабулова Г. С. және т. б. ) орта мектептің 1-4 сыныптарына арналған “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуды ұсынды.

Бұл пәннiң мазмұнын құрастыру бағытында оқушылардың ойлау қабiлетiнiң математикалық негiздерiн құрайтын ақпараттық мәдениет пәнiнiң iргелi ұғымдарын меңгерту басшылыққа алынған.

Бастауыш мектептегі курстың стратегиялық мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен ойлауға тәрбиелеу, өмірде кездесетін мәселелерді шеше білуге тәрбиелеу.

Оқытудың міндеттері:

  • баланы қоршаған ортаға толғана қарай білуге және сол ортаға бейімделе білуге үйрету;
  • мектеп курсындағы басқа пәндерді оқуға көмектесу;
  • басқа адамдармен толыққанды қатынаса білуге тәрбиелеу (компьютерлік технологияны қолдана отырып) .

1. ИНФОРМАТИКАНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАЛЫҚ КУРСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1. 1 Информатиканы бастауыш сыныптан бастап енгізудің алғы шарттары

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалык-психологиялык әдістемелік бастапкы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа акпараттық технология элементтерін енгізудің қажеттігі зерттеу жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан-жақты қарастырылды.

Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-сыныптан бастап енгізуге болады деген пікірлер ұсынылуда. Информатиқалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логиқалык ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым-қатынасқа үйрету керек. Информатиканы бастауыш мектепте оқыту әдісі отандық дидактиканың жаңа бағыты болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларын бағдарламалауға оқытуды академик А. П. Ершов белсенді түрде жүзеге асырды. 1979 жылы ол информатиканы балалар 2-сыныптан бастап оқу керектігін: « . . . бұл дағдыларды негізгі математикалық түсініктермен және ұғымдармен бір уақытта, яғни жалпы білім беру мектептерінің төменгі сыныптарында қалыптастыру қажет. Осы жағдайда ғана бағдарламалық ойлау стилі мектепте қалыптасатын ғылыми білім, дағды және ептілік жүйесіне үйлесімді ене алады. Бұдан кеш жас шамасында мұндай стильді қалыптастыруға кездейсоқ қалыптасқан әдеттер мен ұғымдар қиындық тудырып, бұл үрдісті тежеуі ықтимал» - деп айтқан болатын [9] .

Тіпті өткен ғасырдың 60-жылдарының аяғында С. Пейперт ЛОГО бағдарламасының тілін әзірлеген болатын, бұл тіл жасы кіші балаларды оқытуға арнайы жасалған бағдарламалаудың алғашқы тілі болып қалды. Осы бағдарламалық құралмен компьютерде жұмыс жасау барысында балалар орындаушы - «Тасбақаның» көмегімен экранда алуан түрлі суреттер салды. Сурет салу арқылы олар алгоритмдеу негіздерін үйреніп, «Тасбақа» көрнекі құралы тіпті. Logo (1968) тілін құрған, жасанды интелект теориясының негізін қалаушылардың бірі мектепке дейінгі балаларды да үйретуге мүмкіндік берді. Бұл эксперимент жасы кіші балалардың компьютермен табысты жұмыс жасай алу қағидалы мүмкіндіктерін көрсетті, сол кезде бұл эксперимент үлкен төңкеріспен тең болды. 1990 жылдардың басында бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнін оқыту кеңінен таралған құбылыс бола бастады. Сол уақытта «Роботландия» бағдарламалар топтамасы өте табысты әзірленген болатын. Ол MS DOS негізінде әзірленгенмен, оның жетістіктері кейін 1990 жылдары Windows нұсқасының әзірленуіне жол ашты. Бағдарламалар топтамаларының көп бөлігі ақпараттық технологиялардың негізгі түсініктерін қалыптастыру, компьютер пернетақтасын игеру, оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлау мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

1990 жылдардан бастап бастауыш мектепте информатиканы оқыту өзекті мәселеге айналды. Оны түрлі жолмен оқыту ұсынылды - біреулер информатиканы басқа пәндерге кіргізу арқылы оқыту қажет десе, екіншілері жеке пән ретінде оқтуды жөн деп санады. Бастауыш мектепте информатиканы оқытпау керек деген пікірлер де болды. Соңында бастауыш мектепте информатика курсы пропедевтикалық болу керек деген тұжырымға келді, демек, негізгі мектептегі базалық курсқа дайындық ретінде оқытылатын болды.

Қазіргі уақытта академик А. П. Ершовтың оқушысы және әріптесі Ю. А. Первин басшылық ететін ғалымдар мен әдіскерлер тобы бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнін оқыту мәселелерін шешуді белсенді түрде қолға алды. А. П. Ершов пен және Ю. А. Первин ойынша, қазіргі қоғамды ақпараттандыру мектептің әлеуметтік тапсырысы ретінде өскелең ұрпақтың шұғыл ойлай білу стилін қалыптастыруды ұсынады. Ойлауды қалыптастырумен қатар, информатиканың мектеп курсында танымдық және технологиялық аспектілерге үлкен мән беріледі. Сол себепті бастауыш сыныптарда шұғыл ойлау стиліне қажетті ұғымдар мен білімдерді қалыптастыруды бастау керек, сондай-ақ адамзат қызметінің әртүрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын дамытқан жөн.

Бастауыш сыныптарға информатиканы енгізудің мақсаты бүкіл орта мектептерде оқытуды үздіксіз етіп, жастардың жалпы компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Психологтардың айтуынша, логикалық ойлау құрылымдарының дамуы 11 жасқа дейін тиімді іске асады, оны қалыптастыруға кешіксе, баланың ойлау қабілеті соңына дейін жеткізілмей, бұдан кейінгі оқуда қиындық туындауы ықтимал. Информатиканы математика және ана тілі пәндерімен қатар оқыта бастау нәтижесінде баланың ойлау қабілеті дами түседі. Балалардың ойлау қабілетін қалыптастыруда информатиканың маңызы зор, бұны мұғалім сабақты жоспарлау және өткізу кезінде ұмытпаған жөн. Сондықтан информатиканы оқыту барысында ойлау қабілетін, сондай-ақ компьютермен жұмыс жасауды меңгеруді басты назарға алу керек.

Информатика пәнінің пропедевтиқалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәжірибе негізінде дәделденіп отыр.

Ғалымдардың, практик-мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:

  • бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
  • ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
  • бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.

1. 2. Бастауыш мектепте информатиканың пропедевтикалық курсын оқытудың мақсаты мен міндеттері

Білім берудің тиімділігін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор оқытудағы үздіксіздік пен бірізділік болып табылады. Мұндағы үздіксіздікті жалпы білім беру барысындағы бірінен-біріне жалғасып отыратын, әрбір уақыт үзігінде оқушылардың тұрақты, объективті және субъективті алға басуын қамтамасыз ететін мақсаттар жүйесі деп түсінген жөн. Бірізділік деп білім берудің әртүрлі кезеңдері мен үлгілері арасындағы үздіксіздікті атайды.

Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін өзара үйлестіре отырып, информатиканы оқытудың екі аспектісін бөліп айтуға болады, олар: технологиялық және жалпы білім беру аспектілері.

Технологиялық жағдайда информатика білім беру әлеуетін қалыптастыру құралы ретінде қаралады. Оның міндеті -оқушылардың заманауи ақпараттық технологияларды қолдану ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мектептерді компьютерлермен және бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Бұған жоғары сыныптарда оқытқан жөн.

Жалпы білім беру жағдайында информатика логикалық ойлауды дамыту, талдай білу, негізгісі мен қатыстысын айыра білу, әрекет жоспарын сипаттай алу және логикалық қорытынды шығару құралы ретінде қаралады. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мектепте компьютердің болуы міндетті емес, сондықтан мұндай оқыту курсын кез келген мектепте, кез келген шалғай жатқан қалашықта, кез келген ауылда өткізуге болады.

Дамыған логикалық және жүйелі ойлай білумен қатар, тапқыр әрі нәтижелі ойлай білуді талап ететін саналы шығармашылық қызмет ретінде, компьютерде жұмыс жасау туралы қазіргі заман көзқарасы бастауыш сыныпта информатиканы логикалық ойлау қабілетін және шығармашылық қиялды бір мезгілде дамытуға бағытталған.

Сондықтан бастауыш мектепте информатиканың про- педевтикалық курсын оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін былай тұжырымдауға болады:

  • компьютерлік сауттылықтың бастамаларын қалыптастыру;
  • логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
  • алгоритмдік дағдыларын және есептерді жүйелі бірізді шешу әдеттерін дамыту;
  • қарапайым компьютерлік дағдыларын (компьютермен, ақпараттық технологиялардың қарапайым ұғымдарымен танысу) қалыптастыру.

Информатиканы үйренуді бастаған кезде алгоритмдеу негіздерін жоғары сыныптарда бердік. Бүгінде тәжірибе көрсеткендей, бұл мөселені бастауыш сыныптардан бастаған жөн. Бастауыш сынып оқушысының алгоритмдік ойлау стилі өз жасына сай информатиканы үйренуге өте қолайлы. Олардың психологиялық өзгерістері, іске іштей жоспар құра білуі қалыптасып, оқытуға жақсы жағдай туғызады.

Пропедевтикалық курста жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттерді бүтіндей іске асырылса, онда осы курсты меңгерген төменгі сынып оқушылары келесі дағдылар мен ептіліктерге ие болады: салыстыра білу, сараптау, жалпылау, абстракциялау, құрылымдық, иерархиялық және себеп-салдарлық байланыстарды көру.

Басқа тұрғыдан қарағанда, бұл ептіліктер «логикалық ойлау» тобына жатады. Психологтар логикалық ойлау қабілетінің дамуында белгілі бір жас ерекшелік шегі бар екендігін айтады, олар бастауыш мектептегі оқу мерзімімен шамалас. Логикалық ойлаудың дамуы кешіксе, ол өмір бойына созылуы мүмкін.

Білім берудің жалпы мақсаты мемлекетпен алдын ала беріліп тұрады, ол үкім шығарушы база негізінде өзінің жалпы педагогикалық принциптерін қалыптастырады. Бірінші орында тұрған принцип: білім берудің ізгіліктілігі, жалпы адами құндылықтардың маңыздысы, адамның өмірі мен денсаулығы, тұлғаның дамуы, азаматтылық пен Отанға деген махаббатын тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасындағы білім беру салалары мынадай: мәдениетті, жеке дами алатын, қоғам алдындағы міндетін білетін, құқығын, өзге адамдардың бостандығын қадірлейтін тұлғаны қалыптастыру мақсатын қояды. Осы қағидалар аясында жалпы білім беру мектебінің басты міндеттері туындайды:

  • қоғамдық және өндірістік қажеттілік пен анықталатын оқушылардың білім жүйесін меңгеруді қамтамасыз ету;
  • политикалық және құқықтық мәдениеттің, адамгершілік құндылықты және мақсатты, шығармашылық ойлауды, білімді өздігінен толықтыруды қалыптастыру;
  • халықты ұлттық-мәдени қажеттілікпен қанағаттандыру, физикалық және өнегелі ұрпақты тәрбиелеу;
  • жастарда азаматтық ұстамды, азаматтық абыройды, демократиялық басқаруға қатысуға талаптануды, өз қылықтарына жауапты болуды тәрбиелеу.

Жоғарыда аталған информатиканы оқытудың негізгі мақсаттары бір-бірінен бөлек бір нәтижеге жете алмайды. Информатика аймағында оқушылардың жалпы білім беру негіздерін меңгермей, тәжрибелік нәтижені алуға мүмкін емес және керісінше, тәжірибелік нәтижені меңгергенде міндетті түрде білім беру негіздерін білу керек. Осылайша информатиканы оқытудың әрбір мақсаты берік байланыста болып келеді.

Жалпы орта білім беру мектебінде информатиканы оқыту курсының негізгі мақсаттарын ескере отырып, бастауыш сыныпта информатика пәні бойынша мақсат пен міндеттерін нақтылайық. Информатиканы бастауыш сыныпта оқыту курсының негізгі мақсаттарын мына түрде тұжырымдауға болады:

  • оқушының санасында әлемнің бірыңғай ақпараттық сипатын қалыптастыру;
  • компьютерлік сезгіштікті қалыптастыру: іс-әрекет үшін арналған ЭЕТ құрал ретінде қолданудың мүмкіндігін және шектеуліктерін білу;
  • оның ішінде операциялық өрнегін қалыптастыру: тапсырманы қалыптастыра білу;
  • оның ішінде логикалық бөліктерді айра білу; осы бөліктердің байланысын анықтау; нәтижені жобалау;
  • компьютер қамтамасыз ететін жаңа технологияларды қолданып, белсенді шығармашылықтың зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
  • компьютерлік сауаттылықтың бастамаларын қалыптастыру;
  • логикалық ойлауды дамыту; тіпті шешу кезінде алгоритмдік дағдыларды және жүйелік әдістемені дамыту;
  • қарапайым компьютерлік дағдыларды (компьютермен, ақпараттық технология аймағындағы қарапайым ұғымдармен танысу) қалыптастыру.

Информатиканы бастауыш сыныпта оқыту курсының міндеттерін келесі түрде тұжырымдауға болады: оқушыларды ақпараттың негізгі қасиеттерімен таныстыру, қойылған есепті шығару кезінде ақпаратты ұйымдастыруды және іс-әрекетті жобалауды үйрету, компьютер туралы, қазіргі ақпараттық қоғам туралы алғашқы түсінік беру.

1. 3. Бастауыш мектептегі информатиканың мазмұны

«Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн 2015 жылға дейiн дамыту тұжырымдамасының» негiзгi мiндеттерiнiң бiрi оқушылардың ақпараттық дайындығын жетiлдiру болып табылады.

Орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың рөлi қазiргi қоғамдағы ақпараттық мәдениеттiң негiзiн құрайтын - ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен қамтамасыз етiледi.

Бiлiм берудегi ақпараттық технологияның ЮНЕСКО институтының “Бастауыш бiлiм берудегi информатика” ұсыныстарын, информатиканы оқыту тәжiрибелерiн талдау және компьютердiң дидактикалық мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып, авторлар ұжымы (Мұханбетжанова С. Т., Кабулова Г. С. және т. б. ) орта мектептің 1-4 сыныптарына арналған “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуды ұсынды.

Бұл пәннiң мазмұнын құрастыру бағытында оқушылардың ойлау қабiлетiнiң математикалық негiздерiн құрайтын ақпараттық мәдениет пәнiнiң iргелi ұғымдарын меңгерту басшылыққа алынған.

Психолог ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша адамның жинақтаған бiлiмiнен гөрi, оның ойлау қабiлетiнiң дамуы, талдау жасай бiлу қабiлетi, алынған ақпараттарды жалпылау және шешiмдер қабылдай бiлу сияқты қасиеттермен қарулануы қажет.

Пәнді оқытудың негiзгi мақсаты - жаңа буынды ерте жастан бастап жүйелi ойлау қабiлетiн қалыптастыру.

Аталған мақсаттан келесi мiндеттер шығады:

  • оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту;
  • оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту;
  • оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi мен шығармашылыққа бейiмдiлiгiн дамыту;
  • оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн,
  • өзiн-өзi дамытуға және қызмет субъектiсi ретiнде қалыптастыру.

Жоғарыдағы аталған мақсаттар мен мiндеттерден “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытудың мақсаттары айқындалып, нақтыланады.

Бастауыш бiлiм берудегi “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пропедевтикалық курс болып табылады және онда берiлген iргелi ұғымдар жұмыс дәптерiндегi қызықты деңгейлiк тапсырмалармен, сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен, сергiту сәттерiмен сипатталады.

Ақпараттық мәдениеттiң базалық ұғымдары туралы алғашқы мағлұмат бiздi қоршаған орта - зат, тiрi және өлi табиғаттағы нысандар, ақпарат және оның түрлерi, оларды алу және беру тәсiлдерi сияқты бiлiмдермен оқушыларды қаруландырады.

Бағдарлама мазмұны оқушыларғы келесі тақырыптармен танысуға мүмкiндiк бередi:

  • ақпарат және оның түрлерi туралы түсiнiктермен;
  • ақпараттық процестiң негiзгi заңдылықтарымен;
  • әрекеттi жоспарлау және оны сипаттау, нысан белгiлерiнiң ерекшелiктерiмен;
  • нысанды топтаумен және оны бөлумен;
  • логикалық модельдермен және тұжырымдармен;
  • орындаушы ретiнде компьютерде жұмыс iстеу дағдыларын меңгерумен;
  • графикалық және мәтiндiк редакторларды жұмыс iстеумен
  • алгоритмдеумен және оның атқарушыларымен.

Сонымен, пәннiң мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда өмiр сүре бiлуге жан-жақты дайындап, олардың өзiндiк танымдық iс-әрекеттерi дағдыларын және үйренушiнiң iзденiстiк-танымдық мүмкiндiктерiн қалыптастыруға жағдай жасайды.

«Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнiн оқыту оқушыларды бiртұтас ақпараттық-бiлiмдiк ортаға бейiмделу негiзiне дайындайды.

Әрбiр курс тақырыптарға бөлiнген және олар таңдалынған курстың талаптарын қанағаттандырады. Курстың барлық тақырыптары жыл сайын компьютер сыныбындағы тәртiптi сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн қайталаудан басталады. Сонымен бiрге курстың әрбiр тақырыбы дамытушылық, дүниетанымдық және технологиялық салалар бойынша бiлiмдердi тереңдетiп отырады. “Ақпарат”, “Ақпараттық үрдістер ” сияқты ұғымдарды меңгертуде қоршаған әлем туралы бiлiм мен дерексіз ойлай бiлу қабiлетi мен логикалық тұжырымдар жасай бiлу қасиеттерi талап етiледi.

Курс соңында оқушы оқу бағдарламасында көрсетiлген әрбiр тақырып жөнiнде бiлiм мен бiлiктiлiк жинағын алады. Жекелеген тақырыптар бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар, компьютердегi практикалық жұмыстар қарастырылған. Барлық бұл кезеңдер бағдарлама құрылымында көрсетiлген.

Кейбiр тақырыптарды меңгеруде басқа пәннен алған бiлiмдерi қажет болады. Бұл пәннiң пәнаралық сабақтастығын және оқу үдерісінде жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану негiзiнде пәндер сабақтастығы қамтамасыз етiледi.

Пәндi 1-4 сыныптарда оқыту аптасына 1 сағаттан барлығы 136 сағатты қамтиды.

Оқу бағдарламасын құрастыру барысында әрбiр сынып оқушыларының жас ерекшелiгi мен жалпы бiлiмдердi қабылдау деңгейi ескерiлген.

«Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәні бойынша 1-4 сыныптарға арналған тақырыптық күнтізбелік жоспар оқу бағдарламасы негізінде жасалады.

Әрбір сыныпқа арналған тақырыптық күнтізбелік жоспарға қарап, сабақ жоспары құрылады. Сондықтан болашақ маман, студенттер белгілі бір тақырыпқа арналған сабақ жоспарын жасағанда, қанша сағат бөлінетінін ескеру керек.

1-сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған

күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту
Технологияның мәндік сипаты
Информатика пәнін бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаты
Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесінде алатын орны мен ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz