Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін реформалаудың негізгі сатылары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы : Қазақстандағы білім беруді реформалау мәселелері

Орындаған :Бижанова Нұржанар

Тексерген:

Тобы :

Жоспар

1. Кіріспе.

2. Қазақстандық білім беру реформасы.

3. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін реформалаудың негізгі сатылары.

4. Білім беру саласында жүргізілген реформалар.

5. Қорытынды.

Кіріспе

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта оның демократилық және экономикалық дамыған мемлекет құруға бағытталған жалпымемлекеттік контекстінде сапалық қайта құрулар бағытында жүзеге асып келеді. Осыған байланысты жоғары кәсіби білімнің дамуы қоғам дамуы мәселелерімен тікелей байланысты және ол келесідей әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарға тәуелді:

- қоғамның нарықтық экономикаға көшуі, соның салдарынан өндіріс күштері мен өндіріс қатынастарының сипаттары өзгерді, өндіріс субъектілерінің әлеуметтік статустары өзгерді;

- ғылыми өндірістердің өсуі, олардың тиімді ұйымдастырылуы үшін негізінен жоғары кәсіби білімді мамандар талап етілді;

- ғылыми және техникалық ақпараттың көлемі соңғы бес жылда екі есеге артты және ақпараттың әр үш жылда жаңаруы болжануда;

-өндірістік күштердің моралдьді ескіруімен туындаған технологиялардың тез ауысуы және мамандар біліктілік деңгейінің жетіспеушілігі;

- түрлі ғылымдардың тоғысында және білімнің пәндік салаларының синтезінде жүргізілетін ғылыми ізденістердің интегративті сипаты;

- қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалану денелік және ақыл-ой еңбегіне негізделген ақыл-ой іс- әрекетінің құралы ретінде.

Қазақстандық білім беру реформасы «білім беру саласында қалыптасқан шынайы жағдайды және қоғам мен мемлекеттің болашақта дамуының мүмкін жолдарын ескере отырып, стратегия құру арқылы қоғамдағы динамикалық әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында білім берудің сапалы реформасын жүргізуге болады. Мұндай стратегия тез өзгеретін шынайы жағдайға бейім, әрекеттің иілгіш тактикалық бағдарламасын жасау үшін негіз бола алу қажет.

Қазақстандағы білім беру жүйесінің модернизациясының басты бағыттарының мақсаты - жаһандануды ескере отырып, нарықтық экономика жағдайында оның сапалық қайта құрылуын қамтамасыз ету. Қазақстанның білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негізін Конституция (1995 ж), ҚР «Білім туралы» Заңы (2007 ж. ), ҚР Президентінің Бұйрықтары, Үкімет Қаулылары құрайды. Білім беру саласындағы приоритеттерді анықтайтын құжат «2010 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық жоспары» (2001 ж. ), «2011-2020 жылдарға арналағн Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту бағдарламасы» (2010 ж. ) .

Бұл құжаттарда көрсетілген идеология мен принциптер кең саяси мәселелер мен білім беру жүйесін реформалаудың нақты бағыттары бойынша Бағдарламаларды жасау және енгізу үшін мүмкін жүйелі ыңғайларды анықтайды. Бұл құжаттарда жоғары білім беру жүйесіне ерекше қоғамдық мәртебе беріледі және жоғары кәсіби мамандарды озық даярлау, жаңа жағдайдағы иілгіштік пен бейімділікті қамтамасыз етудегі ерекше сала ретінде танылады.

Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім берудің дамыту бағдарламасында келесідей міндеттер қойылды:

- кең іргелі білімге ие, бастамашыл, еңбек нарығы және технологияның өзгермелі талаптарына бейімделуге қабілетті, жаңа формациядағы маман даярлау;

- жоғары білім берудің барлық жүйелерінің білім беру үрдісінің демократизациясы арқылы сапалы білім беру қызметтерін көрсету мотивациясын арттыру;

- халықаралық аккредитациядан өтуге жеке жоғары оқу орындарын дайындау, элитарлы жоғары оқу орындарын дамыту үшін объективті жағдайлар тудыру;

- жоо басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлу және жоо автономдылығын арттыру жүйесін ендіру;

- студенттердің сапалы білім алуға құқықтарын нығайту, сапалы білім беру қызметіән көрсету үшін жоо жетекшілерінің жауапкершілігін анықтайтын механизмдерді өңдеу және ендіру.

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін реформалаудың өзектілігі оның әлеуметтік қызметінің маңыздылығымен түсіндіріледі - қазіргі қоғамда білім беру әлеуметтік институт ретінде білімді өңдеу және жариялаумен түсіндіріледі. Қазақстандағы білім беру жүйесін модернизациялаудағы максималды жетістікке білім беру саясатында көрсетілген үкіметтің барлық бағдарламалық тұрғылар білім беру жүйесінің әлемдік тәжірибесінде жинақталған барынша жағымды әлеует жинай алған жағдайда ғана жете алады.

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін реформалаудың негізгі сатылары . Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері жоғары білім беру жүйесін реформалау сатыларын шартты түрде былайшы бөлуге болады: Бірінші саты (1991-1994 жж. ) заңды және нормативтік құқықтық базаның қалыптасуы.

Бұл сатының негізгі міндеттері мамандар даярлау республиканың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, нарық экономикасы, облыстар мен аймақтар қажеттіліктерін өтеу мақсатында жоғары білім беру мекемелерінің жүйесін құру және жоғары білім берудің мамандықтарын жаңарту. 1994 жылы Қазақстан Республикасының жоғары білім берудің Мемлекеттік Стандарты бекітілді, ол алғаш рет елдегі жоғары білімнің көпсатылы құрылымын, бакалавр және магистр академиялық деңгейлерін жүргізуді анықтады.

Екінші саты (1995-1998 жж. ) - жоғары білім беру жүйесінің модернизациясы, оның мазмұнын жаңарту. Бұл саты жоғары білім беру жүйесінің дамуының концептуалды анықтамасымен сипатталады, ол 1995 жылы 4 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің мемлекеттік саясаты бойынша Ұлттық кеңестің бекітуімен білім беру саласының мемлекеттік саясатының Тұжырымдамасында көрініс тапқан. Ол жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін жаңа нормативтік құқықтық ережелердің қабылдануымен сипатталады.

1995 жылдан 1997 жылдар аралығында жоғары кәсіби білім берудің 310 мамандықтары бойынша алғашқы қазақстандық білім беру стандарттары қабылданады. 1996 жылы 342 мамандықты қарастыратын Қазақстан Реғспубликасының жоғары білім беру мамандықтарының классификаторының (тізім) жаңа баспасы бекітілді. Білім берудің мемлекеттік емес секторы қарқынды дамиды.

Үшінші саты (1999-2000 жж. ) - білім беруді басқару және қыржыландырудың орталықтандырылуы, білім беру ұйымдарының академиялық еркіндігінің кеңеюі. Бұл сатыда білім беру ұйымдарының басқару жүйесі шынайы түрде орталықтандырылады. Жоғары оқу орнына қабылдау принциптері толықтай өзгереді, жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлау мемлекеттік білім беру тапсырыстары негізіне көшеді. 1999 жылдан талапкерлерге мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім несиелері бойынша конкурстық негізде қабылдау жолымен жоғары оқу орындарының студенттік контингентін қалыптастырудың жаңа моделі енгізілді.

Төртінші саты (2001-2004 жж. ) - жоғары және орта білім беру жүйесінің стратегиялық дамуы. ХХІ ғасырда жоғары кәсіби білім берудің дамуының негізгі бағыттары анықталды. Кәсіби білім беру мазмұнына кәсіби ісәрекетке даярлықты қамтамасыз ететін білім, іскерлік және дағдылар жүйесі ретінде келесілер кіреді:

•ұғымдар, ережелер, табиғатта, қоғамда, мәдениетте және техникада болып жатқан құбылыстарды түсіндіретін алгоритмдер мен қазіргі теориялар сомасы;

•заттар, еңбек үрдісінде қолданылатын еңбек құралдары мен механизмдері туралы білімдер сомасы;

•кәсіби іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға кепілдік ететін іс әрекет тәсілдерін оқыту.

1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасты. Мамандардың пікірінше, Қазақстанда жоғары білім беру саласын реформалау 1995 жылдан бастап қарқынды жүрді.

Жалпы, Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бергі білім беру жүйесін келесі кезеңдерге бөліп қарастырамыз:

1. 1991-1994 жж. - жоғары білімнің заңнамалық және нормативтік- құқықтық базасының қалыптасуы;

2. 1995-1998 жж. - жоғары білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңарту;

3. 1999-2004 жж. - білім беруді басқару мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына академиялық еркіндік беру;

4. 2005-2010 жж. - «2015 жылға дейінгі Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы» негізінде нарықтық экономикаға жоғары білім беру жүйесін бейімдеу;

5. 2011 жж. қазіргі уақытқа дейін - жаңа кезең, инновациялық дамуға бейімделген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ұлттық моделін қалыптастыру.

Білім беру саласында жүргізілген реформаға сәйкес, 90-шы жылдары бірқатар өзгерістерге қол жетті: білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді; үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; мемлекеттік емес оқу орындарына рұқсат беріліп, басқа мемлекет азаматтарына ҚР азаматымен тең дәрежеде білім алуға рұқсат берілді; кредиттік жүйе мен тегін оқу гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына кәсіби білім алу мен мобильділік бойынша оқуға мүмкіндік берілді; ЖОО жоғары білімді шыңдауға мүмкіндік беретін негізгі әлеуметтік орын ретінде дербестікке ие болды.

1997 жылы Қазақстанда жаңа әлеуметтік стратегияның құрылуына негіз болған ұлттық жобалар дайындалды. Бұл бағдарламалар адами капиталды дамыту, оның білімі, денсаулығы, игілігіне қатысты сұрақтардың шешімін табуымен маңызды. Білім сапасын көтеруге байланысты елімізде 2005 жылға дейін «Ауыл мектебі» атты мемлекеттік бағдарлама жүргізілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты еліміздегі ауылдық мектептерді белгілі бағыттар бойынша дамыту болды. Көптеген аймақта мектептер жетіспегендіктен, жауапты министрлік ауыл мектептерін білікті мамандармен қамтуды қолға алды. Осы шаралар «Білім» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалғасын тапты.

Мемлекеттің білім беру саясатын дамытудың ұзақмерзімді құжаты - 2004 жылы қабылданған «ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» болды. Тұжырымдама - білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат.

Тұжырымдама ҚР Конституциясына, «Білім туралы» ҚР Заңына, «Ғылым туралы» Заңға, «Қазақстан-2030» Стратегиясына, «Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына», «Білім» мемлекеттік бағдарламасына, Балалардың құқықтары туралы конвенцияға және т. б отандық және халықаралық маңызды құжаттарға сәйкес әзірленді.

Білім беруге байланысты қабылданған құжаттар экономикалық, қоғамдық жаңғыртудың барлық қажеттіліктеріне жауап береді және білім жүйесіне деген халықаралық талапты ескереді. Қазақстандық жүйенің құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Халықаралық стандарттық білім беру бағдарламасының (1997 ж. ) классификация өлшемдеріне сәйкес келтірілген.

Білім туралы жаңа заңның 8-ші бабына сәйкес, білім алу жүйесі жеті сатыдан тұрады: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Жоғары білім саласын халықаралық дәрежеге көтеру Қазақстанның халықаралық аренада бәсекеге қабілетті мемлекет болуына тікелей ықпал етеді. Оны жүзеге асыру үшін 2012 жылдан бастап Қазақстанда көптілді білім беру жүйесі енгізілуде. 2012-2013 оқу жылында Қазақстанның 35 мектебінде көптілді оқыту жүйесін енгізу қолға алынды, сонымен қатар, 1 сыныптан бастап ағылшын тілін үйрету жобасын қолға алынды. Республикада новаторлық әдістемелер, орта мектептерде үш тілде сабақ берудің жаңа стандарттары сынақтан өткізілуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық құрылымының реформалануы
Қазақстандағы салық түрлері және салық реформалары
Білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторлар
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің реформасы
Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі: ерекшеліктері, жетілдіру бағыттары
Салық жүйесінің мәні мен мазмұны. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Экономикалық теория туралы
Жоғары мектепте оқытудың ерекшеліктері
4 сыныпқа дейінгі оқытудың кейбір ерекшеліктері
Меншік түрінің эволюциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz