Ойлау ұғымына түсініктеме


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Лекция №1

Тақырыбы: «Өзін-өзі танудың» мәні.

Жоспар

  1. «Өзін-өзі тану» тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты ретінде.
  2. Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты мен міндеттері.
  3. Өзін-өзі танудың мәні.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге өзін-өзі тану пәні туралы түсінік бере отырып олардың ой-өрісін кеңейту.

Қазіргі білім беру ісі жаңаша бағытта, адам санасын тазарту, оны жоғары деңгейге көтеру үшін жұмыс істеуі тиіс. Ұлы адамдар, данышпандар, ағартушылар, ғалымдар мен жазушылардың барлығы дерлік осы ыңғайда іс атқарған.

«Болашақ бүгіннен басталады», - дегендей еліміздің болашағы біздің жастарымыз. Ал, сол жастардың тәрбиесі біздің қолымызда. Еліміздің жоғары оқу орындарында Сара Алпысқызы Назарбаеваның « Өзін-өзі тану » бағдарламасы енгізілген. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының алатын орны ерекше. Себебі қазіргі бүлдіршіндердің болашақта еліміздің елеулі азаматтары болу үшін, ең алдымен өзін-өзі танулары қажет. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - адамның қоршаған ортаны, өзінің ішкі жан дүниесін танытып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік - рухани потенциалын дамыту. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны рухани адамгершілік тұрғысынан дамыту, ар - ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету. Жалпы адамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани ағартушылық қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың меншігіне айналдыру, ата- бабаларымыздың дәстүрлері мен тәжірибелерін үйрену аса маңызды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Өзін-өзі тану Хрестоматия Алматы 2004 ж

2. Өзін-өзі тану 1 курс студент дәптері. Алматы 2004 ж.

Б ақылау сұрақтары :

1. Өзін-өзі тану пәнінің алға қойған мақсаттары.

2. Өзін-өзі тану пәнінің Қазақстанда негізін қалаған кім?

3. Өзін-өзі тану курсының маңыздылығы неде?

4. Дүниетаным дегеніміз не?

5. Тұлғаның өзін-өзі тануы дегеніміз не?

Лекция №2

Тақырыбы: Адамның ішкі дүниесінің бірегейі

Жоспары:

1. Адамның ішкі дүниесінің бірегейі

2. Сезім түрлері

3. Адам өміріндегі достықтың мәні

Лекцияның мақсаты: Студенттерге адамның ішкі дүниесінің бірегейі

туралы түсінік бере отырып олардың ой-өрісін кеңейту.

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік , қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе. түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Ойлау дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жартылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, онын таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шееңбері өте кең.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Бес ғасыр жырлайды 1-5 том. А. ., 1989 ж

2. Абай Құнанбаев. Өлеңдер. - Алматы: Жалын. 1990ж.

3. Абай Құнанбаев. Қара сөздер. - Алматы: 2001ж

4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 2004ж.

Б ақылау сұрақтары.

1. Ойлау ұғымына түсініктеме?

2. Сезім түрлері?

3. Адам өміріндегі достықтың мәні?

Лекция №3

Тақырыбы: Позитивтік ойлау және ішкі үйлесім

Жоспар

  1. Адамның ішкі ресурстары.
  2. Ішкі ресурстардың түрлері мен маңыздылығы.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге позитивтік ойлау және ішкі үйлесім

туралы түсінікбере отырып олардың ой-өрісін кеңейту.

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе. түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Ойлау дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жартылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, онын таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шееңбері өте кең.

Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреуекінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой - сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы , сөз - ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.

Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.

Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін -

Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесі туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - обьективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын- оның қажеттері.

Ойлау - өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процссс. Бұл оның дамуының және іске асуының козғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау-сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Мәселен, « Сырдария Арал теңізіне құяды» деген сөйлемде ой туғызуға негіз боларлықтай түрткі жоқ. Мұнда біреуден естіген, не керіп білген мағлұматтарды жәй қайталау бар. Ал, затты не құбылысты тұспалдап айтатыи жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің небір көріністерін байқауға болады.

Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетгі тез аңғарады да. мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі Ойдың кейде шындықтан ұшқыр кездері де болады ». Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде кате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстардың мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, тереңірек біліп отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау сырткы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.

Ой тәсілдері

Ой тәсілдерінің түрлері көп. Оны төмендегі схемадан жақсы байқауға болады.

Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады . Ойлау - түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардыңмәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез - бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі - бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компонентгерінің бірі. Кез-келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажететеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл-анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. С. А. Назарбаева Өмір әдебі. А., 2002 ж

2. Абай. Қара сөздер А., 1993 ж

3. Қабуснама. А. ., 1992 ж

4. С. А. Назарбаева. Ұстаздан ұлағат . А. ., 2003 ж

Өзін-өзі бақылыу сұрақтары.

1. Адамның ішкі ресурстары

2. Ішкі ресурстардың түрлері мен маңыздылығы.

3. Ойдың түрлері.

Лекция №4

Тақырыбы : Кәсіби өсу және өзіндік даму тұлғаның жетістігінің негізі ретінде.

Жоспар

1. Кәсіби өсу және өзіндік даму тұлғаның жетістігінің негізі ретінде.

2. Кәсіби өсу және тұлғаның өзіндік дамуының шарттары.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге кәсіби өсу және өзіндік даму тұлғаның жетістігінің негізі туралы түсінікбере отырып олардың ой-өрісін кеңейту.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіптік бағыт берудің теориялық негізін жасап, оның ерекшелігін айқындау үшін танысып талдаған педагогикалық еңбектердің және жоғарғы білім беруге арналған оқу жоспарларының мазмұнын тұжырымдау барысында байқағанымыз, мұғалімдер дайындауға қойылатын талап, негізінен мамандық бойынша оқылатын пәндердің мазмұны меңгертуге бағытталады. Ал, болашақ мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға байланысты олардың іс-әрекетін арнайы талдау қарастырылмайды. Бұл әрбір жеке пәндердің әдістемесін меңгеру арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі артады деген пікірден туындаған болар деп ойлаймыз. Маман даярлаудағы бұл көзқарастың дұрыс теориялық еңбектерде де ашып көрсетеді Сондықтан да болар, Ю. К. Бабанский маман даярлау мәселесіне кешенді қарауды ұсынады. Болашақ маман әр жеке пәннің әдістемесін және тәрбие жүйесін біртұтас қабылдап меңгеруге тиіс деп қарайды. Педагогикалық үрдісте мұғалімнің іс-әрекеті мен олардың кәсіби шеберлігін бағыт беру сабақтастықта жүзеге асатын жағдайда ғана болашақ мамандарды өз дәрежесінде дайындау жүзеге аспақ. Сонымен қорыта айтқанда қоғамдық құрылыстың жаңаруы, білім жүйесінің жаңа мазмұны, жоғары білімді маман дайындаудың жаңа стандарты, бастауыш буынға жаңа оқулықтардың енуі, жаңа бағытта жұмыс жасайтын жаңаша ойлайтын, жаңалықты көре білетін бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда оларға жаңаша кәсіби бағдар беруді керек етіп отыр. Бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби бағыт беру педагог - студент, студенттер ұжымы арасындағы қарым-қатынас, мұғалім оқушы, педагогикалық ұжым, ата-ана қоғамдық талап, мұғалімге қойылатын педагогикалық талап жүйесі арқылы дами отырып, педагогикалық практика барысында қалыптасады. Педагогикалық іскерліктің негізгі элементі педагогикалық техника. Педагогикалық техника дегеніміз мәдениет біліктілігі мен сырт бейнесінің сәйкестігі яғни ол әртүрлі тәсілдердің жиынтығы. Педагогикалык техниканың негізгі құралдары- сөйлеу қатынасы мен сөзсіз ишара арқылы қатынас жасауы. Педагогикалық техника ұғымы 2 түрлі компоненттерден құралады.

1 . Педагогтың өзін өзі басқара білуі. А) көңілкүйді игерді шығармашылық көңіл күй орната білуі, зейінінбайқау және бақылау т. б. қабілеттіліктерін жинақтап дамытабілуі, сөйлеу техникасын игеруі.

2. Педагогиканың жеке оқушыға және оқушылар ұжымына әсер етіп алуы ұйымдастырушылық, конструктивтік және комуникативтік қабілеті. Социологиялық зерттеулерге қарағанда жас педагог мамандарда кездесетін қателіктер, педагогикалық техниканы игерудегі қиындықтарға байланысты болады. Жас мұғалімдердің педагогикалық техникасындағы кемшіліктер: сабақ барысында қорқынышты сезім, өз сөзін, өз естуі, қолдарының ретсіз қимылы, сөзінің жансыз сезінуі, дикциясының түсініксіздігі т. б. Педагогтың сырт бейнесі эстетикалық жағынан мәнерлі болуы тиіс. өзіне өзі қалай болса, солай қарамай, үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Киімін шашын сәндеу, косметиканы әсемдік бұйымдарды қолдануы, өте орынды, жарасымды, үйлесімді, болуы тиіс. Педагогтың эстетикалық мәнерлігі бет-бейнесінің сыпайлығы, қимыл қозғалыстарының ретсіздігі балаларға үлкен әсер тигізеді. Сыныпқа кіргеннен бастап сәлемдесуі, орындыққа отыруы т. б. ұсақ іс-әрекеттерінің өзіне үлкен мәні беруі қажет. Мұғалімнің сабаққа дайындығы, балалармен сөйлеу қатынасы, оның сабаққа психологиялық бейімділігінен басталады, Ол алғашқы сәтсіздіктерде қажымай қайғырмай жүйелі үздіксіз жұмыс жасауы қажет, Фонтамимика - дене аяқ қимылдары олардың орынды қимылы адам образын бейнелейді.

Педагогтың мәнері, жарасымды, әдемі тұлғасы оның жеке басының ерекшеліктерін абыройын білдіреді, оның түзу жүріп жинақылығы педагогтың өзіне-өзі сенімділігін көрсетеді. Ол оқушылардың алдында дұрыс тұру мәнерін қалыптастыра білуі қажет. Мұғалімнің барлық қимыл-қозғалыстары оқушылардың қызықтырып өзіне тарта білуі қажет. Оның жүріс-тұрысында жағымсыз қимылдар болмауы тиіс. Ерсілі-қарсылы жүре беру, тақырыпта түсіндіріп тұрғанда қолында бөгде заттарды ұстап қимылдар жасауы, мұрнын, құлағын ұстай беру т. б. осындай орынсыз қимылдары болмауы керек. Мимика-ишара бет-бейнесі арқылы өз сезімін ойын көңіл-күйін жеткізе білуі мұғалімнің бет -бейнесінің көрінісі оқушыға ерекше әсер етеді. Оқушылар мұғалімнің бет-бейнесін оқи алады. Сондықтан мұғалімнің мимикасы оның көңіл-күйін толық көрсетеді. Үй шаруасындағы қақтығыстар көңілсіз жайлар мұғалім ісіне әсерін тигізбеу керек.

Мұғалімнің бет бейнесінің қимылы әңгіменің мазмұнын, сөйлеу мәнеріне сәйкес болуы тиіс. Мимика өз ісіне сенімділікті, құртауды, қуанышты, қызығушылықты т. б. сезімдерді білдіреді. Мұғалімнің күлімдеуі оқушылар арасында жақсы көңіл-күй тудырады. Мимиканы мәнерлі құралдары қас, көз қастың көтерілуі, таңдануы, қуанышты, сұранысты білдірсе, қастардың жақындасып жиырлуы ойлануды зейін аудару қажеттігін, тәртіпке шақыруды білдіреді.

Мұғалімнің қоғамда алатын орны зор. Оның еңбегі өте зор, жауапты әрі күрделі себебі, болашақ ұрпақтың тағдыры үшін өзінің жауапты сезінеді. Баланың тәртібі, білімі қоғамнан алатын орны, адамгершілігі үшін күресетін, оның жүрегіне жол тауып белгілі деген құштарлығымен оятатын мұғалім. Сондықтан оны адам жанының инженері деп атайды. Мұғалім терең білімді өз еліне шәкіртгерін сүйетін, оны дүние жүзі алдында беделін түсінетін білімдар адамдар . Мұғалімнің кәсіби қызметіне қойылатын талаптар;

1 . Жан-жақты білімдарлық, өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болу.

2. Педагогикамен байланысты пәндерді жақсы білу.

3 . Өз кәсібіне шығармашылық көзқараспен қарауы тиіс.

4 . Баланы жете білу, оның жан дүниесін түсіну, сүйе білу!

5. Педагогикалық техниканы меңгере білуі керек.

Осы талаптардың ішінде ең маңыздысы мұғалімнің педагогикалық техниканы меңгеруі болып табылады . Педагогикалық техника дегеніміз педагогтың мәдени біліктілігімен сырт бейнесінің сәйкестігі. Яғни, ол әртүрлі тәсілдерінің жиынтығы. Мұғалімнің сөйлеу мәнері, жүріс- тұрысы мен бет пішіні, өз бойндағы кемшіліктерді жоя білуі өзін- өзі тәрбиелеудің негізі болып табылады. Ұлы педагогтарымыздың: " жұртты тәрбиелеу үшін өзің тәрбиелі болуың қажет " деген ұлағатты сөзі бекер айтылмаса керек. А. С. Макаренко: " мұғалім балалар ұжымын құрып, ол арқылы өзін-өзі басқаруға, беделіне, әдептілігіне, жүріс- тұрысындағы шеберлігін арттыру ісіне лайықты болуы керек. "- деп көрсетті. Өзін- өзі тәрбиелеу мұғалімінен аса зор шеберлікті талап етеді. Ф. М. Достаевский: " Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе- өзің бағын, өзіңді-өзің біл, " деп айтқан. Демек, адам өз бойындағы жатқылықтарды жойып, адалдыққа, әдептілікке өзін-өзі шақырып, тәрбиелеу қажет. Қандай адам болмасын, оның ісіне немесе мінез-құлқынан бір кемшіліктер орын алады. Міне, бұл жағдай мұғалімдерде де кездеседі. Орынсыз күлу, бос сөздер айту, үлкендермен сөзге келу, кісінің мініне бетіне басу, кішілірге жөнсіз ұрысу, сын айтқыш мұғалімдер бойынан табылуы мүмкін. Сол үшін мұғалім өз-өзін енді мұндай қылықты қайталамауға, сыпайы, инабатты болуы тәрбиелеу керек. Абай атамыз айтқандай өзінің әр ісіне баға беріп, саралау керек. Мұғалім тек қана оқушылармен ғана емес, ата-аналармен, мектеп ұжымымен қарым-қатынас жасайтын болғандықтан, үлкенге-ізет, кішіге құрмет көрсетіп отыру керек. Үлкендер отырған жерде олардың алдын алып орындап кетпей, инабат, ізет таныта білу, жөн жобаға, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзін іркіп ұстау қасиеттерін игеруе тәрбиелеуі қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Бес ғасыр жырлайды 1-5 том. А. ., 1989 ж

2. Абай Құнанбаев. Өлеңдер. - Алматы: Жалын. 1990ж.

3. Абай Құнанбаев. Қара сөздер. - Алматы: 2001ж

4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 2004ж.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары.

1. Мұғалімнің кәсіби қызметіне қойылатын талаптар?

2. Педагогтың идеалды бейнесі.

3. Педагогтың оқушылармен қарым-қатынасы.

Лекция №5

Тақырыбы: Қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде.

Жоспар:

1. Қарым - қатынас адамдар арасындағы өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде.

2. Адам өміріндегі отбасы және туыстық қатынастың рөлі.

3. Адам өміріндегі достықтың мәні.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге достық, отбасылық қарым-қатынас туралы түсінік бере отырып олардың ой-өрісін кеңейту.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас «адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген принципте құрылатын біздің елімізде адамдардың жаппай бір-біріне жат болуы мүмкін емес. Алайда, әр түрлі себептерге байланысты, бізде де жалғыз жүретін, достары жоқ, басқалармен қарым-катынас жасауды ерекше қажет ететін адамдар кездесуі мүмкін.

Мұндай жағдайдың неге орын алатынын түсіну үшін, қарым-қатынас жасауда адамға не көмектесетінін, керісінше, не кедергі келтіретінін қарастырып көрейік.

Дұрыс қарым-қатынас дегенді қалай түсінген жөн? Жазушы В. Пронин «Ошибка в объекте » повесінде сырахана маңынан шықпайтын бір топтың «қарым-қатынас сипатын » былайша суреттейді; «Ол жерге жақсы жігіттер келеді . . . Еркектер қайда шер тарқатады, ескі достар қайда кездеседі? Мысалы, мен күн сайын достарымды көргім келеді, ал күн сайын жайнатып дастарқан жасауға жағдайым жоқ. Олар да олай ете алмайды.

Маған бірер сөзбен хал жағдайды сұрассам, әңгіме айтсам, әңгіме естісем - жетіп жатыр, көңілім жай табады».

Көрінгенмен таныса кету, калай болса солай қарым-қатынас жасау, түкке тұрмайтын «хабарлар » алмасу - міне, мұндай қарым-қатынасты дұрыс дей қоюға болар ма екен.

Осы повестің басқа бір кейіпкері мұндай қарым-қатынасқа өзінің қалай қарайтынын былайша білдіредІ: « Достарыңызға құштарлығықыз туралы әдемі айттыңыз. Әйтсе де, сөзіңіздің бәрі сыраның саптаяғына, шөлмекке, дастархан басына тіреле береді екен . . . Соған қарағанда, әлгі жақсы жігіттеріңіз бос уақытта пайдалы іспен айналысуды өздеріне ар көретін сияқты. Бір нәрсеге ұмтылу да, қызығу да, құмарту да ештеңе де жоқ! Бұл не сонда? Тойынғандық па? Масаттанушылық па? Үмітүзу ме? Досықмен кездессең, қызық хикая естісем болды дейсіз Сіз . . . Досыңыздан басқа ештеңе күтпейсіз де. Оның қайғысы да, қуанышы да керек емес, оның көмегі де, сенімі де қажет емес. Байқайсыз ба, осының бәрі ешкім ешкімге ештеңеден қарыздар болмайтын қарым-қатынасқа тіреліп тұрғанын? Досыңызды көрмей қалсаңыз, оған не болды екен деп жүгіре жөнелесіз бе? Жүгіре жөнелмейсіз. Сізді ай, жыл, тіпті өмір бойы көрмей кетсе де, ол да жүгіріп келмейді! »,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым-қатынас теориялары
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары
Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамытудың әдістері
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері туралы
Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беру. тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не?
Қазіргі ғылым мен техниканың, өндіріс технологиясын қарқынды дамуы
Көпдеңгейлі тапсырмаларды қолданудың педагогикалық негізі
Психикалық денсаулықтың бұзылуы
Медицинаға қосқан үлесі
Оқыту технологиясын топтастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz