Ғылым тарихы және философиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

ТАҚЫРЫБЫ: Ғылым философиясының негізгі қызметі

Орындаған: Тынысбекова А. М МДЯ-001

Тексерген: Мұқатаева А. А

Семей 2020

Жоспар

  1. Ғылым философиясының пәні.
  2. Ғылымның пайда болу ерекшеліктері және оның күнделікті өмірмен байланысы.
  3. Ғылым әлеуметтік-мәдени феномен ретінде.

1. Ғылым философиясы философияның бір бағыты ретінде Батыс және Ресей философиясында орын алады. Ал ғылым философиясы пән ретінде логика, тарих философиясы, социология, таным теориясы, әдістемеліктермен қатар жарыққа шықты.

Ғылым философиясы көптеген түпнұсқалық тұжырымдармен тұйықталған. Ал пән ретінде ғылымның ғылыми-техникалық төңкеріс жағдайында ғылымның әлеуметтік-мәдени қызметін түсіну сұрақтарына жауап ретінде дүниеге келді.

Ғылым философиясы ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Бұл - әлі жас пән. Философияның бағыты болып, ғылым философиясының шығуын жүз жыл бұрын алғашқы позитивистер ілімінен туды.

Сонымен, ғылым философиясының пәні - ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен тенденциясын қарастырады. Ғылыми таным тарихи даму және өзгерудің әлеуметтік мәдени мәнін және ғылыми білімді өндірудің ерекше қызметі болып табылады.

Ғылым философиясы үш түрлі жақтан әсерге душар болады, біріншіден, дәуірдің жалпы әлеуметтік мәдени орта; екіншіден, гносеология, эпистемология, әдістемелік зерттеулер тарапынан; үшіншіден, теориялық жағынан үлгілер, тұжырымдардың әсері. Осыдан ғылым философиясы дамыған теориялық, үлгі, тұжырымдар түрінде болады.

Ғылым философиясы ғылым дамуының үлгілерін, жаңадан ашылатындардың «алгоритмі», жайы, зерттеу әдістерін қарастарады. Ғылым философиясы ғылымның негізгі ерекшеліктері дамуының заңдылықтарын зерттейді, рационалдық жиегін кеңейтеді.

Ғылым социологиясы ғылым институтын қоғамның әлеуметтік жүйесімен өзара қатынасын, әр әлеуметтік жүйеде ғалымдардың мінез-құлық, тәлімді типтеу, ғалымдардың топтық өзара іс-әрекетін, формалды кәсібилікті, қоғамдастық динамикасы, қоғамның әртүрлі даму кезегінде ғылым дамуының нақты әлеуметтік жағдайын зерттейді.

Ғылымтану ғылым қызметінің жалпы үрдісін көрсетеді, сипаттамалық түрде жазуға бой ұрады. Ғылымды саяси және мемлекеттік реттеудің теориялық негізін, ғылыми қызметтің әлеуетін көтеру, ғылыми зерттеулердің тиімділігін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару принциптері туралы ұсыныстар беру бағытында ХХ ғасырдың 60-жылдарында пән ретінде пайда болды.

Ғылым философиясының тақырыптамасы үш негізгі бағытта дамиды:

Бірінші бағыт - философиядан ғылымға тартуы. Ғылым философиясы философияның әмбебаптығын мирас етіп алады.

Екінші бағыт - ғылымның өз ішінен шығатын проблемалар тобы. Таным қызметінің кәсіби төрелігі, төреші философия болады. Осы арада шебер өрілген ерекше проблемалар, ғылыми білім өсуінің бәсекелес үлігелері, эвристикалық әдістер, әдеттен тыс проблемаларды шешудің «философиялық сыбырын айту» керек.

Үшінші бағыт - іргелі ғылым мен философияның өзара іс-әрекеті жөніндегі проблема. Ғылым тарихты ғылым дамуында философияның атқарған рөлін көрсетеді. Философияның батыл әсері ғылыми төңкерістер дәуірінде ерекше байқалады.

2. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2, 5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды» дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т. б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым - табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы.
Бірте-бірте қоғам турал ғылыми
түсініктер жинақтау қажеттігі туындады. Бірақ ғылым процесіндегі басты тұлға, ғылымның басты субьектісі де, объектісі де - адамның өзі. Адамның қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы мүмкін емес, сонымен бірге, адам өзін түсінуге, өз мүмкіндіктерін анықтауға, табиғат пен қоғамның ғана емес, өз болашағын болжауға көне заманнан бастап осы күнге дейін талпынып келеді және бұл процесс адам жерт бетінде қанша өмір сүрсе, сонша жалғаса бермек.

Алғашқы қауымдық қоғам дамуының мыңжылдық практикасы ғылым ды қалыптастыра алған жоқ. Білім күнделікті өмірдің қажеттіліктері қанағаттандыруға ғана бағытталып, одан жоғары кетеріле алмады. Адам ойы таза теориялық білім деңгейіне көтерілуі үшін оның дәстүрлі практикалық бағытталғандығын бұзу қажет еді. Ескі сананы күйрету санаға тікелей әсер ету арқылы емес, сана бейнелеп отырған дүниені түбірімен қайта түсіну арқылы жүрді. Дүниеге деген жаңа көзқараста заттар адамға байланысты емес, объективті, заттар мен адам жеке-жеке, бір-біріне қатысты, бірақ тәуелсіз, нәрселер ретінде пайымдалды. Осындай ерекшелік көне гректерге тән еді. Ғылымды зерттеуші ғалымдардың бәрі дерлік ғылымның отаны көне Греция деп мойындайды. Гректер Египет пен Вавилон империяларында бірнеше жүзжылдықтарға созылған соғыстардан аман қалған, ұзақ уақыт ескерілмеген білімдерді қабылдап алды және жәй қабылдап қана қоймай, өздерінің ақыл-ойының, ойлау қабілетінің күштілігі арқасында өздерінің білімдерін қоса отырып жаңа дәрежеге көтерген, оларға абстрактылық және рациональдік сипат берген халық болды.
Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-ғасыр - адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Ең басты тұлғаларды атасақ: Леонардо да Винчи (1452-1519) - ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) - әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) - Жер айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен тануға болады деп пайымдады.
Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар - атом бөлшек-терінің ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы, электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логикалық позитивизмнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы əдіс ретінде ұсынуы
Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасуы және зерттеу обьектілері сипаттаңыз
Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Екінші позитивизм
Қазақ философиясы қалыптасуы
Мұсылман философиясы
Философияның даму тарихы
Философия мен мәдениет
Техника философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz