Жедел шұғыл медициналық көмек



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Мамандық: Жалпы медицина

Пән: Жедел шұғыл медициналық көмек

Кафедра: Жедел шұғыл медициналық көмек, нейрохирургия және анестезиология,
реанимотология

Тақырыбы: Жедел жәрдемнің мамандырылған және линиялық бригадаларындағы
жұмыс

Орындалу түрі: реферат

Орындаған: Бибиталиева З.А.

Топ: 506А

Ақтөбе, 2019 жыл

ЖОСПАРЫ:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) жедел-жәрдем шақырту тәртібі

б) диспетчердің шақыртуды қабылау тәртібі

в)линиялық бригадалар жұмысы

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер

І. Өзектілігі:
Біздің күнделікті өмірімізде жедел медициналық жәрдем қажет болатын
жағдайлар болып тұрады. Жағдайының күрт нашарлап жедел медициналық
жәрдемнің көрсетілуін қажетсінген адамға не істеу керек, қандай
жағдайларда көшпелі бригадалар көмек көрсету үшін жіберіледі және
бригаданың науқастың мекенжайына келуінің белгіленген уақыты қандай деген
сұрақтар туындаса, барлық осы сұрақтарыңызға жауапты осы өзіндік жұмыстан
табасыз. Жедел медициналық жәрдем ұйымы ересектерге, балаларға өмірге
қауіп төнген жағдайларда, жол-көлік оқиғаларында жедел медициналық жәрдем,
сондай-ақ автомагистралдарда зардап шеккендерге медициналық көмекті тәулік
бойы көрсететін медициналық ұйым болып табылады.
Жедел жәрдем бөлімшесіне жүгіну үшін сізге 103 телефонына хабарласып,
диспетчермен байланысу қажет. Диспетчер сіз туралы келесі деректерді
тіркеуі тиіс:
1. Пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (ол болса), жасы және жынысы.
2. Бақытсыз жағдай немесе ауру жағдайлары және пациент жағдайы бойынша
қысқа деректер.
3. Пациенттің орналасу орнына өту бойынша бағдарлы деректер, мекенжайы және
телефоны, подъезд есігінің коды.
Келіп түскен қоңырау ауру сипаты, саласы бойынша өңделеді және жедел
медициналық көмектің көшпелі бригадасына береді.
Жедел медициналық көмекті пациентке көрсету үшін мыналар негіз болып
табылады: 
• уақытылы медициналық көмексіз өмірге тікелей қауіп төну жағдайдың
нашарлауына немесе өлім жағдайына әкелуі мүмкін;
• жағдай өмір үшін қауіпті емес, алайда қоршағандар үшін тікелей қауіп
төндіреді.
Көшпелі бригадалар келесі жағдайларда жіберіледі:
• жедел медициналық жәрдемді көрсету үшін және пациентті бақытсыз
жағдайларда, жарақатта және улануда тасымалдау үшін;
• пациенттің (босанушы, зардап шегушінің) және оның қоршаған ортаның
денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін ауруларда, соның ішінде
психикалық;
• жүктілік ағынының асқынуларында және босануда;
• пациент жағдайын алдын ала бағалап, жедел медициналық жәрдемді талап
ететін пациенттің госпитализацияға тасымалдау үшін (жаңа босанған әйел,
зардап шегуші), соның ішінде бірінші медициналық-санитарлық көмек ұйымының
мамандарын шақыру бойынша (бұдан әрі – БМСК);
• бір стационардан басқасына пациентті тасымалдау қажеттілігінде.
Жедел медициналық жəрдем шақыртудың тəртібі

1. ЖМЖ бригадалары 03 кейбір аймақтарда 103 телефоны немесе өзбетінше,
101, 102, 051 шақыртылуы мүмкін.

2. ЖМЖ бригадалары ЖМК көрсету үшін келесі жағдайлардажіберіледі:

-төтенше жағдайларда;

-өмірге қауіп төндіретін кенеттен болған ауруларда;

3. Келесі жағдайларда көмек көрсетіп, арнайы медициналық мекемелерге
тасымалдайды:

-босанғанда жəне жүктілік ағымының асқынуында ;

-1жасқа дейінгі балаларға;

-жіті жəне денсаулығының күрт нашарлап кетуіне байланысты əртүрлі
созылмалы аурулардың асқынуында;

- емдеу дəрігерінің шақыртуымен денсаулығына қарай зембілмен,
санитарлы автокөлікпен тасымалдауды қажет ететін жол жөнекей медициналық
көмекке мұқтаж науқастарға.

Келесі жағдайларда шақыртуды қабылдамайды жəне бармайды:

-емхана мен отбасылық дəрігерлік амбулаториялардың жұмыс уақыты кезінде
жедел медициналық көмекке мұқтаж емес науқастардың үйіне;

-өлім актісін құрастырып жəне оны куəлендіруге;

-емдеу дəрігердің жоспарлы тағайындаған емін жүргізіп, орындауға;

-медициналық мекемелерге кеңестік тұрғыда көмек көрсетуге;

-ауруханадан науқастарды үйге тасымалдауға;

Шақырту ЖМЖ бригадаларының қызмет көрсету аясына жата ма?, деген
сұрақты бекеттің аға дəрігері шешеді, сонымен қатар шақыртуды қабылдамаған
кезде өз аты-жөнің атап, осындай жағдайда қайта қаралуы жөнінде кеңес
беруі керек.

-ЖМЖ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стационардағы пациенттің медициналық анықтамасы
Зардап шеккендерді жедел көмек көлігімен тасымалдау
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру
Бейбітшілік және соғыс уақыты кезіндегі төтенше жағдайларда тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру
Жедел және шұғыл медициналық жәрдем пәнінен дәріс комплекстері
Бейбіт және соғыс уақыты кезіндегі ТЖ тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптері
Төтенше жағдайларда тұрғындарды емдік-эвакуациялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Пәндер