Ізденістің әдіснамалық негізі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 116 бет
Таңдаулыға:   

Н. С. Дүкенбай

Г. Н. Дүкенбай

ПЕДАГОГ - МУЗЫКАНТТЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Н. Дүкенбай

Г. Дүкенбай

ПЕДАГОГ - МУЗЫКАНТТЫҢ

ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ

05В010600 «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша студенттер мен оқытушыларға арналған оқу құралы

Білім мен ғылым саласында, мәдени мұра шеңберінде,

Қазақстан Республикасы экономика дамуына,

кәсіби мамандар дайындау және Кереку-Баян өңірінің

мәдениет саласына еңбегі зор С. Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекттік университетінің 50-жылдық

мерейтойына арналады

Павлодар

Кереку

2010

ӘОЖ 371. 13 (075. 8)

ҚБЖ 74. 204 Я73

Д 87

С. Торайғыров атындағы ПМУ Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі басуға ұсынды

Пікірсарапшылар:

Кокумбаева Б. Д - философия ғылымдарының докторы, өнертану ғылымдарының кандидаты, ПМПИ профессоры.

Жұматаева Е. Ө. - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ПМУ.

Н. Дүкенбай, Г. Дүкенбай

Д 87 Педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті: 0В010600 «Музыкалық білім беру» мамандағы бойынша студенттер мен оқытушыларға арналған оқу құралы /

Н. Дүкенбай, ф. ғ. к., Г. Дүкенбай. - Павлодар: Кереку, 2010. - 122 б.

ISBN 9965-573-94-8

Оқу құралы болашақ педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениетінің қалыптасуына арналады. Оқу құралында музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамалық негізі, музыкалық - педагогикалық ізденістің әдіснамалық сипатының негізі қаралады, музыкалық білім беру педагогикасының басқа ғылымдармен байланысы, музыкалық - педагогикалық мәселелерін талдау технологиясы мен принциптері берілген. Қосымшада музыкант - педагогтің әдіснамалық мәдениет мәселесі, педагогика әдіснамасы және музыкалық білім беру практикасына арналған атақты ғалымдардың еңбектері, пікірлері берілген.

Оқу құралы Мемлекеттік стандартқа сәйкес 0В010600 (бакалавриат) «Музыкалық білім беру» мамандығы және 6N0106 (магистратура) бойынша жазылған. Оқу құралын оқытушыларға, магистранттарға, аспиранттарға, жоғары және орта арнайы кәсіби оқу мекемелерінің студенттеріне, жалпы білім беру мекемелерінің мамандарына және де балаларға, жастарға музыкалық білім беру, музыкалық тербие беру процесімен байланысты мамандарға ұсынамыз.

ISBN 9965-573-94-8

ӘОЖ 371. 13 (075. 8)

ҚБЖ 74. 204 Я73

© Н. Дүкенбай, Г. Дүкенбай, 2010

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010

Кіріспе

Кейінгі уақытта Қазақстан Республикасында әдіснамаға қатысты ғалымдардың көзқарасы мүлде өзгерді, мәселең қарапайым абстракциядан күрделі кең мағынадағы жүйеге қарай және жай ғана фолософтардың қызығушылығы ғана емес тәжирибеде де көзқарас қалыптасты.

Жалпы «педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті» болашақ музыка мұғаліміне бағытталған. Бұл студенттік ізденіс жұмысынан бастап, дәлелдеу және көрсету болып табылады, кәсібилік бағытының әдіснамалық мәдениеті қалыптасуда және де бұл бағыт қызықты да, керекті де және ақиқат.

Біріншіден, әдіснамалық бағыт қалай да болсын педагог - музыканттың өз әрекетінен байқалады. Әр оқушының мінез - құлқын, оның қабілетін, икемділігі мен дағдысын, қызығушылығын музыка мұғалімі қайдан біледі дейміз? Мұны олар өмірлік, кәсібилік тәжірибесінен алады деуге болады.

Екіншіден, оқу құралы қарапайым пікір, кішкене баяндама, басқадай студенттік ғылыми жұмыстарды жазу (курстық, дипломдық) барысында қалыптасады және жай ғана жазып қоймай, мысал арқылы дәлелдеп, қалай жазу керек екенін көрсетеді.

Үшіншіден, оқу пәні оқу құралында берілген қосымшаға назар аударуға, студенттің өзін-өзі тануына, семинарлық сабақтарға дайындалуға көп көмек береді.

Және де болашақ музыка мұғалімі музыкалық білім беру педагогикасының басқадай ғылыммен, фолософиямен байланыста болғанын меңгеріп, қадағалайды және ЖОО білім алу процесіндегі қорытынды нәтиже барысындағы шығарушы мамандандыру (дипломыдық) жұмысын жазуына бағытталады.

Педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті - ойлау, түрлі көзқарастарды салыстыру, өзінің позициясын ғылыми тұрғыда дәлелдеу қабілеттерінің көрінісі болып табылады.

Ең негізі, ол әдіснамалық мәдениетінің музыкалық білім беру педагогикасының тәжірибелік мәнін ашу, білім мен икемділігін қабылдауы мен қалыптасуы.

1 Тарау

Музыкалық білім беру педагогикалық әдіснамаисына кіріспе

1. 1 Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті

«Музыканы оқыту процесінде сіздер ғылыми - ізденіс әрекетімен шұғылданасыздар ма?» - деген сұраққа музыка мұғалімі жауап бере алмайды. «Біз оқытамыз, тәрбиелейміз, ал ізденіс жұмысымен ғалымдар шұғылдансын» - дейді.

Әрине, педагог - музыканттың негізгі жұмысы - оқыту. Бірақ тәжірибелі музыкант өз жұмыс - әрекетін, оқушылардың іс-әрекетін, өз нәтижесін қалай талдамайды? Тәжірибелі педагогтан сұрасақ - қандай нәтиже, қандай мүмкіншілік, неге үйрету, неге тәрбиелеу, қандай қызығушылығы, балалардың түрлі әрекеттегі көрінісі, олардың музыкалық дамуына, икемділік пен дағдыларының қалыптасуына қай жерде, әлі де неге көңіл бөлу керек? - деген сұрақ туады.

Әрбір педагог - музыканттың өз жұмысында кәсіби жетілдіру деңгейінде неге үйрену керек: өздік жұмысының ізденуін, кәсіби әрекетінің талдауын, оқыту әдісінің нәтижелілігін, музыкалық білім беру мазмұнының нәтижесін қадағалау және өз ізденісінде принциптер мен бағыттылығын қалыптастыруы керек. Осындай іс-әрекет мазмұны әдіснамалық сипаты деп аталады.

Сонда да музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамалығы деген не?

Оны ғылым ретінде қарастырайық:

  • музыкалық - педагогикалық іс-әрекетіндегі ғылыми - ізденісін құрастыру принциптерін, формаларын және тәсілдерінбілу;
  • білім алу жолын және тиімділігін ғылыми тұрғыда қарастыру, іс-әрекет жүйесін құрастыру;
  • музыкалық - педагогикалық ізденісінің әдіснамалық сипатының маңыздылығын меңгеру;
  • музыкалық - педагогикалық мәселені және теориялық маңызындағы ой-түйінін әдіснамалық талдау арқылышешу;
  • рецензия, баяндама жазуды ғылыми тұрғыдаүйрену;
  • музыкалық - педагогикалық саласында тәжірибе - эксперимент жасауын меңгеру, жоспарлауынүйрену;
  • музыкалық - педагогикалық ізденіс нәтижесінің алғашқы қадамыныңтұрақталуы;
  • дипломдық жұмысын жазу барысында алған әдіснамалық дағдылары мен икемділігі арқылыорындау.

Болашақ педагог-музыканттың әдіснамалық мәдениетінің мазмұны:

  • музыкалық білім беру әдіснамасына қызығушылықпен қарау, оны тәжірибелік әрекетінде және мұғалімдік тұлға ретінде құндылығын түсіну;
  • әдіснамалық білімінің кәсіби деңгейде қалыптасуы;
  • ізденіс жұмысындағы әдіс - тәсілдерін меңгеру барысында тәжірибеде қолдана білуі және қолданған әдебиетті әдіснамалық тұрғыда талдай білуі.

1. 2 Музыкалық-педагогикалық әрекет ізденістерінің түрлері

Педагогикадағы ізденіс жұмысы - бұл ғылыми әрекетінің нәтижесі мен процесі, қоғамдағы құндылық ретіндегі жаңа білімнің заңдылықтары, құрылысы, оқу-тәрбие механизмі, педагогика тарихы мен теориясы, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдісі, оның мазмұны, принципі, ұйымдастыру формасы және әдістемесі.

Сондықтан қандай ізденіс жұмыстарының түрлері болады? Алғашқы қадам - ол студенттің осы саласындағы бейімделуі.

Талдау негізінің қайнар көзі

Мақсаты: әдебиет қайнар көздері әдісімен танысу және педагогикалық практикадан жинақтау фактілерінің әдісі:

1. Ізденіс жұмысын тиімді , өнімді және мамандандыру мақсатында жұмыс жасау, басылымдағы ізденіс жұмыстарын зерттеуін үйрену. Бұл жұмыстың аты «зерттеу - сұрақты талдау қалпы». Сондықтан ізденушінің кітапханаларда, орталықтарда сақталатын ақпараттарға бет бұруы қажет. Онда ғылыми білімінің жетістіктері жазылған, адамзаттың осы бағыттағы жолы көрсетілген.

Ізденушінің ақпараттарды дұрыс қолдануы және қайнар көздерді дұрыс таңдауы - бұл ізденушінің кәсіби мамандандануы.

Кітап - ондағы бірізділік бойынша авторлардың ғылыми негізде көрсеткен жұмыстары бар, «бір қолдан» жазылған монография болып саналады. Басылым көлемі - кемінде 100 бет.

Монографияда ғылыми-зерттеу нәтижесі өте анық және толық мазмұндалады. Монография авторлары көбінесе үлкен ғалымдар болып келеді, себебі олардың ғылыми тәжірибесі мол. Монография тақырыбының негізінде көптеген атаулы әдебиеттердің тізімімен толықтырылады. Әдебиеттер тізімі бір жағынан авторға өз ойының дұрыстығына көзін жеткізуге көмектессе, ал екінші жағынан бұл тізімдер автор көзқарасының әрі қарай дамуына үлкен жол ашады.

Мақалалар - бұл арнайы шағын көлемді басылымдар (10-20 басылым парағы), мұнда әр автордың нақты бір сұрақтарды талқылау барысындағы көзқарастары және шектелген зерттеу жұмыстарының нәтижелері мазмұндалады. Мақалалар педагогика мен психологияға арналған ғылыми журналдарда басылады, жарыққа шығады.

Журнал бетіне жарияланатын мақалалар - бұл ғылымның қозғалысын, көкейтесті мәселелерін қадағалайтын ақпарат жүйесі, сондықтан күнделікті зерттеу, оқу үрдісінде ақпарат арқылы ғылымның қазіргі кездегі жағдайының қандай дәрежеде екенін білуге мүмкіндік береді.

Студент зерттеушілерге арналған ақпарат қайнар көзінің бірі - әртүрлі ғылыми жинақтар болып келеді. Ғылыми жинақтар көбінесе ғылыми журналдарға ұқсас, бірақ олар ғылыми журналдар сияқты басылымға жиі шықпайды.

Басқадай ақпарат қайнар көзі, диссертация, қолжазба, есептер сияқты сақтаулы болады.

Диссертация - ол да монография сияқты ғылыми жұмыс, бірақ қолжазба ретінде баспадан шықпаған. Кандидаттық диссертацияны қорғаған соң, ғылым кандидаты атағы беріледі. Дәл солай докторлық диссертацияны қорғайды. Әрбір диссертацияға автореферат жазылады, онда қысқаша мазмұны келтіріп, баспадан басылып шығарылады.

2. Әдебиет көздерін зерттеп ізденуші көп ақпараттық мағлұматтармен танысады, бірақ бір адам да кең көлемдегі ақпаратты есіне сақтай алмайды. Сондықтан әрбір ізденуші көптеген әдістерді меңгеруі қажет, қажет кезінде оны тез табуы (цитата ретінде), не өзінің цитататасын белгілеу кезінде, оның мәтінін тырнақшамен белгілеуі, ал сілтеуде басылымның атын көрсетуі, одан үзіндіні келтіру үшін және қандай бетте, қай жерде ол басылым шыққанын көрсете алуы қажет.

Мысалы: Жоғарыда айтылған жағдайларда зерттеу көздерінің мазмұнын оқудың бастауының орындалатыны сол, не басқа сөздер әдісімен пайдаланады. Сол тапсырманы басқа жолмен шешуге болады, логикалық - құрылысының, заттың негізгі ұғымын көрсету, тапсырманы графикалық схема (ноталар) арқылы көрсетуге болады.

(схема) Зерттелгелі тұрған сұрақтың талдауы

Ғылыми-педагогикалық ақпараттың қайнар көзі:

Байқау

Жинақтағы мақалалар.

Монография.

Диссертация.

Журнал бетіне жарияланған мақалалар.

Зерттеу өнімі (нәтижесі) : өнімнің талдауы, өнімді тәжірибеден өткізу

Оқудың бекіту (тұрақтату) тәсілі:

Аннотация Тезистер Реферат

Конспектілер

Цитаталар

Логикалық құрылысы

Ақпаратты тәжірибеден жинау әдісі: Анкета

Әңгіме

Интервью

Тест

Зерттелетін дерекнаманың логикалық құрылысы - жалпы оқығанның схемасын тұрақтатуға ыңғайлы аспап. Осы схемаға сүйеніп ұмытылған нәрсені есте сақтауға болады.

3. Шынайы педагогикалық тәжірибе - бұл мектептік өмір. Ғылыми жұмысының жүрісі, заңдылықтары мен тұтастығы келесі әдістерге байланысты: байқау, анкета, әңгіме, интервью және тест.

Байқау - алдын-ала фактілерінің көрінісі айнымайтынын қарастыруы мен ізденуі. Байқау - қандай да болсын педагогикалық құбылысты айнымайтынын қарастыру, іздеу процесінде ізденуші нақты материалдарды табады. Осы кезде байқаудың хаттамасы жүргізіледі.

Әдебиет негізін зерттеудің ең жеңіл әдісі - бұл карточкаларда (библиографиялық) әдебиеттердің аттары, оған аннотация жазу. Карточкалар кішігірім қағаздан жасалады. Әдебиет жөнінде мағлұматтарды карточкаларға жазған жөн.

Мысалы: Бабанский Ю. К., Проблемы повышения эффективности педагогических исследований. М., 1999. Сборник - название /Под ред . . . М., 1999. статья - автор. Название // Педагогика. №5. 2001. С. 25-30.

Зерттелген материал, мақалалар мен кітаптарды қысқаша мазмұндаудың көптеген тәсілдері бар. Негізгілері: аннотациялау, тезистеу, реферация, конспектілеу, цитата, логикалық құрылысы .

Аннотациялау - аннотация құрастыру. Аннотация деген жалпы және қысқа да нұсқа жұмыстың негізгі ойын жазу деген сөз. Аннотацияның көлемі әрқашан бір беттен аспайды. Аннотация өзіміздің ізденіс саласына керек пе, оны қолдануға бола ма, басқадай жағдайда керектігі бола ма?

Дерекнамасын оқыған кезде, мазмұны туралы мағлұмат алу кезде қысқаша жазып отырған жөн (айқын сөздер, айтылған сөздер, қорытындылар және өз сөзімен жеткізген) .

Осындай қысқаша жазуды тезистеу дейді, ал жеке жазбаларды тезис дейді. Әрбір тезистің көлемі бірнеше жолдар, жалпы барлық тезистер қайнар көзге байланысты.

Ал тезистер ой-түйінімен байланыста болса, онда реферат болады. Бұл реферат жазу процесі, зерттеу жұмысының негізгі мазмұнының қысқаша жазуы. Автордың көзқарасы, пікірі, ойы, қатынасы байқалады.

Конспектілеу, оқыған қайнар көздің негізгі мазмұнын сақтай отыра жазу тәсілі. Бірақ та белсенді шығармашылық меңгеруі анық емес. Ал конспектілеу тәсілінің бірі - цитата. Дерекнаманың мәтінін дәлдеп жазуы.

Анкета дегеніміз, ол сұрақ жазылған парақ, сынаушы сол сұрақтарға жауап беруі тиіс. Сұрақтар әр түрлі болады, оған сынаушы өз жауабын береді.

Әңгіме - ауызша сөйлесу, қарапайым түрде бір немесе бірнеше адамдармен. Егер әңгіме бір мақсатпен болса, онда сынаушы өз сұрақтарын алдын ала дайындап қоюы керек.

Интервью - ол да әңгіме, бірақ бір ғана адаммен болатын әңгіме, сұрақты зерттеуші ғана қояды, ал екінші адам тек қана жауап береді, содан ол жауаптарды зерттейді.

Тест - бір арнайы тапсырманы орындауға арналған. Әр тест тапсырмалары орындалып содан соң бір кітапшаға жинақталады. Тест сұрақтары 5 жауаптан тұрады, соның біреуі дұрыс.

Сонымен, біз әртүрлі әдістермен негізгі жолдарын қарастырдық. Сонымен қатар ғылыми сұрақтарға жауап іздеу және фактілерді қолданып болашақта ғылыми танымын әрі қарай жалғастыру.

Әрқашан ескеретін бір мәселе нақты орнықты фактілері бойынша зерттеумен ғана алға қадам баса алады.

Ал нақты фактілерсіз зерттелген шешімдер, жай ғана ой болып қалады, сонымен қатар табиғаттың құқылары жазылады, түсінігі жағынан бола алмайды.

Пікір (рецензия) - бұл берілген шығармаға сын ретіндегі ой-пікір. Пікірді жазғанда келесі кезеңдерді қадағалау қажет: алынған тақырыптың өзектілігі; автор сол тақырыпты аша алды ма; жазған еңбегі жұмыс барысына сәйкес келе ме (әдістемелік нұсқау емес, ол мәселенің ізденісі; оқу құрал болса диссертация формада болмасын т. с. ) ; терминологиялық аппаратты қолдана алды ма; қойылған мәселеде жаңашылдығы байқала ма; дәлелдеу тезистерінің деңгейі; материал мазмұнының түсініктілігі мен сауаттылығы.

Ал келесі кезеңдермен келіспеушілік болса, сол кезеңдерді жазып көрсету және дәлелдеу. Жұмыстағы жаңашылдық жаңа болмаса, онда нақты жұмыстарға сүйену.

Пікір қорытындысының мазмұны жұмыстың түріне байланысты болады: баспаға ұсыну; диссертацияға пікір; кандидаттық зерттеу жұмысы.

Пікір жазу - ғылыми ізденістің бір түрі, талдауды салыстыруы, тұжырымы және де жұмыстың жаңашылдығын көрсете білуі мен маңыздылығы.

«Жасөспірім оқушының музыкалық ойлауының даму жолдары» атты мақалаға байланысты кішкене пікір сұрақтарын шешейік: автор «музыкалық ойлауы» категориясын қалай шешті (белгілі ғалымдардың көзқарастарына сүйену, салыстыру), өзінің пікірін ұсына ма, баланың жас ерекшелігін ескерді ме және автор «музыкалық ойлауы» туралы қандай әдістер тапты, ұсынды?

Үлгі ретінде орысшадан аударып, талдау : студенттер өздері аударуы керек, бұл да ізденіс жұмысының алғашқы беті.

Появление любого, глубокого исследования, посвященного проблеме мировоззрения, трудно переоценить. Автор рассматривает поднятую им проблему не как узкопрофессиональную, а как значимую для всех областей педагогики и в особой мере для педагогики искусства. При этом доминанта методологической направленности выбрана ясно и определенно: это прежде всего философская и художественная мысль (что, впрочем, вовсе не исключает как обращение автора к трудам зарубежных мыслителей, так и изучению трудов обшенаучного (музыковедческого, теории музыкального исполнительства) и, разумеется, педагогического характера) .

Не покидает ощущение, что автор пытается докозать одну мысль: великие философы, писатели, композиторы, педагоги, гений, который признан во всем мире, несмотря на различие взглядов и подходов, едины в понимании и видении обозначенной в названии книги проблемы, которые так волнует сегодня наше обшество. Но это «единство» надо было суметь разглядеть, пережить, осознать и постараться обобщить применительно к деятельности педагога - музыканата.

Вся сложность, очевидно, состоит в том, чтобы суметь погрузиться в Мысли, ощутить Дух великих мыслителей с той степенью глубины, когда происходит необходимый разряд, то «зажигание», когда человек оказывается способным умом и сердцем пережить и принять идею Другого, заразиться ею и следовать ей в своей профессиональной жизни (и жизни вообше) - в своих целях, деяниях, поступках. Кем-то метко замечено, что каждый человек, знакомясь с великим прозведением искусства, может понять его настолько, насколько глубок его собственный «лот». Знакомясь с работой Б. М. Целковникова, убеждаещься, насколько восприимчив, остр и глубок может «лот» педагога - музыканта - исследователя.

. . . Опираясь на концепцию М. М. Бахтина, автор исследования показывает, какое огромное значение в формировании личности педагога - музыканта имеет способность к внутреннему диалогу - это необходимая ступень в становлении его мировоззренческих убеждений . . . Этот диалог в деятельности педагога - музыканта - прежде всего Ребенка и Музыки.

Обращение к ребенку и музыке должно быть освящено Любовью, Верой и Совестью - этими тремя слагаемыми, составляющими основу всех отношении, ориентации, убеждений педагога - музыканта.

. . . Интересной и оригинальной представляется точка зрения автора при определении сути мировоззренческих убеждений учителя - музыканта. Их смысловым ядром является душа учителя как своеобразный синтез активного и гармоничного взоимодействия многообразных творческих составляющих его личности . . .

Б. М. Целковников сумел в своей работе с навых позиций докозать значение методологии для теории и практики музыкального образования. Я уверен, что мастерство методологического анализа - основы любого музыкально - педагогического исследования - проявленного автором в исследовании, послужит образцом для молодых ученых - педагогов - музыкантов.

Разумеется сказанное, хочется отметить, что данная работа представляет собой принципиально новое направление в педагогике высшей школы, призванное определить стратегию и тактику подготовки учителя искусства, основываясь на лучших гуманистических, духовных традициях филосовской и художественоой мысли. (қос-ша, Б 63)

(Э. Б. Абдуллин)

Осы жұмысты (пікірді) аудару арқылы студенттің тіл байлығы, әдеби тілі, ғылыми тілі қалыптасады және де сөздікпен жұмыс істей алатын болып табылады . . .

Жақсы жазылған пікірлер семинар сабағында оқып талданса, ұжымда ғылыми дискуссиясы қалыптасады.

Ғылыми баяндама - музыкалық - педагогикалық оқу үрдісінде берілген тақырыптың мазмұнын тыңдарман алдында баяндау. Мұнда таңдаған тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігі; негізгі ғылыми тұрғыдағы қалпы мен жүйелілігі; шешілген сұрақтарын белгілеуі, болашақта шешетін сұрақтардың маңыздылығы қамтылады. Әсіресе түрлі ғалымдардың еңбегін салыстыру әдісі қолданса жақсы болады және де өзінің көзқарасын келтіру қажет.

Негізгі баяндама үш ұстанымға сүйенеді:

а) көтеретін мәселенің маңыздылығы мен керектігі;

ә) мәселені шешудің жаңа жолдары;

б) гипотезаның ғылыми орны.

Үлгі ретінде студенттің ғылыми баяндамасынан үзінді келтірейік:

. . . Орыстың кәсіби музыкалық дәстүрінің түп тамыры бізге көрсеткендей славян мифологиясына кіреді, кәсіби негізгі түпнұсқасы жүйе (немесе шығармашылық модель) өмірлік нышанының мазмұны жолымен бірлестірілетін біртұтас болып табылады. Славян мифологиясы осындай бір жүйе іспетті. Славяндар гуслидің (аспап) тігінен орналасқан шегін жер мен көктің - әлемінің «үлестік» және әлемнің «кернейлік» ара қатынасын білдіретіндігін анық көрді. Бұл музыканың ұқсастығының асыл мәнін толтырады, музыкалық дәстүрдің тууы туралы бұдан әрі жетілдіруінің сабақтастығынын көрсетеді.

Музыканың кәсіби құрылу дамуының негізгі кезеңі Византиядан алынған дәстүрді игеру құдайға құлшылық ету, орыс топырағында тамырын жайған «құпия бекітілген», білімге айналған мифологиядан қабылданған және музыка арқылы тұрмыс құпиялылығының тәжірибесі, осы тәжірибені алмасу тәсілін игерген.

Кәсібишілікке өзінше құштарланды және халық мәдениеті өзіне тән көркемдік қалыптарды сақтады және шамасына қарай бекітті. Өзін - өзі және өзінің көркемдік тапсырмасын «нысандандырған», әлемнің «карнавалдық» сипатында өзінің шығармашылығының мәнін жете түсінуге сайқымазақ (скоморохи) кәсіби музыка дәстүрінің дамуына шектеулі жағдай жасады, бірақ музыка әлі де оның тұтас синкретикалық толық шығармашылығының ішінде болады.

Өз кезінде халықтық мәдениет ежелгі орыс эпостары, шіркеулік ережелер, сайқымазақтардың карнавалдың ойын-сауықтары сияқты кәсіби жанрларды «халықтандырып» алды. Кейін құдайға қызмет ету ән дәстүрлері, мысалы, кант жанрында іске асып, айтарлықтай тар «цехтік» щеңберден тыс шықты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеудің қисындық құрылымы
Педагогика ғылымының әдістері
Жоғары мектепте оқытудың сабақтан тыс формалары
Ғылыми іс- әрекет (ғылыми процесс ретінде) туралы ақпарат
Педагогикалық зерттеулердің эмпирикалық әдістері
Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Ғылыми мақала жазуға қойылатын талаптар
Академиялық жазу және мәтін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz